Мұрағат: 30.08.2018


Құрметті батысқазақстандықтар!

Күні: , 50 рет оқылды

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! 30 тамыз – қазақстандықтар үшін айшықты күн, еліміздің болашағын айқындаған тарихи күн. Біздің Ата Заңымыз әрқашан азаматтардың құқығы мен бостандығының, алдағы даму жолымыздың, халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының кепілі болады. Бүгінгі таңда біз әлемдік аренада дамудың даңғыл жолына бастар үлкен әлеуетін сәтті жүзеге асырып отырған құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде өзіміздің позициямызды айтарлықтай нығайттық. Республикамыздың гүлденуіне, соның ішінде өңіріміздің дамуына үлесін қосып, маңдай терін төгіп жүрген барлық батысқазақстандыққа өз ризашылығымды білді-ремін. Отанымызды көркейту бағытындағы істер алдағы уақытта да жалғасын табарына сенімім мол. Құрметті жерлестер, сіздерді Конституция күнімен құттықтай отырып, денсаулық,  бақыт  және  барлық  игі  бастамаңызға  табыс  тілеймін!     Ізгі тілекпен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов

«Ата Заң – азат елдің ар-намысы»

Күні: , 46 рет оқылды

Сейсенбі  күні  облыстық  әкімдікте  Қазақстан  Республика­сы­ның  Конституциясы  күніне  орай  актив  жиыны  өтті.  Жиынға  қатысқандарды  облыс  әкімі  Алтай  Көлгінов  құттықтады.

– Сіздерді еліміздің қастерлі мерекелерінің бірі – Конститу­ция күнімен шын жүректен құт­тықтаймын! Ата Заң – азат елдің ар-намысы іспеттес. Бұл мерекені атап өтудегі басты мақсат – қоғамдық санада демократия­лық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет құруды қам­- та­масыз еткен Ата Заңымыздың рө­лі мен маңыздылығын нығай­ту. Ынтымағы жарас­қан Қазақ­стан халқының қарымды істері бүгінде көп елдерге үлгі. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өр­кениеттік игіліктердің қам­тылға­нын айғақтайды. Конституция мыз­ғымас мемлекетіміздің алтын қазығы болғандықтан, баршамыз еліміздің бүгіні мен бола­шағы үшін Ата Заңымызды құрметтеп, қорғап және маңызды­лығын жо­ғалтпай сақтауға тиіс­піз, – деді Алтай Көлгінов. Жиында облыс әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің Жар­лығына сәйкес бірқатар қоғам белсенділері мен еңбек ардагер­лерін «Астана – 20 жыл» мереке­лік медалімен марапаттады. Қа­зақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін төстеріне медаль таққан­дардың қатарында Ғ. Құрманға­лиев атындағы облыстық филар­монияның әншісі Хатимолла Бер­діғалиев, еңбек ардагерлері Со­фья Иманғалиева, Роза Көжекова, облыстық мәслихат хатшысы Мә­лік Құлшар, облыстық аурухана­ның емхана меңгерушісі Сергей Мельников тағы басқалары бар. – Бүгінгі таңға дейінгі жеткен жетістігіміздің барлығы – көп ұлт­ты  халқымыздың бірлігінің, Елба­сының жүргізіп отырған салиқа­-лы саясатының жемісі. Тәуелсіз еліміздің алғашқы кірпішін қалап, осы күнге жету жолында ардагер аға-апаларымыз да өлшеусіз еңбек етті. Сол істі әрі қарай жал­ғастыру бүгін бізге, болашақта келер ұрпаққа жүктелмек. Қазіргі таңда Елбасымыздың бастамасымен қабылдаған бағдарламалар халықтың игілігі үшін ойдағыдай жүзеге асуда. Өңірімізде «Нұрлы жол» бағдарламасымен жасалып жатырған жолдар, салынып жат­қан тұрғын үйлер осы бағдар­ла­малардың нәтижесі. Тек биылғы жылдың өзінде облыс бойынша 25 көп қабатты үйлер салынуда. Аудан-ауылдарда 88 тұрғын үй салу қолға алынып жатыр. Бұлар­дың барлығы өз пәтерлеріне қол жеткізе алмай, кезекте тұрған өңір тұрғындары үшін салынуда. Бұл бір жағынан қызмет жасап, ел үшін еңбегін аямай жүрген жан­дарға мемлекет тарапынан көр­се­тілген қамқорлық. Алдағы өте­тін қала күні мерекесіне орай елімізде қабылданған «7-20-25» бағдарламасы аясында салынған алғашқы көп қабатты үйді пай­да­лануға береміз. Құрылыс жұ­мыс­та­рымен қатар денсаулық сақ­тау, білім беру салаларын цифр­- ландыру да қарқынды жүргізілу­де. Ауыл-аймақтағы білім ұялары қалалық жерден еш кем болмауы үшін ғаламторға қосылып, ком­пьютерлермен қамтылуда. Бұл – дені сау, білімді, жарқын болашақ­қа сеніммен қарайтын ұрпақ тәр­биелеу мақсатында атқарылып жатқан ігі істер. Облыстағы ауру­ханалар заманауи құрал-жаб­­дық­тармен қамтылып, дәрігерле­рі­нің біліктілігін арттыруда қолға алынуда. Жақында мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында облыстық ауруханаға магнитті резонансты томография аппара­ты алынды. Алдағы уақытта онко­логиялық диспансерге инвестор­лардың көмегімен құны 2 мил­лиард теңге тұратын жаңа аппа­рат алынатын болады. Оның сыртында мемқызметшілер, мектеп және колледж оқытушыларының білім-біліктілігін арттыру жұмыс­тары  жүргізілуде. Елбасымыз біздің өңірге сапарында ең шалғайда орналасқан, тіпті Кеңестер одағы кезінде де жол салынбаған Бөкей ордасы ау­данына бас аяғы үш жылда сапалы жол салуды тапсырған болатын. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар­ға қаражат бөлінді. Жолдың жоба­лық-сметалық құжаты осы жыл­дың желтоқсан айында дайын болады. Келер жылдан бастап алыс жатқан аудан орталығына, Хан ор­дасы ауылына 336 шақырым ас­фальт жол тартылады. Сонымен қатар көршілес Ресей елінің Орынбор ауданына баратын 144 шақырым жол салынатын болды. Бұл игі бастамалардың барлығы елдің, халықтың жақсы тұрмыс ке­шуі үшін атқарылуда. Бүгінгі ма­­рапат алғандар осы істерге сү­белі үлес қосқан жандар. Мара­- пат­тарыңыз құтты болсын, – деді Алтай  Көлгінов.

Нұрбек   ОРАЗАЕВ,

«Орал   өңірі»

  Қазақстан  Республикасы­ның  Конституциясы  күніне  арналған  шара  түстен  кейін   мерекелік  концертке  ұласты.  Хадиша  Бөкеева  атындағы  облыстық  қазақ   драма   театрында  өткен  шараны Ғ. Құрманғалиев  атындағы  облыстық  филармония  әртістері  ұйымдастырды.   Сахна шы­мыл­дығы Дәу­­леткерей атын­да­ғы қа­­зақ халық аспаптары жә­не 5517 әскери бөлімі оркес­- трле­рі­­нің орындауында «Бал­бы­рауын» күйімен ашыл­ды. Салта­натты ша­ра барысында филар­мония әр­тістері ән мен күй­ден, мың бұ­рал­ған биден ша­шу шаш­­ты. «Ерен еңбегі үшін» медалінің ие­ге­рі Айбар Хайырханов об­лыс­тық оркестрдің сүйе­мел­­деуі­мен «Туған ел – бәйтерегім» әнін орындаса, Сәу­ле Таудаева, Асхат Оразов, Армат Исламға­­лиев сынды әнші­лер көрермен­- ­ге дәстүрлі ән шеруін сыйла­ды. Ал «На­зер­ке» халық би ансамблі «Атамұра» хореогра­фия­­лық композициясын орындады. Со­нымен қатар «Салтанат», «Шах» би ансамбл­дері де сахнаға көрік берді. «Ерен еңбегі үшін» меда­лінің ие­гері Жаңылсын Хасанова жә­не №2 балалар саз мектебі­нің хор ұжымы «Қазақ елі» әнін әуе­летті. Күйші Ақылбек Бектасов және қобызшы Ақсамал Қанатқалиеваның орында­уын­­да «Төремұрат» және «Са­рыарқа» күйлері тыңдалды. Ме­рекелік концерт Ескендір Ха­санға­лиевтың «Атамекен» әні­­мен  түйін­делді.   Айым   ТӨЛЕУҒАЛИ, «Орал   өңірі»  

Облыс және Орал қаласы әкімдіктеріндегі тағайындаулар

Күні: , 125 рет оқылды

Кеше  өңір  басшысы  Алтай  Көлгінов  аппарат  жиналысында облыс  әкімі  аппаратының  жаңа  басшысын  таныстырды.

Бұған дейін Батыс Қа­зақстан облысы әкімі аппаратына басшы­лық жасаған Қанат Қанаев­тың ҚР Президенті Әкімшілігі­нің мемлекеттік инспекторы қызметі­не ауысуына байланысты ор­нына жаңа басшы келді. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Батыс Қазақ­стан облысы әкімінің өкімімен Рахымжан Ержанұлы Исақұлов облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ра­хымжан Ержанұлының білі­мі – жоғары. «Болашақ» бағ­дар­ламасымен Роял Холловей Лондон университетін «Эконо­мика және менеджмент бака­лавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жас көшбасшы­­лар бағдарламасы аясында Жа­пония үкіметінің гранты негізінде Саяси зерттеулер ұлт­тық институтының «мемлекет­тік басқару магистрі» маман­дығында оқыды. ҚР Президен­ті Әкімшілігінде әр түрлі қыз­мет­тер атқарған. Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлі­мін­де мемлекеттік инспектор қыз­метін атқарды. Қанат Қанаевтың атқарған қызметі үшін алғысын білдірген облыс әкімі «2016 жылдың мамыр айынан бері облыс әкімі аппаратының басшысы болған Қ. Қанаев қызмет атқар­ған уақытта Елбасының кадр таңдаудағы талаптары, атап ай­тар болсақ, меритократия қа­ғидасы қатаң сақталып, «орта­лық-өңір», «өңір-орталық» және облыс орталығы-аудандар» ротациялау жүйесі сәтті жүзеге асырылды» деп атап өтті. Айта кетейік, осы аралықта мемлекеттік органдарға 100-ге жуық, оның ішінде облыс әкі­- мі аппаратының 32 қызметке­рі бас­шылық лауазымға осы қа­ғидаттарға сай тағайындалды. Қызметі бойынша жоғарылаған азаматтардың 95 пайызы – жергілікті кадрлар. Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының құ­рылыс басқармасының басшысы лауа­зымына Алтынбек Кеңесұлы Қайсаға­лиев тағайын­дал­ды. А. Қайсағалиевтің білімі – жоғары. Л. Гу­милев атындағы Еу­разия ұлттық уни­вер­ситетінің «құ­ры­лыс» мамандығын­да, Қа­зақ экономика, қар­жы жә­не халық­аралық сауда уни­верситетінің «мем­- лекеттік жә­­не жергі­лікті бас­қа­­ру» мамандығында оқы­ды. «Бо­лашақ» бағдарламасымен Бат университе­- тін (Ұлы­­бри­тания) «менеджмент техноло­гиясы» ма­ман­дығы  бойынша  тәмам­даған. Әр жылдары: – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемле­кеттік бақылау мен аймақтық-ұйымдасты­ру бөлімінің консультант,  инспекторы; – «Нұр Отан» халықтық-демократия­лық партиясы орталық аппараты хатшы­лы­ғы­ның  меңгерушісі; – Орал қаласы әкімі аппараты басшысы; – Алматы қаласы кәсіпкерлік және ин­дустриалдық-инновациялық даму басқар­масы  басшысының  орынбасары; Бүгінге дейін  Орал қаласы  әкімінің  орын­басары  қызметін  атқарды.   Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бекжан Нұрланұлы Тоқжанов тағайындалды. Б. Тоқжановтың білімі – жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығында, Батыс Қазақстан ин­же­нерлік-гуманитар­лық уни­верситеті­нің «құрылыс мате­риалдарын, бұйым­дары мен конструкцияларын өндіру» ма­мандығында оқыды. Әр жылдары: – Орал қаласының тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік коммуналдық жол пайдалану кәсіпор­нын­да – пайдалану учаскесінің инженері, пайдалану бөлімінің бастығы; – Орал қаласы экономика және бюд­жеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы; – Орал қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы; – Орал қаласының тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары; Бүгінге дейін Батыс Қазақстан облыс­тық энергетика және тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары  қызметін  атқарды.   Конкурстық комиссияның шешіміне сәй­кес Орал қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына Ерболат Нұрлан­ұлы  Кәрімов тағайындалды. Е. Кәрімовтің білі­мі – жоғары. А. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемле­кет­тік универси­тетінің «Құқық және эконо­мика негіздері»,  «Құ­қық және экономика» пәнінің мұғалі­­мі мамандығында, қа­­зақ-орыс халық­ара­лық университеті «юрис­­­­пруденция бакалавры» маманды­ғын­да  оқыды. Әр жылдары: – Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы,  бас инспекторы; – Орал қаласы әкімі аппаратының ұйым­дастыру-бақылау, кадр жұмысы және мем­лекеттік қызмет көрсету мониторинг бө­лімінің  бас маманы; – Орал қаласының тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекет­тік-құқықтық  меңгерушісі; – Бөрлі ауданының тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық, жолаушы көлігі жә­не автомобиль жолдары бөлімі меңге­рушісінің орынбасары; Бүгінге дейін Орал қаласы әкімі аппа­ратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс­тар бөлімінің  басшысы  қызметін  атқарды.

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі


Мектеп оқулығы жеткілікті ме?

Күні: , 49 рет оқылды

Жаңа оқу жылының басталуына са­наулы күндер қалды. Облыстағы білім ошақтары оқулықтармен толық қамтылды ма?

Облыстық білім басқармасының бас­шысы Шолпан Қадырованың айтуынша, облыста 100 мыңнан астам оқушы бар. Биыл 1-сыныпқа 12 490 бала қабылданбақ. Бұл көрсеткіш 2017-2018 оқу жылында 11 263 болған. Ал мектеп алдындағы дайындық сыныптарына 10 195 бала  бармақ. Жаңа оқу жылына оқулықтарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 2 миллиард 730 миллион теңге қаражат бөлін­ген. Аталмыш қаржыға жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланыс­ты 3, 6, 8-сыныптардың барлық оқу­лы­ғы, мектепалды даярлық сыныбы мен 1-сыныпқа арналған  жазу дәп­тер­лері және ағылшын тіліндегі жаратылыстану пәнінің оқулықтары сатып алынған. Оқулықтарға деген сұраныс­ты аудандық, қалалық білім беру ұйым­дары жібереді. Шолпан Маратқы­зы­ның мәліметінше, білім беру ұйым­да­ры жіберген сұранысқа сәйкес мектеп оқулықтары  толық  сатып алынған. Қа­ра­төбе мен Теректіден басқа аудан­дар­дың мектептеріне оқулықтар жеткізілген. Аталмыш аудандардан келе­тін көліктің мүмкіндігіне  орай оқулық­тар  30  тамызда  жөнелтілмек. Сондай-ақ биылғы оқу жылынан бастап 5, 6, 7-сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті, география, Қазақ­стан тарихы және музыка пәндеріне қосым­ша «Өлкетану» курсын оқитын болады. Облыс бойынша 35 мың данадан астам «Өлкетану»  оқулығы  сатып алынған. ҚР Білім және ғылым министр­лігі бекіткен оқулықты өңіріміздің белгілі тарихшылары, ғалымдары, фило­логтары, өлкетанушылары құрастыр­ған. Сонымен қоса биыл облыстағы 171 мектеп Kundelik.kz электронды жур­налына қосылған, яғни бұл мектептерде сынып журналдары тек элек­тронды түрде  жүргізіледі. Ата-аналар балаларының сабақта алған бағасын интернет  арқылы  қадағалай  алады.   Гүлсезім   БИЯШЕВА, «Орал   өңірі»

Баянды істердің бастауы

Күні: , 158 рет оқылды

Сәрсенбіде  облыстық   соттың  мәжіліс  залында  Конституция күніне  арналған  дөңгелек  үстел  өтті.  Оның  жұмысына  облыс әкімінің  орынбасары  Ғабидолла  Оспанқұлов,  «Қазақстанның азаматтық  альянсы»  заңды  тұлғалар  бірлестігінің  вице-президенті,  саясаткер  Досмұхамбет  Көшім  қатыс­ты.

– Конституция күнін мереке­леудің мақсаты – қоғамдық сана­да Конституцияның демокра­тия­лық, ұлттық, әлеуметтік және за­йырлы мемлекетті құруды қам­тамасыз еткен Ата Заңы ретіндегі рөлі мен маңыздылығын нығай­ту. Конституция заңның үстемді­гінің, адамның құқықтары мен бос­тандықтарының жүзеге асуын паш ете отырып, қазақстандық мемлекеттің іргесін қалады. Қо­- ғамдық және мемлекеттік құры­лыстың іргелі қағидаттарын ны­ғайта отырып, Конституция қо­ғамның ілгерілмелі дамуының факторына айналды, тәуелсіз мемлекеттің тиімді дамуын қам­тамасыз етті, халықаралық қауым­дастық мойындаған қазақстан­дық дамудың бірегей моделі қо­ғамдық келісім мен тұрақты­лық, экономикалық даму және Қазақ­стан халқының ортақ тарихи тағ­дыры туралы конституциялық ере­желерді  мүлтіксіз сақтаудың арқасында мүмкін болды. Осы­лайша мерекелеудің мазмұны қо­ғам­да еліміздің Ата Заңын құр­меттеу дәстүрін қалыптастыру­ды, өскелең ұрпақты конституция­лық құрылыс пен мемлекеттік рә­міздерді құрметтеу рухында тәр­- биелеуі тиіс. Елбасымыз «Біздің басты парызымыз Конституцияға ұқыпты қарап, өз елімізді, тарихымызды қалай құрметтесек, оны да солай құрметтеуіміз қажет»,  – деген болатын. Сондықтан баянды істеріміздің бастауы болған Бас құжатымызды ардақтауымыз керек. Ынтымағы жарасқан Қазақ елінің қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің бар­лығы қамтылғанын айғақтайды, – деді жиынды ашқан облыстық соттың  төрағасы  Бек Әметов. Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов өз сө­зінде Конституцияның Қазақ­стан мем­­лекетінің ішкі саяси тұ­рақ­тылығын, барлық мемлекеттік құрылымның елдің да­муы жо­лындағы бірлесе қызмет етуі­нің бір­ден-бір негізі болып та­былатынын жет­кіз­ді. «Еліміз­дің Конституциясы азамат­тардың құ­қық­тары мен бостандық­тарына, заң­ды мүдделері­не, мемлекеттің экономи­калық  өсуіне, қай салада болмасын дамуына кепіл бо­ла­ды. Сондық­тан барлық қабылда­-натын саяси шешімдер, норма­тивтік актілер Ата Заңымызға сәйкес келуі керек. Ата Заңымыз 1995 жылы қабыл­данғалы бері Конституцияға біраз өзгерістер мен толық­тырулар енгізілді. Со­ның ішін­де Қазақстан халқы ас­самблея­сы институты Кон­с­титу­цияға конституциялық ор­ган ре­тінде енгізіліп, елімізде тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерінің елдің дамуына қызмет етуіне кепіл болатын нор­малар қа­­был­данды. Біздің өңір­де де сан түр­лі ұлт  пен ұлыс­тың өкілде­рі ын­тымақтаса өмір сүруде», – деген Ғабидолла Оспанқұлов Ата Заңы­мызда аза­маттардың тегін білім алуына, тынығуына, мәдени дамуына және өзге де құқықтар берілгенін айтты. Сонымен қатар Ата Заңы­мызда көрсетілген құ­қық­­тар мен бостандықтарға ғана кө­ңіл бөлмей, міндеттерді жады­мыз­дан шығармау қажетті­гін ес­ке салды. Соның ішінде елді қор­ғау, әскерде болу, салық төлем­дерін төлеу, экологияны сақтау сияқты консти­туциялық міндет­тер бар. «Президенттік басқару  формасы бү­гінде өзінің қажетті­ лі­гін, ма­ңыз­дылығын  әбден дә­лелдеді. Осы институттың ар­қасын­да кез келген реформаларды, дамуды әбжіл қимыл­дап, дүние жүзінде болып жат­қан түрлі жайттарға төтеп бе­ріп, бүгінгі дәрежеге жетіп отырмыз», – деп сөзін қорыт­қан об­лыс әкімінің орынбаса­ры жи­налған қауымды мере­кемен құттықтады. Дөңгелек үстел басындағы келелі әңгімеге қатысқан «Қа­зақстанның азаматтық альян­- сы» заңды тұлғалар бірлес­ті­гінің вице-президенті, саясат­кер Досмұхамбет Көшімнің ай­туынша, тәуелсіз еліміздің Ата Заңы қа­былданғалы бері оған 117-дей өзгеріс пен то­лықтыру енгізілген. «Өткен жы­лы Елбасының Президент құ­зыретінің кейбір бөліктерін би­ліктің басқа тармақтарына беру туралы бас­тамасын ха­лық болып тал­қылады. Менің пікірімше, 1995 жылғы Конституция бұл тота­литарлық жү­йеден демо­кра­тиялық жүйеге өтудегі өтпелі кезеңнің Конс­- ти­туциясы бол­ған сияқты. Со­дан бері біраз жылдар өтті. Өткен жылғы Президенттің бас­­тамасының өзі белгілі бір саяси реформалар­дың қажет­тілігін көрсетті. Ол реформа­лар қалай болады, оны, әри­- ­не, Қазақстан халқы бірге оты­рып шешеді. Бізде бұл мәселе күн тәртібіне қойылған жоқ. Одан әрі өзгерістер енгізетін болсақ, 200-дей өзгеріс енген Конституция, шынды­ғын айт­қан­да, қазақтың құрақ көрпесі сияқты болайын деп тұр. Сон­дықтан демократиялық рефор­маға жақындатып, рухани жаң­ғыруға байланысты қазақ мә­се­лесінің, қазақтың ұлт­тық мә­дениеті, тіл мәселесінің бірін­ші орынға шығуына байла­ныс­ты белгілі бір өзгерістер тағы да талап етіле бастайды. Өз басым саяси реформалар­дың қажет­тігі Конституцияға өзгерістер ен­гізеді деп күтіп отырмын»,  – деді Д. Көшім. Жиында М. Өтемісов атын­дағы БҚМУ-дың оқытушысы, тарихшы Жаңабек Жақсығалиев, «БҚО «Грамада» беларусь ұлт­тық-мәдени орталығы» қоғам­дық бірлестігінің мүшесі Мари­на Разенова, Орал «Білім-ин­новация» лицей-интернатының мұғалімі Белен Шахин, студент Ақерке Шайқы  еліміздің Ата За­ңына қатысты өз ой-пікірлерімен  бөлісті.   Гүлбаршын   ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал   өңірі»

Оралда жаңа тынымбақтар ашылады

Күні: , 44 рет оқылды

Тамыздың  27-сі  күні  облыс  әкімі  Алтай  Көлгінов  Орал қаласының  жолдарын  күрделі  жөндеуден  өткізу  және абаттандыру  жұмыстарын  тексерді.

Аймақ басшысы қаланы аралауды Затон Чапаев пен Шүкіров көшеле­рінің жолдарын жөндеу жұмыс­тарымен танысудан бастады. Сә­уір айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жа­қын. Бүгінгі күні жол белгіле­рі бойынша жұмыстар жүргізі­луде. Сонымен қатар ет комбинаты ауданындағы негізгі үш кө­шенің (Январцевская, Ақтөбе, Н. Әбдіров) жөндеу жұмыстары аяқталды. Ақсақалдар өздерінің бала­лық шақтарынан бері өмір сүріп жатқан көшелердің жақсарып жатқандығы үшін алғыс білдір­­ді. Өз кезегінде облыс әкімі Орал көшелеріндегі жолдарды ас­­фальт­тау жұмыстары жалғаса­тынын айтты. Сондай-ақ аймақ басшысы ет комбинаты ауданындағы жа­­ңа тынымбақты абаттандыру жұ­мыстарының барысымен таныс­ты. Құрылыс жұмыстары облыс­­тық медицина қауымдастығы­- ның қолдауымен «Туған жерге туың тік» ҚҚ қаржысына жүр­гізілуде. Тынымбақ аума­ғында жаңа стрит-воркаут пен бала­лар­ға арналған ойын алаңдары, «Өмір ағашы» композициясы, сахна, орындықтар, жарықтан­дыру, кең тротуарлар бар. Ал­тай Көлгінов бұл алаңның ба­лалар мен ересектерге арнал­ған заманауи, жайлы және жа­сыл болуы керектігін атап өтті. Айта кету керек, облыс орта­лығында 56 тынымбақ бар,  биыл Пушкин көшесіндегі ты­нымбақ пен 4, 6-ықшамаудандар арасындағы жаяу жүргіншілер бульварына абаттандыру жұ­мыс­тары жүргізілді. Сондай-ақ №36 мектеп жанында тынымбақ салынуда. Алдағы уақытта облыс орталығында Т. Масин, С. Тюленин көшелерінде тынымбақ жә­не С. Датов көшесі мен Әбілқа­йыр хан даңғылы бойында жа­- сыл бульвар пайда болады. Жұмыс сапарының аясында облыс әкімі Депо ауданындағы көпір құрылысын көрді. Қазір­гі уақытта құрылыстың 97%-ы орындалды. Құрылыс жұмыста­ры аяқталған соң көліктер үшін төрт жолақ, көпірдің екі жақ қап­талына жаяу жүргіншілерге арналған  жол  пайда  болады. — Бұл көпір жоғары сапалы, мығым және қауіпсіз болуы ке­рек. Сондықтан әркім өз жұмы­сы­на жауапкершілікпен қарау­ға тиісті, — деді облыс әкімі. Қаланы аралау соңында өңір басшысы құрылыс жұмыстары­ның сапалы орындалуын қамта­масыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. БҚО  әкімінің баспасөз  қызметі

Аралталда айшықты істер бар

Күні: , 39 рет оқылды

Ақсай  қаласында  былтыр  ғана  пайда  болған  Аралтал шағынауданына  бүгінде  көпшілік  қызыға  да,  қызғана қарайды.  Мұны кеше  сонда  болған  кезімізде  анық аңғардық.

Көше бойына жа­рықшамдар ор­на­тылып, тас жол­дар төселген. Әрбір кө­шеге қазақтың белгілі тұл­ғаларының есімдері бе­рілген. Мұндағы жағдай­ға тұрғындар да дән ри­за. Солардың бірі – Асан Бижанов (суретте). Алаш көшесінде тұра­тын Асан ағамыз ауласында әлі салынып біте қоймаған шағын цехтың ішіндегі су жаңа станоктарды орналастыруда. – Аралтал ауылына келіп, жы­лы әрі жайлы қонысқа орналас­қанымызға жылға жуықтады. Біз мемлекетімізден қолдау көрге­ні­мізге қуаныштымыз. Жаңа үй, жа­ңа жер. Мынадай үй бұрын үш ұйықтасақ та, түсімізге енген жоқ. Төрт бөлмелі, жап-жарық үйге қо­­ныстанып, енді бәрін жаңадан бас­тамақ ойымызда бар. Өзім ағаш шеберімін. Жақында кәсіп­керлік­ті дамытуға арналған 1,5 млн. тең­ге мемлекеттік грант ұтып ал­дым. Енді құрал-жаб­дықтарымыз келсе, істі дереу бас­таймыз. Бо­лашақта отбасы­лық бизнесті да­мытпақ ойымыз­ бар. Бізге қол­­дау көрсеткен үкіметке, об­лыс, аудан басшылығы­на алғы­сымыз шексіз, – дейді Асан Бижанов. Аралталдық тағы бір тұрғын – Павел Булдин бүгінгі күніне шү­кіршілік айтады. Оның айтуынша, биыл тұрып жатқанына бірінші жыл болғандықтан, көктемде қар суының қай жерлерге көп жина­латынын бақылаумен болған. Жағ­дайды бағамдаған соң, қазіргі таң­да аумағы кең ауласын бос қоймау мақсатында монша, га­раж  және  сарай  салып  жатыр. Гүлжа­мал Гүлеева салынған үй­дің ке­ремет екендігін жеткіз­ді. Жаңа үй­ге қол жеткізген сәт­те қуа­ныш­та шек болма­ған. Қа­зір ауласына гүл егіп, ағаштар отыр­ғыз­ғандығын және мұндай жаңа үй­дің ауласы жайнап тұ­руы керек екендігін тілге тиек етті. Көпші­лік оларға қызығып қа­райтын­- ды­ғын  да  жасырмады. «Сабақты ине сәтімен» деген­дей, Аралталда осынау жаңа үй­лердің салынуына қаржы бөлген «ҚПО б.в.» компаниясының өкілі Динар Хамиевті кездестірдік. – Аталмыш үйлер үш жыл бо­йына біздің басты назарымызда болады. Келген сайын тұрғын­- ­дардың жағдайларымен танысып, олар­ға көмек қолымызды созудан аянбаймыз. Бұндағы адам­дар­дың барлығы ауылдық жерден кел­гендіктен, ауласына бау-бақ­ша салу үшін сұраныс түскен үйлер­ге қара топырақ төгіп беріп жа­тырмыз. Қазір мұнда септикке қа­тысты мәселе бар. Бас мердігер алдағы айдың ішінде аталған түйткілді реттемекші, – дейді Динар Хамиев. Айта кетейік, аталмыш шағын­ауданда су жаңа мектеп бой кө­терді. Қазіргі заманның талабына сай салынған 600 орындық білім ордасында 1 қыркүйекте бірінші рет алғашқы қоңырау соқпақшы. Бұл да аралталдық үлкен-кішіге айтарлықтай  қуаныш.   Темірболат   ТОҚМАМБЕТОВ, Бөрлі  ауданы

Алты миллиард теңгеге тауар өндірілмек

Күні: , 46 рет оқылды

Сейсенбі   күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі  Шафхат Өтемісов  «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-да  болып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-ның ел экономикасы үшін маңызы зор. Өнімін экспортқа шығарып, мемлекет бюджетін молайтуға сүбелі үлес қосып келе жатқан зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан Шафхат Әнесұлы да кәсіпорынға өзінің оң бағасын берді. Аталған зауыттың директоры Ақжол Суранбаевтың айтуынша, кәсіпорын Орал қаласындағы барлық техникалық білім беретін оқу орнымен меморандумға отырған.  Жыл сайын 100-ден астам студент тәжірибеден өтуде. Бүгінде зауытта 250 адам үш ауысымда жұмыс жасайды. Директордың сөзінше, холдингтегі жас мамандарды  ынталандыру үшін  үйленген  жастарға   500 мың теңге, ал  бірінші  сәбилері көрінгенде 150 мың теңге көтермеақы беріледі. Зауыттың өнімдері Ресей Федерациясына, Армения, Әзірбайжан, Грузия елдеріне экспортталуда. Зауыт басшылығы алдағы уақытта экспортқа жіберетін елдердің саны мен шығаратын өнім түрлерін арттыруды жоспарлап отыр. Ал биыл  6 млрд. теңгеге тауар өндіру көзделген. – Кәсіпорынның жақсы дамып келе жатқаны байқалады. Алты жыл ішінде жетістіктері молайып, сұранысқа ие  өнімдер өндірілуде.  Жыл сайын 1 млрд. 300 млн. теңге салық төлеп, аймақ экономикасының дамуына үлесін қосып келеді. Соңғы уақытта кәсіпорындарды дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет тарапынан жақсы көмек көрсетілуде. Бұл кәсіпорында көп жерде кездеспейтін кадр саясаты жақсы жолға қойылған. Қазіргі заманда жұмыссыздықтың алдын алу үшін дуалдық білім беру жүйесі өте маңызды. Яғни нарыққа қажет мамандарды дайындау керек. Оралдағы өндірістік, техникалық оқу орындары  студенттерінің осы жерден тәжірибеден өтулеріне мүмкіндіктері бар. Жұмысқа да орналаса алады. Бұл жердегі жұмысшылардың орташа жасы 25 жас екен. Ал – бұл өте қуанышты жағдай. Қорыта айтсақ, зауыт өз өнімін шығарғаны өз алдына, жас техникалық мамандарды дайындауға ерекше үлесін қосып отыр, – деді Шафхат Әнесұлы журналистерге берген сұхбатында. Ясипа   РАБАЕВА, «Орал   өңірі»

Білім саласына 205 маман қажет

Күні: , 36 рет оқылды

Облыс  әкімінің  орынбасары  Ғабидолла  Оспанқұлов  өткізген селекторлық  кеңесте  облыстағы  білім  беру  ұйымдарының  жаңа оқу жылына  дайындығы  пысықталды.

Селекторлық кеңесте баяндама жасаған об­лыстық білім басқар­масының басшысы Шолпан Қа­дырованың мәліметінше, өңір­де 380 мемлекеттік мектеп бар. Мектептерде 100 мың­нан астам оқушы білім алады. Мектепте оқи­тындардың са­ны жылма-жыл өсуде. Оқушы­лар контингентінің өз­ге­руі­не байланысты Теректі ауда­нын­дағы Еңбек орта мекте­бі мен Қазталовтағы Көпкү­тір баста­уыш мектебі негізгі мектеп болып қайта құрыл­ған. Сырым ауданындағы Жаңа­өмір бастауыш мектебін жабу жос­пар­лануда. Облыста мектеп­ке дейінгі 500 ұйым болса, оның  52-сі – жеке  меншік. Мектептерде былтырғы оқу жылы 12 260-тан астам мұға­лім сабақ берген. Облыс бо­йынша  биыл 248 жас маман жұ­мысқа қабылданған. Дегенмен кейбір білім ошақтарын­да мамандар тапшы. Тағы да 205 педагог қажет. Оның ішін­де орыс тілі мен  әдебиеті, ма­тематика пәндерінің және бас­тауыш сыныптың мұғалім­де­ріне сұраныс көп. Шолпан Қа­дырова 352 мектепте 67 757 бала ыстық тамақпен қамты­латынын  айтты. Баяндама­шы­ның сөзінше, 148 елді мекенде 1768 оқушыны мектепке жеткізуге 60 автобус пайдала­нылады. 411 бала мектеп жа­нын­дағы интернаттарда орна­ласады. Дегенмен оқушылар­­ды тасымалдауға 14 автобус ке­рек. Әсіресе, Бөкей ордасы­на төрт, Зеленовқа бес кө­лік қажет. Жиында Зеленов ау­даны әкімінің орынбасары Ринат Шәуенов екі-ақ елді ме­кенге автобус жетіспейтінін, оған қаражат қарастырылып жатқанын, әзірше кәсіпкер­лермен келісім жасалып, кө­лік тасымалымен қамтамасыз ететіндерін айтты. Бөкей ордасы ауданы әкімінің орын­басары Лариса Қайырғалиева М. Мәметова атындағы мек­тептің жанындағы интер­натқа жаңа «УАЗ» көлігі алын­ғанын, аудандағы үш елді мекеннен мектепке қатынайтын көлік­тер жарамды  екенін  айтты. – 2018 жылы Орал қаласы мен Бөрлі ауданындағы мек­тепке дейінгі ұйымдарға ке­зекке қою және жолдама беру қызметі автоматтандырылды. Биылғы ақпан айында білім басқармасы атынан цифрлық білім беру ресурстарын дамыту мақсатында балабақша­лар­ға онлайн құжат қабылдау­ды жүзеге асыру жөнінде ау­дан әкімдеріне хат жолданды. Аталған мәселені шешу үшін Ақжайық, Қаратөбе, Тасқала, Те­ректі аудандарында қара­жат қарастырылса, өзге аудан әкім­­діктері бұған бейжай қа­рауда. Мектепке дейінгі ұйым­­дарға кезекке қою және жол­дама беру білім жүйесін цифр­­ланды­рудың 2018-2020 жыл­дарға ар­налған жол кар­тасы­на енгізілген, – деп хабарла­ды  Шолпан  Қадырова. – Аудан әкімдіктері білім жүйесін цифрландыру мәсе­­ле­сін жергілікті мәслихат сессиясында шұғыл талқылап, қа­ражат бөлу жайын тезірек шешіңіздер. Балалар ұйымда­рына онлайн кезек пен жолдама беруді автоматтандыру ата-аналарға қолжетімділікті, уа­­қыт үнемдеуді, ашықтықты, сыбайлас жемқорлықты болдырмауды қамтамасыз етеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла  Оспанқұлов. Облыстық білім басқарма­сының басшысы Шолпан Қа­ды­рова апатты жағдайдағы бі­- лім ошақтарының және тұр­ғын­дардың көшіп келуі жиілеуіне байланысты облыс ор­талығындағы үш ауысымды мек­тептердің саны көбейіп жатқанын баяндады. Өңірде 11 мектеп күрделі жөндеуді қажет етсе, Орал қаласы мен Шыңғырлау ауданындағы екі мектеп күрделі жөнделуде. Жиында облыстық қо­ғамдық денсаулық сақтау басқарма­сының басшысы Жайдар  Құр­манов Ақжайық пен Зеленов, Сырым аудандарында кейбір елді мекендерге су құбыры тартылғанымен, мектептерге таза ауыз су жеткізілмегенін және жаңа оқу жылына Орал қаласы мен Ақжайық, Зеле­нов, Шыңғырлау, Қаратөбе, Те­ректі аудандарындағы бірқа­тар білім мекемесіне оқу­шы­лардың жас ерекшелікте­рі­не сай жиһаздар мен асха­на­ға қажет құрал-жабдықтар алын­бағанын айтып, осы мәсе­ле­лер­ді  шешуді  сұрады. Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бар­лық мәселе қаперге алынға­- нын, қала және аудан әкім­діктеріне берілген тапсырмалар уақтылы орындалуы ке­- ректігін, оқушылардың бірың­ғай мектеп формасын киюін қадағалауды айта келіп, білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына  дайын  екенін  жеткізді.  

Нұртай   ТЕКЕБАЕВ,

«Орал  өңірі»


Жас талап жайып қанатын

Күні: , 48 рет оқылды

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан – 2050»  Стратегиясында:  «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір сүретіндер  –  бү­гінгі мектеп  оқушылары.  Мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  қалай  білім  берсе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады. Сондықтан  ұстазға  жүктелетін  міндет  ауыр»  деп  мұғалімдердің  рөлін  ерекше  атап  өткен болатын.  Бүгінде  тәжірибесі  мол  аға  буын  өкілдерімен иық  тірестіре  еңбек  етіп, аз  ғана  уақыттың  ішінде  үздік ұстаздардың  қатарынан  орын  алған  жастарымыз  да баршылық.  Солардың  бі­рі  –  зеленовтық  жас  ұстаз  Ернарын  Ғиылманов.

  Біздің кейіпке­ріміз Ер­на­­рын­ның Зеле­нов ау­да­ны Достық ауылын­дағы Достық жалпы орта білім бе­ре­тін мектебінде қа­зақ тілі мен әдебие­ті  пәнінің мұғалі­мі бо­лып ең­бек етіп келе жат­қанына биыл екін­ші жылға аяқ басып отыр. М. Өтемі­сов атындағы Батыс Қа­зақстан мем­лекет­тік уни­верситетін «Фило­логия: қазақ тілі» ма­мандығы бойын­ша үз­дік бітірген оған Орал қаласындағы маң­дайал­ды мектептер­ден көптеген ұсы­­­­ныс түскен. Бірақ ол өзінің өс­кен ауылын, жылдар бойы білім мен тәрбие алып, түлеп ұш­қан алтын ұя мек­те­бін таңдайды. «Ауылдан гө­рі қалада мүмкіндік көп емес пе?» дегендерге: «Ақ Жайықтың ақ шаға­ласы» атанған Ақұштап апамнан біз­­дің қай жеріміз артық? Ақ апамыз да сонау ару Алматыны қиып, ту­­ған жерінде үлкен істер тындырып жүрген жоқ па? Мен де ауылдан бас­таймын. Өзім оқыған, қанаттанған мек­тептің бі­лім деңгейін көтеруге атсалысқым келеді», – деп алған бе­тінен  қайтпай  қояды. Айтса айтқандай, ұстаздық еңбек жолы басталған ең алғашқы күн­нен бастап Ернарын өзін жан-жақ­ты қырынан көрсете білді. Күн-түн демей, талмай еңбек етті. Ізденді. Күн сайын өзінің біліктілігін арттырып, жетілдірумен болды. Шәкірттерінің қабілетін шыңдауға барынша күш салды. Жастығына қарамай, уақыт­пен санаспай еткен еңбегі нәтиже­сіз болмады. Өзі де, шәкірттері де аудандық, облыстық байқауларда топ жарып, алдыңғы қатардан кө­рін­ді. Мәселен, аудандық «Әбіш оқу­лары» байқауында «Сахналық қойы­лым» аталымы бойынша шәкіртте­рі Ғасыр Серікұлы мен Руханна Мұхтарова І орын иегері атанды. Осы «Әбіш оқуларының» облыстық кезеңінде жоғарыда аты аталған қос шәкіртінен бөлек Әмина Шабо­зова, Әйгерім Бекболатова ІІІ орын биігінен көрінсе, Руханна Мұхта­рова «Ең үздік әйел адам рөлі» аталымын жеңіп алды. Бұдан бөлек, облыстық түрлі байқауларда көпте­­ген  шәкірті  жүлдегер  атанды. Жас ұстаз Ернарын Ғиылманов­тың өзінің де қол жеткізген жетістіктері жетерлік. Бірақ бәрін санама­лап жатуды жөн көрмедік. Тек ау­дандық қазақ тілі мен әдебиеті пә­ні мұғалімдері арасында өткен «Мәң­гі­- лік елдің мәңгілік тілі» байқауын­да дара шығып, жеңімпаз атанғанын айтсақ  та  жеткілікті. Үнемі ізденіс үстінде жүретін, қа­натын кеңге жайған талабы таудай ұстаз өткен оқу жылындағы қол жеткізген жетістіктері бойынша үз­дік шығып, жақында ғана «Төр­тін­ші өнеркәсіптік революция жағда­йындағы адами капитал» атты бі­лім беру қызметкерлерінің тамыз мәслихатында аудандағы жас мұға­- лімдердің атынан сөз сөйлеу құр­метіне ие болды. – Қазіргі заман мұғаліміне қо­йы­латын талап өте жоғары. Бүгінгі күн­нің ұстаздарына тек өз пәнінің те­рең білгірі болу аздық етеді. Олар педагогикалық және психология­лық тұрғыдан сауатты, заман талабына сай білім беруде жаңашыл әрі жаңалыққа жаны құмар, шығар­машылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне қатар ден қойған, оқы­тудың жаңа технологияларын шебер меңгерген болуы қажет. Осы тұрғыдан алғанда, біздің жас әріп­тесіміз Ернарын Ғиылманов – осы та­лаптардың үдесінен шығып келе жатқан маман. Ол – жас та болса, біз­дің мектебіміздің мақтанышы. Был­тырғы оқу жылын қорытындыла­ған­да мен жас мұғалімдердің ара­сы­нан Ернарынға ерекше тоқтал­ған­мын. Себебі жаңадан жұмысқа қабылданған жастардың арасынан бір жылдың ішінде жеткен жетістік­тері бойынша үздік шықты. Жанжақ­ты әрі жаңашылдығымен, кез келген істе белсенділігімен алдына жан салмайды. Оның өзі түлеп ұш­қан мектебін таңдап, ауылының мәр­тебесі жолында еңбек етіп жүрге­ніне алғысымыз шексіз. Болашақта өз ісінің шебері, майталман маман болатындығына таласымыз жоқ, – дейді Достық жалпы орта білім бе­-ретін мектебінің директоры Светлана Голубева бізбен әңгімесінде. Біздің де ұлағатты ұстаз, білік­ті басшы Светлана Николаевнаның сөзіне  алып-қосарымыз  жоқ. «Қанатың талмасын!» дейміз жас ұстазға. Нұрсұлтан  МЫҚТЫБАЙ, журналист, Зеленов  ауданы

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика