Мұрағат: 21.08.2018


Айт қабыл болсын, ағайын!

Күні: , 579 рет оқылды

Бүгін – биылғы Құрбан айттың алғашқы күні. Таңғы айт намазынан кейін исі мұсылман 18 мың ғаламды жаратқан құдіреті күшті Алла тағаланың ризалығы үшін құрбан шалуға кірісті. Құрбанды айттың үшінші, яғни соңғы күні екінді намазға дейін шалуға болады. Үшбу діни мереке-мейрамның тарихы, мән-маңызы және құрбандыққа шалынатын малдың жай-жапсары жөнінде өткен бейсенбіде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысындағы өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов арнайы ұйымдастырылған брифингте БАҚ өкілдеріне баяндады. Біз өз кезегімізде аталмыш жиыннан материал жариялап, имам айтқан дерек-дәйектерді газетіміз арқылы жамағатқа жеткіздік («Құрбан айт тамыздың 21-і басталады», «О.ө», №95, 18.08.2018). Ендеше, Айт қабыл болсын, әлеумет! Үлкен-кішіміз, алыстағы-жақындағымыз Айттан Айтқа  аман-есен  жете  берейік.  Әумин!

Тамыз кеңесінде үздіктер анықталды

Күні: , 1 645 рет оқылды

Кеше  Хадиша  Бөкеева  атындағы  облыстық  қазақ  драма театрында  «Төртінші  өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы адами  капитал»  тақырыбында  облыс  ұстаздарының  тамыз кеңесі  өтті.  Тамыз  педагогикалық  кеңесінің  биылғы  ерекшелігі – конференция  TEDх  форматында ұйымдастырылды.

Салтанатты шараны облыс әкімі Алтай Көлгінов ашып, жаңа оқу жылы­ның алдында ұстаздар қауымына сәттілік тіледі. – Биыл еліміз үшін мерейлі жыл. Осыдан бір ай бұрын Астананың 20 жылдығын атап өттік. Сондай-ақ қосымша білім беру саласына 100 жыл толып отыр. Яғни, осыдан бір ғасыр бұрын мектеп оқушысына білім берумен қатар, музыкаға, спортқа, туризмге баулу мақсатында қосымша сабақтар оқытыла бастады. 1993 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын енгізген болатын. 25 жыл аралығында 12 мыңнан астам студент әлем­нің үздік университеттерінен бі­лім алып, қазір еліміздің әр саласында қызмет етіп жүр. Дарынды балаларға арналған мектептердің ашылғанына 20 жыл және Назарбаев зияткерлік мектептерінің ашылғанына 10 жыл толып отыр. Елбасының білім мен ғылымды жү­йелі қолдауы өз нәтижесін көр­сете бастады. Бүгінгі тамыз конференциясын пайдалана отырып, білім беру саласындағы үш мәсе­лені алға тартқым келеді. Біріншіден, кәсіби мамандарды даяр­лау мәселесі.  Шетелдің үздік оқу орындарында студент  соңғы курс­қа көшкенде әр түрлі компаниялардан  жұмысқа шақыру ұсыны­сы түсіп жатады.  Болашақта қала­да­ғы  екі-үш колледжге инвестор­лар тартып, ондағы мамандарды сұранысқа ие еткіміз келеді. Сәй­кесінше, кәсіптік колледждердегі ұстаздардың білімі мен білігін шетелде арттырғымыз келеді. Күзде кәсіптік лицейлердің 10 мұғалі­мі Финляндияға  барып, БИМ  (Buil­ding Information Modeling)  технология бойынша білімін жетілдірмек.   Яғни,  біз құрылыс нысанын салатын болсақ, ғимараттың биіктігін, ұзындығын, құрылғылардың тұратын орнын 3D форматта көр­сететін бағдарламаны, жобаны үйреніп келеді. Қазіргі уақытта бұл жұмыс бізде қағаз жүзінде ға­на жүзеге асуда. Біз ұстаздар­дың біліктілігін заманауи талаптарға сай жетілдіруге жағдай жасасақ, олар болашақ ұрпақты  жаңа технологияны игеріп кете алатындай тәрбиелейді. Екінші мәселе, цифрландыру. Цифрландыру бі­лім беру саласындағы сапа мен ашықтықты қамтамасыз етеді. Ата-ана балабақшаға баласын онлайн режімде-ақ  орналастыра алады. Білім беру қызметкерлеріне деген күмән сейілді. Облыста 226 ша­ғын жинақты мектеп бар. Олар­ға  «Білім book» электронды жобасы енгізілмек. Онда компьютер жадына қажетті білім ресур­сы салынған. Интернеттің қажеті жоқ. Бір сыныпта 15 баладан бі­лім алатын болса, мұғалім олар- дың әрқайсысына әр түрлі элек-трондық тапсырма бере алады. Қазір жастар ғаламтормен жақсы жұмыс жасайды. Бірақ  ғаламтор-дан көргеннің дені ақпарат күйінде ғана қалып, санаға білім болып сіңбеуі мүмкін. Осыны да саралауымыз керек. Үшінші мәселе, жас ұрпақтың бойына руха- ни адамгершілік тәрбиені сіңіру. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, біз рухани бай тұлға екенімізді  ұмытпағанымыз жөн. Жас ұрпақ үшін үлкенге ізет, кішіге құрмет, бір-біріне жана­шыр­лық секілді отбасылық құн­дылықтар бәрінен биік болуы керек. Ол үшін ата-ана мен ұстаз арасында тығыз қарым-қатынас орнап, жеткіншектерді теріс ба­ғыттан ада болуына тәрбиелеу маңызды, – деді облыс әкімі алғы­сөзінде. Ал «Назарбаев зияткерлік мек­тептері» дербес білім беру ұйы­мының  басқарма басшысы Кү­- ләш Шамшидинова жаңартылған білім беру мазмұнының тиім­ділі­гін  тү­сіндірді. – Жаңа технологиялардың қа­рыштап дамуына орай қазір ең­бек нарығындағы мамандықтар­ға деген сұраныс та өзгерді. Со­ған сәйкес ЖОО-ларда жаңа ма­мандықтар ашылып, кейбіреуі жо­- йылып кетіп жатыр. Еліміз бо­йынша  30 мектеп жаңартылған білім бағдарламасы бойынша  үш жылға арналған қанатқақты ре­жімге қосылды. Бүгінде нәтиже­лері жаман емес. Жаңартылған білім беруде оқытудың әдістемесі мен технологиясы өзгерді. Біз оқу­шыларға білім бергенде ертеңгі күні кәдеге жаратуына негіздеуі­\міз керек. Бұрын оқушыға оқы­тылатын  тақырып туралы бар­- лық мә­ліметті айтып, келесі са­бақта қайталап келуін сұрайтын еді. Жаңартылған білім бағдар­ла­масы бойынша әр  оқушының ортақ тақырыпқа айтар ойы мен қорытынды сөзі болуы керек. Оқушы өзіне керекті мәліметті өз бетімен еңбектеніп іздеп табуы маңызды, – деді Күләш Ноға­тайқызы. Сондай-ақ жиын барысында «Knouledg Engineering» ЖШС директоры Нартай Әшім оқыту­дағы сандық технологияларды қолдану туралы, «Astana Garden Schools» басшысы, білім беру технологиялары бойынша тренер  Нұрмұхаммед Досыбаев «Білім беру: бүгін және ертең» тақы­ры­бында тәжірибелерімен бөлісті. Ал «Editech» халықаралық білім орталығының бас директоры,  психолог Ғани Бейсенбаев «Білім бе­ру триумфі» тақырыбында тренинг-диалог өткізді. Ұстаздар қауымы бас қосқан жиында жыл бойы білім сала­сындағы жетістіктерімен биіктен көрінген білім ошағы мен жас ұрпақты тәрбиелеуде еңбегі сіңген мәртебелі мұғалімдер назардан тыс қалмады. Облыстық байқау­лардың қорытындысы бойынша «Орта білім беретін үздік ұйым» атанған Орал қалалық  №44 мектеп гимназиясы 22 миллион 627 мың 200 теңге көлеміндегі қаржы­- лай сыйлыққа ие болды. Респуб­ликалық «Үздік педагог» байқа­уының облыстық кезеңінің же­ңімпазы  Орал қалалық №35 мек­теп-лицейінің қазақ тілі мен әде­биеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Ташаеваға, техникалық және кә­­сіп­тік білім беретін ұйымдар арасында «Үздік педагог» атағы­на ие болған Орал газ, мұнай жә­не салалық технологиялар кол­леджі­нің арнайы пәндер оқы­ту­шысы Әсел Ғалиасқароваға ал­ғысхат пен «Lenova» ноутбугі табысталды. Орта білім беретін ұйымдар арасында «Оқу-тәр­бие үрдісін­де көшбасшылық та­нытқан мектеп» аталымы Орал қалалық №41 жаратылыстану-мате­ма­тика бағы­тындағы  мектеп-лицейіне беріл­ді. Кәсіптік техникалық ұйымдар арасында «Инновациялық кол­ледж» аталымын Орал политех­никалық колледжі жеңіп алса, «Мектепке дейінгі ұйымдар ара­сында «Үздік шығармашыл ұжым» аталымы Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы №5 «Ертегі» бөбек­жайына бұйырды. Сонымен қоса бірқатар ұстаздар Ы. Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. Ал білім тақырыбын БАҚ-та үздік на­сихаттағаны үшін  «Қазақстан» РТРК» БҚОФ редактор-тележүргізушісі Алмагүл Жампейісова мен «Орал өңірі» газетінің тілшісі  Гүлжамал Кенжеғалиева  бағалы сыйлыққа ие  болды.   Гүлсезім   БИЯШЕВА, «Орал   өңірі»

Күре жол биыл аяқталады

Күні: , 1 100 рет оқылды

Іссапармен  Тасқала  ауданына келген  облыс  әкімінің  орынбасары  Бағдат  Азбаев  «Орал –  Тасқала – РФ  шекарасы»   күре  жолында  болып,  мердігер «Uniserv»  ЖШС  өкілдерімен  кездесті.

Компания бас директорының мінде­тін атқарушы Дінмұхамед Сәтбаев­тың айтуынша, жолды жаңғырту жұмысы «Нұрлы жол» бағдарламасы бо­йынша қолға алынған. Жолды жаңарту жұмыстары ауа райы қолайсыздық келтірмесе, қараша айында толығымен аяқталмақ. – Жоба Президентіміздің тікелей бақы­лауында. Жұмыс жоспарланғандай биыл аяқ­талуы керек. Сапалы әрі жедел жүргі­зілуі тиіс, – деді Бағдат Оразалдыұлы.   Назгүл  СЕРІКҚЫЗЫ, Тасқала   ауданы

Ерболат МҰҚАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: «Жиі көтерілетін мәселе – жолдың жайы»

Күні: , 1 637 рет оқылды

– Ерболат Рахметұлы, VI сай­ланған Парламенттің үшінші сес­сиясында Сенатта қанша заң жобасы қаралды?   – Парламенттің қос палатасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін «Бес әлеуметтік бастамасынан» туындайтын ауқымды міндеттерді жү­зеге асыру барысында 84 заң қабылдады. Олардың бірқатары күшіне еніп, бүгінде халық игі­лігіне қызмет етуде. Жалпы, «Пре­зиденттің бес әлеуметтік бастама­сының» осы сессия барысында жариялануының өзі халқымыз­дың жағдайын жақсартуға арнал­­ған ерекше қадам ретінде баға­ланды. Қос палата депутаттары осы бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қолдауға белсене араласты.   – Өңір жұртшылығымен жиі жүздесіп тұрасыз. Осы сапа­­рыңызда да бірнеше аудан­- да болып, елдің жайын өз көз­і­ңізбен көріп қайттыңыз. Кездесулерде қандай өзек­ті мәсе­лелер  көтеріледі?   – Біз жұмыс барысымен өңір­лерді жиі аралаймыз. Жұртшы­лық­ты жоғары заң шығарушы ор­- ганның тыныс-тіршілігімен таныстырып, Елбасы Жолдауы мен мемлекеттік бағдарламаларда ай­қындалған мақсат-міндеттердің маңыздылығын түсіндіріп, ауылаймақтағы шешімін күткен мәсе­лелерді анықтаймыз. Парламент қабырғасында он жылға жуық қыз­мет етіп келемін. Халықпен кездесулерден байқағаным, көте­рілген мәселелер жылдан-жыл­ға жалпы сипат алып келеді. Яғ­ни бұрынырақта жергілікті жұрт­шылық депутаттар алдына ауыл­ға мектеп пен балабақша, емхана немесе жол салуды көлде­нең қоятын-ды. Қазір ұлттық салт-дәс­түрімізді жаңғырту, рухани құн­дылықтарды дәріптеу, жастар тәрбиесіне, қоғамдық қауіп­сіздік мәселесіне көбірек көңіл бөліне­ді. Әсіресе, соңғы уақытта бала­- лар­ға жасалған зорлық-зомбы­лықты тыю, жат діни ағымдармен күрес, жасөспірімдердің құқығын қорғау қоғамның алаңдаушы­лы­ғын туғызуда. Бұл мәселе Парламент депутаттарының да ұдайы назарында. Мемлекет басшысының «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты ел-жұртқа бағыт-бағдар бе­- рер мақаласы халық тарапынан қызу қолдау тауып, келелі істерге бастама болғандығы қуан­тады. Ауылда өсіп-өніп, бүгін­де әр­қайсысы бір-бір кәсіп иесі атан­ған азаматтар өз қаржысына спорт алаңдарын, саябақ, мешіт салып, жол жөндеп, жарық орна­тып, туған жерді түлетуге үлес қосуда. Ауыл – әр қазақтың алтын тамыры. Ауылдың жағда­йын жақсарту арқылы елді дамытамыз. – Сіз Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің мүшесісіз, биылғы республикалық бюджетті нақтылауда қандай сала­ларға басымдық берілді?   – 2018-2020 жылдарға арнал­ған үш жылдық бюджетте ең үл­­кен үлес әлеуметтік салаға тиесі­лі. Соның ішінде қаражаттың ба­сым бөлігі денсаулық сақтау, бі­лім беру және әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды. Батыс Қазақстан облысында ең жиі көтерілетін мәселе – жол­дың жайы. Үш жылдық бюджеттен 36 млрд. теңге Ақ Жайық аты­рабының жолдарын салуға және жөндеуге бөлінді. Алдағы 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен 60 млрд. теңге қаржы бөлу көзделіп отыр. «Біз бірінші кезекте республи­калық маңызы бар жолдар салу­дамыз. Сол себепті ауыл-аудан­дық маңызы бар жолдарды са­лу-жөндеу жұмыстарын кейінге шегере тұрамыз» дей келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет­ке тапсырма берген болатын. Со­ған сәйкес ҚР Инвестициялар жә­не даму министрлігі 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі ауто­мобиль жолдарының жөнделе­тінін айтты. Сонымен қатар 2020 жылға қарай «Орталық – Шығыс» бағытындағы халықаралық жолдарды қайта жөндеу, ал одан ке­- йін «Орталық – Оңтүстік», «Орта­лық – Батыс» жобаларын жүзеге асыруды жалғастыру жоспарлан­ғанын айта кеткен жөн. Респуб­ликалық маңызы бар ақылы тас­жолдардың қатарын көбейту де жоспардағы іс. Бұл жерде халық дұрыс түсінуі керек. Мемлекет­тің қыруар қаржысына жол салынады, сол жол арқылы Ресейден, Қытайдан, Өзбекстаннан және т.б. елдерден көлік өте көп қатынай­ды. Қалың көлік нөпірінен жол тез бұзылады. Ал ақылы болған кезде түскен қаражат сол жолды жаңалап-жаңғыртуға жұмсалатын болады. Жергілікті тұрғындарға ақылы жолдар бойынша арнайы жеңілдік қарастырылады.   – Осыдан бірер жыл бұрын Ақ­жайық ауданының орталы­ғы – Чапаев ауылы тұсында Жайық өзені арқылы өтетін ау­токөлік көпірін салу туралы бастама көтерілген болатын. Жалпы, өңір үшін аталмыш құ­ры­лыс нысанының стратегия­лық маңызы зор екені белгілі. Қазір осы көпір мәселесі қалай болып  жатыр?   – Дұрыс айтасыз, Жайық өзені арқылы көпір салу еліміз үшін ерек­ше маңызы бар, экономика­лық- әлеуметтік тұрғыдан өте пайда­лы деп есептеймін. Жайық өзе­нінің қос жағалауында елуге тарта елді мекен орналасқан. Со­ның ішінде 6 ауылдық округ пен ондағы 18 ірі елді мекен өзеннің сол жағалауында қоныстанған. Бұл ауылдарды қарайған халық мекендеп, тұрмыс-тіршіліктің түті­нін түтетуде. Сол себепті де жыл­дың күзгі-қысқы, көктемгі мезгі­-лінде сол жағалаудағы тұрғын­- дар, әр түрлі салада қызмет істей­тін қызметшілер аудан орталы­ғына Орал қаласы арқылы, ал кейбірі Атырау облысының Дендер ауданы орталығының тұсындағы көпірден өтіп келуге мәжбүр. Тығырыққа тірелген жағдайдан шы­ғудың қазіргі ең қарапайым жо­лы қолдан құрастырылған же­ңіл аутокөліктерді өткізуге ғана жарайтын паромдарды пайда­лану болып тұр. Амалы таусыл­ған халық пароммен немесе қа­йықпен өтіп жатады. Тіпті бірне­ше адамның өліміне себепкер болған қайғылы жағдайдың орын алғаны  да  мәлім. Жаңа көпір бұл тек бір аудан­ның халқы үшін салынатын көпір деген түсінік болмауы керек. Егер тоғыз жолдың торабында ор­на­ласқан Чапаевтың тұсынан Жа­йық өзенінен аутокөліктер өте­тін көпір салынса, Сырымнан Ақ­жайыққа дейінгі жолмен көпір арқылы Жалпақталдан Қазталов­қа, әрі қарай Орда мен Жәнібек­-ке баратын жолдың бойымен Шығыс Еуропаның Польша, Венгрия, Румыния, Украина мемле­- кеттері, ал Жәнібек ауданы жа­ғында Ресейдің Волгоград, Рос­тов, Краснодар, бүкіл Кавказ ар­қылы жүріп өтетін үлкен дәлізге айналуы тиіс. Қазіргі таңда көпір­дің жобасы сараптамадан өтіп жатыр. Көпір құрылысын қаржы­ландыру мәселесіне қатысты бір­неше рет депутаттық сауал жол­- данды, ілгерілеушілік бар. Биыл Жәнібек пен Бөкей ордасы аудандарына қатынайтын аутокөлік жолының жобалық-сметалық құ­жаттамасы жасалып, келер жылы аталмыш бағытта жол салу жұ­- мыстары басталады. Осы жол аяқталған соң Ресей Федерация­сының Астрахань, Волгоград, Са­- ратов облыстары тұрғындары үшін де Орынбор бағытына тікелей шығуға мүмкіндік туады. Бұл біздің аудандар үшін де өте тиімді.   – Ерболат Рахметұлы, халық­тың аманатын арқалаған депутат болған соң депутаттардың қызметіне қатысты алғыспен қатар сын-ескертпелер де айтылып жатады. Жалпы, сынды қалай қабылдайсыз?   – «Таза зердеге сын» атты әлем­ге танымал еңбегінде неміс фи­лософы Иммануил Кант «Сын та­за зердеден туындауы керек» деп жазады. Егер сын таза ақыл-ойдан шықса, адамды да, қоғамды да түзейді. Бізде, өкінішке орай, өзі түк істемесе де, сын айтқансып, жала жабатындар, жауырды жаба тоқитындар әлі де баршылық. Қазіргі қоғамға ішкі мәдениет, құ­қықтық және қаржылық сауатты­лық  жағы  жетіңкіремейді.   Сұхбаттасқан Динара  ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, «Орал өңірі»

Ойы мен сөзі жақсы адамның…

Күні: , 1 001 рет оқылды

Өткен  жұма  күні  Орал  қаласына  келген   танымал   журналист «Шетелдегі қазақ балалары»  жобасының  авторы Жанар Байсемізова «Жайық Пресс» медиахолдингінде болып, оқырмандарымен кездесті.

«Жұмадағы жүздесу» барысында Жанар Қожақанқызы өзі секілді нәзік жандарға өмірдің бұралаң- бұлтарысы мол жолында тура бағыттан таймай, кездескен қиындыққа мойымай, қалай адами тір- лік кешу қажеттігі жөніндегі өзінің көзқарасымен бөлісті. Сан тағдыр иесі бас қосқан кездесуде алуан түрлі сауалдар қойылды. Жанар әріптесіміз жеке өмірден бастап, уақытты тиімді пайдалану, адамның өзін-өзі дамытуы, ене мен  келін арасындағы байланыс, қыз балалардың тұрмысқа шығуы  секілді  қойылған әр түрлі сауалдарға тұшымды жауап берді. – Отбасындағы береке-бірліктің сақталуы тікелей әйел адамға байланысты. Осындай тренингтердің көпшілігі нәзік жандарға арналады. Әйел адамның қоғамдағы рөлі өте  үлкен. Ол – ана, ол бала тәрбиелейді, ұрпақ өрбітеді. Ер адам көбінесе түздегі тірлікпен айна-лысатындықтан, перзентіне негізгі тәрбиені, қоғаммен байланысты, әке мен жасы үлкенді  құрметтеу, кішілерге қамқор болу, адамдардың барлығына құрметпен қарау секілді адами құндылықтардың барлығын сіңіретін әйел. Сондықтан да әйел адам өзін-өзі дамытуды қолға алса, білімін тереңдетсе, біздің қоғам да өркендейді, – деді Жанар Байсе-мізова. Өмірдің бұралаң жолында талай қиындық кездесетіндіктен,  адамдар өздерін қолға алу қажет. Тренер айтып өткендей, адам үшін ең қажетті дүние – рухани әлем. Ойы мен сөзі жақсы адамның өмірі де жақсы арнаға бұрылмақ. Үш сағаттық басқосудың соңында оралдық қыз-келіншектер танымал журналистпен қимай қош- тасып, тағы да кездесуге ниетті екендіктерін жеткізді. Ясипа   РАБАЕВА, «Орал   өңірі»

Сауда алаңын кеңейтуді тапсырды

Күні: , 579 рет оқылды

Өткен сенбіде Орал қаласындағы  М. Ықсанов көшесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасын тапты. Жәрмеңкеде Зеленов, Теректі, Ақжайық аудандары мен Орал қаласынан келген ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер маусымдық бақша өнімдерін саттыққа шығарды. Жәрмеңкені аралаған облыс әкімі Алтай Көлгінов сала мамандарына сауда алаңын кеңейтіп, азық-түлік өнімдерінің көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Жәрмеңкеге 50-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі  қатысып, 20 тоннадан астам кө-көніс пен бақша өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды. Өнімдер нарықтық бағадан 15-20 пайызға дейін  арзандатылып сатылды. Айта кетсек, картоптың келісі 65-70 теңгеден, пияз – 70-80, сәбіздің уақтары – 70, ірілері – 150,  орамжапырақ – 60, болгар бұры-шы – 100, қызанақ – 75, қияр – 50-70, қарбыз – 60, қауын 150 теңгеден сатылды. — Қыс маусымына сақтайтын са-латтарды жабу үшін біраз көкөніс сатып алдым. Мұнда базардағы бағадан арзан. Мысалы, қаладағы сауда орындарында сәбіздің келісі 200 теңгеден әлі түскен жоқ.  Жәрмеңкеде 150 теңгеден  сатылуда. Жұмыртқаның 10 данасы 140 теңгеден саудалануда. Ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкелері қала тұрғындары үшін жиі ұйым-дастырылып тұрса екен дейміз. Өйткені жәрмеңкеден кейін қал-тамызда қалған 40-50 теңгенің өзі бізге едәуір үнем, – дейді Раушан Биғалиева есімді қала тұрғыны. Жәрмеңке барысында облыс-тық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары ШЖҚ «Ұлттық  сараптама орталығы» РМК  филиалымен бірлесіп «Қа-уіпсіз және таза өнімді таңда» акциясы негізінде өнімдерге  зертханалық зерттеулер жүргізді.  Яғни тұтынушылар жәрмең-кеден алған көкөніс пен жеміс-жидектердің құрамындағы нитрат мөлшерінің қалыптылығын, ауыз судың бактериялық ластану дең-гейін тегін тексеруге мүмкіндік алды. – Тұрғындар заманауи құрыл-ғының көмегімен жедел әдіс ар-қылы күнделікті тұтынып жүрген тағамдарының сапасын анықтады. Біздің көмегімізге жүгінуші-лердің көптігіне қарап, тұтынушы-лардың экологиялық таза өнімге деген сұранысының жоғары екенін байқадық. Жәрмеңке барысында  қарбыз, қауын, пияз, картоп өнімдері тексерілді. Олардан адам денсаулығына қауіпті концентрат-тар  табылған жоқ, – дейді облыс-тық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Эльвира Төлеуова.  

Гүлсезім БИЯШЕВА,

«Орал өңірі»

 

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика