Мұрағат: 07.08.2018


Алаңның жайы алаңдатады

Күні: , 1 413 рет оқылды

Облыс  орталығынан  тым  қашық емес  Тасқала  ауданының орталығында  қордаланған  мәселелер  аз  емес.  Уақыт күттірмей  дереу  шешуге  тиіс  мәселеге  келгенде,  жергілікті  атқамінерлер  жайбасарлыққа салынып  жүргенде, маусымның  төрт  мезгілі  көрген  түстей  өте  шығуда.  Мәселен,  былтырғы  жылы  Тасқала  ауылында  қыста  хоккей, жазда  футбол  ойнайтын  алаңның  есігі  айқара  ашылып еді.  Сол  кезде  футбол  десе,  ішкен асын  жерге қоятын жастардың  қуанышында  шек  болмады. Өйткені,  бұдан  басқа  дені  дұрыс  доп  қуалайтын  жердің  жоқтығы  жастардың  жанына аяздай  батып  жүргені  жасырын  емес-ті.  Алайда  қуаныштарының «ғұмыры»  өткінші  жаңбырдай қысқа  болды. Себебі әлгі  алаңның  жәйі  алаңдатарлық  халде.  Қысқасы,  ауыл  жастарына  алаңда  алаңсыз  доп  тебулері қол жетпестей  арман  боп  тұр.

Қызыл лента қиылып, сән-салтанатпен ауылдың қақ ортасында ашылған алаң­- ның есігінде көктемнен бері қара құлып тұр. Ал үш түсті жасанды төсеніштері қалай болса солай төселген. Тіпті кейбір жеріне жетпей қалған ба, «жалаңаш» жатыр. Мұны қабылдаған кезде жауапты мамандардың қайда қарағаны белгісіз. Құ­рылысын  «BRAT.M» ЖШС жүргізген бұл нысанға жергілікті бюджеттен 10 млн. 782 мың теңге қаржы жұмсалған. Осыншама ақшаға салынған алаңның осы күнге дейін қаңырап бос тұруын Тасқала ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметов былай­ша  түсіндірді. – Бұл алаң былтырғы жылдың қараша айында ашылған болатын. Кейін қыс түскесін,  жасанды төсеніштерді алып тастап, үстіне мұз құйдық. Көктемде мұз ерігенде, алаңның беткі қабаты тү­сіп кетті. Дереу  мердігер мекемеге хат жаздық. Олар осы жылдың маусым айында беткі қаба­тын қайтадан жасады. Содан кейін жинап тастаған жасанды төсеніштерді төсейік десек, көбісі жыртылып жарамсыз болып қалған. Қолымызда бір жылға дейін кепілдік хат болғаннан кейін мерді­гер фирмаға қайтадан жасанды төсеніштер төсеу керектігін айттық. Олар   үш түрлі жасанды төсе­ніш алып келіп, төсеп жатқанда бізге хабарласты, «Алып келдік, келіп көріңіздер» – деп. Бар­сақ, түрлі-түсті жасанды төсенішті төсеп жатыр. Біз қабылдамай, жұмысты тоқтатып тастадық.  Қазір мердігер фирма Ресейге  жасанды төсенішке тапсырыс берген. Осы тамыз айының 15-іне дейін бітіреді, – дейді Ж. Ахметов. Мән-жайды білмек болып,  «BRAT.M» ЖШС-ның басшысы Ба­уыржан Сакпиреевке хабар­лас­қа­нымызда, нысан құрылы­сын бітіріп тапсырғандарын  айтып отыр. –  Жасанды төсеніштердің жыртылуына Тасқала ауылдық округі әкімдігінің өздері кінәлі. Төсеп берген нәрсені пайдасыз етіп тастаған. Бір жасанды төсеніш 9 мың теңге тұрады. Алаңның аумағы 800 шаршы метр. Сонда маған 1 млн. теңге ақша керек. Оны кім төлейді? – дейді ол. Бір-біріне сілтеген округ әкімдігі мен мердігер фирма басшысының берген жауабынан ұққанымыз,  «Сен салар да мен салар, атқа жемді кім салар?» дегеннің кері болып тұр. Демек, ауыл тұрғындарына, әсіресе, жастарға алаңның «қызығын» көру «бақыты» әзірге бұйырмайтын секілді. Дәл осындай алаңның «жырына» тек Тасқала ауылы ғана емес,  ауданға қарасты Ақтау ауылдық округі де арқау боп тұр. Аталмыш ауылға арнайы ат басын бұрып, алаңның жайын көрейік деп барсақ, есігіндегі қара құлып бізге қарап «күлімдеп» тұр. Ал  жасанды төсеніштерінің халі тіпті адам аярлық жағдайда, домаланып жатыр. Бұл мәселеге жауап беретін округ әкімдігінен еш­кімді таппадық. Кеңседегі қызметкерлер ауыл әкі­- мі Нұрсұлтан Серіктің еңбек демалысында екенін, оның орнына ауыл әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып қалған Абат Сариевтың ауырып жатқанын айтты. – Ауылда балалар ойнайтын жер жоқ. Мәдениет үйінің алдында төселіп жатқан асфальт тың үстінде  ойнап жүр. Алаңның жабық тұрғанына екі жылдай уақыт болды, – дейді Ақтау ауылының тұрғыны  Сәния  Артығалиева. Алақандай  ауылдарды  басқарып отырған  ауыл  әкімдері  аталған мәселеге  аса  қатты  бастарын  ауырт­пайтын  сыңайлы.  Жаз  мезгілі  бел  ортасынан  ауса  да,  жайбарақат  жүр.  Алаңға  бөлінген  бәленбай миллион қаржының  сұрауы  жоқ  болғаны  ма сонда?..   Есенжол   ЕЛЕКЕНОВ, «Орал   өңірі»

«Ақ Жайық асқақтайды Астанамен» батысқазақстандық өнер шеберлері бас қаланы дүбірлі думанға бөледі

Күні: , 1 370 рет оқылды

Өткен аптада Есілдің бойындағы еңсесі биік елордамызда Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Батыс Қазақстан облысы өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасы болып өтті. Бас қала тұрғындары мен қонақтарына әуелеген ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған биден керемет көңіл күй сыйлаған облысымыздың 250 көркемөнерпазы Астана төрін бір күн бойы думанға бөледі. Айта кетейік, бұл – батысқазақстандық өнер шеберлерінің елорда халқына ал-ғашқы концерттік тартуы емес. Дегенмен, бұл жолғы мерекелік өнер бағдарламасының жолы бөлек. Біріншіден, өңірдің айтулы көркемөнерпаздарынан құралған өнер шеруі әлемге елдігімізді танытқан бас қаламыздың 20 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Екіншіден, өнер шеберлері бір ғана концертпен шектелмей, бірнеше мерекелік бағдарламаларын ұсынды. Үшіншіден, Астананың торқалы тойына Батыс Қазақстан облысының атынан сыйға тартылған «Ақжайық» тынымбағындағы Өнер сахнасы-ның (амфитеатр) салтанатты түрде тұсауы кесілді десек те болады. Батыс Қазақстан облысы өнер шеберлерінің қатысуымен елорда төрінде өткен думанды шара-ның ауқымы кең, мазмұны  ерекше болды. Себебі, түс ауа басталып, күн еңкейгенше жал-ғасқан мерекелік бағдарлама Ақ-жайық  халқының бас қаламызға деген кең пейілін, дархан көңілін жан-жақты айшықтап жатты. «Ақжайық асқақтайды Астанамен» деп Фархат Оразов, Күләш Қуанышқалиева, Ернар Өмірәлі бастаған әншілер әуелеткеніндей, елордаға қарап бой түзеген облыстың өнерпаздары тарту еткен мерекелік салтанаттан қос шаһардың достық рәуіштері мен ыстық ықыластары айқын сезіліп тұрды. Түс ауа «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде бастау алған мерекелік бағдарламаның шымылдығы Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен «Ақжайық» халықтық және «Қызғалдақтар» үлгілі би ансамбльдерінің «Ақжелең» биімен ашылды. Ұлттық мәдени орталықтың ауласында ине шаншар орын қалдырмаған астаналық тұрғындар мен елорда қонақтары бұл бағдарламада халық әндері мен ұлттық опера, күй өнері, елімізге белгілі композиторлардың әндерімен сусындап, мың бұрала билеген бишілердің көз ілеспес қимылдарына толассыз қол соқты. Ал, кешкілік «Ақжайық» тынымбағының амфитеатрында өз жалғасын тапқан концерттік бағдар-ламаны тамашалауға келген тұрғындардың саны тіптен қалың болды. Бұл кеште ару Ақжайықтың елінен келген күміс көмей, жез-таңдай әншілер елорда көгінде қазақ халық әндерінен бастап, әлем композиторларының классикалық әуендерін шарықтата орындады. Батысқазақстандық композиторлардың туындыларымен қатар, «Ұлы дала ұраны» секілді хореографиялық композициялар думанды шараның шырайын  кіргізе  түсті. Қасиетті де қастерлі мекен, талай өнер саңлақтарының ізі қалған Ақжайықтың ыстық сә- лемін бас қалаға ала келген батысқазақстандық өнер шеберлері – «Еңбек даңқы» төсбелгісі-нің иегері Ақылбек Бектасов, Қа-зақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Қанатқали Қожақов, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Армат Исламғалиев, Майра Хайдарова, Дария Бақытова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Марат Сарбөпеев, Эльмира Османова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұргүл Оразғалиева және Дамир Сатыбаевтардың құ-шағын елордалықтар гүлге толтырды. Осындай аға-апаларының ізін жалғап келе жатқан жас өнерпаздар – Жұлдызбек Өтешқалиев, Азат Қабиев, Рүстем Кереев, Бибігүл Берекетова, Дархан Құлбабаев, Рима Нұрсұлтановаларға да халық айрықша  қошемет-құрмет  көрсетті. Сондай-ақ «Назерке», «Ақжайық» халықтық және «Қызғалдақтар» үлгілі би, «Шежіре», «Жайық толқыны» фольклорлық, «Скифы» вокалды аспаптар ансамбльдері, «Әдемі», «Үш қоңыр» триолары да астаналық тұрғын-дардың ерекше ілтипатына  ие  болды. – Бүгінде бүкіл ел бас қаланы мақтан тұтып, елордаға қарап бой түзейді. Жақында ғана өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өткен Астана – біздің ұлттық брендіміз. Елбасымыз Есілдің жағасында бой көтерген елордамызды әлемнің көрікті қалаларының біріне айналдырды. Біз бүгін бас қаламыздың мерейтойына ортақтасып, сонау батыс өңірінен, киелі мекен – Ақжайық халқының ыстық сәлемін ән мен күй тілінде жеткі-зіп отырмыз. Өзіңіз көргеніңіздей, елордалық тұрғындардың қарасы қалың, ықыласы ерекше. Айрық-ша атап өтерлік жәйт, Астананың туған күніне біздің облысымыз сыйға тартқан «Ақжайық» тыным-бағының амфитеатрында тұңғыш концерт өткіздік. Болашақта бұл өнер сахнасы тек жарқын мерекелерге толы болады деп сене-міз, – деді Астанаға өңірдің өнер шеберлерін бастап келген облыс-тық Мәдениет басқармасының басшысы  Қадырболат  Мұсағалиев. Осылайша, бір күн бойы Астананы ән мен жырға бөлеп, ел-ордалықтарға шат-шадыман көңіл күй сыйлаған батысқазақстандық өнер шеберлерінің мерекелік концерті бас қала көгінде ұзақ  қалықтады.  

Нұрсұлтан  МЫҚТЫБАЙ, журналист, Орал – Астана – Орал


Майдангер тұратын үйге ұқсамайды

Күні: , 1 043 рет оқылды

«Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы аула­дан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқықбұзушылықпен,бұ­­зақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуі­міз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіз­дік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқықбұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен  күреске  бастайтын  маңызды  қадам». (ҚР  Президентінің «Қазақстан – 2050» страте­гиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің жаңа  саяси  бағыты»  Жолдауынан)  

Өткен жұма күні жұмыс бабымен облыс орта­лығындағы Еуразия көшесі бойындағы №88/1 үйге барғанда куә бол­ған келеңсіз кө­рініс­ті «фейсбук» әлеумет­тік желісінде жа­рия­лаған едік. Оқырманға түсініктірек болуы үшін мәселені  кеңірек  баян­дайық.

Газетіміздің өткен санында жазғанымыздай, ҰОС ардагері, «Фронтовичка» клубының мүшесі Лидия Губанованың 95 жасқа толуына орай майдангерді облыс басшылығының өкілдері арнайы құттықтап барды. Қызметіміз бойынша аталмыш мекенжай­- дан біз де табылдық. Ардагер тұ­ратын үйдің по­дъезінің алдына таяй бергенімізде, іштей «мекен­жайды шатастырып алған жоқпыз ба?» деген се­німсіздік пайда болды. Өйткені әбден тозы­ғы же­тіп, сылақтары түсе бастаған үйдің маңдайал­ды қа­бырғасы мен есігінен бастап, көшеге шыға беріс арканың қабырғасы тұтасқан әлем-жәлем жарнама мен хабарландыру, қазанның күйесіндей қара бояу­мен бадырайта жазылған бейәдеп сөздер… Мұның бәрі аз болғандай, арка астындағы қалтарыста қа­ра пакеттен ақтарылып жатқан қоқыстар мен одан айнала тарап тұрған күлімсі иіс қаланың қақ орта­сындағы тұрғын үйдің сұрқын әбден қашырып тұр. Көп қабатты үйдің екінші қабаты тұсындағы «Еуразия даңғылы 88/1» деген жазу майдангердің үйі­не тура келгенімізді айғақтағанымен, домофоннан пәтер нөмірін тердік. Мәртебелі меймандарды күтіп отырғандығынан болар, кім екенімізді сұрамады, есік бірден ашылды. Подъезге енген бойда сыртқы қабырғалардағыдай қара күйелеш, айбақ-сайбақ, ірі жазуларға жанарымыз еріксіз кідірді. Пәтерді із­деп, оңға қарай бұрылатын жалғыз жолға түсіп, бір-екі адымдағаннан кейін кібіртіктей бердік. Алдымыз тас қараңғы. Ардагер тұратын үшінші қабатқа дейін телефонымыздың жарығын қосып жүруге мәжбүр болдық. Мұнда да әр жерінен ойылып сылағы түс­кен,  әбден кірлеген  қабырғалар… Майдангермен бірге тұратын қызы Еленаның айтуынша, аталмыш үй пәтер иелері кооперативінің еш­қайсысына қарамайды, тұрғындардың дені зей­неткерлер көрінеді. – Мен осы үйде тұратын немерелерімді көру үшін келемін. Үш немерем мектепте оқиды. Күн батса болды, ауланы таң атқанша қараңғылық жайлайды, электр жарығы жоқ. Сол себепті кешке қарай сер­уенге шығу қауіпті. Өздеріңіз көріп тұрған, шашылып жатқан қоқыс, қалдықтар еш уақытта жиналмайды. Бұл маңда жұмыссыздар мен үйі-күйі жоқ адам­дар арақ ішіп, қаңғырып көп жүреді. Сол себепті бала­ларымызды көшеге шығаруға да қорқамыз, – дейді бізді подъезд алдынан жолықтырып, осы мәселе­лер­ді  көтеруімізді  өтінген  Анар  әже. Елбасының жоғарыда келтірілген мүлдем төзбеу­шілік қағидатының нақ осы жағдайға қатысты бү­гінгі қоғамымыз тарапынан мүлдем орындалмай отыр­ғандығы сол қоғамның бір мүшесі ретінде бізді қатты қынжылтты.   Нұртас  НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал  өңірі»

Өртті өшірген емес, алдын алған ұтады

Күні: , 506 рет оқылды

Биыл  облыстың  біраз  ауданында  шөп  шығымы  шамалы екендігін  осыдан  бірер  апта бұрын  жазған­быз.  Ендігі  міндет – шабын­дық  пен  жайылымға  қоса,  шабылған  шөп,  үйілген  пішенді қазіргідей қапырық  ыстықта  өрттен  аман сақтау.  Жолындағының  бәрін  жал­мап  өтетін  сумаңдаған  жалынды  кейде   ел-жұрт   лаң  салып,  ойды-қырды  кезген  қызыл  әтешке  те­-ңеп  жатады.  Әдетте  өртті  өшірген емес, оның   алдын  алған  ұтады.  Ендеше,  мына  қос  материалда  келтірілген  дерек-дәйектер  кім-кімді  де  ойландырар деген  үміттеміз.                                                                  Редакция  алқасы   Бүгіндері қай ауыл-аймақ­та да пішен дайындау қызу жүріп жатыр. Соған байланысты пішен дайындалатын және оны сақтайтын жер­лерде өрт шығу қаупі де арта түсуде. Оның негізгі себептері – далада от жаққанда қоламта­сын қалдырып кету, өшірілмей лақтырылған темекі тұқылда­ры, сон­дай-ақ тракторлар мен автокөліктердің тұрбаларынан шығатын ұшқындар. Әсіресе, күн қатты ысығанда және желді күндері ойда да, қырда да өрт шығу, әрі оның таралу ауқымы кеңейе түсу қаупі күрт күшейеді. Биылғы жылдың өткен жеті айында даладағы құрғақ шөп жа­нуы себепті 14 өрт оқиғасы орын алды. Соның салдарынан Ақжайық ауданына қарасты Мер­ген, Қарауылтөбе, Алмалы, Тайпақ, Ақжол, Базаршолан, Бударин, Ақсуат ауылдық округтерінде барлығы 2594 гектар жер отқа оранды. Күн санап жем-шөпті дайындау науқаны қыза түскенімен, мамандар тарапынан күн ілгері айтылса да, бірқатар шаруашылықтар өрт­- тен сақтану шараларына әлі күнге дейін жеткілікті мән берер емес. Әсіресе, қыстақтар басына тасылып үйілген, күн өткен сайын бойындағы ылғалы ке­ми түсетін пішенге абай бол­ған жөн! Пішен үйілетін жерлерде найзағайдан сақтану қондырғысы орнатылуы шарт және оның аумағын шөп-шаламнан барынша тазарту керек. Бұған қоса пішен үйілген жер өрт сөн­діру құралдары және су қо­рымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар шабындыққа қо­­са, пішендікке қатысты бүкіл машина-трактор атаулы міндет­ті түрде ұшқын өшіргіштер­мен жабдықталуы шарт, әрі көлік қозғалтқышының қызып тұр­ған бөлігіне шөп түсіп, тұтанудан да абай болған ләзім. Сондай-ақ шөп дайындауда, пішен тасуда жүрген адамдар міндетті түрде өртке қарсы нұсқаудан өтуле­рі керек. Әсіресе, шабындық­тар мен пішендік аумағында, дала қостарында жөндеу жә­не темір дәнекерлеу жұмыста­рын жүргізу кезінде өрттің алдын алу шараларын жүргізген дұрыс. Пішен маялау ережесін сақ­таудың маңызы зор. Бір мая пішен сақталатын аумақ 300 шар­шы метрден, ал тайлап буылған пішен мен сабан сақталатын алаң 500 шаршы метрден аспауы керек. Әрбір үйілген қа­тарлардың арақашықтығы 20 метр­ден кем болмағаны дұрыс. Тіпті, пішендік басына өз мінде­тіне мұқият қарайтын адам­- дар­дан күзет қойып, пішендік ау­мағына бөтен адамдардың, әсіресе, балалардың кіруіне жол берілмесе, жүдә, керім. Мі­не, осындай кешенді шараларды толық жүзеге асырғанда ға­на біз алдағы алты ай қысқа да­йындалған мал азығын «қызыл әтешке»  жем  қылмаймыз.

Рауан  ҚАШҚЫНБАЕВ,  БҚО  ТЖД  Ақжайық  аудандық   төтенше  жағдайлар  бөлімінің бас  маманы, азаматтық қорғау  аға  лейтенанты  

 

*  *  *

  Биыл  дала  өртінен  3224  гектар  аумақ от-жалын­ға оранып,  8  шаруашы­лық  пен  округтің  жайылымы зардап  шекті.  Төтеншеліктер өрттің өзін бірнеше түрге бөледі. Соның қай-қайсысы да адам өміріне, қорша­ған ортаға елеулі қауіп төндіреді. Биылдың өзінде төрт орман өрті тіркеліп, 29,7 гектар жасыл желекті өрт жалмады. Батыс Қазақстан облысының тө­тенше жағдайлар департа­мен­тінің өрт қауіпсіздігі саласында­ғы  бақылау және профилактика­лық қызмет басқармасының бас маманы Мирас Әлекешевтің айтуынша, орман алабы өрт қауіпті аймақ саналады. Жер шарының «өкпесі» саналатын орман-тоғай­да шыққан өртті өшіру оңай­ға түспейді. Өткен жылдың жеті айын­да  өңірімізде бір орман өрті тіркеліп, 8,7 гектар орман-тоғай қызыл жалынға оранды. Ал биыл сол есепті мерзім ішінде төрт орман өрті орын алып, 29,7 гектар жасыл желекті өрт жалмады. Биыл «тілсіз» жаудың «ойнақ» салған жер аумағы өткен жылғы сәй­кес мерзімдегі көлеммен салыс­тырғанда 3,4 пайызға өсті. Осы орман өртінен мемлекетке 2017 жылы 17 мың теңге, ал биыл 175 мың теңге зиян келді. Өңіріміздің көркі ормандарда өрт оқиғасы неге көбейіп отыр деген сауалымызға: – Ормандағы өрт болған аумақтар орман ша­руашылығы мекемелеріне қарай­ды. Сондықтан орманшылар көк­тем шыға орманды алқаптарды қу­раған, шіріген ағаштардан тазартуы тиіс. Одан басқа табиғат аясына демалуға шыққан тұрғын­дар от жағып тамақ пісіргеннен кейін отты сөндірмей кетеді. Сондай-ақ көбіне ағаш арасындағы қалың қаудан тазартылмайды. Осы­ның барлығы орман өртінің шығуына түрткі болады. Орман және дала өртінің алдын алу үшін төтеншеліктер жергілікті полиция, облыстық орман шаруа­шы­лығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қыз­мет­керлерімен бірге рейдтік ша­ралар өткізудеміз. Бүгінде өрт қа­уіпсіздігін сақтамаған 17 тұлға­- ға Әкімшілік құқықбұзушылық ко­декстің 367-бабы бойынша  204 мың 850 теңгеге айыппұл салынып, хаттама толтырылды,  – деп жауап берді бас маман. Ақ Жайық атырабында был­тыр дала өрті тіркелмеді, ал биыл­ғы жеті айдың ішін­де далада бір өрт оқиғасы орын алды. Об­лыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлі­метіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 9 шілдесі күні Зеленов ау­­да­­нының Көшім ауыл­дық окру­гі­не қарасты Өркен ауылының ау­­мағында дала өрті орын алған. Осы өрт кезінде жалаңда­ған жалын 3224 гектар ау­мақ­ты қап-қа­ра күлге айналдыр­ған. Соның сал­дары­нан аталмыш ауыл-ай­мақ­тағы «Өр­кен», «Файнуклин», «Залмұқа­нов», «Жайлау», «Мәңгі­лік Өркен», «Туркина», «Мол­­да­шев М.»,  «Жә­ния» шаруа қо­жа­лықтарының  ша­бындық жерле­рі және ауылдық округтің жа­йы­лымы  орасан  зар­дап  шекті. Төтеншеліктер дала жанулары деп атайтын өрттің түрі шағын аумақты қамтиды. Ондай өрт кө­бінесе көлік ағыны көп жол жиек­терінде болады. Дала өртінің об­лыс бойынша 2017 жылдың сәй­кес мерзімінде 246 оқиғасы тіркелсе, биылғы жеті айдың ішінде бұл көрсеткіш 230 шамасында, яғни 16 оқиғаға төмен болып отыр. Соған сәйкес былтыр 26 220 гек­тар, биылғы өткен мерзімде 15197,5 гектар аумақ жері өрте­ніп, күлге айналды. Дала жанулары өткен жеті айдың ішінде Орал қаласы аумағында 75 (2017 жылдың жеті айында – 108), Зеленов ауданында – 27 (биыл 22), Бөрлі ауданында – 20 (биыл 28), Ақжайық ауданында – 15 (биыл 13), Теректі ауданында 15 (биыл 22)  жағдайы тіркелген. «Мұндай ша­ғын аумақтағы өрт оқиғалары көлік жүргізушілердің немкетті­лігінен орын алады. Жол жиегі­не лақтырылған сөндірілмеген те­мекі тұқылынан өрт шығады. Жолда кетіп бара жатқандар  кө­лік терезесінен  шыны ыдыстар­ды сыртқа лақтыра салады. Ал сол шыны аптап ыстықта күнге қызып, жалақтаған оттың тұтануына себеп болады. Жүргізушілер ақау­лы көліктерін жөндеп болған соң, майлы шүберектерін жол жиегіне тастай салады. Әсіресе, құрғақшылық жылдары күнге қурап тұрған жол жанындағы қа­лың шөп шапшаң тұтанып, қаулап жанады. Сондықтан әрбір көлік жүргізуші мен жолаушы осын­дай жағдайларды жадынан шығар­мауы тиіс, – деді Мирас Әле­кешев. Аталмыш басқарманың мәлі­метіне сүйенсек, биылғы жеті айда облыс бойынша 344 өрт оқиға­сы тіркелген екен. Соның 145-і Орал қаласында, ал 199-ы ауылдық жерлерде. Сол өрттен 5 млн. 620 мың теңге көлемінде  мате­риалдық шығын келген. Өкініш­- тісі, «жалақтаған тілсіз жаудың» кесірінен үш адам жарық дүние­мен қоштасып, жантәсілім қы­лып, ал 16 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, зардап шекті. Сол 344 өрттің  230-ы тұрғын үй секторында болып, 35 қора-қопсы жанып кеткен. Амандыққа жететін еште­ңе жоқ, ағайын, ендеше, «Сақтансаң, сақтармын» деген қағиданы ұмыт­па­йық!  

Гүлбаршын  ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал  өңірі»


Талдықорғандағы тең ойын

Күні: , 2 812 рет оқылды

Ел  біріншілігінің  ХХІ  турында  Оралдың «Ақжайығы»  Талдықорғанда  жергілікті «Жетісу»  командасымен  жасыл  алаңға шықты. Бұл жолы украиналық маман Сергей Зайцев құрамға біраз өзгеріс енгізді. Коман­- да сұрмергені, сенегалдық Малик Мане­нің орнына жас шабуылшы Едіге Оралбай шықты. Сондай-ақ «Ақжайыққа» жуырда ғана алынған ук­раиналық жартылай қорғаушы Амбросий Чачуаға да орын табылды. Осының алдында Шымкентте «Ордабасыны» ұтып, бесінші сатыға көтерілген талдықорғандық­тар қалайда үш ұпайды олжалауды мақсат етті. Бірінші таймда алаң иелері басымдылық көрсетіп, жиі шабуылдады. Ақыры «аңдыған жау алмай қой­мас» деген, 34-минутта украиналық қорғаушы Сергей Басов допқа бұрын жетіп тұрып, құлап қал­ды. Осыны пайдаланған Рауль Джалилов «Ақжа­йықтың» капитаны Мейрам Сапанов пен қақпашы Евгений  Боровикті де  қапы  қалдырып,  есеп  ашты. Кездесудің екінші кезеңінде оралдықтар таразы басын теңестірудің жолдарын іздеді. 64-минутта С. Зайцев хорватиялық Денис Главина мен Е. Орал­байдың орнына Латвия құрамасының мүшесі Артур Карашаускс пен Еркебұлан Нұрғалиевті ойын­ға қосты. Арада алты минут өткенде, А. Карашаускс айып алаңына екпіндей кіріп, әдемі соққы жасап, есепті теңестіре алды. Бұдан кейін қарсыластар қаншама ұмтылып бақ­қанымен, есеп өзгерген жоқ. Осылайша батысқазақстандықтар екінші матч қа­тарынан 1:1 есебімен тең ойнады. Бәсекеден кейінгі баспасөз мәслихатында С. Зайцев шәкірттерінің ойынында жетілдіруге тиісті тұс­тарының  бар  екендігін  атап  көрсетті. Ұпай санын 25-ке жеткізген «Ақжайық» турнир кес­тесінде жетінші орында келеді. Оралдықтар үшін осымен екінші айналым кездесулері аяқтал­ды. Енді оларға, бапкер айтқандай, өз кемшіліктерінен арылып, үшінші, шешуші айналымда барын са­луларына  тура  келеді.   Ғайса  БӘЙМЕН

Алаңның жайы алаңдатады

Күні: , 28 рет оқылды

Облыс  орталығынан  тым  қашық емес  Тасқала  ауданының орталығында  қордаланған  мәселелер  аз  емес.  Уақыт күттірмей  дереу  шешуге  тиіс  мәселеге  келгенде,  жергілікті  атқамінерлер  жайбасарлыққа салынып  жүргенде, маусымның  төрт  мезгілі  көрген  түстей  өте  шығуда.  Мәселен,  былтырғы  жылы  Тасқала  ауылында  қыста  хоккей, жазда  футбол  ойнайтын  алаңның  есігі  айқара  ашылып еді.  Сол  кезде  футбол  десе,  ішкен асын  жерге қоятын жастардың  қуанышында  шек  болмады. Өйткені,  бұдан  басқа  дені  дұрыс  доп  қуалайтын  жердің  жоқтығы  жастардың  жанына аяздай  батып  жүргені  жасырын  емес-ті.  Алайда  қуаныштарының «ғұмыры»  өткінші  жаңбырдай қысқа  болды. Себебі әлгі  алаңның  жәйі  алаңдатарлық  халде.  Қысқасы,  ауыл  жастарына  алаңда  алаңсыз  доп  тебулері қол жетпестей  арман  боп  тұр.

Қызыл лента қиылып, сән-салтанатпен ауылдың қақ ортасында ашылған алаң­- ның есігінде көктемнен бері қара құлып тұр. Ал үш түсті жасанды төсеніштері қалай болса солай төселген. Тіпті кейбір жеріне жетпей қалған ба, «жалаңаш» жатыр. Мұны қабылдаған кезде жауапты мамандардың қайда қарағаны белгісіз. Құ­рылысын  «BRAT.M» ЖШС жүргізген бұл нысанға жергілікті бюджеттен 10 млн. 782 мың теңге қаржы жұмсалған. Осыншама ақшаға салынған алаңның осы күнге дейін қаңырап бос тұруын Тасқала ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметов былай­ша  түсіндірді. – Бұл алаң былтырғы жылдың қараша айында ашылған болатын. Кейін қыс түскесін,  жасанды төсеніштерді алып тастап, үстіне мұз құйдық. Көктемде мұз ерігенде, алаңның беткі қабаты тү­сіп кетті. Дереу  мердігер мекемеге хат жаздық. Олар осы жылдың маусым айында беткі қаба­тын қайтадан жасады. Содан кейін жинап тастаған жасанды төсеніштерді төсейік десек, көбісі жыртылып жарамсыз болып қалған. Қолымызда бір жылға дейін кепілдік хат болғаннан кейін мерді­гер фирмаға қайтадан жасанды төсеніштер төсеу керектігін айттық. Олар   үш түрлі жасанды төсе­ніш алып келіп, төсеп жатқанда бізге хабарласты, «Алып келдік, келіп көріңіздер» – деп. Бар­сақ, түрлі-түсті жасанды төсенішті төсеп жатыр. Біз қабылдамай, жұмысты тоқтатып тастадық.  Қазір мердігер фирма Ресейге  жасанды төсенішке тапсырыс берген. Осы тамыз айының 15-іне дейін бітіреді, – дейді Ж. Ахметов. Мән-жайды білмек болып,  «BRAT.M» ЖШС-ның басшысы Ба­уыржан Сакпиреевке хабар­лас­қа­нымызда, нысан құрылы­сын бітіріп тапсырғандарын  айтып отыр. –  Жасанды төсеніштердің жыртылуына Тасқала ауылдық округі әкімдігінің өздері кінәлі. Төсеп берген нәрсені пайдасыз етіп тастаған. Бір жасанды төсеніш 9 мың теңге тұрады. Алаңның аумағы 800 шаршы метр. Сонда маған 1 млн. теңге ақша керек. Оны кім төлейді? – дейді ол. Бір-біріне сілтеген округ әкімдігі мен мердігер фирма басшысының берген жауабынан ұққанымыз,  «Сен салар да мен салар, атқа жемді кім салар?» дегеннің кері болып тұр. Демек, ауыл тұрғындарына, әсіресе, жастарға алаңның «қызығын» көру «бақыты» әзірге бұйырмайтын секілді. Дәл осындай алаңның «жырына» тек Тасқала ауылы ғана емес,  ауданға қарасты Ақтау ауылдық округі де арқау боп тұр. Аталмыш ауылға арнайы ат басын бұрып, алаңның жайын көрейік деп барсақ, есігіндегі қара құлып бізге қарап «күлімдеп» тұр. Ал  жасанды төсеніштерінің халі тіпті адам аярлық жағдайда, домаланып жатыр. Бұл мәселеге жауап беретін округ әкімдігінен еш­кімді таппадық. Кеңседегі қызметкерлер ауыл әкі­- мі Нұрсұлтан Серіктің еңбек демалысында екенін, оның орнына ауыл әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып қалған Абат Сариевтың ауырып жатқанын айтты. – Ауылда балалар ойнайтын жер жоқ. Мәдениет үйінің алдында төселіп жатқан асфальт тың үстінде  ойнап жүр. Алаңның жабық тұрғанына екі жылдай уақыт болды, – дейді Ақтау ауылының тұрғыны  Сәния  Артығалиева. Алақандай  ауылдарды  басқарып отырған  ауыл  әкімдері  аталған мәселеге  аса  қатты  бастарын  ауырт­пайтын  сыңайлы.  Жаз  мезгілі  бел  ортасынан  ауса  да,  жайбарақат  жүр.  Алаңға  бөлінген  бәленбай миллион қаржының  сұрауы  жоқ  болғаны  ма сонда?..   Есенжол   ЕЛЕКЕНОВ, «Орал   өңірі»

Мысықтың мамасы бола ма?..

Күні: , 530 рет оқылды

Қыс мезгілі еді. Күн шы­ңыл­тыр аяз. Ұлым Дарын екеу­міз мектептен келе жа­тып, үйдің қасындағы дүкенге соқ­тық. Сырттан тоңып келгендіктен бе, дүкен ішіндегі бәліштің иісіне тамсанған Дарын маған қоярда-қоймай алдырды. «Үйге барған соң жерсің» дегеніме қарамастан, алған бойда жей бастады. Жетінші қабатқа көтеріліп келеміз. Артымыздан бала мысық мияулап, еріп келеді. Дарын оған  бәлішін бөліп берді. Бірақ мысық бәлішке қарамастан, бізден қалып қояр­дай, соңымыздан жүгіре берді. Мияулаған күйі жетінші қабатқа көтерілді. Ұлым мысыққа қарап: «Құртақандай ғой, көздері қандай грустный. Мысықтың мамасы бола ма?» – деп сұрады. «Әрине, мамасы бар» деген жауабыма ол: «Сонда оның мамасы неответственный болып тұр ғой. Кіп-кішкентай мы­сықты неге жалғыз жіберген?» – деп таңырқағаны. Шағын ыдысқа сүт құйып, дәлізге шығарып қойдық.  Біраздан соң шығып қарасақ, мы­сығымыз сүтке мұртын да тигізбеген. Дарын енді уайымдай бастады. «Мама, оның тамақ ішкісі келмейді. Ол ауырып тұрған шығар. «Скорый» шақырайық» – деді. Мен мысыққа «скорый» келмейтінін айттым. Сөйтіп үйдегі күйбеңмен жүріп, ол мысықты ұмытып кетіппіз. Таңмен тұрған бойда Дарын дәлізге шығып, мысықты іздеді. Жоқ. Біраздан соң «Мамасы тауып алған шығар» деді сенімді үн­мен. Оның ойын мен де қостадым. «Өйт­кені мамалар балаларынсыз ұйық­­тай алмайды ғой» деді ол. Өмірдің кейбір  сәттері…

Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал  өңірі»


Құрылыс сапасы басты назарда

Күні: , 486 рет оқылды

Ақжайық  ауданына  жұмыс  сапары  барысында  облыс  әкі­мінің  орынбасары  Бағдат  Азбаев  мердігерлерге,  сала мамандарына  құрылыс  сапасына  жете  мән  беруді  мықтап  тапсырды.

Ол аудан әкімінің орынбасары Тимур Шиниязовпен бірге алдымен Чапаев ауылының жеке баспана үшін телімдер берілетін солтүстік-батыс аймағын, жалпы ұзындығы 3177 метр электр желісімен қамтудың жай-жапсарымен танысты. «ЖайықЭнергоСервис» ЖШС сәуірден бастап қолға алған бұл жоба құны 47 млн. теңгені құрайды, қуатпен қамтылатын участок саны – 218. Мердігер компания өкілде­рі жұмыстың белгіленген мерзімі күздің алғаш­қы айында мәреленетінін, тарату нүктесін, үш транс­форматорды орнату кестеге сай жүргізіле­ті­нін мә­лімдеді. Облыс әкімінің орынбасары істі тиісті ко­миссия  қырағы  байқастаудан  өткізуі  керегін  айтты. Аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназия үйінің салынғанына жарты ғасыр­дан ас­ты, тозығы жетіп тұр. Б. Азбаев екі қатарлы осы ғи­маратты да аралап шықты, ұстаздар­мен жүздес­ті. Бү­гін­де жаңа мектеп-гимназия құрылысының құ­­­жат­тары сарап­та­мадан өтті. Осындай жаңа бі­лім ошағының бой кө­те­реріне де  ха­лықтың  үміті  зор. Облыс әкімінің орынбаса­ры Жа­­йықтың сол жа­ғалауындағы Кө­неккеткен ауылдық округінің ор­­талығы мен оның Қамыстыкөл елді мекеніне ауыз су құбырын (мер­- дігер «Лай­гэ» ЖШС) тарту және Сайқұ­дық ауылына (Құрайлысай ауылдық округінің бөлімше­сі) ауыз су құбырын (мердігер «Жи­сенбай» ЖШС) апа­ру ба­рысымен де ег­жей-тегжейлі танысты. Бұл ау­қым­ды жұмыстардың алғашқысында сумен қам­­ту жү­йесінің жал­пы ұзындығы 21,8 километр, ауыл­дың округ орталығынан басты тоған 1,3 километр жер­де, Қамыстыкөлге де­йінгі қашық­тық – 10,8 километр. Барлы­ғы 1095 тұрғын­ды сапалы сумен жаб­дықтау үшін құрылыс­шы­ларға ерекше сенім жүктеледі. Сайқұдық­тық­тар да таза суды бірнеше жыл­дан бері кү­­тіп жүр. Шалғай­лау Жаман кү­тірінен ауыл­дық округ орталығы Жұбан ауылына де­йінгі құбыр осыдан бірнеше жыл бұрын пай­далану­ға берілген болатын. Енді екі ұңғыма жаңадан қазылып, бір ұңғыма жа­- ңар­тылады. Жалпы ұзындығы 63,46 ки­ло­метр жүйе құрылысы­ның халық игі­- лігіне тиімді жұмыс жаса­уы құрылыс­шылар абыройын еселейді. Об­лыс әкімінің орынбасары да оларға осыны  айтты.

Болат   ЕСҚАЛИЕВ, Ақжайық   ауданы

 

Облыс  әкімінің  орынбасары Бағдат Азбаев  жұмыс  сапары­мен  Қаратөбе  ауданында бо­лып,  бірқатар  әлеуметтік  және  құ­рылыс  нысандарының  жұмысымен  танысты.

Бағдат Оразалдыұлы Қоскөл ауылдық окру­гіндегі әлеуметтік нысандарды газданды­- ру  құрылысының жұмыстарымен танысып, Қаратөбе су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесінің құры­лыс  жұмыстары  жүргізіліп  жатқан  нысанға  барды. Өңірлерді дамыту бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты аясында атқарылып жатқан бұл  нысанның жалпы ұзындығы 133 шақырымды құрайды. Құбыр  іске қосылғаннан кейін Шөптікөл, Үшағаш, Сона­лы, Сулыкөл және Үшана ауылдарының тұрғында­ры  сапалы  ауыз  сумен  қамтылмақ. Дәл осы жобаның жұмысы туралы баяндаған бас мердігер – «KazConstructionGroup» ЖШС бас ди­ректоры Мұратбек Мұхамбедиев  Үш­­ана, Сулыкөл, Соналы ауылдарында­ғы құрылыс жұмыстарының біткендігін, Үшағаш, Шөптікөл ауылдарында тамыз айы­ның ортасында аяқтауға толық мүмкіндік  барын жеткізді.  Облыс әкімінің орынбасары аудан орта­лы­ғындағы  жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер ке­зегінде тұрған азаматтарға берілген инженерлік-коммуникациялық жүйелері жүргізілген  жер учаскелерін де көрді. Жалпы, аудан бойынша өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аза­мат­тарға  87  жер  учаскесі  берілген. Жұмыс сапарын қорытындылаған Бағдат Оразалды­ұлы аудандағы әлеуметтік және құрылыс нысандары­ның  жұмыстарына  оң  баға  берді.  

Ажаргүл  ӘЛИЕВА, Қаратөбе  ауданы


Ғалымды еске алған шара

Күні: , 668 рет оқылды

Махамбет  Өтемісов  атындағы  БҚМУ-да  Шамғали  Сарыбаевтың  туғанына  125   жыл толуына  арналған  дөңгелек  үстел  өтті.  Басқосуға  айтулы  тұлғаның  немересі,  ҚР  Австрия Республикасындағы  Төтенше  және  өкілетті  елшісі  Қайрат  Сарыбай  бастаған  ұрпақтары  және  облыс  әкімінің  орынбасары  Ғабидолла  Оспанқұлов  қатысты. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, лингвист ға­лым, аудармашы, ақын, журналист, жазушы, әдебиеттанушы, сыншы Шамғали Сарыбаев 1893 жылы Бөкей ордасы ау­данында дүниеге келген. Ол – еліміздің тарихы мен мәдениетіне, әдебиетіне өшпес із қалдырған тұлға. – Танымал ұстаздар отбасынан шыққан қонақтарымызға қош келдіңіздер дейміз. Шамғали Харесұлы – ХХ ғасырдың ба­сында алфавиттер құру жұмыстарына ара­ласып, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқы­тудың  ғылыми негіздерін қалаған тарихи тұлға. Ғалым әрі педагог Шамғали Харесұлының өмірі мен ұстаздық қызметі кәсібиліктің, мәдениеттіліктің және Отан­ға деген махаббаттың  айшықты үлгісі болып табылады. Шамғали Харесұлының ұлы Шора Шамғалиұлы да ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғы­лымдарының докторы, профессор, еліміз­ге еңбегі сіңген ғылым қайраткері, көптеген зерттеу еңбектерімен танымал ғалым болды. Біз бүгінгі дәстүрлі тарихи сабақтастық­ты үзбей, ел ағаларының ерен еңбегін, шығармашылық табыстарын, ұстаздық жо­лын есте сақтау үшін жиналып отырмыз. Ағаларымыздың өнегелі өмірбаяны өс­ке­лең ұрпаққа мирас болып қалатынына се­нім білдіремін, – деді алдымен сөз ал­ған  Ғабидолла  Абдоллаұлы. Басқосуда ғалымның тіл білімі саласын дамытудағы сүбелі еңбегі жан-жақты ай­тылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері, университеттің құрметті профессоры, танымал ақын Ақұштап Бақтыге­реева бабаларының ізі сайрап, ғылыми қызметі қанат жайған мекенге аяқ басқан ғалымның ұрпақтарына жылы лебізін білдірді. Ал филология ғылымдарының кан­дидаты, доцент Ақзия Ниязғалиева Шам­ғали Харесұлының ағартушылық са­ла­­сындағы ізін жалғаған ұлы Шона Сары­баевтың биыл дүниеден өткендігін айтып, «Ұстаз ұлағаты: ғылымдағы жарық жұл­дыз» атты баяндама жасады. Ол өз сө­зінде санаулы ғұмырын қазақ руханияты­на арнаған, әйгілі тілтанушы ғалым, ака­демик Шора Шамғалиұлының диалекто­логия, алтайтану және ғылыми библио­- графия жасау мәселелеріне арнаған ең­бектерін атап өтті.  Шамғали Сарыбаевтың ғылыми-әдістемелік мұрасына тоқталған БҚМУ профессоры, педагогика ғылым­да­рының докторы Абат Қыдыршаев Қайрат Шораұлына өзінің  «Шешен сөйлей білеміз бе?» атты кітабын тарту етті.   Тілдерді дамы­ту басқармасының басшысы Айгүл Мың­баева да   ой-толғамын ортаға тастады. – Біздің келгендегі мақсатымыз – атала­рымыздың  кіндік қаны тамған жерлерді, өмірі мен қызметіне қатысты елді мекендерді көру. Бір әулеттен бірнеше ғалым, ұстаздар  шыққаны Сарыбаевтардың ерек­шелігі емес, бұл Орданың, Жайықтың ерек­шелігі дер едім. Осындай топырақ­тан нәр алмаған адам өзінің өрісінен шы­ға алмайды. Бұл басқосуда айтылған салиқалы әңгіме үлкен көштің басы деп ойлаймыз. Биыл 26 қазан күні Алматы қа­ласындағы  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен  Шамғали Сарыбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай өтетін халықара­лық ғылыми-практикалық конференция­ға уни­верситет ұстаздарын шақырамыз. Ол шарада да бүгінгідей мән-мазмұны те­рең баян­дамалар оқылады деп күтеміз, – деген Қайрат Шораұлы баяндамашыларға, бас­қосуды ұйымдастырушылар мен облыс басшылығына алғысын білдірді. Шамғали Харесұлының немересі Майра Сарыбай ғалымның және өзінің жазған кітаптарын университеттің кітапханасына тарту етсе, келген қонақтарға да сый-сияпат табыс етілді.

Ясипа  РАБАЕВА, «Орал  өңірі»


Сиқырлы «жуылатын бетон»

Күні: , 917 рет оқылды

Құрылыста  құны  жоғары  пайдалы  заттың  бірі  бетон  екені  сөзсіз.  Ал  «жуылатын  бетон»  дегенді  естуіңіз  бар ма?  Бұл  –  бетон өндірісі  арқылы  көшелер  мен  саябақтарға көрік беретін  отырғыштар,  гүл  егетін  декоративті   ыдыстар жасайтын  заманауи  үлгідегі   жаңа  технологияның  бір  түрі. 

 Орал қаласының Зашаған кентінде кә­сіп ашқан жеке кәсіп­кер­ Ержан Абай­ұлы тап осы әдіспен кәсібін іске қосқанына көп уақыт өте қойған жоқ. Алайда өндіріс орны орналасқан ғи­маратты жалға алып отырған кәсіпкердің мақ­саты айқын, жоспары мығым. Мамыр айын­да «Бизнестің жол картасы – 2020»  бизнесті қол­дау мен да­мытудың бірыңғай бағдарламасы шең­берінде грант ұтып алған ол бетон бұйымда­ры өн­ді­рісін қолға алған. Өнімдерінің алғашқы легі  қаладағы Тұңғыш Президент алаңы мен Ғ. Тоқай скверіне қойылған. Ондағы әдемі бетонды орындықтар  әдеттегі боялған отыр­ғыш­тардан ерекше көзге түседі. Кәсіпкердің айтуынша, жуырда мұндай  жаңа өнімдер облыс­тық әкім­дік пен сот ғимаратының алдына, тағы да  басқа  көрікті  жерлерге  қойылмақшы. Жалпы, бетон бұйымдары өндірісі «жуылатын бетон» арқылы жүзеге асады. Бұл өндіріс­тің басты ерекшелігі,  осы «жуылатын бетон­ға» ажар беретін түрлі арнайы (мәселен, G-05) гель­дердің «сиқырында» болып отыр. Алдымен  арнайы пішіндегі ыдысқа немесе заттарға гель жағылады. Бетон­ға тапсырыс бе­рушінің талға­­мына қа­рай мра­мор, гранит, галька секілді басқа да табиғи тастар­дың қиыршық­тары қосылып, қоспа дайында­ла­ды. Сосын гель жа­ғыл­ған арнайы ыдысқа осы бетон қос­пасы құйылады. Келесі күні ыдысты сырты­нан судың жоғары қысымымен жуады. Міне, тап осы сәтте гельдің «сиқыры» да ашылады. Яғни гельдің әсері­нен бетон­ның арасында­ғы қатпай қалған цемент үгін­ділері сумен жуылып, әдемі тастар бедер­леніп шыға келеді. Осынау  жуылатын бетондар ыс­тыққа да, суық­қа да төзімді. Міне, осынысымен де бұл жұ­- мыс­тар инновациялық жоба бо­лып отыр. Кә­сіпкер айтып өткендей, бұл өндіріс Астанада болғанымен, еліміздің өзге өңірле­рінде бә­секелес болатындар жоқ екен. Бе­тон өң­деу әдісі  Оңтүстік Корея мен  Украинада жақсы дамы­ған болса, Ресей мен Қазақстанда енді қолға алынуда. – Көбінесе қаланы көгалдан­дырумен, абат­тандырумен айналысатындар тап­сырыс беру­­- де. Сондай-ақ жеке адамдар да үйлеріне орындықтар жасатады. Мәселен, бір орындық тү­рі­не қа­рай 20-30 мың тең­геге бағаланады. Бәсеке­лес өнді­ріс ор­ны болмағасын, өнім­- ­дер­дің бағасын заттың сапасына, жұмыс көлеміне, на­рық­тағы өзге ұқсас өнім­дерге қарап қою­дамыз. Ұтып алған грантқа түрлі архи­тек­туралық пі­шіндер сатып алдық. Түр­­- лі формалар­дың қа­та­рын толықты­ратын боламыз. Жалпы, бір пішінді бірнеше түс­- ­те өңдеуге болады. Түр­лі-түсті та­биғи тас­­тар­ға тапсы­рыс бердік. Әзір­ше тап­- сырыс бойынша үш түр­лі орынтақ, екі түрлі гүл еге­тін ыдыс­тар мен бетон жә­­- шік­тер дайындауда­мыз, – дей­ді  кәсіп  иесі.

Ясипа  РАБАЕВА, «Орал  өңірі»


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика