Мұрағат: 06.08.2018


Мүлік сатса да, міндетті ме?..

Күні: , 199 рет оқылды

Мерхан ОРАЗОВ, Теректі ауданының тұрғыны: Зейнетақы қорына ай сайын аударылатын жарнаға қоса, бұдан былай қазақстандықтар көлік немесе пәтер сияқты жеке мүлікті сатқан кезде де түскен кірістің он пайызын қорға аударуы тиіс деп естідім. Осы рас па?   Гүлмира РАШЕВА, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңынаазаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтарға қатысты өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді бұл азаматтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті. Бұған дейін олар бұл жарналарды тек төлеу құқығына ғана ие болатын. Енді 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі. Бұл жарналардың мөлшері алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi. Бұл ретте азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын Қорға екінші деңгейдегі банктер арқылы өз бетінше аударулары тиіс. Айта кетелік, бұл тәртіп адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар үшін онсыз да күні бүгінге дейін міндетті негізде қолданылып келеді. Міндетті зейнетақы жарналары «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленеді. Егер қандай да бір кезеңде табыс болмаса, бұл тұлғалар Қорға ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы. Сонымен, міндетті зейнетақы жарналары азаматтық-құқықтық шарттар негізінде жұмыс істеу немесе қызмет көрсету арқылы тапқан табыстан ғана ұсталады. Көлік немесе пәтер сатудан түскен ақшадан бұл жарналар ұсталмайды.   Р.S. Оқырманның есіне сала кетейік, бұған дейін БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру заңына енгізілген жаңа өзгерістердің қазақстандықтарды пәтер немесе көлік сынды жеке мүлікті сатудан түскен кірісінің он пайызын БЖЗҚ-ға аударуға міндеттегені туралы ақпарат тараған болатын.

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика