Мұрағат: 04.08.2018


Қайта түлеген зауыттар облыс экономикасына тың серпін бермек

Күні: , 1 561 рет оқылды

Еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік кешені бойынша жүйе құраушы кәсіпорындар  саналатын  Оралдағы байырғы кәсіпорындарды мемлекеттік тапсырыстармен қамтуда іркілістер жиі кездеседі. Бұл саладағы зауыттар әуелден-ақ қорғаныс саласының қажетін өндіруге маманданған. Сондықтан  да олар өзге өнім түрлерін өндіруге көшіп те кете алмайды. Биылғы мамыр айында өңірімізге іссапармен келген Елбасы нақ осы зауыттарға қатысты көкейтесті мәселелерді шешу үшін Үкімет басшысына тиісті тапсырмалар берді. Содан бергі уақытта бұл мәселе қалай шешілуде, зауыттар қосымша мемлекеттік тапсырыс алды ма деген сауалдарға жауап іздедік.

– Елбасы тапсырмасы бойынша Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен батысқазақстандық жүйе құраушы кәсіпорындар басшыларының қатысуымен төрт мәрте кеңес өткізілді. Осындай басқосулардың барысында өндіріс ошақтарының түйткілді мәселелері жан-жақты талқыланып, министрліктерге, орталық мемқұрылымдарға тиісті тапсырмалар бе- рілді, — деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Арман Жалмағамбетов. Оның айтуынша, бүгінде мемлекеттік тапсырыстарға қатысты түйткілді түйін шешіліп, зауыттарға тапсырыстар «жауды». Маусым айында Орал қаласында Қорғаныс министрлігінің тиісті құрылымдарымен бірге «Орал «Зенит» зауыты» АҚ және «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ-ны мем- лекеттік  қорғаныс тапсырыстарымен қамтамасыз ету мәселесін талқылаған көшпелі кеңесі өткізілген. Соның нәтижесінде биыл «Гидроприбор» базасында екі катерді және «Зенит» зауытында «Барыс» жобасымен жасалған кемелерді жөндеуге тапсырыстар беру жөнінде  шешімдер  қабылданған. — ҚР Қорғаныс министрлігі 2019-2021 жылдары еліміздің әскери-теңіз күштерінің кеме-катерлеріне техникалық қызмет көрсетуге тиісті қаржы бөліп, бұл тапсырыстарды «Зенит» пен «Гидроприбор» кәсіпорындарына беретін болды. ҚР ҰҚК-ның шекара қызметімен Қаржы министрлігіне алдағы үш жылда «Зенит» зауыты үшін   екі «Айбар» кемесінің, бір «Қайсар» жүрдек катерінің құрылысына және шекара күзетіне бір кеме құрастыруды бастауға, сондай-ақ аталмыш қос кәсіпорында кеме-катерлерді жөндеуге, оларға техникалық қызмет көрсетуге қосымша бюджеттік тапсырыстар енгізілді. Сонымен қатар бұл жылдары «Гидроприбор» шекара күзетіндегі бес «Сапсан» катерін жөндеумен айналысады. Бұған да қаржы бөлуге тапсырыс берілді. «Осылайша қос зауыт үш жыл мерзімге  тапсырыстармен қамтылып,  олардың жүктемесі ұлғаяды», – деді Арман Жалмағамбетов. ҚР Энергетика министрлігі «Конденсат» АҚ-мен аталмыш  акционерлік қоғамды ішкі нарықтарға мұнай өнімдерін жеткізуді арттыру үшін қажетті шикізатпен қамтамасыз ету жөнінде меморандумға қол қойды. Осы меморандумның шарттарына сәйкес кәсіпорын жылына 218 мың тонна болатын К5 эко- логиялық дизель отыны өндірісі жобасын аяқтады. 2018 жылдың маусым айында ҚР Энергетика министрлігі «Конденсат» АҚ-ның мұнай өңдеу зауытына магистральды мұнай құбырлары мен теміржол арқылы қазақстандық өндірушілер-дің мұнайын жеткізудің кестесін бекітті. Соған орай осы  жылдың шілде айына 15 мың тонна көлемінде сынамалық квота  бекітілді. «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ  базасында қазақстандық жаңа өнімдер өндірісі мәселесі де шешімін табуда. «БҚМК» АҚ-ның арнайы өнімдерінің үлгілері «KADEX-2018» халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қойылды. Одан басқа «Czech Weapons» компаниясының арнайы өнімдерінің қосымша кеңейтілген «тұсаукесері» еліміздің күштік құрылымдарына және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ға өткізілді. Жаңа үлгідегі өнімдер қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Тәжірибелік үлгілерді сынақтан өткізу жоспарланған. «Осыған байланысты «БҚМК» АҚ және «CzechWeapons» компанияларының өкілдері биылғы маусым және шілде айларында Чехияда кездесіп, сынақ өткізуге қажетті үлгілердің өндірістік нұсқаларын бірлесіп дайындауға уағдаласты», — деді  Арман  Жанатұлы. Қазіргі уақытта «Омега» зауы-тының бұрынғы қуаты жоқ, өнім шығармайды. Кәсіпорын базасында жеке инвестицияға мемлекет-тің қолдау-көмегінің арқасында  трансформатор зауыты ашылғаны мәлім. Бұл өндіріс ошағы бұрынғы зауыттың бір цехына ғана иелік етеді. Сондықтан «Омеганың» бос тұрған ғимараттарына жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік бар. Жаңа зауыттың басшылығы «Омеганың» 100 пайыз акциясын сенімді басқаруға алуды сұрап жүр екен. Бұған қа-тысты мәселе де өз шешімін тауыпты. Үкіметтің биылғы 13 мау-сымдағы қаулысымен аталмыш кәсіпорыннан құпиялылық режімі алынған. Енді «Самұрық-Қазына» ҰК» АҚ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-мен бірге «Омеганың» мүлкіне бағалау жұмыстарын жүргізіп, оны бәсекелестік ортаға беру үшін желілік кестеге сай электрондық саудаға шығарады. Жариялылық, ашықтық негізінде өткізілетін электрондық сауда кімнің, қай компанияның мерейі үстем  болатынын  анықтамақ. Бұдан үш жыл бұрын «Квант» ЖШС корпустық  жиһаз шығаратын жиһаз фабрикасын іске қосты. Қажетті құрал-жабдықты сатып алу үшін «Цеснабанк» АҚ-дан «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның желісі бойынша 6%-бен 400 млн. теңге көлемінде несие алды. Компания өндірісті кеңейтіп, жаңа өнім түрлерін өндіруді жоспарлауда. Облысымыздағы жұмыс сапары барысында Елбасы осы жайтты естіп-білгеннен кейін «Кванттың» жаңа жобасын биыл қолға  алуды  тапсырған  болатын. – Бүгінде компанияға 4%-дық жеңілдікпен негізгі қарызды жеңілдетілген мерзімде жабуға бо- латын несие беру мәселесі «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-мен қаралуда, – деді Арман Жалма-ғамбетов.

Гүлбаршын  ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал  өңірі»


Жолаушы алғысын арқалаған үздік қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Күні: , 2 745 рет оқылды

Кеше Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Көлік қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік шара өтті.

– Өңірімізде көлік саласын дамытуға ба-сымдық берілуде. Жақында Елбасының облысымызға іссапарының нәтижесінде аутожолдарды дамыту, соның ішінде Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарына жол салу мәселесі шешілді. Жыл санап Орал қаласының көше жолдарын жөндеу қарқын алып келеді. Теміржол саласында да жақсы жаңалықтар бар. Елордаға «Тальго» пойызы қатынап, азаматтарға қолайлы қызмет көрсетуде. «Орал» халықаралық әуежайын жоғары стандарттарға жеткізу жоспарланған, – деген  облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Ос-панқұлов сала қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, сапалы көлік байланысының ел-жұрттың тұрмысын жақсартуда, ел  экономикасын дамы-туда  рөлі  зор  екендігін  айтты. Жаздың аптапты ыстығы мен қыстың сақылдаған сары аязына қарамастан, еселі еңбек етіп жүрген сала озаттары марапатталды. «Батыс Дилижанс» ЖШС директоры-ның орынбасары Александр Солонинге ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Айгүл  Отарғалиеваға «Үздік автокөлікші» төсбелгісі салтанатты түрде табыс етілді.  Сондай-ақ аталмыш министрліктің Құрмет грамотасымен  «Оралавтотранс» ЖШС-ның жүргізушісі Сағидолла Базарбаев, көлік инспекциясының мамандары Алпамыс Кенжеғалиев, Самат Ғұмаров, осы ми-нистрліктің алғысхатымен бухгалтерлік есеп және қаржы жұмыс бөлімінің бас маманы Ақерке Есенова, теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы Азамат Ермаханов марапатталды. Бір топ еңбек саңлақтары облыс әкімдігінің және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, Орал қаласы әкімдігінің, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, сондай-ақ ауданаралық маршруттағы тасымалдаушы компаниялардың басшылары облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының алғысхаттарына ие болды. Шара барысында Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, «Батыс Қазақстан автотасымалдаушыларының қауымдастығы» ЗТБ-ның кәсіби мереке қар-саңында қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары арасында ұйымдастырған «Үздік маршрут экипажы» байқауының қорытындысы жария етіліп, үздіктер марапатталды. Жиын соңы мерекелік  концертке ұласты.

Гүлбаршын  ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ, «Орал  өңірі»

 

Медиация ұғымы қазаққа жат емес

Күні: , 1 384 рет оқылды

Жұма күні Орал қаласындағы Достық  үйінде  Батыс  Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының  бастамасымен Медиация күніне арналған шара ұйымдастырылып, оған  алпысқа  жуық  адам қатысты.

Жалпы, медиация ұғымы қазаққа әуелден жат емес. Ата-бабаларымыз ежелден-ақ, ел арасындағы дау-дамайды мәмілемен, өзара ымы-рашылдықпен шешкен. Ол заманда ме-диатор міндетін ақылман ақсақалдар мен данагөй қариялар атқарып, ел ішінің тұтастығы мен беріктігін сақтаған. Билер тәжірибесінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан медиация бүгінде заңдастырылып, дау-ларды сотқа дейінгі сатыда, тіпті сотқа жүгінбестен қарауды көздейді. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетовтің мәлімдеуінше, облыс аумағында жүзден астам медиация кеңсесі мен бұрыштары бар. Оларда 44 кәсіби және 198 қоғамдық медиаторлар жұмыс істейді. Медиаторлармен медиативтік келісім жолымен сот органдары арқылы 2695 іс қаралып,  сотқа дейін 800-ден астам іс оң шешімін  тапқан. Бөрлі ауданына қарасты Пугачев ауылының кәсіби медиаторы Майра Селбаеваның пайымдауынша, бұрынғы жылдарға қарағанда медиативтік жолмен шешілетін азаматтық және қылмыстық істердің ауқымы кеңейіп келеді. Бұл халықтың медиацияға деген сенімін арта түскенімен және медиаторлар беделінің нығайғанымен байланысты болса керек. 2016 жылы медиация жолымен бар болғаны 33 іс қана қаралса, биылғы жылдың 7 айында 101  іс  қаралған. Қазіргі таңда облыста қоғамдық медиаторлар картотекасы жасақталып, барлық аудандарда медиатор кеңселері ашылуда. Соның ішінде Теректі және Қазталов аудандарындағы медиаторлар кеңсесі базалық, яғни негізгі болып саналады. Облыстық медиаторлар одағының» төрайымы Алуа Рахишеваның мәлім-деуінше, соңғы екі жыл ішінде БҚО ҚХА-ның медиация кабинеті мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен, БҚО ІІД-ның жергі-лікті полиция қызметімен, облыстық сотпен, облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылған. Дөңгелек үстелге қатысушылар даулы мәселелерді шешудегі, бей-бітшілік пен келісімді сақтаудағы медиацияның маңызы мен болашағы жайында ойларымен  бөлісті. Жиында сондай-ақ  Орал қаласында жақында ашылған аутокөлік жүргізушілеріне арналған ма-мандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында медиатор кеңсесін ашу, сот орындау сатысында медиация рәсімдеу тәртібін енгізу, қалалық білім беру бөлімінде медиатор кезекшілігін ұйымдастыру және т. б. мәселелер талқыланды.   Динара   ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, «Орал   өңірі»

Су құбыры биыл қосыла ма?

Күні: , 805 рет оқылды

Облыс  әкімінің  орынбасары Бағдат  Азбаев  жұмыс сапарымен  Жаңақала ауданында  болып,  бірқатар құрылыс  нысандарының  жұмысымен  танысты.

 Биылғы жылы да аудан бойынша атқарылып жатқан құрылыс көлемі ауқымды. Соның бірі де бірегейі – халық сұранысы бойынша облыс басшылығының қолдауымен жүзеге асып жатқан Жа­ңа­қала топтық су құбыры құрылысы болатын. 2017 жылы тамыз айында басталған құрылыс биылғы жылы пайдалануға берілуі тиіс. Өңір басшысының тікелей қадағалауында тұрған құрылыс қарқынды жүргізіліп келеді. Осы су құбыры арқылы ауданның сегіз елді ме­кені, онда тұратын 16789 адамды таза ауыз сумен қам­туды көздеген құрылыстың бүгінгі жай-күйімен танысқан облыс әкімінің орынбасары Б. Азбаев мердігерлерге жұмыс сапасын кемітпеуді тапсырды. Мұ­нан кейін Жаңақазан, Жаңажол, Мәстексай, Сарыкөл, Мұқыр жә­не Жаңақалада болып, елді мекен­дерді ауыз сумен жабдықтау  жұ­мыстарымен  танысты. Аудан орталығында болған об­лыс әкімі салынып жатқан үш қа­батты, 24 пәтерлік тұрғын үйдің құ­- рылыс барысын көрді. Аталмыш тұрғын үйдің құрылыс жұмыста­рын «Алатау – Альдан – Агро» ЖШС жүргізуде. Бұл тұста облыс әкімі­нің орынбасары Б. Оразалдыұлы жауапты мердігерге тұрғын үй құ­рылысының қарқыны баяу екенін ескертіп, жұмысты ширату керектігін айтты.   Ақсұңқар  СӘДІР, Жаңақала  ауданы

Заңға енгізілген жаңа талаптар

Күні: , 806 рет оқылды

Бейсенбі  күні  облыстық  кәсіпкерлер  палатасында  ҚР  Ауыл ша­р­уашылығы  министр­лігі  жер  қорларын басқару  комитеті  жерге  орналастыру  және  жер  қатынастарын  дамыту  басқар­­масының  бас  сарапшысы  Самал  Есқалиеваның  төр­ағалығымен  семинар-кеңес  өтті.

Өңірдің кәсіпкерлері бас қос­қан кеңесте биылғы жылдың 4 мамырынан бастап қолданысқа енген «Қазақ­стан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жер қаты­настарын реттеу мәселелерi бо­йынша өзге­рiс­тер мен толық­ты­рулар енгiзу ту­ралы» заңы тал­қыланды. Кеңесте министрлік өкілі Са­мал Әлімханқызы заңға енгiзiл­ген төрт негiзгi нормаларды атап өттi. Оның ең бiрiншiсi – ауыл шаруашылығы жер­лерiн қазақ­стан­дықтарға жалға беру нормасын сақтау және жетiлдiру мақ­сатында жалға берудiң жа­ңа әрi бөлек тәртiбi қарастырылып отыр. Бұл жерде жер беру тәртiбi­­нiң ашықтығы мен айқындығын қам­тамасыз ету және жемқор­лықты болдырмау үшiн конкурс­қа қойылатын жерлер тiзбе­сiн бекiту, оны мiндеттi түрде қоғам­дық кеңестермен және үкiметтiк емес ұйымдармен  келiсу,  жер ко­миссиясының құрамына 50 па­йызы қоғамдық кеңестер мен ұйым­­дардың өкiлдерi енгiзiлетi­нi көрсетiлген. Екiншiсi – ауыл ша­р­уа­шылығы  жерлерiн үлкен кө­- лемде «бiр қолға» берiлуiн бол­дырмау мақсатында, әр облыс­тың әкiмшi­лiк аудандары шегiн­де ауыл шар­уашылығы жерлерi­нiң шектiк мөлшерiн  белгiлеу көз­делген. Үшiншiден, мемлекеттiк ше­­караның ше­кара­лық белдеуiн­де орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптары ешкiмге берiлмейдi, тек жергiлiктi халыққа жа­йылым, шабындық ретiнде ғана пайдалануға рұқсат етiледi. Ше­ка­­ра­лық аумақта орналасқан жер учас­келерiн шетелдiктерге, Қазақстан Республикасының ше­тел­дiктермен некеде тұрған аза­маттарға немесе құрамында ше­телдiктер бар Қазақ­стан Респуб­ли­касының заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады. Бұл ау­мақта орналасқан ауыл шаруашы­лығы жерлерi тек қазақстан­дық­тарға ғана жалға берiлетiн болады. Төртiншiден, жергiлiктi тұр­­ғындардың жеке аула малы­ның жыл сайын өсуiне байла­нысты заң жобасымен жайылым жетiспеушiлiгiн шешу мақса­тын­да елдi мекендер айна­ласында жайылым алаңдар айқындай­тын норма көзделген. Осы мақ­сат­та айқындалған жайылымдарды жал­ға  беруге  тыйым  салынады. – Ауыл шаруашылығы жерлері бұдан былай конкурстық негізде жалға беріледі. Ал ол жерлер әкім­діктің қоғамдық кеңес және аг­ро­өнеркәсіптік кешен саласын­дағы мемлекеттік емес ұйымдар­мен келісе отырып, бекіткен тізі­міне сәйкес беріледі. Жер беру әкімдік бекітіп, конкурсқа шы­- ғар­ған, қоғамдық ұйым және үкі­меттік емес ұйымдармен келісілген тізімге сай ұсынылады. Бұл ті­зім жалпы ұйымдардың төрте­уінің кем дегенде үшеуі оң шешім берген жағдайда келісілді деп санала­ды. Конкурстың жариялы­лығын қам­тамасыз ету үшін жер комиссиясы құ­рамына салалық қоғамдық бірлестік, кеңестердің, кәсіпкерлер палатасы өкілдерін қатыстыру қарастырылған, – де­- ді  Самал  Есқалиева. Осындай өзгерiстердi түсiндi­рiп өткен министрлік өкілі семи­нар-ке­ңес­ке қатысқан өңір кә­- сіпкерлері қой­ған сауалдарға тұ­шымды  жауаптар  қайтарды.

Нұрбек  ОРАЗАЕВ, «Орал  өңірі»


Су құбыры биыл қосыла ма?

Күні: , 1 143 рет оқылды

Облыс  әкімінің  орынбасары Бағдат  Азбаев  жұмыс сапарымен  Жаңақала ауданында  болып,  бірқатар құрылыс  нысандарының  жұмысымен  танысты.

Биылғы жылы да аудан бойынша атқарылып жатқан құрылыс көлемі ауқымды. Соның бірі де бірегейі – халық сұранысы бойынша облыс басшылығының қолдауымен жүзеге асып жатқан Жа­ңа­қала топтық су құбыры құрылысы болатын. 2017 жылы тамыз айында басталған құрылыс биылғы жылы пайдалануға берілуі тиіс. Өңір басшысының тікелей қадағалауында тұрған құрылыс қарқынды жүргізіліп келеді. Осы су құбыры арқылы ауданның сегіз елді ме­кені, онда тұратын 16789 адамды таза ауыз сумен қам­туды көздеген құрылыстың бүгінгі жай-күйімен танысқан облыс әкімінің орынбасары Б. Азбаев мердігерлерге жұмыс сапасын кемітпеуді тапсырды. Мұ­нан кейін Жаңақазан, Жаңажол, Мәстексай, Сарыкөл, Мұқыр жә­не Жаңақалада болып, елді мекен­дерді ауыз сумен жабдықтау  жұ­мыстарымен  танысты. Аудан орталығында болған об­лыс әкімі салынып жатқан үш қа­батты, 24 пәтерлік тұрғын үйдің құ­рылыс барысын көрді. Аталмыш тұрғын үйдің құрылыс жұмыста­рын «Алатау – Альдан – Агро» ЖШС жүргізуде. Бұл тұста облыс әкімі­нің орынбасары Б. Оразалдыұлы жауапты мердігерге тұрғын үй құ­рылысының қарқыны баяу екенін ескертіп, жұмысты ширату керектігін айтты.

Ақсұңқар  СӘДІР, Жаңақала  ауданы


Бөкейдегі берекелі істер келешекте де жалғасын табады

Күні: , 914 рет оқылды

Сәрсенбіде  облыс  әкімі­нің  орынбасары  Бағдат  Азбаев  Бөкей  ордасы  ауданына  жұмыс  сапарымен  келіп,  энергетика  және  тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық саласының  нысандарын  аралады.

 Бағдат Оразалдыұлы Сайқын ауылы тұрғындарының жеке құрылыс салуына бөлінген 34 жер учаскесін көріп, кейін 16 екі пәтерлік коммуналдық тұрғын үйге инженерлік желілер тарту жұмыстарымен танысты. 63 млн. 314 мың теңге қаржыға атқарылып жатқан істің қарқынын байқап, іс­- тің сапасына баса назар аударуды тапсырды. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың ай­- туынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл аудан орталығында жалпы құны 108 млн. 501 мың теңге тұратын 5 екі пәтерлік тұр­ғын үй пайдалануға берілді және екі пәтер­лік 16 тұрғын үйдің құрылысына конкурс жарияланды. Одан бөлек, 26 екі пәтерлік тұрғын үйдің ЖСҚ-сы дайындалып, сараптама­-дан өтті. «ҚПО б. в.» компаниясының қаржы­ландыруымен ауыл ішіндегі бес шақырымнан астам асфальт жол орташа жөндеуден өтуде. Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев 70 орындық интернат құрылысымен таны­сып, жаңа оқу жылында нысанды іске қосу үшін жұмысты жеделдету қажеттігін айтты. Аталған жоба құны – 309 млн. 852 мың теңге. Осы сапа­рында Б. Азбаев ауыз су мен көгілдір отын жеткізіліп жатқан елді мекендер­ге барды. Ауданымыздағы 22 елді мекеннің 13-і орталықтан­ды­рыл­ған сумен қамтыл­са, қазіргі таңда Жәр­мең­ке, Қарасу, Әжен және Кеңой ауылда­рына ауыз су жеткізу, газдандыру жұ­мыс­тары да жоспар­лы жүріп жатыр. Күні бүгін тоғыз елді мекен көгілдір отынның игілігін көріп отырса, биыл 12-сіне ауыл­­іші­лік газ құбырларын тарту үшін 195 млн. 913 мың теңге бөлін­ген.

Раушан   БАҚЫТОВА, Бөкей  ордасы  ауданы


Жүйелі жұмыстар жаңа көкжиекке жол ашады

Күні: , 825 рет оқылды

Жәнібек  ауданына  жұмыс  сапарымен  келген  облыс әкімінің  орынбасары  Ғабидолла  Оспанқұлов  алдымен Ұзынкөл  ауылдық  округінде  болып,  күрделі  жөндеу жұмыстары  жүріп  жатқан  мәде­ниет  үйіне  ат  басын тіреді.

 Мердігер «Символ» ЖШС-ның басшысы Есқа­йыр Елемесов 41 млн. теңгенің күрделі жөн­- деу жұмыстары маусым айында басталғанын, қыр­күйек айы­ның орталарында аяқталуы тиіс жұмыстарды мерзімі­нен бұрын бітіруге күш салатын­дықтарын жеткізді. Бұдан кейін өңір бас­шысының орынбасары ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пунктте, жалпы білім беретін орта мектепте, «Ұзынкөл» бөбекжайында болды. Аудан орталығына келген Ға­бидолла Абдоллаұлы түстен ке­йін ауылдың шетінде орналас­қан «Балдәурен» жазғы демалыс лагеріне барды. Биыл мұнда алты ауысымда 240 оқушы де­мал­мақ­шы. №1 мектеп-лицейге маң­дай тіреген топты оның директоры Сапар Мәмбетәлиев күтіп алды. Оның сөзінше, мұнда 54 мұғалім балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісімен айна­лысуда. Мек­теп-лицеймен іргелес қоныс тепкен балалар-жасөспірімдер ту­­ризмі және экология, мектептен тыс жұмыстар орталықтарына кел­­­ген облыс әкімінің орын­ба­сарына «Рухани жаңғыру» бағ­дар­­ламасы аясында Талов, Жақ­­сыбай, Қамысты, Тау, Борсы, Ақоба ауылдық округтері бойынша атқарған жұмыстар жөнінде жан- жақты түсінік берілді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыруға» қатыс­ты бейнекөрініс  те  та­машаланды. Бұдан соң қонақтар М. Ықсанов атындағы Жәнібек кол­леджінің және Т. Жароков атын­да­ғы ЖББОМ-ның жұмысымен танысып, осында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім бе­- ру, мәдениет саласының ардагерлері және қызметкерлерімен, мекеме, ұйым басшыларымен, қо­- ғамдық және ардагерлер кеңесте­рінің мүшелерімен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен өт­­кен  жиынға  қатысты. Жастарымыздың бойына рухани қазынамыз бен ұлттық құн­дылықтарымызды сі­ңі­руіміз ке­- рек. Жаһанданудың жақ­­сы да, жаман жақтары бар. Елба­сының Жарлығымен Ұлттық домбыра кү­ні белгіленді. Күй атасы Құрман­ғазының тойы ЮНЕСКО дең­ге­­йін­де аталып жүр. Мәдениетіміз бен өнерімізді дәріп­теуіміз қажет. «Ата­­мекен» бағдар­ла­масы аясында бизнесмендері­міз көптеген ша­раларға атсалысуда, – деді Ғаби­долла  Абдоллаұлы. Жиында сөз алған аудандық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев: «Кезінде Жәнібек ауы­лының оңтүстік-батыс бетін­­де стационар жұмыс жасап, он­да 48 адам диссертация қорға­ған. Теректің 145 түрі өсірілген. Осын­­дай жұмыстар ғылыми еңбек­тер­мен қатталған. Алдағы уақыт­та стационарды бір құрылым етіп ашуға қолдау көрсетуіңізді сұ­рай­мыз», – деді. №1 мектеп-ли­цей­дің директоры Сапар Мәм­бетәлиев интернет желісінің нашар­лығын, аудандық демалыс орталығы ди­- ­­ректорының орынбасары Лари­са Абдуғалиева Қамысты, Талов ауыл­дық округтеріндегі мәде­­ниет үй­лерін күрделі жөндеуден өткі­зу, домбырашы, басқа да маман­дықтар бойынша мамандар даяр­- лау мәселесін алға тартты. Сөй­леушілердің тарапынан қойылған сауалдарға орай Ғаби­дол­ла Ос­панқұлов  өз  жауабын  берді.   *   *   *   Облыс әкімінің орынба­сары Ғабидолла Оспан­құлов Тау ауы­лы­на ат басын бұрып, аталған ауыл­дық мәдениет үйінің жұмысы­мен та­нысты. Мәдениет үйімен жап­сар­лас орналасқан кітапхана­ға бас сұғып, рухани орданың жай-кү­йіне қанықты. Содан соң ауыл­да­ғы жазғы спорт алаңы­­ның  ашы­лу  салтанатына  қатысты. Облыстан келген топ одан әрі Борсы ауылына жол тартып, ақын, ғұлама Ғұмар Қараштың басына орнатылған кесенеге табан тіреді. Мұнда ғұламаның зиратына тәу етті. Аудандық мұсылман­- дар мешітінің бас имамы Есен­болат Абдуғалиев құран бағыш­та­ды. Кесенені көрген Ғабидолла Абдоллаұлы: «Игі іс жасап жатыр екенсіздер, ертең осындағы құрылыс толықтай аяқталған соң жер-жерден туристер ат ізін салып, бұл маңның қандай орын екенін білетін болады, сөйтіп Ғұ­мар бабамыздың сүйегі жатқан Борсы ауылының, жалпы Жәнібек ауданының алыс-жақын шетелдерге танымалдылығы артады, – деп кесенені салуға еңбектенген аудан әкіміне, жұртшылыққа ри­зашылығын білдірді. Облыс әкімінің орынбасары бастаған топ Жақ­сыбай ауылына келіп, мектепті, мәдениет үйін аралады. Ауыл­дағы орта мектеп 1981 жылы салыныпты. Күр­де­лі жөндеуді қа­жет етеді. Аудан әкі­мі Азамат Са­фималиұлы облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлына мектепке күрделі жөндеу жүр­гізу үшін қаржы бөлу керектігін айтты. Облыс әкімі­нің орынбасары өз кезегінде ал­ды­мен толық, сосын шағын жи­нақ­ты мектептерге күрделі жөндеу жүргізілетінін, алайда бұл мәсе­ленің оң шешімін табуына қол­дан келетін жағдайды барынша қарастыратынын  жеткізді.

Асқар  ҚҰСАЙЫНОВ, Нұрымбек  ЖАПАҚОВ, Жәнібек  ауданы


Жазғы мектепті 100 директор «бітірді»

Күні: , 36 рет оқылды

Бейсенбі  күні  «Дарын» қосымша  білім  орталығында «Өсу  векторы»  жазғы  мекте­бінің  жабылу  шарасы өтті.  Үш  күнге  созылған  мектеп директорларының  басын  қосқан жазғы  мектептің  әсерлі  сәттерге толы  болғаны  ұстаздар  жүзінен-ақ  айқын  аңғарылады.  Салтанатты  шараға  облыс әкімінің  орынбасары  Ғабидолла Оспанқұлов  арнайы  келді.

  Жаңа заман балаларын тәрбие­лейтін мұғалім жаһандық бәсе­келестікке қабілетті болуы ке­- рек. Осы заманның мұ­ғалімі оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сол бі­лім­ді пайдаға асыра білудің әдіс-тәсіл­дерін де үйретуі қажет. Күн са­йын қарыш­тап да­мып жатқан заманда мұ­ғалімге қойылатын талап өте жоғары. Қазір таңдаған мамандығына балы жетпей, амалсыз мұғалім мамандығын таң­дай­тындардың қатары кө­бейіп кетті. Бұл да мұғалімдердің беделі­не әсер ете­ді.  Сондықтан да, елімізде мұ­ға­лімдер­дің жала­қысын көбейтіп, олар­дың қоғамдағы мәр­тебесін арттыру ба­- ғы­тында көптеген  жұ­мыстар жасалуда, – деп сөзін сабақта­ған облыс әкімінің орынбасары Ғабидол­ла Абдоллаұлы мұғалім мамандығына қа­тыс­ты өмірден түйген ойларымен бөлісіп, шәкірт тәрбиесі, сыбай­- лас жемқорлық  туралы  пікірін айтты. Демалып, әрі оқып, өз-өздерін дамыт­қан «Өсу векторы» жобасына 100 мектеп басшысы қатысқан. Әдістемелік қор­жын­дарын әдемі әсер мен өздері үшін құнды қазынаға толтырған мектеп басшы­- лары сипаты бөлек жобаны ұйымдас­тырушыларға дән риза. Алда күзгі, қыс­қы мектептер  өз  жұмысын  жалғастыр­- мақ. Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал  өңірі»

Жедел жәрдемнің «аяғы ұзарды»

Күні: , 28 рет оқылды

Жедел  жәрдемнің  «аяғы  ұзарды»  

Облыстық жедел жәрдем стансасы екі реанимобильді  көлікпен толықты. Volkswagen Crafter реанимобиль көлігі «Алтынмед» ЖШС арқылы сатып алынған. Заманауи технологиямен жабдықталған, аталмыш көліктердің  тиімділігін жедел жәрдем стансасының мамандары БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеген болатын.

Жедел жәрдем көлігінің салонында ыстық, салқын су, көп функционалды кресло мен дәрі-дәрмек сақтауға арналған арнайы сейф бар. Медициналық жабдықтардың барлығы Германияда жасалған. Санавиацияның анесте-зиолог-реанимотологы Тимур Ғабшакировтың айтуынша, облыс орталығынан шалғай жатқан аудан-дардағы науқастарды толық мамандандырылған көмек көрсету орталығына жеткізуде реанимо-бильді көліктің маңызы зор. Мұнда ауа климатын бақылайтын құрылғы мен   өкпені жасанды тыныстандыру және оны тұрақты түрде оттегімен қамтамасыз ету аппараты орнатылған. Яғни науқастың өмірін сақтап қалу мақсатындағы барлық медициналық жабдықтармен жабдықталып отыр. Жедел жәрдем стансасы директорының емдеу ісі жөніндегі орын-басары Гүлнар Жұмағалиеваның мәліметінше, облыстық жедел жәрдем стансасының диспетчері-не күніне 500-550-ге жуық шақырту  келіп  түседі  екен. – Облыстық жедел жәрдем стансасында 77 санитарлық көлік бар.Оның 44-і Орал қаласына, қалған33-і аудан-ауылдардағы жеделжәрдем бөлімшелеріне тиесілі.Қала бойынша күніне 25 меди-циналық бригада  жолға шығады, –  дейді Гүлнар Жұмағалиева.

Гүлсезім   БИЯШЕВА, «Орал   өңірі»


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика