Мұрағат: 27.07.2018


ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары ұсынады: Гепатит туралы көбірек біліңіз!

Күні: , 29 рет оқылды

А,В,С, D және E типті деп аталатын вирустық гепатиттің 5 негізгі түрлері бар. В және С типтері цирроз бен бауыр қатерлі ісігінің ең таралған себебі болып табылады.

А гепатитінің таралуын қауіпсіз ауыз сумен тиісті түрде қамтамасыз ету кезінде; ақаба суларды тиісті кәдеге жаратуы кезінде; жеке бас гигиенасы мен вакциналауды орындау кезінде алдын алуға болады.

В және С гепатиті кезінде неғұрлым ағзаға инфекция көп түскен сайын, соғұрлым гепатитті жұқтыру қаупі жоғарылайды. Ең үлкен қауіптілікті вирустың едәуір көп мөлшері кездесетін, ағзаның жұқпалы биологиялық орталарымен (қан, сперма) байланыс тудырады. Бұл тексерілмеген қанды құю немесе оның өнімдерін құю кезінде, сондай-ақ терінің зақымдануымен манипуляцияларды жүргізу кезінде, маникюр, татуировка жасау, стерильді емес немесе нашар өңделген құрал-саймандармен манипуляцияларды жүргізу кезінде, қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде болуы мүмкін. Сонымен бірге босану кезінде анадан балаға жұғуы мүмкін.

Жеке бас гигиена заттарын: маникюр қайшыларын, тіс қылшақтарын, ұстара жабдықтарын, тіс тазартқыштарын және т.б. бірлесе пайдалану кезінде жыныстық серіктердің, отбасының басқа мүшелерінің жұқтыру  қауіп-қатері болады.

В және  С вирустық гепатиті құшақтасу, қол алысу, жөтел, түшкіру немесе қоғамдық бассейндерді немесе ұқсас объектілерді рекреациялық пайдалану арқылы берілмейді.

Өзіңді «В» гепатитінен вакцинаның көмегімен қорғауға болады. Вакциналаудың толық курсында созылмалы инфекция дамуының алдын алу тиімділігі 95%-ды құрайды. Өкінішке орай, бүгінгі күні С гепатитіне қарсы вакцина әлі әзірленбеді.

Вирустық гепатиттерді жұқтырудан 100%-ға сақтандырыла алмайсыз. Алайда, бірнеше қарапайым ережелерді сақтай отырып, қауіп-қатерді төмендетуге болады:

— маникюр, педикюр, тату, пирсинг және т.б. көп реттік пайдалану құрал-саймандарының және оның бөліктерінің қажетті стерильділігі қамтамасыз етіле алмайтын, күмәнді салондарда, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасамаңыз;

— кез келген бөгде адамдардың  стерильді емес қадалғыш, кескіш заттарын, медициналық, маникюрлік және басқа құралдарын пайдаланудан аулақ болыңыз;

— гепатит типтеріне ұдайы тексеріліңіз.

— қауіпсіз жыныстық қатынасты тәжірибелеңіз, тосқауылдық қорғаныс әдістерін пайдаланыңыз (мүшеқаптар)

— егер Сіз В гепатитінен вакцина алмасаңыз, онда екпе жасаңыз.

Жыл сайын 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, бұл: диагностика, гепатитке қарсы вакциналау және т.б. әр ел азаматының қызығушылығын арттыруға бағытталған, Бүкіләлемдік гепатитпен күрес күні атап өтіледі. 2018 жылдың ұраны: Гепатиттің алдын алыңыз. Кешеуілдемей әрекет етіңіз».

   

ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары:

вирустық гепатиттер туралы не білу қажет?

 А вирустық гепатиті Сырқат қауіпсіз судың немесе тағамның болмауымен, тиісті санитарияның жоқтығымен және нашар жеке бас гигиенасымен тығыз байланысты, сондықтан оны лас қолдың ауруы деп те атайды. В, С, Д вирустық гепатиттері жұқтырған адам ағзасының қанымен немесе сұйықтығымен байланысы кезінде беріледі: босану кезінде анадан балаға; қауіпсіз емес инъекциялар мен қан құю арқылы; қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде,  инъекцияларға арналған құрылғыларды бірлесе пайдаланған кезде инъекциялық есірткілерді тұтыну нәтижесінде беріледі. Е вирустық гепатиті ауыз суының ластануы нәтижесінде басты түрде фекальді-оральды жолмен беріледі. Е гепатитінің қатер факторлары нашар санитариямен байланысты, оның нәтижесінде жұқтырылған адамның нәжісіндегі вирус ауыз сумен қамтамасыз ету көздеріне түседі. Ұсынымдар: — Таза суды тұтыныңыз — Қауіпсіз азық-түліктерді пайдаланыңыз  — Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтаңыз  — Косметикалық ем-шаралардыарнайы мекемелерде жасаңыз -Күмән туғызатын тату, пирсинг-салонынан, шаштараздан, сұлулық салонынан, барбершоптан аулақ болыңыз — Тек сенімді мамандарға ғана жүгініңіз және барлық құрал-саймандар Сіздің қатысуыңызбен қаптамадан алынып және өңделгенін талап етіңіз  — Есірткі қолданбаңыз — Қауіпсіз жыныстық қатынасты тәжірибелеңіз  — А және В гепатитіне қарсы уақтылы вакциналаудан өтіңіз — Басқа адамдардың биологиялық сұйықтықтарымен, оның ішінде қанымен жанасудан аулақ болыңыз Ерте кезеңінде вирустық гепатитті диагностикалау вирустың берілуін және асқынудың дамуын алдын алатынын атап өткен МАҢЫЗДЫ. Жыл сайын 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, бұл: диагностика, гепатитке қарсы вакциналау және т.б. әр ел азаматының қызығушылығын арттыруға бағытталған, Бүкіләлемдік гепатитпен күрес күні атап өтіледі. 2018 жылдың ұраны: Гепатиттің алдын алыңыз. Кешеуілдемей әрекет етіңіз».    

ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары:

А вирустық гепатиті жайлы ата-аналарға  не білу қажет?

 А гепатитін лас қол ауруы немесе сарыауру деп те атайды. Ол аурумен кез келген жастағы адамдар, бірақ жиірек – балалар, жеткіншектер ауырады. Инфекция көзі ауру адам болып табылады. Гепатит вирусы ағзадан ішек арқылы шығады және нәжістен табылады. Дені сау адамның ағзасына ол ас қабылдау кезінде, сондай-ақ вируспен ластанған тамақпен және сумен лас қол арқылы енеді. Науқастың тәбеті нашарлайды, оң жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, жиі – құсу  пайда болады, дәретінің сипаты өзгереді, нәжісі түссізденеді, несебі күңгірттенеді, көздің ағы сарғыш түсті бола бастайды. Кейде дерттің басталуы гриппке ұқсас болады. Бұл кезеңде науқас қоршаған адамдар үшін өте қауіпті, себебі вирус ағзадан ерекше қарқынды шығарыла бастайды. Ауру сарыаурудың белгісі білінбей-ақ, өшкен, жасырын түрінде   өтуі мүмкін. Құрметті ата-аналар! Аурудың алғашқы белгісі пайда болған кезде дереу дәрігерге жүгіну қажет. Науқас баланың мектепке дейінгі балалар мекемесінің тобында немесе мектеп сыныбында болуы барлық балалар ұжымының жұқтыру қауіптілігін тудырады. Сырқаттың қауіптілігін ескере отырып, өздігінен емделуге жол бермеу қажет!   Маңызды: Жеке бас гигиенасының ережелерін орындау, бірінші кезекте, қолды жиі жуу, әсіресе ас әзірлеу кезінде; — Тағамға тек таза көкөністер мен жемістерді пайдалану; қауіпсіз ауыз су тұтыну және кездейсоқ су көздерінен су тұтыну тәуекелін болдырмау. — Гепатитке қарсы уақтылы вакциналаудан өту.   Жыл сайын 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, бұл: диагностика, гепатитке қарсы вакциналау және т.б. әр ел азаматының қызығушылығын арттыруға бағытталған, Бүкіләлемдік гепатитпен күрес күні атап өтіледі. 2018 жылдың ұраны: Гепатиттің алдын алыңыз. Кешеуілдемей әрекет етіңіз».

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика