Мұрағат: 05.07.2018


«Жас Өркен» байқауының жеңімпаздары анықталды

Күні: , 20 рет оқылды

2018 жылдың 3 шілдесінде «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінде жас мамандарға арналған «Жас Өркен» бағдарламасы байқауының ақтық кезеңі – байқау комиссиясының отырысы өтті. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Операциялық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметовтің төрағалық етуімен өткен комиссия құрамында Қордың қоржындық компанияларының басқарушы директорлары, ұйымдастыру комитетінің өкілдері болды.

2018 жылдың басында байқауға қатысуға 737 үміткер өтініш берген болатын, олардың 27-сі іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, ақтық кезеңге жетті. Бұл – 2016, 2017, 2018 жылдары еліміздің 10 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарын бакалавриат немесе магистратура бағдарламалары бойынша бітірген түлектер. Байқау шарты бойынша бағдарламаға небәрі 20 түлек қатысып, олар 20 ай бойы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірнеше қоржындық компаниясында жедел жетілдіру бағдарламасынан өтеді. Жас мамандарды еңбек жолын бастаудың бірегей мүмкіндігі – еліміздің ірі индустриалдық кәсіпорындарындағы оқу мен жұмыс күтіп тұр. Әр қатысушыға қоржындық компанияның желілік жетекшілерінен жеке тәлімгер тағайындалады. Бағдарламадан сәтті өткен жас мамандарға «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жұмыс істеу және ары қарай жетілу жоспары жасалады. Бағдарлама аяқталған соң дарынды жас мамандар Қазақстанның ұлттық компанияларындағы команда мүшесі болу мүмкіндігіне ие болады. «Жас Өркен» бағдарламасына жас мамандар алғаш рет 2017 жылы іріктеліп алынғанын атап өту керек. Ол кезде байқауға қатысуға 594 үміткер өтініш берген болатын, қазір олардың жиырмасы Қордың 16 қоржындық компаниясында тағылымдамадан өтіп жатыр. Анықтама: Бағдарламаны ұйымдастырушы — бағдарлама мен байқауға ұйымдастырушы-қаржылық қолдау көрсетуші «Самұрық-Қазына» АҚ. Бағдарламаның атқарушы органы —  ұйымдастыру шараларын орындаушы және байқауды өткізуші «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті. Қосымша ақпаратты мына байланыс телефоны арқылы алуға болады: +7 (7172) 97-58-99, e-mail: kayupova@skcu.kz  «Самрук-Қазына» Корпоративтік университетінің PR-менеджері – Баян Каюпова  

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

  Анықтама «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы — Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67,4 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

А.А. Остапец-Свешниковтың 90 жылдық мерейтойына арналған мақала

Күні: , 21 рет оқылды

Ағымдағы жылдың 8 маусымында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, туризм бойынша  спорт шебері Александр Александрович Остапец-Свешниковтың туғанына 90 жыл толуына орай «Соқпақ-Тропинка» журналының мерейтойлық нөмірі жарыққа шықты.

Журналда Александр Александровичті жақсы білетін, онымен балалар туризмі саласында жұмыстас болған, жорыққа бірге барған әріптестерінің, аспиранттарының және оның ғылыми мектебіндегі жолын қуушылардың естеліктері ұсынылды. Бұдан басқа мақалаларда А.А. Остапец айналысқан кейбір мәселелер, сонымен қатар мектеп оқушыларының және мектеп жасына дейінгі балалардың туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру бойынша идеяларын дамытатындығы, негізгі және қосымша білім берудің интеграциясы, салауатты өмір салтының негізі баяндалады. Александр Александрович Остапец-Свешников 1928 жылы 12-маусымда Мәскеу қаласында дүниеге келді. А.А. Остапец – Свешников – балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану педагогикасының жарқын тұлғасы. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, КСРО спорт шебері,  Мәскеу халықаралық балалар және жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясының алғашқы және негізін салушы Президенті. Балалар туризмі педагогикасы бойынша 200-ден аса монография, бағдарламалардың авторы. Олардың ішінде: “Легкая кавалерия”, “На маршрутах туристы следопыты” (1987 ж.), “Туристско-краеведческая деятельность Детско-юношеского клуба “Родина” (1992ж.), «Педагогика и психология туристско-краеведческой деятельности учащихся» (2001ж.). Александр Александрович қойын кітабында көптеген жазбаларын қалдырды. Оның архивін ақтара отырып оның көптеген адамдар сияқты қалай көп жұмыс жасағанына таң қаласың, соның ішінде өз бетімен. Тек біздің Оралдың өзінде төрт рет болған, жергілікті әріптестерімен тығыз байланыста болды және өмір бойына тамаша пікір қалдырды. А.А. Остапец – Свешников өмірінің барлығын балаларға арнады. Балаларға абстрактылы ғылымда емес, баланың адам болып қалыптасуына көмектесетін балалар туризмі педагогикасында. Оның тақырыптары мен мәселелері патриотизмді дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. А.А. Остапец – Свешниковтың мұраларының құндылығы сонда, ол тек теорияны ғана жасаған жоқ, сонымен қатар өзінің идеяларын практика жүзіне асыратын бағдарламалық тұжырымдамасын да ұсынды. Химиядағы Д.И.Менделеев сияқты, А.А.Остапец – Свешников тұтастай туристік-өлкетану қызметі «элементтерінің периодтық жүйесін» құрды, бүгінде оны оқушылары мен ізбасарлары іске асыруда. Осы білім беру жүйесінің құндылығы мен өміршеңдігі оның іс-жүзінде жүзеге асырылуы туралы фактілер айтады. Осы жүйе бойынша Қазақстанның, Ресейдің,  Украйнаның, Белоруссияның көптеген қосымша білім беру мекемелері табысты жұмыс жасауда. Шынайы өмірде Остапец – Свешниковте барлығы бұрынғы ұрпақтың тәжірибесін шығармашылықпен  қолдануға құрылған. Ұлы педагог баланы белсенді өмірге енгізді. Остапец педагогикасының байлығын сіңірген оқушы нағыз патриотқа айналады. Ол 2002 жылы 21-желтоқсанда өмірден өтті. Біз бұл қазаны «Евразия» балалар кешенінде Оралдың жас зерттеушілері «Балалар Даму Академиясын» оның тәжірибесі негізінде құруға дауыс берген сәтте білдік. Бір жұлдыз сөнсе де, жаңа жұлдыздың жарқырауына жақсы бастама береді. Бұл құбылыс шын мәнінде символдық. Балалар мен жасөспірімдер туризміне және өлкетануға педагогикалық үлес қосқаны үшін Академия Президиумы А.А. Остапец – Свешников атындағы жыл сайынғы медальді тағайындады. Александр Александровичтің мұралары мен еңбектерін қосымша білім беру  педагогтары күнделікті қажет кітап ретінде пайдаланады. Көптеген жылдар бойы Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының педагогикалық ұжымы өздерінің жұмыстарында туристік-өлкетану қызметі бойынша А.А.Остапец – Свешников жасаған әдістемелік ұсынымдарды қолданады. Александр Александрович Остапец–Свешников туристік-өлкетану қызметінің жүйесін жасады; негізгі педагогикалық принциптерді жазып шығарды; туристік-өлкетану циклдарының моделін құрды және дәлелдеді. Ол ізашарлары жинақтаған барлық құндылықтарды қорытындылады. Оның оқулары біз үшін – бағаланбас байлық. А.А. Остапец – Свешников әдістемесінің құндылығы сонда, оның кеңестері, заңдары, ережелері және дәстүрлері туристердің барлық жас ерекшеліктерінде де қолданбалы және нағыз практикалық материалға негізделген. А.А. Остапец – Свешников балалар-жасөспірімдер туризмі балалардың үйлесімді дамуының тиімді құрал болып табылатынын айтты; бұл тәрбиелік және өзін-өзі тәрбиелеудің бірегей білім беру және тәрбиелік құралы; өзін-өзі тәрбиелеу.

В.П. Фомин, Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директоры, п.ғ.к. 


BBC бірлесіп түсірген деректі фильмдердің тұсаукесері

Күні: , 17 рет оқылды

7 шілде күні «Хабар» телеарнасында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Британдық хабар тарату корпорациясы (BBC) бірлесіп түсірген екі деректі фильм көрсетіледі. Бұл туындылардың бүкіл әлемде және Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі. Сағат 19.25-те«Алтын адам туралы аңыз»фильмі эфирге шығады, картинада сақ жауынгерінің сауыт-саймандары, жалпы белгілі археологиялық олжаның тарихы туралы әңгіме өрбиді. Сағат 19.50-де – Айша бибі мен Қожа Ахмет Яссауи кесенелері туралы «Ұлы дала аңыздары»фильмінің тұсаукесері. Айшабибінің қабір-кесенесі XIIғасырда салынған. Аңыз бойынша кесенені Айша бибі қайтыс болған жерге оның ғашығы, Тараз билеушісі Қарахан тұрғызған. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі — сопы ақын Қожа Ахмет Яссауи жерленген орында салынған және XIVғасырға жатқызылады. Құрылыс ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысаны болып табылады. Фильмдер сондай-ақ BBCкорпорациясының арналарында да көрсетіледі.     Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз promo@khabar.kz, +7 7172 757 553   www.khabar.kz| facebook.com/ KhabarTV | vk.com/ KhabarTV | twitter.com/KhabarTV |  Instagram.com/KhabarTV

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика