Мұрағат: 03.07.2018


Kcell абоненттері мобильді баланс арқылы қалай тауар сатып алады, қызмет ақысын төлейді және уақытын үнемдейді

Күні: , 109 рет оқылды

Мәселені және күнделікті істерді тез шешу бізге міндетімізді тиімді түрде бөлуге және өзімізге, отбасымызға немесе сүйікті ісімізге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі.

Бүгінгі күні бізге смартфон мен ұялы байланыс операторлары ұсынатын қызметтер көмекке келеді. Күнделікті мәселелерді шешу ісін онлайн кеңістігіне аудару мобильді болудың бір жолы.

Activ абоненттері 2016 жылдан бастап қызметтер мен тауарлардың ақысын баланстан төлеуді бастаған болатын, қазір бұл функция Kcell абоненттері үшін де қол жетімді.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін «Кселл» АҚ арнайы mobimoney.kz порталын іске қосты, осы қызметтің көмегімен түрлі салаларда тұрмыстық мәселелерді оңай шешуге болады және байланыс, телевизия, коммуналдық қызметтер, билет алу және тағы басқаларға ақы төлеу үшін мобильді нөміріңіздің балансын пайдалана аласыз.

mobimoney.kz порталы арқылы жылдам іске асатын және нөмір балансынан ақысын төлеуге болатын істердің тізімі:

 

Отбасылық істер үшін:

Жол ақысы үшін:

  • Алматыда қоғамдық көліктің, Алматы мен Астанада автокөлік тұрағы үшін ақы төлеу. Сонымен қатар, мобильді баланс арқылы паркинг ақысын төлеу ақшаңызды үнемдейді, себебі паркомат ақшаға қайтарым жасамайды. Ал тұрақтың ақысын алдын ала мобильді баланстан төлесеңіз, қаражат тұрақ шотында қалады және онымен тұрақ ақысын немесе келесі тұрақ үшін төлей аласыз.

Өзіңіз үшін:

  • Іс-шараларға билетті бірнеше рет басып, танымал купонаторларда бойынша жеңілдік купондарын ала аласыз;
  • Онлайн-ойындарда шайқаста жеңіске жетіңіз — онлайн ойындарда қосымша техника мен құрал сатып алыңыз;
  • Танымал косметиканы таңдаңыз және оның ақысын тауарды алу кезінде оған уақыт жоғалтпастан мобильді баланстан төлеңіз;
  • Букмекерлік кеңселерде төлем шотын толтырыңыз.

Қаржы үшін:

Қажет болған жағдайда, бүкіл Қазақстан бойынша  «Қазпошта» АҚ 3400 бөлімшесі арқылы мобильді баланстан ақшалай қаражат алуға болады.

Өз уақытыңызды үнемдеңіз және mobimoney.kz қызметін пайдалануды бастаңыз:

  • mobimoney.kz порталын  немесе iOS немесе Android үшін мобильді қосымшаны ашыңыз;
  • Қызметті таңдаңыз;
  • Төлемнің мәліметтерін және сомасын енгізіңіз;
  • Операцияны бір реттік SMS-кодпен растаңыз.

Пәкістан шайынан зиянды бояу мен зең анықталды

Күні: , 644 рет оқылды

Пәкістанда өндірілген шайдың құрамынан денсаулыққа зиянды синтетикалық бояулар мен зең анықталды.  Сондықтан республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинің 2018 жылғы 15 маусымдағы қаулысына сәйкес Пәкістанда өндірілген 125 грамдық қорапшадағы «Al Barkat special super tea» (өндіруші «A. A. Mughal General Traders»), «Gajjals Tea Gold»  (өндіруші KPK Gajjals), «Allama»  (өндіруші «MTI medical pvt»), «Allied tea»   (өндіруші «S.I.T.E Karahi»), Pac Tea «Zaib-un-Nisa street Sadar karahi» және «Premium Gold tea» өнім беруші «АВА групс LLP» KPK шайларын Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынды.

Атап айтқанда, бұл шайларда синтетикалық бояғыштардың болуы, микробиологиялық  көрсеткіштер бойынша (зеңнің жол беретін деңгейінен 2-10 есе арту), сондай-ақ таңбалау бойынша (дайындалу күні, ЕАО айналымы бірыңғай белгісінің болмауы) сәйкессіздіктер анықталған.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес (90-бап. 4т.10т), дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес, тауарлардың, өнімдердің, шикізаттың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына және гигиеналық нормативтерге сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға міндетті.

Гүлбақыт  НАУРЗАЛИНА ,

облыстық  қоғамдық  денсаулық

сақтау  департаментінің  бөлім  басшысы       


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика