Мұрағат: 19.06.2018


Батыс Қазақстан облысында коммерциялық емес ұйымдарға арналған байқау жарияланды

Күні: , 47 рет оқылды

Қазақстандық коммерциялық емес ұйымдарды жаңа деңгейге шығару қолға алынды. Олардың бір тапсырыстан екінші тапсырысқа дейінгі уақыты өтті, енді әлеуметтік бизнеске бет бұрып, табыс табудың жаңа жолдарын үйренетін болады. Дәл осы мақсатпен елімізде 18 маусымнан бастап «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасы іске қосылды.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен жүзеге асырылатын болады. Оның мақсаты – ел өңірлерінде әлеуметтік кәсіпкерліктің мәдениетін дамытуды ынталандыру болып табылады.

Ережеге сай грант қызметі әлеуметтік қызмет көрсетуге немесе халықтың әлеуметтік осал топтарына жұмыс орындарын құруға бағытталған КЕҰ ғана беріледі.

Жобаға қатысу коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне кәсіптік оқытудан өтуге, барлық қажетті іскерлік дағдыларды иеленуге және 500 000 теңге көлеміндегі грант ұтып алуға мүмкіндік береді.

Жобаға қатысу үшін үміткерлер 2018 жылдың 12 шілдесіне дейін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми сайтындағы www.sk-trust.kz онлайн сауалнаманы толтыру керек. Сауалнамаларды қарағаннан және іріктегеннен кейін, қатысушылар Орал қаласында өткізілетін тренингтерге шақырылады. Тренинг нәтижесінде үміткерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері бойынша курсқа қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталады.

Тренинг соңында үміткерлерді ең қызықты нәрсе күтеді – олар өздерінің бизнес-жобаларын қорғайды. Олардың ішіндегі ең үздік деп танылғаны әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 500 000 теңге көлемінде қаржыландыру алады. Грантты алғаннан кейін, коммерциялық емес ұйымдарға жоба әкімшілері қаражаттың мақсатты пайдаланылып, бизнес-жобаның тиімділігін қадағалау мақсатында қолдау көрсетеді.

«ӘREKET» жобасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Батыс Қазақстан облысынан басқа жоба Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтыды.

Анықтама

«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған. Бағдарламаны өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қауымның өмір сүру сапасының жоғары стандарттарына, яғни әлеуметтік ортаға, білімге, мәдениетке және спортқа қолжетімділігін арттыру жолдары арқылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

 «Менің елім» бағдарламасы қордың компаниялар тобы бар аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар сериясын біріктірді, онда еншілес ұйымдар қала құрушы компаниялар болып табылады. Бағдарламаның басты миссиясы өңірлердегі халықтың өмір сүру сапасын Астана және Алматы қалаларының деңгейіне дейін көтеру.


Экологиялық заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді

Күні: , 51 рет оқылды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ҚР Экологиялық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер ресми түрде «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2018 жылдың 5 қаңтарында жарияланды және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткеннен соң, яғни ағымдағы жылдың шілде айында заңды күшіне енеді.

Кодекстің 49 бабы мен 72 бабындағы жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жобалық құжаттаманы және табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қажетті құжаттар топтамасын бұрын қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда ұсынып келсе, енді тек қана электрондық нысанда ұсынады.

Экологиялық кодекстің 50 бабының 2 тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау мерзімі тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге және II, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қысқартылды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтарылуға жатады.

Кодекстің 51 бабының 7 тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыруды (қайтарып алуды) оны берген орган табиғат пайдаланушының жазбаша өтініші немесе келісімі негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыру (қайтарып алу) сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Рұқсат жүйесіндегі өзгерістерге қатысты жаңа нұсқаға сәйкес, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында тіркелген филиалдары мен өкілдіктеріне олардың өтінімдеріне сәйкес осы Кодексте белгіленген тәртіппен беріледі.

І, ІІ және ІІІ санаттардағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін құжаттар топтамасы бекітілген эмиссиялар нормативтері қамтылған құрылыс жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын не ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысын қамтуы мүмкін.

І, ІІ санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға өтінімдерді қарау мерзімі он бес күнтізбелік күннен 5 күнтізбелік күнге азайтылады.

Сонымен бірге, 77 баптың 1 тармағы 3 тармақшамен толықтырылды, оған сәйкес, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптар мен нормаларға, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге сәйкес келмеген жағдайларда табиғат пайдаланушының өтінімінен бас тартылуы мүмкін.

Қабылданған өтінімдерге сәйкес, объектілерге рұқсат беру мерзімі: I санатты нысандар үшін — өтінім тіркелген күнінен бастап 2 айдан он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге, II және III санаттардағы нысандар үшін – өтінім тіркелген күннен бастап 1 айдан10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге қысқартылды.

Сондай-ақ, өзгеріс қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беруді жою және қайта беру функцияларына да әсер етті. Егер бұрын рұқсатты жаңа рұқсатты берген күннен бастап рұқсат берген орган ғана жойса, онда жаңа қосымшалар мен өзгертулерге сәйкес табиғат пайдаланушының жазбаша өтінімі негізінде рұқсат жойылуы мүмкін.

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта ресімдеу табиғат пайдаланушының атауы өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда, сондай-ақ осындай эмиссияға рұқсат берілген обектіге (обектілерге) қатысты оның (олардың) меншік иесі ауысқан жағдайда, бұл қайта ресімдеу қоршаған ортаға жүктемені ұлғайтуға алып келмейтін кезде күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады (1 айдың орнына).

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен  ҚР Экологиялық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер ресми түрде «Казахстанская правда» республикалық газетінде 2018 жылдың 28 мамырында жарияланды және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң заңды күшіне енеді.

Кодекстің 48 бабының 4 тармағына сәйкес, шаруашылық қызметтің І санаттағы объектілерін салу мен пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады және осы баптың 4 тармағының талаптары құрылысы жұмыс істеп тұрған І санаттағы объектілердің аумағында жоспарланып отырған ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілерді салу мен пайдалану жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) қолданылмайды.

Кодекстің 49 бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес Кодекстің 47 бабы 1 тармағындағы көрсетілген объектілерге, атап айтқанда қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына; қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен бір мезгілде беріледі.

Кодекстің 47 бабы 3 және 4 тармақпен толықтырылды, осыған сәйкес, шаруашылық қызметтің І санаттағы объектілерін салу мен пайдалану жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы құрамында жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен бір мезгілде беріледі және құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының теріс қорытындысы берілген жағдайда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілмейді.

Сонымен бірге, Кодекс 49-1 бабымен толықтырылды, оған сәйкес,   II, III және IV санаттардағы объектілерді салу жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша жобалардың экологиялық сараптамасын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған сарапшылар жүргізеді; құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысында табиғат пайдаланушылардың құрылыс, шаруашылық қызметі кезеңіне арналған эмиссиялардың нормативтері қамтылады; жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының теріс қорытындысы берілген жағдайда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілмейді.

Кодекстің 50-бабына сәйкес, мемлекеттiк экологиялық сараптама белгiленiп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтiң тапсырыс берушiсi мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібінде айқындалған құжаттар топтамасын ұсынған кезден бастап: I санаттағы объектілер қырық бес жұмыс күні ішінде үшін (2 айдан қырық бес жұмыс күніне өзгертілді); II санаттағы объектілер үшін отыз жұмыс күні ішінде (1 айдан отыз жұмыс күніне өзгертілді); III және ІV санаттардағы объектілер үшін он бес жұмыс күні ішінде (он жұмыс күнінен он бес жұмыс күніне өзгертілді) жүргізіледі.

Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын жобалар мен оларға қоса берілетін материалдар бойынша ескертулер болған кезде сарапшылар оларды ұсынған тұлғаға мұндай ескертулерді: I санаттағы объектілер бойынша – жиырма бес жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жояды; IІ санаттағы объектілер бойынша – он бес жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жояды; III және IV санаттардағы объектілер бойынша – жеті жұмыс күні ішінде жібереді, оларды тапсырыс беруші ескертулер берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жояды.

Ескертулер жойылмаған жағдайда, 50 баптың 1 тармағында айқындалған мерзімдерде мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы беріледі.

Кодекстің 69 бабының 1 тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылды: қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға осы баптың 2-1 тармағында айқындалған тәртіппен не мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бір мезгілде беріледі. Сонымен қатар, осы бап 2-1-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы немесе ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы болған кезде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат осы Кодекстің 72, 74, 75-баптарында және 77-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беріледі.

Кодекстің 71 бабы мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылды: I санаттағы объектілердің аумағында орналасқан II, III және IV санаттардағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы орган береді.

             Кодекстің 78 бабы 1 тармағындағы өзгерістерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресiмдеу мерзімі 1 айдан бес жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Жанар ІЗБОЛАТОВА,

БҚО бойынша экологиялық департаментінің

экологиялық реттеу бөлімінің басшысы


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика