Мұрағат: 14.06.2018


Смартфондар және балалар. Оларды қалай қорғау керек?

Күні: , 63 рет оқылды

IHSMarkit зерттеу компаниясының деректері бойынша, 2 жылдан кейін әлемде смартфонды белсенді қолданатын адам саны 6 миллиардқа дейін жетеді. Бұл дегеніміз, әлем халқының 75% смартфон қолданады деген сөз. 

Смартфон неғұрлым көп болса – Интернетте де материал саны артады. http://www.internetlivestats.com/сайтында интернетте болып жатқан оқиғалардың бір секундтық санағы жүргізіледі. Осы ресурстың деректері бойынша Интернетте қазірдің өзінде шамамен 1,9 млн. сайт бар. Әр секунд сайын адамдар Instagram-да 849 фотосурет жариялап, Youtube-да 74 мың бейне роликқаралады. Ақпараттың осыншалық көп болуының бір пайдасы — бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасауға, білім алуға, қызығатын ісін дамытуға мүмкіндік береді, бірақ түрлі қауіп-қатері де аз емес. Егер ересек адам қажетті ресурсты таңдап және өзін бақылай алады, ал бала үшін қауіпсіз материалды анықтау оңай іс емес.   «Касперскийзертханасы» екіжылбұрынхалықаралықзерттеужүргізіп, Интернетпайдаланатынбалалардыңмінез-құлқынзерттеді. Зерттеу, ресейлік балалардың жартысынан көбі желідегі белсенділігін жасыратынын анықтады, бұл ата-аналарды алаңдататуы тиіс: 92% жағдайда жасөспірімдер жасына сәйкес келмейтін материалды қарайды, бейтаныс адамдармен сөйлесіп, кибербуллингке қатысады.   Алғашқы реакция, әрине, Интернетке кіруге тыйым салу. Бірақ тыйым әрдайым қорғауды білдірмейді. Ол, керісінше, баланың қызығушылығын және әуестігін арттырады. «Касперский зертханасының» зерттеуі бойынша, сауал қойылған балалар мен жасөспірімдердің басым бөлігі ата-аналарымен киберқатер туралы сөйлескісі келетінін жеткізді.   Сондықтан сіздерге балаларыңызбен сөйлесуге кеңес береміз және олармен бірге ақылға қонымды ереже белгілеңіз, мынандай 4 қағиданы: сенім, шекара сақтау, бақыланатын еркіндік, қарым-қатынасты басшылыққа алыңыз:   Сенім. Балаға Интернеттің күнделікті өмірдің бір бөлігі екенін айтыңыз. Сондықтан, онда да пайдалы және қызықты, бірақ қауіпті ақпараттың да көп екенін әңгімелеңіз. Әртүрлі мазмұнда (бейне, сурет, мақала) мысалдар келтіріңіз және олар көңіл-күйдің өзгеруіне, өзін-өзі бағалауға, әлемді қабылдауына қалай әсер ететінін түсіндіріңіз. Шекара. Баламен смартфонды белгілі бір уақытта ғана пайдаланатындығын және тек кейбір сайттарға кіре алатынын келісіп алыңыз. Оның оқу, үй жұмысына көмектесу және т.б. міндеті барын түсіндіріңіз. Бақылаудағы еркіндік. Интернетте не істей алатынын, ненің қауіпті екенін талқылаңыз. Мысалы, жеке деректерді (телефон нөмірі, мекен-жайы, фотосурет, жеке парақ паролі, PIN-код және т.б.) бейтаныс адамдарға бермеуге, виртуалды танысу арқылы кездесуге баруға болмайтынын,алаяқтық қатерден аулақ болу үшін баннер мен қалқымалы терезені басу керексіз екенін түсіндіріңіз. Қарым-қатынас. Әрбір бала ерте ме, кеш пе әлеуметтік желіде тіркеледі. Оған виртуалды дос болуға тырысыңыз. Балаңыздың жариялаған материалын, қызығушылығын қадағалаңыз, бірақ барлығына лайк басып, оны үнемі бақылап отыратыныңызды көрсетпеңіз. Әлеуметтік желідегі қауіп және виртуалды кеңістіктегі мінез-құлық ережелері туралы әңгімелеп беріңіз.   Қазір Интернетте баланың ақпарат кеңістігін қорғау үшін ата-аналарға көмектесетін смартфон, планшет және компьютерге арналған бағдарламалар өте көп. Мәселен, «Ата-ана бақылауы» қызметі баланы төмендегілерден қорғайды:  
  • Вирустан қорғайды
  • Қажетсіз және алаяқтықпен айналысатынсайттарды бұғаттайды
  • Кіріс қоңыраулар мен SMS-хабарламаларды сүзгіден өткізеді
  • Бала пайдалану үшін рұқсат етілген қосымшаларды анықтайды
  • Баланың смартфон қолданатын уақыт аралығын белгілейді
  • Интернетте және әлеум. желіде (Вконтакте, Facebook) бала белсенділігі туралы есеп береді.
  • Смартфонның орналасқан орнын анықтайды
  «Кселл» компаниясының және «Касперский зертханасының» «Ата-ана бақылауы» қызметін Kcell және Activ абоненттері пайдалана алады. Android телефонына арналған «Ата-ана бақылауы» қызметі бойынша KasperskySafeKids және KasperskyInternetSecurity өнімдері бар.   «Интернетте балаларды батыл әрекеттен қорғауға деген ұмтылыс — әрбір ата-ананың табиғи ұмтылысы. Желінің өмірдегідей өз ережесі бар: ата-аналар дүниетанымын көтеріп, оларға қауіп-қатерді айтуға, бағыт беруі керек. «Касперский зертханасының» өнімдерімен бұл процесс әлдеқайда жеңіл», — деді «Касперский зертханасының» Қазақстандағы, Орталық Азиядағы және Моңғолиядағы өкілдігінің басқарушы директоры Евгений Питолин.   «Балалар интернеттегі сан алуан қызықты материал – үйретуші бейне материалдар, онлайн-ойындар, мультфильм, сериал арқылы жаңаны тез меңгеріп алады. Өкінішке орай, бұның ішінде мазмұны жағынан қажетсіз материал аз емес. «Ата-ана бақылауы» — бұл балалардың қауіпсіздігі мен ата-ананың тыныштығы үшін «Касперский зертханасымен» бірге бірге клиенттерімізге заманауи және технологиялық озық мобильді өнімдерді ұсыну арқылы көрсетілетін қызмет. Біз өнімнің экожүйесінде осы қызметті іске қосқанымыз үшін қуаныштымыз» деді — «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.   Қызмет бағасы күніне 33 теңге, екі күн бойы қызметке абоненттік төлемсіз тегін сынақ жасап көріңіз. Қызмет туралы қосымша ақпаратты https://parental-control.kz/ сілтемесінен ала аласыз. Қызметті USSD *737# арқылы қосу.    

Еуроодақ Оралда тұңғыш рет Еуропа кинофестивалінің ашылуын жариялайды

Күні: , 39 рет оқылды

ОРАЛ – 15-17 маусым аралығында Оралда тұңғыш рет Қазақстанда Еуропа күні мен ЕО-Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығын атап өту аясында Еуропа кинофестивалі өтеді. Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің үздік кинофильмдері ұсынылады. Фестиваль бағдарламасына Бельгия, Болгария, Чехия, Германия, Эстония, Испания, Франция, Кипр, Латвия, Мажарстан, Нидерланды, Австрия, Польша, Румыния, Словения, Словакия  және Финляндия елдерінде түсірілген 16 фильм кірді.

Кино туындылары арасында әртүрлі жанрдағы кино саласындағы халықаралық марапаттардың жүлдегерлері мен үміткерлері бар, атап айтқанда, «Сезар» сыйлығының жүлдегері және 2014 жылғы «Оскар» сыйлығына үміткер -«Разомкнутый круг» фильмі (Бельгия), 5 «Гойя» сыйлығының иегері, соның ішінде үздік фильм үшін — «Трумэн» (Испания) фильмі, Испаниядағы Сан-Себастьян фестивалінің толық метрлі дебюты үшін берілген Гран-при иегері («Урок»), «Жыл фильмі 2004» («Чудо Берна», Германия), және Берлин кинофестивалінің жүлдегерлері («Маленькая гавань» Словакия).

15 маусым күні фестиваль ашылуында көрермендерге ерекше деректі фильм «Конный лучник» (Венгрия), «Трумэн» (Испания), және«Урок» (Болгария) фильмдері көрсетіледі. 2016 жылдың қаңтарында «Конный лучник» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмде ата-бабаларының садақ ату және жауынгерлік өнер мектебін негіздеген заманауи венгр жауынгері және философы Лайош Кошшаидың қызметі туралы баяндалады. Оның шебері арқасында салт аттылар далалық мәдениеті Венгрияда жандандырылады. «Урок» фильмі –батыс киноиндустриясының көлеңкесінде жиі қалатын шығысеуропа кинемотографының керемет туындысы. Кинолента бірқатар кинофестивальдарда көрермендерді өзінің үндеуімен таң қалдырды. «Урок» фильмінің тұсаукесері Торонтода өтті, онда фильм дистрибьюторлық компаниялардың жоғары бағасына ие болып, Канада мен АҚШ-қа таратылуға сатылып алынды, ал Испанияда кинотуынды толық метрлі дебют үшін Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Сеска Гаяның «Трумэн» атты фильмі екі дос, соның біреуі ауыр сырқатқа ұшырағаны жайлы әңгімені баяндайды. Ол 2016 жылы «Гоя» сыйлығының триумфаторы атанып, бес жүлдеге иеленді.

Шараның ашылу салтанатына Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова және Кинопарк желісінің PR директоры Ерлан Бұхарбаев қатысады.

Фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен бірге түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Кіру тегін.

Кинофестивальдің толық бағдарламасы Қазақстандағы Еуроодақтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланған — @euinkz

Редакторлардың назарына:

Күні мен уақыты: 15 маусым, 18:30

Өтетін орны: Кинотеатр Kinoplexx, ТРК Орал, Абулхаир хан к-сі 179, Орал

 

Аккредиттеу сұрақтары бойыншы:

ҚР ЕО Өкілдігінің Баспасөз және ақпарат бойынша ассистенті Еркежан Амриева ханым:   + 7 (775) 6730823, e-mail: yerkezhan.amriyeva@eeas.europa.eu. 


Қанатқақты жобаны таныстырды

Күні: , 45 рет оқылды

Зеленов ауданында «СұңқарСмартСити» қанатқақты жобасының таныстырылымы өтті. Облыс аудандарының ішінен алғаш боп қолға алынған жоба туралы «Элайтс» ЖШС-ның қаржылық директоры Алексей Корнишкин айтып берді.

Жобаның таныстырылымында аудан әкімі Асхат Шахаров еліміз тәуелсіздік алған тұста цифрлы технология қолданысқа енгізіле бастағанын, әлемдік экономикалық даму көшінен қалыс қалмау үшін цифрландыру технологияларын енгізудің мән-маңызына тоқталды.

– Елбасы Жолдауына сәйкес елімізде «Цифр­лық Қазақстан» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы іске қосылды. Ақпарат­тық технология­лар қарыш­тап дамыған заманда IT сала­сын қолға алмасақ, дамыған 30 елдің қа­та­рына ену қиынға соғатындығын Елбасымыздың өзі атап көрсетті. Өйткені өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл­дан-жылға жақсартып келеді, – деді Асқар Шахаров.

Ауданда жүзеге асқалы отырған «СұңқарСмартСити» пилоттық жобасы бойынша қашықтық арқылы басқарылатын құрылғы көмегімен қоғамдық тәртіпті сақтауды оңтайландырады,  дала өрті, су тасқыны сынды төтенше жағдайлардың орын алуының алдын алады және қауіптің көзін жоюға қызмет қылады. Құрылғы қажеттілік бойынша онлайн режимде, ауданның кез келген нүктесінен түсірілім жасайды.

– Біз құрылғы жұмыстарын жүргізуші IT-мамандарды даярлап, курстар ұйымдастырып, оларға әдістемелік көмектер көрсетеміз, – деді «Элайтс» ЖШС қаржылық директоры Алексей Корнишкин.

Ертай  БИМҰХАНОВ,

Зеленов  ауданы


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика