Мұрағат: 03.04.2018


Деркөлдегі жаңа мектеп

Күні: , 46 рет оқылды

Елбасы саясатының арқасында елімізде білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Президент жыл сайынғы Жолдауларында да осы білім саласына айрықша басымдық беруді ұмытқан емес. Ондағы басты мақсат – әр баланың сапалы әрі лайықты білім, саналы тәрбие алуына барынша жағдай жасау. Күні кеше Деркөл кенттік округіндегі есігін айқара ашқан жаңа мектеп те сол берілген тапсырмалардың орындалып жатқандығының бір көрінісі. Сәуір айының екінші жаңасы деркөлдіктер үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Себебі, осы күні ауыл тұрғындары көптен күткен жаңа мектептің ашылу салтанатына куә болып, қуанышты сәтті бүтін бір ауыл болып қарсы алды. Жаңа №48 мектеп Деркөл кентінің «Көк-жиек» шағынауданында орналасқан 600 оқушыға ар-налған білім беру нысанының құрылысы 2016 жылдың қараша айында басталған еді. Кент тұрғындарының қуанышына облыс әкімі Алтай Көлгінов те ортақтасып, облыс үшін ма-ңызға ие жаңа нысанның ашылу салтанатымен құттықтады. – Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған жаңа мектеп – көптен күткен қуа-ныш. Бұл жыл басынан бері пайдалануға берілген екінші мектеп. Алдағы уақытта тек облыс орталығында емес, Бөкей ордасы, Зеленов, Ақжайық, Теректі аудандарында білім ұя-лары пайдалануға беріледі. Бұның барлығы Елбасының білім саласына деген ерекше қамқорлығы. Облыс бойынша бұл саладағы бюджет соңғы үш жылда 20 млрд. теңгеге артты. Биылғы жылға да ауқымды жоспарларымыз бар. Мұғалімдер жағдайына да Мемлекет басшысы баса назар аударуда. Осы орайда жаңа форматқа оқуға көшкен мұғалімдердің жалақысы көбейетін болады. Оған қазір республикадан тиісті қаражат күтіп отырмыз. Бастысы, жыл сайын бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Өздеріңіз білесіз-дер, бұған дейін осы кенттегі оқушылар №12 мектепте оқыды. Ол мектепте оқушы саны көп болды. Енді бұл шағынауданның оқушылары өз мектебінде білім алады. Мұнда су берілді, газ келді,  жол да жақсарып келеді. Бұның бәрі –  экономикамыздың дамуының көрсеткіші. Жақында Елбасымыз өзінің бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Ол жерде тұрғын үй, жастарды жатақханалармен қамту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, жалақысы төмен тұрғындардан ұсталатын салық мөлшерін азайту, елді мекен-дерді көгілдір отынмен қамту секілді маңызды мәселелер айтылды. Бұның барлығы мем- лекеттің халыққа деген қамқорлығы. Біздің басты мақсатымыз – өскелең ұрпақтың са-палы білім, саналы тәрбие алуларына барынша жағдай жа-сау. Ал жас жеткіншектер осындай білім ошақтарында алаңсыз оқып, заман талабына сай білім алып, сөйтіп бола- шақта елінің ертеңі үшін аянбай еңбек етулері керек, –  деді Алтай Көлгінов. Мұнан кейін сөз алған «Көкжиек» шағынауданының тұрғыны, ардагер ұстаз Балымжан Байырқызы да бүгінгі есігін айқара ашып жатқан су жаңа мектептің тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып, даң-қын арттырып, бәсекеге қабілетті түлектер ұшатын бі- лімнің қара шаңырағына ай-налуына тілектестігін білдірді. Айта кетейік, мектептің құрылысына 1 255,609 млн. теңге қаражат жұмсалған болатын. Жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метр мектеп ғимаратында 56 кабинет бар. Сонымен қатар 25 оқырманға арналған кітапхана, 2 шеберхана, барлық құралымен жабдықталған спорт зал, 200 орындық мәжіліс залы, радиоторап кабинеті, 130 орынға арналған мектеп асханасы бар. Барлық кабинет проектілік экранмен жабдық-талған. Мектепке 500 оқушы, шағын орталыққа 100 оқушы қабылданбақ. Мектеп құрылысын жүргізген «Алтим» серіктестігінің бас директоры Серік Татжекенов мектеп директоры Артур Мұса-ғалиевке жаңа ғимараттың сим-волдық  кілтін  табыстады. Салтанатты ашылудан соң облыс әкімі мектеп ішін аралап, оқушылармен, мұғалімдермен кездесті. Мектептің ашылу рәсіміне ерекше көңіл күймен келген бүлдіршіндер көпшілік алдында ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Ербол ҚАБИЕВ, ардагер ұстаз: –  Өзім Сырым ауданының тумасымын. Жетікөл ауылындағы орта мектепте 41 жыл ұстаздық қызмет атқарған жанмын. Осы «Көкжиек» шағынауданына бірер жыл бұрын көшіп келдім. Немерем Аруна Ерболова осы мектептің 4-сыныбында оқиды. Бұрын №12 мектепте білім алды. Ол мектепке автобуспен қатынаған болса, енді, міне, үйдің қасынан жаяу барып келуге болады. Сәні мен салтанаты келіскен мектепті аралап шықтым. Өте тамаша салынған. Өткен жылы шағынауданның барлық көшесіне тасжол төселді. Біз секілді қарапайым халықтың жақсы өмір сүруі үшін қажет жағдайды жасап жатқан Елбасына және өңір басшыларына үлкен алғыс айтамын.   Артур МҰСАҒАЛИЕВ, №48 орта мектептің директоры: – Бұл мектеп оқушыларды толыққанды қазақ тілінде оқытатын болады. Бұл жерде оқушыға сапалы білім беруі үшін қажет жағдай жасалған. Атап айтқанда, мектепте екі химия кабинеті, екі физика кабинеті, екі спорт зал, асхана, мәжіліс залы толықтай жабдықталған. Сонымен қатар бұл шағынауданда бүл-діршіндерге арналған балабақша жеткілік-ті болмағандықтан, мектеп жанынан 100 балаға арналған шағын орталық ашылды. Бұл білім ошағының тағы бір ерекшелігі – оқушыларға кәсіптік бағдар беру, ғылым-мен шұғылдануға қызығушылықтарын ояту мақсатында «Бастау» бизнес инкубатор кабинеті ашылды. Жас жеткіншектерді ғылыми жобалар жасақтауға, шығарма- шылық жұмыс жасауға баулитын бұл бас-тама облыс көлемінде тұңғыш рет қолға алынып отыр.   Аружан САҒИДУЛЛИНА, 7-сынып оқушысы: – Жаңа мектепке ауысқаныма қуа-ныштымын. Физика, химия, биология, география, мультимедия, информатика кабинеттері жабдықталып, ғаламтор же-лісіне қосылған. Мектептің қоғамдық өміріне толыққанды араласуымыз үшін мәжіліс залы, спорт зал, кітапхана барлығы жасақталған. Мектепте асық, тоғызқұмалақ секілді қазақтың ұлттық ойындарын дамытуға аса мән берілген. Сабақ ара-сындағы қоңырауда балалар ойын алаңында жиналып, ұлттық ойындар ойнайды. Жаңа мектеп маған қатты ұнады.   Нұрбек ОРАЗАЕВ, «Орал өңірі»

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика