Мұрағат: 02.04.2018


Мүгедектік тағайындаудағы қанатқақты жоба

Күні: , 50 рет оқылды

Кеше  өңірімізге  жұмыс  сапарымен  келген Қазақстан  Республикасының Еңбек  және  халықты  әлеуметтік қорғау  вице-министрі Светлана  Жақыпова  Оралдағы  №3  емханада  болып, оның  жұмысымен  танысты.  Онымен  бірге  облыс әкімінің  орынбасарлары  Ғабидолла  Оспанқұлов, Бибігүл  Қонысбаева  болды.

Емхананы аралап көрген вице-министр­дің айтуынша, оның облысқа келгендегі мақсаты – мүгедектікті тағайын­дау жөніндегі қанатқақты жобаны жүзеге асыру жайымен танысу. БҚО медициналық ақпараттық жүйе бойынша өңірлер арасынан көшбас­шы әрі бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесіне қосылған. Сондықтан қанатқақты жоба бірінші болып Ақ Жайық өңірінде іске қосылады. Мүгедектікті тағайындау жобасы мүгедек­тікті тағайындауда көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуды көздейді. Бұ­рын азаматтар әуелі емханада тексеріліп, тиісті құжаттарды жинап, содан кейін ғана медици­налық-әлеуметтік сараптамаға келіп, дәрігер-сараптамашыларға көрініп, мүгедектік алатын. Жаңа жоба бойынша бұл жағдай өзгертілді, мү­гедектік науқастың қатысынсыз тағайындала­ды. Яғни адам ағзасының қызмет көрсету көрсеткіштерінің барлығы денсаулық сақтау жүйе­сінен электронды түрде түседі де, тәуелсіз сарапшылар осы түскен көрсеткіштерді сарап­тау арқылы мүгедектікті тағайындайды. Олар кімге мүгедектік тағайындап отырғандарын да білмейтін болады. –  Біріншіден, пациент өзінің мүгедек екенін дәлелдеу үшін әр кабинетке жүгіріп, бұрын­- ғы­дай талай табалдырықты тоздырмайды. Екін­шіден, жемқорлықты болдырмайды, адам факторы қатыспайды. Осындай цифрландыру­дың арқасында азаматтардың өмір сүру сапасы жақсарып, оларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы артатын болады. Бұл жоба БҚО-да алдағы мамыр айында іске қосылады, – деді Светлана Жақыпова. Вице-министр жаңа жобаны іске асы­руға төрт облыстың, яғни БҚО және Қараған­ды, Ақмола, Қостанай облыстарының таңда­лып алынғанын айтты. Облыста бұл жоба тек №3 емханада жүзеге асырылады. Емханада табысты іске асқан жағдайда облыстың өзге де емха­наларына таратылады. №3 емхананың жалпы тәжірибелік дәріге­рі Нұрбану Сыздықованың айтуынша, азаматтар жеке куәлігімен ғана келіп, дәрігерлердің қағазға түсіретін мәліметтері бір кабинеттен медициналық-әлеуметтік сараптамаға электронды түрде жіберіледі.  Мұның өзі құжат айналымын тездетеді. Гүлбаршын  ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал  өңірі»

Цифрландырудың тың жобасы

Күні: , 37 рет оқылды

Кеше  өңірдің  денсаулық  саласын  цифрландыру  бағытындағы  тың  жобаны  жүзеге  асыру  бағытында  еліміздің  Денсаулық  сақтау министрлігі,  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігі, «Жарқын  болашақ»  цифрландыруды  жүзеге  асырушы  компания  және БҚО  әкімдігі  арасында  төртжақты  меморандумға  қол  қойылды.

– Қазіргі таңда Елбасымыздың цифр­ландыру бағдарламасы аясында бар­лық салаларда қарқынды жұмыс жү­ре бастады. Осыған орай өңірімізге арнайы іссапармен ҚР Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова келіп отыр. Таңертең облыс әкімімен кездесуден кейін қаламыздағы №3 емханаға барып, аталмыш мекеменің техника­лық мүмкіндіктерін қарап, қызмет­керле­рімен жүздестік. Нәтижесінде осы ем­хананы қанатқақты жобаны жүзеге асыруға базалық емхана ретінде таң­дадық. Халықты әлеуметтік қорғау ден­саулық сақтау саласымен тығыз байланысты. Сондықтан аталмыш екі саланы цифрландыру үрдісі бірлескен түрде жүзеге асуы тиіс. Республика­мыз бойынша денсаулық сақтау са­ласын цифрландыруды жүзеге асы­- рып жатқан төрт өңір бар, біз соның біріміз, –  деді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов жиын­ның кіріспе сөзінде. Аталмыш қанатқақты жоба денсау­лығына байланысты мүгедектік ала­тын тұрғындардың құжат жинау уақы­тын айтарлықтай қысқартып, мүгедек­тікті анықтаушы ретінде адамның қа­тысуын шектейді. Бұл сәйкесінше жем­қорлық тәуекелін азайтатыны да тү­сінікті. Мемлекеттік органдар жұмы­сын да ашықтыққа сонымен қатар уа­қыт  үнемділігіне  алып  келмек. –  Өзара әріптестік туралы ұсыныс­ты қабылдағаны үшін Батыс Қазақстан облыстық әкімдігіне ризашылы­ғы­мызды білдіреміз. Аталмыш жобаны жүзеге асыруда Батыс Қазақстан облысының дайындығы өзге өңірлер­мен салыстырғанда, атап айтқанда Қа­­- рағанды, Қостанай, Ақмола облыста­рынан жоғары екенін атап өткен жөн. №3 емхананың кадрлық мүмкіндігін, өңір әкімдігінің қызығушылығын еске­ре отырып, қанатқақты жоба сәтті жү­зеге асырылады деген сенімдеміз, – деді вице-министр Светлана Қабыкенқызы. Шамамен алдағы мамыр айынан бас­тап іске асырылатын жаңа жоба жұ­мысы әзірге №3 емханаға тіркелген жүрек сырқаты бар жандарға қатысты жүргізілмек. Нұртас  НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал  өңірі»  

Командалық есепте екінші орын

Күні: , 23 рет оқылды

Наурыздың  25-30-ы  аралығында  Қостанай  қаласында   қоғам­­дық-гуманитарлық  бағыттағы  пәндерден  республикалық  оқу­шылар  олимпиадасы  өтті.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұл­парлар» бақ сынаған зияткерлік сайысқа еліміздің барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық бі­лім беру мекемелерінен, «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымынан, «Бөбек» ұлттық бі­лім беру және сауықтыру ғылы­ми-практикалық орталығынан бар­лығы 602 оқушы қатысты. 10-11-сынып оқушылары олимпиаданың алғашқы кезеңінде барлық пәндер бойынша жазбаша тапсырмаларды орындаса, екінші кезеңде тест сұрақтарына жауап берумен қатар, екі шапшаң кезең (блиц тур) сынақтарынан өтті. Бұл аталмыш олимпиаданың басты ерекшелігі болатын. Өңірімізден республикалық пән­дік олимпиадаға жолдама алған 23 оқушы ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтап, жоғары білім деңгейін таныта білді. Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын және орыс тілдері, Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері бо­йынша жеңімпаз атанып, жал­пы­командалық есепте екінші орынға табан тіреді. Оқушылардың жетістігін атап айтсақ, Әсия Зұлқарнаева (№34 мек­теп-гимназиясы), Жансая Әлиева (№38 мектеп-лицейі), Нұр­лан Ай­сұлтан (дарынды балалар­ға ар­налған мамандандырылған об­лыстық мектеп), Орынбек Нұр­пейісов (Сырым ауданы, Жыра­құдық мектебі), Саида Сайынова (№35 мектеп-лицейі), Даяна Сәр­сенғалиевалар (№7 мектеп) үшін­ші орыннан көрінсе, Айнұр Нау­кенова (С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-ин­тернат кешені), Адам Петри (Бі­лім-Инновация мектеп-лицейі ин­тернаты), Есбол Мұратов (Білім-Ин­новация мектеп-лицейі интернаты), Томирис Айтенова (№38 мектеп-лицейі), Диана Айбола­това (№38 мектеп-лицейі) жүлделі екінші орынға ие болды. Ал Зеленов ауданы Дариян мектебінің 10-сынып оқушысы Данияра Ға­лиева мен сырымдық Альбина За­кина (Қ. Мырзалиев атындағы мектеп, 10-сынып) бірінші орынды жеңіп алды. – Алматы, Астана қалалары­ның, барлық облыстың үздік оқу­шыла­ры­мен білім жарыстыру оңай­ға түспеді. Әйткенмен, жал­пы­командалық есепте екінші орын алсақ, әрқайсымыз жеке-жеке жеңіске жеттік. Өзім «Қазақ­стан тарихы» пәні бойынша сынға түсіп, үшінші орынға ие болдым. Мықтылардың ортасында сы­нал­­дық, үйренгеніміз де көп. Көп достар таптық, – дейді дарынды балаларға арналған маман­­дандырылған облыстық мек­тептің 10-сынып оқушысы Нұрлан Айсұлтан. – Жалпы, осындай олимпиа­далардың бізге берер пай­дасы зор. Осы кез­ге дейін жинаған бі­- лімімізді көрсе­тіп, ба­ғы­мызды сы­нап қайттық. Қызық­ты тапсыр­маларды орындап, өз мүмкін­діктерімізді көрсеттік жә­не білі­мімізді толықтырдық. Осы орайда алғысымды ұстаздарыма айтқым келеді, – дейді Сырым ау­данына қарасты Жы­ра­құдық мек­те­бінің 11-сынып оқушысы Орынбек Нұрпейісов.   Темірболат  ТОҚМАМБЕТОВ, «Орал  өңірі»

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс берушілер көбеймек

Күні: , 25 рет оқылды

Өткен  жұма  күні  «Атамекен» ұлттық  кәсіпкерлер  палатасының облыстық  филиа­лында облыс әкімінің  орынбасары  Бибігүл Қонысбаева, облыстық  мемлекеттік  кірістер  департаменті,  облыстық  еңбек  инспекциясы  басқармасы,  облыстық  жұмыс­пен  қамтуды  үйлестіру  және  әлеуметтік  бағдарламалар  басқар­ма­сының  басшылары  оралдық  кәсіпкерлермен  кездесті. Жиында  еңбек  қатынастарын  формализациялау,  бейресми  еңбек  қатынастарындағы  азаматтарды  зейнетақымен  қамсыздандыру,  әлеуметтік  және  медициналық   сақ­тан­дыру  жүйесіне  тарту, сонымен  қатар  кәсіпкерлік  нысандарын  мүмкіндігі  шектеулі  жандарға  лайықтап  бейімдеу   мәселелері  талқыланды.

– Жұмысшыларды еңбек келі­сімшартынсыз немесе азамат­тық-құқықтық сипаттағы келісім негі­зінде жұмысқа алу әлі күнге өзек­тілігін жоймаған мәселелер қа­тарында қалып отыр. Мемлекеттік құрылымдар өкілдері кәсіп­керлік субъектілерімен бірлесіп, бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анық­тау, еңбек қатынастарының жа­- сы­рын түрлерін қысқарту, азамат­тардың еңбек  саласындағы өз құқықтарынан хабардар болу дең­ге­йін арттыру бағытында халық ара­сында ауқымды түсіндіру жұ­мысын  жүргізуіміз қажет. Кейбір жұмыс берушілер міндетті төлем­дер мен салықтан жалтарып, қыз­меткерлермен еңбек шартын жасамайды. Оның кесірі жұмыс берушіге де, қызметкерге де тиіп жататын жағдайлар жиі орын алады, – деді Бибігүл Тишанқызы. БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Азамат Айтуев ағымдағы жылдың 1 наурызында басталған «Еңбек шартын жасаңыз» республикалық акциясының мақсат-міндет­те­рі туралы айта келе, 2017 жылы үй-үйді аралау кезінде зейнетақы жарналары мен салық төлем­де­рінсіз еңбек етіп жүрген 29 мың­ға жуық азамат анықталғанына тоқталды. Соңғы екі жыл ішінде еңбек инспекторлары еңбек шартын жасамастан, жұмысшылардың қызметін пайдаланып отырған 30-дан астам кәсіпкердің әре­кетін әшкерелеген. – Бейресми еңбек қатынаста­ры жалақының тұрақсыз мөлшері, зейнетақы қоры мен әлеу­меттік медициналық қорына жар­налардың аударылмауы, еңбек кітапшасына еңбек өтілінің жа­зылмауы, жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдердің жасал­мауы, еңбекке жарамсыздық па­рағының берілмеуі, өндірістік жа­затайым оқиғалар болған жағ­дай­да сақтандыру төлемдерінің жүргізілмеуі сияқты қиындықтарға әкеледі. Адамдарды еңбек шартынсыз жұмысқа жіберу жұмыс берушіге де ауқымды жауапкершілік жүктейді. Ол үшін ҚР «Әкім­шілік құқықбұзушылық туралы» кодексіне сәйкес айыппұл қарас­тырылған, – дейді Азамат Жұма­байұлы. Мамандар азаматтардан жұ­мыс берушілер еңбек шартын жасаудан бас тартқан жағдайда 1411 бірыңғай тегін нөміріне немесе облыстық еңбек инспекциясы бас­қармасына (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 188, тел.: 50-04-86, 24-23-76, ресми сайт enbek–bko.gov.kz ) хабарласуды сұрайды. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшы­сы Тимур Төлеповтің мәлімдеуін­ше, қазіргі таңда өңірде 25 мың адамның еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүргені анықталған. Басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, 19 мыңы Орал қаласында. Олардың дені сау­да, қоғамдық тамақтану және қоғамдық қызмет көрсету орындарында еңбектенетіндер. Департамент мамандары кәсіпкерлік ны­сандарына барып, сауда орнын жалға берушілер туралы мәлімет­тің толықтығын тексеріп, жұ­мыс берушілермен түсіндіру жұмыста­рын  жүргізуде. Биылдан бастап республика­­лық бюджеттен жұмыс берушілер­дің мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орын­дарын құруға кеткен шығын­дарын субсидиялау қарастырыл­ғанын айтқан облыстық жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­мет­тік бағдарламалар басқарма­сы бастығының орынбасары Ділдаш Ысқақова сауда нысандары мен қоғамдық қызмет көрсету орындарын мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықтап бейімдеу талаптарына кеңірек тоқталды. Жиын барысында кәсіпкерлер сала мамандарынан өздерін тол­ғандырған мәселелер бойынша кеңес алды.   Динара  ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, «Орал  өңірі»

Тексеру тобы жолға шықты

Күні: , 42 рет оқылды

Жуырда  Өңірлік  коммуникациялар  қызметінің  алаңында  «Батыс  Қазақстан  облысын  дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз  ету туралы»    брифинг  өтті.  Аталмыш  брифингке  спикер ретінде  өңірімізге  арнайы  іссапармен  келген  ҚР  Денсаулық  сақтау  министрлігі  Фармация  комитетінің  төрайымы  Людмила Бюрабекова,  «СК-Фармация»  ЖШС  басқармасы төрағасының  міндетін атқарушы  Шария  Исмұханова,  сондай-ақ  облыстық  денсаулық сақтау  басқармасының  басшысы  Қанат  Төсекбаев  қатысты.

Брифинг барысында Фар­мация комитетінің төр­айымы Людмила Витальевна елімізде өткен жылдан бастап күшіне енген дәрі-дәр­мекпен қамтуға байланысты ре­фор­маның ерекшеліктері туралы әңгімеледі. – Амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтуды орталықтандыру ре­формасына сай 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап амбу­ла­торлық емделушілерге қажетті дәрі-дәрмектің бәрі бірыңғай дис­трибьютор «СК-Фармация» ЖШС арқылы сатып алына бастады. Бұрын мұндай дәрі-дәрмектерді әр өңірдің денсаулық сақтау бас­қармасы әр түрлі бағамен тікелей сатып ала беретін. Дәрі-дәрмек бағасын бірыңғайландырып, бір ор­талық арқылы тұтастай, яғни мол көлемде сатып алынған кезде өндірушілер де, жеткізушілер де айтарлықтай жеңілдік жасайтыны түсінікті. Үнемделген қаражат тағы да қосымша қажет болған дәрі-дәрмек түрлеріне жұмсалатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жыл­дың бірінші қаңтарынан бастап барлық дәрі-дәрмектердің баға­сын реттеу туралы заң жобасы әзір­леніп, өткен жылдың соңын­да Мәжіліс депутаттарының қа­рауына жіберілді. Біз бүгінгі таң­да кепілдендірілген тегін медици­налық көмек аясында сатып алы­натын дәрі-дәрмек бағасын ғана реттейтін болсақ, аталмыш заң бойынша келесі жылдың басынан бастап мемлекет қаржысына сатып алынатын дәрі-дәрмектен бөлек коммерциялық секторда­ғы жекелеген дәріханаларда сатылатын дәрілердің бағасын да реттейтін боламыз. Сонымен қа­тар Денсаулық сақтау министрлігі әр өңірде сатып алынған дәрі-дәрмектің емделушілерге қажетті деңгейде жеткізіліп тұруын қада­ға­лайтын мониторингтік топ құр­ға­нын айта кетейік. Әр өңірде 500-ден кем емес емделуші болса, аталмыш мониторингтік топ қызметкерлері екі аптадай уақыт ішінде емделушілерге тікелей телефон соғып, тіпті кей жағдайда аяқтай аралап, науқастарға тара­- тылатын дәрі-дәрмектің жеткі­зілуіне тексеріс жүргізді. Нәтижесі қуанарлықтай болмады. Емде­лу­шілердің 86 пайызы ғана тиісті дәрі-дәрмекке толықтай қол жеткізген. Дерекқорда емделушінің қажетті дәрі-дәрмекті алғаны тура­лы мәлімет келтірілгенімен, шын мәнінде алмағаны анықтал­ған жағдайлар да кездесті. Сол се­бепті толыққанды тексеріс ұйым­дастырып, өңірлерді кезекпен ара­лап шығуды ұйғардық. Бүгінгі таңда осындай мақсатпен Батыс Қазақстан облысына келдік. Сосын тексеру тобы Шығыс Қа­- зақстанда болады. Осылайша бір ай көлемінде еліміз­дің барлық өңірлері тексеріліп шығады. Нәтижесінде жан-жақты қоры­тын­ды жасалып, тиісті дәрі-дәр­мекті алмаған тұрғындардың әрқайсысының мәселесін бүге-шігесіне дейін анықтап тексереміз, – деді ол. «СК-Фармация» басқармасы төр­ағасының міндетін атқарушы Шария Исмұханова бірыңғай дистрибьютор арқылы дәрі-дәрмек сатып алудың еліміз бойынша, со­- ның ішінде Батыс Қазақстан облысына қатысты ахуалына тоқталып өтті. – Бүгінгі таңда «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы еліміз бойынша тегін тараты­луы тиіс дәрі-дәрмектің 95 пайызы сатып алынды. Батыс Қазақ­стан облысындағы жағдайға келетін болсақ, 727 миллион теңге қаражатқа амбулаторлық және ста­ционарлық дәрі-дәрмек қоры бірыңғай дистрибьютор арқылы қажетті деңгейде жасақталған. Батыс Қазақстан облыстық денсау­лық сақтау басқармасының мәлі­меті бойынша, жыл басында дәрі-дәрмекпен қамтуда үзіліс болмауы үшін өткен жылдың соңында қажетті дәрі-дәрмек қорының 40 пайызы сатып алынған. Нәти­жесінде дәрі-дәрмек жеткізуде үзіліс болмаған. Қант диабетімен ауыратын науқастарға керекті дә­рі-дәрмектер туралы айтар болсақ, бірыңғай дистрибьютор ар­қылы қажетті инсулин қоры то­лықтай сатып алынды. Инсулин­ді жеткізу қаңтар айынан бастап жүргізілді. Инсулиннің өткен жыл­дан артылған қоры да болған. Яғ­ни инсулинді жеткізуде үзіліс болмаған, – дейді Шария Нұғыман­қызы.   Нұртас   НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал   өңірі»

Оқырмандар клубы ұйымдастырылмақ

Күні: , 40 рет оқылды

Өткен  апта  соңында  облыс  әкімінің  орынбасары  Ғабидолла Оспанқұлов  бейресми  жағдайда  мектеп  басшыларымен  жүз­десті.  Оқушылар  және  жастар сарайындағы  ашық  диалог алаңын­да  білім   ошақтарының  басшыларымен  емен-жарқын әңгі­мелескен  Ғабидолла  Абдоллаұлы  мұндай  басқосуларды дәстүрге  айналдыруды  ұсынды.

– Білім ошағындағы қандай мәселелерді болса да, бірлесе шешуіміз керек. Бұл орайда «Мектеп директорларының клубы» жұ­мы­сын жандандыруымыз қажет. Бұл клуб барлық мәселені ортақ қа­зан­ға салатын мектеп басшыла­рының бас қосар орнына айна­луы тиіс. «Елді түзетуді бала оқыту ісінен бастау керек» деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзі әлі күнге өз маңызын жоймағанын мойын­дауымыз керек. Кешегі ұйым­дастырылған «Математикалық регатаның» осы өңірден бастау алып, министрлік тарапынан қол­дау тап­қанына, олимпиада­да­ғы ұс­таздарымыздың жеңісіне ризашылық білдіремін. Ұстаз бойын­дағы са­йыскерлік қасиеттің білім сала­сында бәсекеге қабілеттілікті кү­шейтетіні анық, мұндай регатаны басқа пәндерден де өткізіп тұру керек, – деді  Ғабидолла Абдол­лаұлы. Облыс әкімінің орынбасары тоқ­талған мәселенің бірі – цифрландыру жайы. Осы бағытта көп­теген семинар-тренинг ұйымдас­тыруды қолға алу керек. Бұл орайда облыстық білім басқармасы­ның басшысы Шолпан Қадырова­ның таяуда ҚР Білім және ғылым вице-министрі алдында цифрлан­дыру мәселесі бойынша есеп бер­генін айтып өтті. Өз кезегінде облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Маратқызы да білім жүйесін басқару процесте­рін автоматтандыру қолға алынға­нын, осыған сәйкес балабақша­ларға кезекке тұру және жолдама беру кезегін автоматтандыру­дың жаңа стандарты бекітілгенін, мектептерге қабылдау, басқа бі­лім ұяларына ауысу электронды режімде іске асырыла бастайтынын мәлімдеді. Облыс әкімінің орынбасары та­рапынан айтылған ұсыныстың бі­рі – оқырмандар клубтарын ұйымдастыру мәселесі. – Ол үшін заманауи көркем әдебиеттің тізімі жасақталып, мектеп басшыларына осы тізім үлес­тірілуі керек. Әрбір мектеп басшысы өзінің кәсіби құзыреттілік деңгейін көтеруі, заман ағымына ілесе алуы үшін үнемі жаңа маз­мұндағы кітаптарды оқуы және ізденіс үстінде болуы шарт. Бір айдан соң оқырмандар клубында бас қосып, оқыған кітапты тал­- дауды әдетке айналдыруды ұсы­намын, – деді облыс әкімінің орынбасары.   Айнагүл СӘБИЕВА, облыстық  білім  басқармасының  баспасөз  хатшысы

Депутат өлеңдерін де оқыды

Күні: , 23 рет оқылды

Бейсенбі  күні  өңірдегі  мәдениет  саласының қызметкерлері  ҚР  Парламент  Мәжілісінің  депутаты,  Ауғанстан  соғы­сы  ардагерлер  ұйымдарының «Қазақ­стан  ардагерлері»  қауымдас­тығының төрағасы  Бақытбек  Смағұлмен  кездесті.

Басқосу барысында жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, оларға сапалы білім мен саналы тәр­бие беру, салт-дәстүрімізді жаңғырту,  жат ағымнан сақтану секілді мәселелер кө­терілді. Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ерлікке баулитын «Ауғанның от жалыны», «Оқ пен Отан», «Мен көрген соғыс», «Қан кешкен күндер», «На­мыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қаһарман» атты  патриоттық  кітаптардың  авторы. –  Қадыр Мырза Әли атындағы орталыққа келіп, ақын ағамыздың жерлестерімен кездесу мен үшін зор қуаныш. Соңғы екі жылда мәдениет саласының заңнамалары­на бірқатар өзгерістер енгізілді.  Сонда еліміздің батыс өңірінде көпке үлгі боларлық ауқым­- ды жұмыс атқарылып жатырғанына куә болдық. Елбасының  жариялаған үндеуле­рі, мақалалары мен  бағдарламалары  халық­тың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Біз Елбасы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, бес әлеуметтік бастамасы негізінде Қазақстанның әр өңірін аралап, шалғай ауылдар­дағы жастармен, тұрғындармен кездесіп жүрміз. Халықтың мұң-мұқтажын біліп, ше­- шімін таппай жүрген мәселелерді ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отыры­сында көтеру – біздің басты парызымыз.  Осы орайда айта кетсек, өңірлердегі мә­дени нысандарды негізсіз жауып тастау немесе біріктіру секілді мәселелер ҚР Пар­ламентінің Мәжілісінде қаралып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде мақұлданған соң ше­шім қабылданатын болады. Яғни шалғай ауылдардағы мәселелер «жабулы қазан» күйінде қалмайды. Мәңгілік елдің мақсат-мұраты жолында  қабылданған бағдарла­ма­ларды, мақалаларды халықтың қолдаға­ны маңызды. Сондықтан ата-бабалары­мыз­дың тарихын жадымызда ұстап, олардың көрген қиындықтарын ескере отырып,  бо­лашақта қайталанбауына жағдай жасауымыз керек. Ол үшін ұлттық құндылықта­ры­мызды жадымызда сақтап, ұрпақ тәрбиесі­не баса мән беруіміз керек, – деді Бақыт­бек Смағұл. Жиынды жүргізген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы­- ның басшысы Қадырболат Мұсағалиев мә­дениет саласы бойынша өңірде атқарыл­- ған жұмыстарға тоқталды. Кездесуде депутат өз шығармашылы­ғын­дағы патриоттық өлеңдерін оқыса,  са­ла қызметкерлері жалақы көбейсе деген ұсыныстарын  жеткізді.   Гүлсезім  БИЯШЕВА, «Орал  өңірі»  

Деркөлдегі жаңа мектеп

Күні: , 22 рет оқылды

Елбасы саясатының арқасында елімізде білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Президент жыл сайынғы Жолдауларында да осы білім саласына айрықша басымдық беруді ұмытқан емес. Ондағы басты мақсат – әр баланың сапалы әрі лайықты білім, саналы тәрбие алуына барынша жағдай жасау. Күні кеше Деркөл кенттік округіндегі есігін айқара ашқан жаңа мектеп те сол берілген тапсырмалардың орындалып жатқандығының бір көрінісі.

Сәуір айының екінші жаңасы деркөлдіктер үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Себебі, осы күні ауыл тұрғындары көптен күткен жаңа мектептің ашылу салтанатына куә болып, қуанышты сәтті бүтін бір ауыл болып қарсы алды. Жаңа №48 мектеп Деркөл кентінің «Көк-жиек» шағынауданында орналасқан 600 оқушыға арналған білім беру нысанының құрылысы 2016 жылдың қараша айында басталған еді. Кент тұрғындарының қуаны-шына облыс әкімі Алтай Көлгінов те ортақтасып, облыс үшін ма-ңызға ие жаңа нысанның ашылу салтанатымен құттықтады. – Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған жаңа мектеп – көптен күткен қуаныш. Бұл жыл басынан бері пайдалануға берілген екінші мектеп. Алдағы уақытта тек облыс орталығында емес, Бөкей ордасы, Зеленов, Ақжайық, Теректі аудандарында білім ұялары пайдалануға беріледі. Бұның барлығы Елбасының білім саласына деген ерекше қамқорлығы. Облыс бойынша бұл саладағы бюджет соңғы үш жылда 20 млрд. теңгеге артты. Биылғы жылға да ауқымды жоспарларымыз бар. Мұғалімдер жағдайына да Мемлекет басшысы баса назар аударуда. Осы орайда жаңа форматқа оқуға көшкен мұғалімдердің жалақысы көбейетін болады. Оған қазір республикадан тиісті қаражат күтіп отырмыз. Бастысы, жыл сайын бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін осы кенттегі оқушылар №12 мектепте оқыды. Ол мектепте оқушы саны көп болды. Енді бұл шағынауданның оқушылары өз мектебінде білім алады. Мұнда су берілді, газ келді,  жол да жақсарып келеді. Бұның бәрі –  экономикамыздың дамуының көрсеткіші. Жақында Елбасымыз өзінің бес әлеу-меттік бастамасын жариялады. Ол жерде тұрғын үй, жастарды жатақханалармен қамту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, жалақысы төмен тұрғындардан ұсталатын салық мөлшерін азайту, елді мекен-дерді көгілдір отынмен қамту секілді маңызды мәселелер ай-тылды. Бұның барлығы мем- лекеттің халыққа деген қамқорлығы. Біздің басты мақсатымыз – өскелең ұрпақтың са-палы білім, саналы тәрбие алуларына барынша жағдай жа-сау. Ал жас жеткіншектер осындай білім ошақтарында алаң-сыз оқып, заман талабына сай білім алып, сөйтіп бола- шақта елінің ертеңі үшін аян-бай еңбек етулері керек, –  деді Алтай Көлгінов. Мұнан кейін сөз алған «Көкжиек» шағынауданының тұрғыны, ардагер ұстаз Балымжан Байырқызы да бүгінгі есігін айқара ашып жатқан су жаңа мектептің тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып, даң-қын арттырып, бәсекеге қабілетті түлектер ұшатын бі- лімнің қара шаңырағына ай-налуына тілектестігін білдірді. Айта кетейік, мектептің құрылысына 1 255,609 млн. теңге қаражат жұмсалған болатын. Жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метр мектеп ғимаратында 56 кабинет бар. Сонымен қатар 25 оқырманға арналған кітапхана, 2 шеберхана, барлық құралымен жабдықталған спорт зал, 200 орындық мәжіліс залы, радиоторап кабинеті, 130 орынға арналған мектеп асханасы бар. Барлық кабинет проектілік экранмен жабдық-талған. Мектепке 500 оқушы, шағын орталыққа 100 оқушы қабылданбақ. Мектеп құрылысын жүргізген «Алтим» серіктестігінің бас директоры Серік Татжекенов мектеп директоры Артур Мұса-ғалиевке жаңа ғимараттың сим-волдық  кілтін  табыстады. Салтанатты ашылудан соң облыс әкімі мектеп ішін аралап, оқушылармен, мұғалімдермен кездесті. Мектептің ашылу рәсіміне ерекше көңіл күймен келген бүлдіршіндер көпшілік алдында ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Ербол ҚАБИЕВ, ардагер ұстаз: –  Өзім Сырым ауданының тумасымын. Жетікөл ауылындағы орта мектепте 41 жыл ұстаздық қызмет атқарған жанмын. Осы «Көкжиек» шағынауданына бірер жыл бұрын көшіп келдім. Немерем Аруна Ерболова осы мектептің 4-сыныбында оқиды. Бұрын №12 мектепте білім алды. Ол мектепке автобуспен қатынаған болса, енді, міне, үйдің қасынан жаяу барып келуге болады. Сәні мен салтанаты келіскен мектепті аралап шықтым. Өте тамаша салынған. Өткен жылы шағынауданның барлық көшесіне тасжол төселді. Біз секілді қарапайым халықтың жақсы өмір сүруі үшін қажет жағдайды жасап жатқан Елбасына және өңір басшыларына үлкен алғыс айтамын.   Артур МҰСАҒАЛИЕВ, №48 орта мектептің директоры: – Бұл мектеп оқушыларды толыққанды қазақ тілінде оқытатын болады. Бұл жерде оқушыға сапалы білім беруі үшін қажет жағдай жасалған. Атап айтқанда, мектепте екі химия кабинеті, екі физика кабинеті, екі спорт зал, асхана, мәжіліс залы толықтай жабдықталған. Сонымен қатар бұл шағынауданда бүл-діршіндерге арналған балабақша жеткілік-ті болмағандықтан, мектеп жанынан 100 балаға арналған шағын орталық ашылды. Бұл білім ошағының тағы бір ерекшелігі – оқушыларға кәсіптік бағдар беру, ғылым-мен шұғылдануға қызығушылықтарын ояту мақсатында «Бастау» бизнес инкубатор кабинеті ашылды. Жас жеткіншектерді ғылыми жобалар жасақтауға, шығарма- шылық жұмыс жасауға баулитын бұл бас-тама облыс көлемінде тұңғыш рет қолға алынып отыр.   Аружан САҒИДУЛЛИНА, 7-сынып оқушысы: – Жаңа мектепке ауысқаныма қуа-ныштымын. Физика, химия, биология, география, мультимедия, информатика кабинеттері жабдықталып, ғаламтор же-лісіне қосылған. Мектептің қоғамдық өміріне толыққанды араласуымыз үшін мәжіліс залы, спорт зал, кітапхана барлығы жасақталған. Мектепте асық, тоғызқұмалақ секілді қазақтың ұлттық ойындарын дамытуға аса мән берілген. Сабақ ара-сындағы қоңырауда балалар ойын алаңында жиналып, ұлттық ойындар ойнайды. Жаңа мектеп маған қатты ұнады.   Нұрбек ОРАЗАЕВ, «Орал өңірі»

Іскер қыз-келіншектер бас қосты

Күні: , 26 рет оқылды

Сенбі  күні  Х. Бөкеева атындағы  облыстық  қазақ  драма  театрында  іскер әйелдердің  облыстық форумы  өтті.

Шараға өңірдің бизнесте жүрген белсенді өкілдері қатысты. Жиын қыз-келіншектер басшылық ететін кәсіпорындардың өнімдері қойылған көрмемен ашылды. Көрмеге «Балзия», «Омаров торт-тары» кондитерлік цехтарының тәтті тағамдары, «Тұмар» қолөнер шеберханасының бұйымдары, «Мария ханым» сән үйінің киімдері қойылды. Форумның ашылу салтанатында облыс әкімінің орын-басары Миржан Сатқанов, қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының директоры Сәкен Карин мен палата жанындағы іс-кер әйелдер кеңесінің төрайымы Жұлдыз Құспанова сөз алып, ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген қыз-келіншектердің жұмысына сәттілік тіледі. – Баршаңызға белгілі, Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясында еліміздегі шағын және орта бизнестегі өнімнің үлесін 50 пайызға жеткізу көзделген. Өңіріміз сол үдеден шығуға тырысуда. Облысымызда қалыпты жұмыс істеп тұрған 48 мың-ға жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысан болса, оның 22 мыңға жуығын нәзік жандылар басқарып отыр. Аталмыш көрсеткіш бүгінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметімен айналысуға деген белсенділігін көрсетеді. Сіздердің кәсіптеріңіз арқылы еліміздің экономикасы дамымақ. Сондықтан дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді облыс әкімінің орынбасары  Миржан  Сатқанов. Сәкен Карин аталмыш форум қыз-келіншектердің кәсібіне тың серпін беретінін жеткізді. – Біз сіздердің кәсіптеріңізді дамытуға мүдделіміз. Қытайлық «Alibaba» ірі интернет компания-сының негізін салушы Джек Ма өз жетістігінің сыры арулар екенін айтқан. Өйткені олар өз-дерінен гөрі отбасының өзге мүшелеріне қамқор болғанды ұнатады. Бұл форум бизнестеріңіздің дамуына жаңа идея қосады деп сенеміз, – деді  Сәкен Карин. Шара барысында бірқатар іскер арулар облыс әкімінің атынан алғысхатпен марапаттал- ды. Олардың қатарында «Балзия» кондитерлік цехы мен дүкендер желісінің қожайыны Балзия Евенеева, «Мария ханым» сән үйінің құрылтайшысы Мария Құспанова, Батыс Қазақстан инновациялық технологиялар университетінің құрылтайшысы Ләззат Рысбекова, «Жайық Дент» стоматологиялық орталығының құрылтайшысы Меруерт Мусина, «Есет» шаруа қожалығы және «Заря Востока» базарының басшысы Айгүл  Молдашева  бар. Форумда ел  экономикасының дамуындағы әйелдердің рөлі, олардың кәсібін қолдау және  қоғамдағы  белсенділігін арттыру тақырыбында баяндамалар оқы-лып, облыс әкімдігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  жанындағы іскер әйелдер кеңесі өзара ынтымақтас-тықты дамыту туралы меморандумға қол қойды.   Гүлсезім БИЯШЕВА, «Орал өңірі»

Ұлттық бірегейлік – тұрақтылық негізі

Күні: , 37 рет оқылды

Таяуда  М. Өтемісов атындағы  БҚМУ-да  «Ұлттық бірегейлікті  сақтау:  қағидат және  қазақстандық  тәжірибе» атты  республикалық  ғылы­ми-тәжірибелік  конференция өтті.  Оған  ҚХА-ның мүшелері, ұлттық-мәдени  орталықтардың  жетекшілері, көрші  өңірлердің  ғалымдары, ЖОО-лардың  оқытушылары мен  студенттері  қатысты.

– Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев­тың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ла­сының жарық көргеніне биыл жыл толып отыр. Осы мерзім ішінде «Рухани жаңғыру» бағытында талай іс тындырылды. Ең бастысы, жастармен жүйелі жұмыс атқарылуда. Алдағы мақсаттар айқындалып, сол бағыттағы жұмыс­тар қолға алынды. Біз бүгін алты бағыттың бірі – ұлттық бірегейлік жөнінде сөз етпекпіз, – деді жиында  БҚМУ-дың жанындағы «Руха­ни жаңғыру» институтының ди­ректоры Әсет Тасмағамбетов. Конференцияда  филология ғы­лымдарының кандидаты, Х. Дос­мұ­хамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті Жомарт Мұхамбетов, «Ламед» ев­рей ұлттық-мәдени орталығы төр­айымының орынбасары Феликс Баю­канский, тарих ғылымдары­ның кандидаты, БҚМУ-дың доценті Захот Мұхлисова және басқа­сының  баяндамалары тыңдалды. – Өткен ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов: «Аллаға шү­кір, санымыз алты миллион­ға жет­ті» деп жар салып, халқы­нан сүйінші сұраған-ды. Өкініштісі сол, осы ғасырдың ортасында қазақтың саны екі миллионға де­йін құлдырап, төмен түсті. Ал сол кезде 2 млн. болған өзбек ағайын қазір 32 миллион адамды құрап отыр. Әйтеуір тәуелсіздік жылдарында қандастарымыздың саны қайта жоғарылады, мәселен, 2009 жылы атақоныстағы қазақтың са­ны ел халқының 65, ал былтыр 71 пайызын құрады, – деді М.Өте­місов атындағы БҚМУ-дың доценті, тарих ғылымдарының кан­ди­да­ты Жаңабек Жақсығалиев. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың док­торанты, әлеуметтану магистрі А. Әменов өз баяндамасында  Қазақтың киелі жерінің қатарына көрші елдегі Қазақстанның тұң­ғыш астанасы, «Алаш» қозғалысы­ның алғаш рет ту тіккен жері болған Орынбор қаласы, Астрахан гу­бер­ниясындағы Құрманғазы баба­мыздың сүйегі жатқан Алтын­жар сынды елді мекендерді де қосып, оларды «Рухани жаңғы­ру» бағдар­ламасын іске асыруда  пайдалан­ған  дұрыс  екенін  айтты. Серік  ІЗБАСАРҰЛЫ, «Орал  өңірі»

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика