Мұрағат: 13.03.2018


Электротехника және радиоэлектроника бұйымдары қауіпсіз болады

Күні: , 58 рет оқылды

2018 жылғы 1 наурызда  «Электротехника  және радиоэлектроника бұйымдарында  қауіпті заттарды пайдалануды шектеу туралы» ЕАЭО техникалық регламенті күшіне енді.

Бұрын ЕАЭО елдерінде тұрмыстық техникадағы зиянды заттардың қолданылуын анық шектейтін нормативтік актілер болмады.

ЕАЭО аумағында техникалық регламент күшіне енгеннен бастап кең таралған тұрмыстық құралдарда компьютерлер, теледидарлар, тоңазытқыштар, ұялы телефондар және т.б. қорғасын, сынап және басқа да адам денсаулығы мен экологияға зиянды металдарды пайдалануға тыйым салынады немесе шектеледі.

Техникалық регламенттердің күші бірыңғай одақ нарығында сатылатын көптеген тауарлар таралады. Олардың ішінде түрлі тұрмыстық аппаратура, телекоммуникация және жарықтандыру жабдықтары, электрлендірілген құралдар, бос уақытқа және спортқа арналған жабдықтар, сауда автоматтары және т.б. бар.

Осы техникалық регламентке сәйкес электротехника  және радиоэлектроника бұйымдары оның құрамы сынап, кадмий, алты валентті хром, полиброминатталған дифенил және полиброминатталған дифенилэфирлер болмайтындай етіп  жасалуы қажет. Техника жасауда қолданылатын біртекті материалдарда қауіпті заттардың рұқсат етілген салмағы пайызбен алғанда 0,1-ден, ал кадмий — 0, 01 аспауы тиіс. Бұл зиянды заттардың адамзатқа немесе табиғатқа зиян келтіре алмайтын өте кішкене бөлігі болып табылады.

Бұдан басқа, электротехника  және радиоэлектроника бұйымдарына бірыңғай айналым және регламент талаптарына сәйкестігін растау ережелері енгізілді.

Алайда, Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО аумағында 2020 жылғы 1 наурызға дейін өнімді ұлттық ережелері бойынша айналымға шығаруға және өндіруге рұқсат ететін екі жылдық өтпелі кезеңді белгіледі. Бұл кәсіпкерлерге өндіріс технологиясын өзгерту және сәйкестікті бағалау органдарына одаққа мүше мемлекеттер заңнамасында белгiленген тәртіпте аккредиттеуден өту үшін қажет.

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология

комитетінің БҚО бойынша департаменті


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика