Мұрағат: 01.03.2018


Абайлаңыз! ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ!

Күні: , 577 рет оқылды

Орал қаласы бойынша жедел  вирусты В гепатінің   2 жағдайы тіркелді.

Вирусты  гепатит — вирустық  инфекция тудыратын бауырдың қабынбалы ауруы. Жалпы жұқпалы аурулар арасында алдыңғы қатардағы дерттің бірі. Қазіргі таңда мына вирусты гепатиттер -А,В,С,Д және Е толық зерттелген. А және Е гепатитіне шалдығудың себебі вирус адамға ауыз-нәжіс, тұрмыстық-қатынастық, алиментарлық, су жолымен таралады. Яғни, науқас жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда тағамға немесе суға вирус түсіп басқа адамға жұғуы мүмкін.

В, С және Д гепатиті  ауру адамнан парентералдық байланыс нәтижесінде  жұғады.

 В және С вирусы  аурудың созылмалы түрге ауысып және бауыр циррозына немесе біріншілік бауыр обырына әкеледі. Кейбір адамдарда инфекция жұққаннан кейін симптомсыз жүреді.

 Гепатит бауыр созылмалы  ауруға шалдықпайынша ондаған жылдар бойы ауру белгілерінсіз өтуі мүмкін. Сондықтан қазір гепатит ауруының «жасырын індеті» кеңінен тіркелуде.

Медициналық тексеріс кезінде анықталады, оған сырқаттанушының өзі бейхабар болуы мүмкін. Ондаған жылдар бойы ауру белгілерінсіз өту кезінде  науқас  айналасындағы адамдарға әр түрлі  жолдармен жұқтыруы мүмкін.

В гепатитіне қарсы екпе міндетті екпе ұлттық күнтізбесіне енгізілген.  Нәресте  дүниеге келгеннен кейін, алғашқы жылында үш екпе  салынады. Үш екпенің біріншісі перзентханада нәресте  дүниеге келеннен кейінгі 12 сағат  ішіңде егіледі. Екпе алғандарда жұқпаға  қарсы  иммунитет қалыптасады. С вирусты гепатитіне қарсы екпе әлі күнге дейін жоқ.

В және С вирусты гепатиттердің жұқтыру жолдары.

  • вирусты В және С гепатитімен ауратын науқаспен немесе қоздырғышты  тасымалдаушымен  есірткемен бірге пайдаланған кезде  жұғады
  • кездейсоқ жыныстық қатынас кезінде
  • сән салондарда құлақты тестіру, татуаж, маникюр, педикюр, пирсинг жасау кезінде  құрал-жабдықтарды  қолдану арқылы
  • медициналық мекемелерде жұқтырылған қанды және оның препараттарын құйғанда, стоматологилық және медициналық  манипуляциялар  жасау  кезінде
  • Жұқтырған анасынан балаға босану жолдарынан  өту кезінде беріледі
  • Жеке бас тазалығын сақтайтын құралдарды жалпылай пайдаланған уақытта (маникюр құралдары, сақал қыратын ұстара, тіс щеткасы).

Вирусты В және С гепатитпен ауыратын науқаспен  қатынаста болғандар тексерістен өтіп, гепатит В-ға қарсы   толық екпе алуы қажет. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Орал қалалық  қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасы

жетекші маманы                                                                          Дариға  Утесинова


Туберкулез емделетін дерт

Күні: , 570 рет оқылды

Туберкулез —  жұқпалы ауру, адам ағзасында туберкулездік бактериялар арқылы пайда болады. Бұл ауру көбінесе өкпені зақымдайды, бірақ мидың, суйектердің, көздің, бөтекенің, шектердің және т.б. мүшелердің туберкулезі кездеседі.

Туберкулездік бактериялар ауырып қалған адамның өкпесінде өсіп көбейеді.Содан соң өкпе қабыну кезінде миллиондаған бактериялар бар каверна ошақтары пайда болады. Ауру адамнан сөйлегенде,жөтелу, түшкіру арқылы бактериялар қоршаған ортаға бөлінеді. Бұл бактериялар ауада бірнеше сағат өмір сүреді. Науқас ұзақ уақыт желдетілмеген бөлмеде (үйде, жұмыс кабинетінде,аурухана палатасында, автокөлікте,абақты камерасында) болса бактериялар көбейіп, басқа адамдар да ауа арқылы осы ауруды жұқтыру мүмкін. Студенттер арасында бұл аурудың болу себебі: миграция (көшу-қону), жаңа жерге адаптация, жүйкеге қатты салмақ түсуі, дұрыс тамақтанбау, жатақханаларда адамның көп болуы, темекі шегу, ішімдік ішу, материалдық жағдайының төмендігі әсер етеді.Және үйдегі, оқу, жұмыс бөлмелерінде   ауа  температурасының қатты өзгеруіне байланысты   адам ағзасына әсер етеді:біресе ыстық және салқындық гипоксия,жұмысқа қабілетсіздік, жұқпалы және т.б. аурулардың пайда болуы мүмкін.  Туберкулез ауруын флюорография, рентген арқылы және туберкулиндік Манту сынамасымен анықтайды. Туберкулездік бактерияларын анықтау үшін адамның қақырығын бактериоскопиялық әдіспен тексереді.

     Туберкулезбен ауырмау үшін:

1.Салауатты өмір салтын ұстану қажет; бұл дұрыс     тамақтану (ет, сүт, балық,көкөніс,жеміс-жидектер), физикалық қозғалыс, спортпен шұғылдану, темекі,ішімдік,нашақорлықтан бас тарту.

2.Дәрігерге уақытында қаралу.

3.Жыл сайын флюорографиялық тексерістен өтіп тұру.

4.Жеке бас гигиенасын сақтау:  жөтелгенде, түшкіргенде ауыз –мұрынды жауып тұру.

5.Балаларды уақытында вакцинациялау.

6.Таза ауада, табиғат аясында көбірек болу.

7.Бөлмелерді жиі желдету.

8.Кез келген жерге түкіріп-қақырмау.

Туберкулез емделеді оның арнайы дәрілері бар, ауру тегін емделеді. Уақытында анықталған ауру тез жазылудың кепілі.

                                               Орал қалалық ҚДС басқармасының

                                                  жетекші маманы Ж.С. Нургалиева


Технология арқылы оқыту

Күні: , 332 рет оқылды


Лайықты әрі сапалы білім алу – оқушылар үшін өмірлік маңызды міндет. Мақсатқа жету үшін оқушылардың сабақ кезіндегі қызығушылықтарын арттырып, оқу процесін қызықты ету қажет. Осы мақсатта оқу орындарында интерактивті технологиялар мен қазіргі заманғы коммуникация құралдары қолданылады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқарамасы қызметкерлері Жедел құтқару жасағы қызметкерлерімен бірігіп «112» Шұғыл қызметі» және «Құтқару қызметтерін көрінеу жалған шақыру» тақырыбындағы өте байыпты және танымдық сабақ өткізді.


Интерактивті сабақ жүргізу барысында Департамент қызметкерлері Батыс Қазақстан облысының орта білім беретін мектептері мен колледждерінің білім алушыларын «112» Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің барысымен таныстырды.

«112» Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет – бұл жеке және заңды тұлғалардан төтенше жағдайлардың пайда болу алғышарттары немесе пайда болуы, өрт, өмірге қауіп төну және адамдардың денсаулығына зиян келтіру және басқа да шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін жағдайлар туралы хабарламаларды өз құзіреті шегіндегі шұғыл қызметтердің жауап беруі бойынша кезекті іс-әрекет үйлесімділігін жасайтын қабылдау және өңдеу қызметі. Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері «112» телефон номерін терген білім алушыларға бірнеше міндетті ережелерді ескертті. Бірінші кезекте жауапты күту қажет – Сізге міндетті түрде жауап береді, қоңырауды лақтырып тастап сіз тек БКДҚБ-ның жедел кезекші көмекшісінің жұмысын қиындатып (ол қоңырау шалынған номерге қайта қоңырау соғады) қана қоймай, сонымен бірге жауап күту кезегінің (әрбір қоңырау жаңа қоңырау ретінде қабылданады) ең соңына түсіп қаласыз. БКДҚБ-ның жедел кезекші көмекшісінің сұрақтарына нақты және сабырлы жауап беру қажет. Қиын жағдайға түскен адам өз-өзіне ие бола алмай, өзінде және оның айналасындағы адамдарға не болғанын сауатты түрде түсіндіре алмай қалатыны белгілі жағдай. Осы кезде БКДҚБ-ның жедел кезекші көмекшісінің жетелеуші сұрақтары болған жайдың толық бейнесін еске түсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан БКДҚБ-ның жедел кезекші көмекшісіне көп сұрақ қойғаны үшін ашуланудың қажеті жоқ, мұның орнына оларға қысқа әрі анық жауап берген жөн. Сондай-ақ, зардап шегуші немесе куәгер БКДҚБ-ның жедел кезекші көмекшісінен алынған барлық нұсқаулықтарды сақтауы қажет. Егер оқиға орнындағы жағдай өзгеріп кетсе (ушығып немесе жақсарып кетсе) «112» номеріне қайтадан қоңырау шалып бұл жөнінде хабарлау қажет.

Шұғыл жағдайға байланысты сізге типтік сұрақтар қояды:

оқиға болған орынның нақты мекенжайы және/немесе оның шамамен бағдары;

оқиға орнына жету схемасы;

сіз қоңырау шалып тұрған телефонның номері;

сіздің Т.А.Ә (аты-жөніңіз);

болған оқиға туралы, зардап шеккендер (егер олар болса) туралы  толық ақпарат.

Интерактивті сабақтың соңында қоңыраулардың маңыздылығын, шұғыл қызметтердің шақыру қызметін анықтама қызметі ретінде пайдаланудың қажет еместігін, сондай-ақ, шұғыл шақыруларды кішкентай балалардың жасамауын қадағалап немесе телефонның өзі еріксіз түрде осы номерді теруін болдырмау қажеттігін түсінді. Себебі бұл Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдесіндегі №235 V Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 438 «Арнайы қызметтерін көрінеу жалған шақыру» бабына сәйкес әкімшілік айыппұл төлеуге әкеп соқтырады.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД облыс тұрғындарына БҚО ТЖД БКДҚБ қызметкерімен аса маңызды емес сұрақ бойынша сөйлескен немесе олардың қоңырауы бойынша кері қоңырау шалуға мәжбүр болған кезде, басқа біреу нағыз кезек күттірмейтін көмекке зәру болып қалатынын ескертеді.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасы


Наиф мүфти медресенің жай-күйімен танысты

Күні: , 66 рет оқылды


Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасының орынбасары, наиб мүфти  Алау Әділбаев Батыс Қазақстан облысында болып,  рухани білім ордасы «Орал»  медресесінің ұлағатты ұстаздарымен, діни ілім алып жатқан шәкірттерімен кездесті.


Алдымен  діни білім ордасының директоры Әлімхан Тұрлыбеков сөз алып, арнайы келген қонақтарды Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасының орынбасары, наиб мүфти  Алау Әділбаев пен жаңа тағайындалған өкіл имам Еркебұлан Қарақұловты шәкірттерге таныстырды.

Наиф мүфти медресесінің шәкірттерімен танысып, сұхбат жүргізіп оқу сыныптары мен шәкірттердің жатақханасын, демалатын орындарын аралап медресе ұжымының  атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді. «Бұл медреседе оқып жатқан шәкірттердің болашағынан үмітіміз зор, Алла қаласа, осы оқу ордасынан дінімізге үлкен үлес қосатын азаматтар  шығады деген үміттеміз», Алау Шайқымұлы деді. Сондай-ақ, кездесу барысында наиб мүфти Алау Әділбаев медресенің жай-күйін бақылап, алдағы уақытта медресемен тығыз қарым-қатынас орната отырып бірігіп жұмыс жасасақ, біз ала-алмайтын қамал болмас. Бір атаның баласындай жұмыла жүк көтерсек , асыл дініміз әлі-ақ қанатын кеңге жаяды, — дей келе, өзінің алға қойған ұсыныстары мен тілектерін жеткізіп, медресе ұстаздарының істеріне сәттілік тіледі.

 Нұрлан Қабыкеш


Өкіл имам имам-молдалармен жүздесті

Күні: , 87 рет оқылды


26 ақпан күні ҚМДБ-ның БҚО  бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов облыс, қала мешіттерінің имам-молдаларымен кездесті.


Жиналыс барысында өкіл имам Еркебұлан Ибрагимұлы  мешіт тынысымен тынысып, «Ислам және отбасы жылы» аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін пысықтады. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның ел мешіттеріне белгілеп берген жұмыс жасаудың «төрт бағыты» туралы кеңінен тоқталып, қызметкерлерге аталмыш жұмыс бағыттарының бүгінгі ел өміріндегі мән-маңызына тоқталды.

Облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов: «Бәрімізге белгілі ҚМДБ жалпы өз жұмысын басты төрт бағытта жұмыс істейді. Олар: уағыз-насихат,  діни сауат ашу, жат ағымдармен жұмыс жəне қайырымдылық істері.Әрбір имамның, әрбір қызметкердің жұмысы жоспарлы да жүйелі түрде болуын талап етемін.. Сол арқылы, құрметті имам-молдалар, біз халыққа асыл дінімізді, Ислам құндылықтарын Алланың үйінен ғана алуға, үйренуге шақыруымыз керек. Сонымен бірге, соған өзіміз атсалысуға тиіспіз»,-деді.

Мешіт имам-молдаларының атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіре келіп, бас имам мешіттің имам-молдаларының жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақыттарда атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы бір қатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Осындай игі  шара  облыстық мешіт қызметкерлерімен  өз жалғасын тапты.

Нұрлан САМАТҰЛЫ


Басты міндет – ЕСКЕРТУ!!!

Күні: , 41 рет оқылды


Республикадағы ең маңызды құбылыстардың бірі өрт мәселесі болып қала береді, бұл экономикалық және экологиялық, әлеуметтік және гуманитарлық  мәселе. Талдаулар көрсеткендей бұл мәселені тек қана техникалық құралдармен шешу біріншіден, экономикалық сала бойынша мүмкін емес, сондықтан өртті басу және болдырмау техникасы үнемі жетілдіріліп отырғанмен, өрт жағдайын бірден азайтуда өртке қарсы үгіт-насихат жұмыстары маңызды рөл атқарады.


Бүгінде Батыс Қазақстан облысындағы өртке қарсы үгіт-насихаттың орнықты тәжірибесі бар және болашақта оның халықтың көп бөлігіне әсер етуінде сапалы серпіліс жасайтынын сеніммен болжауға мүмкіндік беретін тұтас игі сәттер қатарын түзеген. Ойластырған жүйемен толықтырылған өскелең ұрпақ тәрбиесіне бұлайша әсер ету отқа сақтықпен қарау бойынша әрбір адамда өрт қауіптілігі сезімі мен моральдық нұсқаулардың қалыптасуына негіз болады.

Өртке қарсы үгіт-насихатты жетілдіре, халықтың өрт туралы білімін оқыту арқылы жақсарта отырып, біз біздің облысымыздағы өрттер және олар тудыратын зардаптар санын қысқартудың ең маңызды резервтерін әкелеміз. Бұл тұрақты, тынымсыз және қызу жұмыс алғыспен өтеледі.

Департаменттің жақын уақыттағы негізгі міндеті өртке қарсы үгіт-насихатқа ықпалды түбірімен өзгерту, азаматтық қорғаныс қызметінің бұл түрін шешуші түрге көшіру басымдығын қайта қарау. Бұл үшін Департамент қызметкерлері өздерінің практикалық қызметінде жаңа формаларды үнемі іздестіре отырып барлық мүмкін болатын құралдар мен арналарды пайдалану арқылы дәстүрлі формаларды жетілдіруді, ұйымдастыру құрылымдары мен кәсіби шеберлікті шыңдауды, қоғаммен байланысты кеңейтіп, нығайтуды жалғастыруда.

Бұл жолы БҚО ТЖ жөніндегі департаменті Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен біріге отырып өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды жандандыру мақсатында Орал қаласының  көпшілік көшелерінің заманауи аялдама кешендеріне қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша 18 тақырыптық баннер орнатты. Баннерлер ақпаратты күндіз де, түнгі уақытта да көрсетуге мүмкіндік беретін жарықдиодты қорапқа орналастырылған.

Насихаттың мұндай тәсілі профилактикалық жұмыстың жалғасы болды, себебі бұдан бірнеше ай бұрын қаланың маршруттық автобустары өртке қарсы профилактика стилінде безендірілген болатын. Жарқын автобустар мен жарқыраған аялдама кешендері облыс тұрғындарына, маршруттық автобус жолаушыларына және автокөлік транспорты жүргізушілеріне адам өмірінің құндылығын және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске түсіреді. Сондықтан басымдылық  кез келген сәтте көмекке келуге дайын ҚҰТҚАРУШЫ қайырымды кәсібіне берілген.

Ерлан Турегелдиев, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  Өрт қауіпсіздігі саласындағы  бақылау және профилактикалық жұмыс басқармасының бастығы,  азаматтық қорғаныс подполковнигі 


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика