Мұрағат: 27.02.2018


Менің отбасым -менің байлығым

Күні: , 661 рет оқылды


ҚР ІІМ ҚАЖК РУ-170/1 мекемесінде шаруашылық қызметі жасағындағы сотталғандардың арасында ақпан  айында тума-туысқандарымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.


Іс шараға мекемеменің режим және күзет, жедел және сотталғандар арасында тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімінің қызметкерлері қатысып, сотталғандардың туыстарына қауіпсіздік бойынша нұсқау өткізіп, жазасын өткерушілердің жағдайларын нақты түсіндіріп өтті. Кездесу барысында шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандардың тума-туысқандары, олардың тұрмыс, ұстау шартымен танысып, жатақхана, асхана, тәрбие жұмысын жүргізу бөлмесіне, өз көздерімен жасақ жағдайын қөрді. Режим талаптарын орындау, күн тәртібі мен жеке гигиена ережелерімен танысты. Кездесу барысы достық жағдайда өтті.

«Ашық есік күні» шеңберінде аталған шараға келген сотталғандардың туысқандарымен жеке сұрақтар бойынша қабылдаулар өткізілді. Қабылдауға мекеменің тәрбиелік, режимдік және жедел қызметтердің мамандары қатысты.    Азаматтардан өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алып, кеңестер оздырылды. Сотталғандардың тума-туысқандары және сотталғандардың өздері мекеме әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.

РУ170/1мекемесі 

әділет  капитаны 

Б.Какимов


Қазақ тілінің негізін қалаушы

Күні: , 665 рет оқылды


Қазақ халқының бір тума ұлы А.Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын таныту, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Өлеңдерін мәнерлеп оқыта отырып, идеясын меңгертіп, теориялық талдау жасау мақсатында № 1 қалалық кітапханасында —  жазушы, педагог, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай портрет кеші өткізілді.


Кітапханашы Ф.Қ.Қарабаева шараны жүргізіп, «Әдебиет – халықтың рухани байлығы » — демекші,  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын насихаттау бағытында  ұлы тұлғаларды, ақын – жазушыларды ұлықтауда Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым – лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы екенін айта отырып, бар оқығаны: ауылдағы екі жылдық, Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектептерімен шектелгеніне қарамастан, «өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған тапша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмаш болып, кейбірі арын сатып, ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды…, халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті» — деген С.Сейфуллиннің сөздерінен мысал келтіре отырып  «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, кітапхана қорындағы әдебиеттерді таныстырды.

Ғаламтордан алынған А.Байтұрсыновқа арналған видео – ролик көрсетілді.

№ 1 МБК – нің 8 а сынып оқушылары Назерке Қуанова, Айым Темірғалиева, Алихан Жолдыбаев А.Байтұрсыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Кітапхана меңгерушісі А.Ж.Қарақұлова:  Ол отаршылықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. Қуғын-сүргінге түссе де, түрмеге қамалса да ұлтын сүйген ұлтжанды Ахмет Байтұрсынұлы ақталды.

Ол өзі атқарған үлкенді-кішілі қызметті де, сабақ берген мектепті де, халқына қалтқысыз қызмет етудегі өз идеясын, өз саясатын жүзеге асырудың құралы етті.Сондықтан да қазіргі насихаттаудың басты мақсаты рухани жаңғыруда озық ойлы, саналы азаматтары болыңыздар – деп шараны қорытындылады.

№ 1 қалалық кітапхана меңгерушісі А.Ж.Қарақұлова


«Бизнес кеңесші» курсы аяқталды

Күні: , 71 рет оқылды


Переметное ауылында кестеге сәйкес, «Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау  шаралары» бизнес бастамасының төртінші бағыты аясында, «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» екі күндік қысқа мерзімді   оқыту курстары өтті.


«Бизнес-Кеңесші» жобасы кәсіпкерлерге, кәсіпкерлік бастаманы танытқан азаматтарға арналған  қысқа мерзімді оқыту курстары. Оқытуды аяқтаған тыңдаушыларға «Бизнес-Кеңесші» оқыту курсының сертификатты табысталады және бұл сертификат даму банкінің несие кепілдеріне және гранттық қаржыландыруына мүмкіндік беретін құрал. Мемлекеттік бағдарламалар аясында, бұл сертификаттар қажетті құжаттардың тізбесіне кіреді.

Зеленов ауданында жоғарыда аталған жобаға қатысып, бар кәсібін кеңейтуді және ойындағы бизнес жоспарын іске асыруды қолға алған азаматтар аз емес. Міне сол жандарға мүмкіндік беру үшін аудандық Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша білім алам дегендер көп. Аймақтың барлық округтерінен келген 35 болашақ кәсіпкерге екі күн бойы кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес жоспар құру, маркетингтік қызмет, кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері және бизнесті жүргізуге қатысты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдылары сияқты сабақтар жүргізді.

Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсел Қартқожақова: -«Бизнес кеңесші» жобасы бойынша жыл сайын оқыту курстары өткізіліп тұрады. Аудан тұрғындарының белсенділігі де жоғары.  Оларға облыс орталығынан арнайы келген бизнес тренер Зүлфия Халилова сабақ жүргізді.  Өз еркінмен де келіп жатырғандар аз емес. Тіпті, дайын идеяларын да ұсынғандар көп. Бұл курс кәсіп ашам дегендерге таптырмас мүмкіндік,-дейді.

Өз идеясын іске асырып, бар кәсібін кеңейуді көздеген Базарбай Әбілов: -Кәсіпкерлікпен біраздан бері айналысып келемін. Бірақ, ісімді кеңейтіп, бар мүмкіндікті толығымен пайдалануым үшін көп қаражат керек болатын. Ал, ол қаражатты табудың бір жолы осы «Бизнес кеңесші» курсын аяқтап, банктен несие рәсімдеу. Бұл курстың берері мол. Салық, құқық жағынан, басқа бизнеске қажет деген біраз мағлұматқа қанықтым. Әр азаматқа ісін ашуға мүмкіндік беретін осындай курс ұйымдастырып жатқан жандарға алғысым шексіз,-дейді.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика