Мұрағат: 15.02.2018


Абайлаңыз, суық!

Күні: , 48 рет оқылды


Қыс мезгілі басталғаннан бері экстремалды жағдайларға тағы бір ағзаның мұздау қауіпі қосылады. Әрқайсысымыз үсікке шалдығу, сондай-ақ суықтан аллергия болуы жағдайларға тап болуымыз мүмкін.


«ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» мұндай жағдайларға тап болмас үшін қала және облыс тұрғындары назарын ауа қысымының төмендігіне байланысты  қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін сақтауға аударуда.

Тәуекел тобында – балалар мен егде жастағы адамдар, олар көбіне қатты тоңғақ болып келеді. Орта жастағы адамдарда кейбір аурулар нәтижесінде термореттегіш жүйе бұзылуы мүмкін, ал балаларда бұл ағза функциясы әлі жетілмеген.

Қатты тоңудан сақтану үшін жылы киіну қажет,  осылай жылуды сақтау оңайырақ. Аяқты жылы ұстау маңызды, бұл жерде ұлтарақ пен жүннен жасалған шұлық көмектеседі. Аязға жылы қолғап пен бас киімсіз және мойыншылықсыз шығудың қажеті жоқ. Металлды әшекейлерден: сырға мен сақиналардан бас тарту қажет. Сақина  қалыпты қан айналымына кедергі жасайды. Сонымен қатар металл тез салқындап, теріге жабысып қалып, жарақат келтіруі де әбден мүмкін.

Қатты тоңу мен үсік шалу мүмкіндігі үнемі қалжырап, өзін әлсіз сезінетін немесе  мас күйде жүретіндер үшін жоғарырақ.  Алкоголдік масаю жылулық беретіндей әсер береді, алайда шын мәнінде  жылудың көптен  жоғалуына әкеледі. Мұндай жағдайда адам үсігенін немесе қатты тоңғанын аңғармай да қалуы мүмкін.

Қатты тоңған немесе үсік шалған кезде дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Жылдың суық мезгілінде дұрыс тамақтануды әдетке айналдырған жөн. Көшеге ұзаққа шығу алдында дұрыстап тамақтанып алу керек. Суықпен күресу үшін ағзаға қуат керек.

Құтқарушылар кейін салдарымен күрескенше  қолайсыз жағдайларға мүлдем кезікпеуге шақырады. Жүргізушілер алыс сапарға шығар алдында  автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін қадағалап алғандары дұрыс. Тас жолда автокөлік сынып қалған жағдайда кемшіліктерді сол жерде жоюға тырыспаңыз, ол үсік шалуға әкеледі. Бағыттас машиналарды күтіңіз, олардан жақын маңда орналасқан жергілікті пунктке апарып тастауын өтініңіз, ол жерден сіз техникалық көмек таба аласыз.

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тас жолда әртүрлі жылыту пунктері бар екенін ескертеді (әдетте бұлар қоғамдық тамақтану орындары). Күрделі жол участкілерін ТЖК-нің қызметкерлері үнемі тексеріп отырады.

Егер сіз шығуы қиын жағдайға тап болсаңыз кідірмей дереу 112-құтқару қызметіне хабарласыңыз, құтқарушылар сізді көмексіз қалдырмайды.

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы

Медициналық-психологиялық қызметінің басшысы

Н.Жұмағалиев


Шыңғырлау ауданындағы азаматтық қорғау айлығы

Күні: , 34 рет оқылды


2018 жылдың 9 ақпан күні БҚО ТЖД Шыңғырлау ауданының ТЖБ қызметкерлері арқылы  Дүниежүзілік Азаматтық қорғау айлығы аясында ауданның оқу орындарында Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі, Л.Қлышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебі мен Шыңғырлау колледжінің оқушылары арасында «Баршаңыздың назарына!» төтенше жағдай кезіндегі дабылы бойынша қауіпсіз жүріс-тұрысқа дағдыландыру жұмыстары жүргізілді. Оқу күні уақытында оқушылармен әңгіме жүргізіліп, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылы бойынша бейне фильмдер көрсетілді.


Біздің күнделікті күйдең тіршілігімізде ешкім төтенше жағдайға тап болудан сақтандырылмаған. Өз халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 1 наурыз күні барлық әлемде мемлекеттер төтенше жағдайлар,  техногендік апаттар не болмаса табиғи апаттар, террористік қауіп сияқты жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға оқыту және дағдылы жұмыстануды белгілеген. ТЖ кезіндегі шұғыл дабылдар бойынша оқушыларға таныстырылды.

 Оқушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша әңгімелер айтылып, осы қауіпті жағдай бойынша практикалық дағдылы қимылдар түсіндірілді. Төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері бойынша бейне, оқу филимдері көрсетілді. Сондай-ақ оқушыларға танымдық әңгімелер жүргізілу арқылы төтенше жағдайлар кезінде жарақат алғандарға қарапайым түрдегі медициналық алғашқы көмек көрсету ережелері түсіндірілді. Барлық балаларға осы тақырып жөнінде әсерлі материалдар таратылды. Сабақтың соңында қызметкерлермен мектеп оқушыларына мектеп ғимаратынан көшіру эвакуациясы бойынша жаттығу жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысының ТЖ департаменті               

Шыңғырлау ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты М.С. Назаров


Ашық есік күні

Күні: , 36 рет оқылды


12 ақпан 2018 жылы өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс айлығы шеңберінде жастарға кәсіби бағдар беру, ҚР ІІМ ТЖК қатарына жаңа кадрлардың келуіне жағдай жасауға, дұрыс имиджді қалыптастыру, өрт сөндіруші және құтқарушы маманының беделін арттыру мақсатында, БҚО ТЖД Шыңғырлау аудандық «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ №22 өрт сөндіру бөлімінде Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына «Ашық есік күні» ұйымдастырылды:


Мұнда балаларға өрт сөндірушілер жұмысының тыныс — тіршілігі және де өрт сөндіру техникалары мен өрт сөндіруге қолданылатын құрал-жабдықтар түрлерімен жақын таныстырылды. Арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар практикалық түрде көрсетілді:

  • «Дабыл бойынша жиналу және шығу» дабылы бойынша іс- әрекет;
  • күш және құралдарды өрістету арқылы автоцистернаны өрт гидрантына орнатып бір магистралды сызық бойынша екі РСК-50 оқпандарына су беру;
  • жарақат алған адамдарды және өз -өзін құтқару әдістері көрсетілді.

     Осы аталған шараларды ұйымдастырудың басты мақсаты — өрт сөндіру мамандарының беделін арттырып, жас жеткіншектерді осы мамандыққа тарту, өмір тіршілігінің қауіпсіздігін мәдени түрде насихаттау болып табылады.

 Батыс Қазақстан облысының ТЖ департаменті                

Шыңғырлау ауданы ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау аға лейтенанты М.С. Назаров


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика