Мұрағат: 06.02.2018


БҚО ТЖД Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шараларды өткізуде

Күні: , 221 рет оқылды


Көптеген жылдардан бері Батыс Қазақтан облысында 1 ақпан мен 1 наурыз аралығында халықты ТЖ кезінде әрекет етуге үйрету айлығы өткізіліп келеді. Айлық Батыс Қазақстан облысы әкімінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады, оның ішінде барлық іс-шаралар тиісті қызметтерге бөлінген. БҚО ТЖД-ның аумақтық және бағынысты бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, облыс пен аудандық АҚ қызметтері, мекемелер, кәсіпорындар және оқу орындарының басшылары түрлі төтенше жағдайлардағы ережелер мен іс-әрекет тәртібін халыққа үйрету іс-шараларын өткізуде.


Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шараның ашылуына орай БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің және «Апаттар медицина орталығы» ММ-нің қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірлесіп облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында пресс-тур өткізді. Іс-шараның барысында «Баршаның назарына» дабылын естіген кездегі әрекеттер, төтенше жағдайлар кезінде ережелер туралы айтылып, сонымен қатар осы тақырыптар бойынша бейнематериалдар көрсетілді.

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицерлері жиылғандарға газтұтқышты қолдану ережелерін түсіндірді. Оқытудан кейін балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында уақытқа газтұтқышты киюден сайыс өткізіліп, оның нәтижесінде ең белсенді балалар марапатталған болды.

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірлесіп тұрмыстағы жарақатар, оларға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек туралы сөз қозғалды. Қол-аяқ сынған сәттегі алғашқы көмек көрсету әдістері  көрсетілді. Әр түрлі жарақаттар мен жағдайлар кезінде көрсетілетін көмек түрлері нақты түсіндіріліп, көрсетілді.  Сонымен қоса үйрету манекенін қолдана отырып, жүрек және жүрек-өкпе тұстарына массаж жасау тәжірибесі жетілдірілді.

Азаматтық қорғаныс айлығын өткізудің негізгі мақсаты азаматтық қорғаныс және тұрғындарды қорғау саласындағы міндеттерді шешу үшін арнайы өкілетті лауазымды тұлғалардың кәсіби деңгейін арттыру, облыс және аудан азаматтық қорғаныс қызметтерін құрып отырған жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен мекемелер арасында АҚ іс-шараларын басқару бойынша өзара әрекет ету мәселелерін меңгеру, жетілдіру болып табылады.

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің

аға офицері

лейтенант Р. Тумангалеев


Сот бұйрығын электронды түрде қарау тәртібі

Күні: , 234 рет оқылды


Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Республика соттарында азаматтық  іс жүргізу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта қарау  енгізілді.Әрбір сотқа жүгінген жеке тұлға, заңды тұлға «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа электронды түрде арыздарымен құжаттарын электрондық жүйеде енгізіп бере алады.


Енгізілген жаналық арызды тіркеу сатысынан бастап, судьяның сот актісін жасауы, орындалуға жолдануы тек қана электронды форматта қарастырылып, азаматтық істер бойынша  қағаз іс жүргізуінің азайуына мүмкіндік береді.Сот бұйрықтары көбіне кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге арналған алименттерді, салықтар берешегін,  жария шарттары негізінде берешекті өндіру туралы.Енгізілген жаналық арызды тіркеу сатысынан бастап,  судьяның сот актісін жасауы, орындалуға жолдануы тек қана электронды форматта қарастырылып, азаматтық істер бойынша  қағаз іс жүргізуінің азайуына мүмкіндік береді.Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады және оның атқарушылық күші бар. Сот бұйрығын шығару талаптары ҚР АПК-нің 135 бабында қарастырылып, 18 тармақшадан тұрады.Батыс Қазақстан облыстық соты бойынша электрондық форматта сот бұйрығы бойынша???? арыз қарады. Шығарылған сот бұйрықтар өндіріп алушыларға, борышкерлерге  және  орындауға да электрондық форматта жолданылды. Электрондық сот ісін жүргізу  тек соттың емес және де іс бойынша қатысушылардың уақыт және қағаз  құжат айналымына  қаржы шығындарын қысқартуға мүмкіндік берді.

Сот жүйесіне заманауи технологиялардың енгізілуі сот ісін жүргізуді оңтайландырып, төрешілдік тосқауылдарды жоятынын, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады.Бұл сыбайлас жемқорлықтың орын алмауын қамтамасыз етіп, халықтың сот жүйесіне жариялылығына және қолжетімділігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

 Электрондық ақпараттық жүйеге көшу халықтың сенімін бекітіп, Елбасының Жолдауында қойылған мақсаттарға жету, жүзеге асыру болып табылады. Елімізде жасалып жатқан ізгі бастаманың барлығы қарапайым халық үшін пайдасы зор. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімдігіне бағытталған. Бүгінде қарапайым халық, көпшілік үшін бұл жаңалықты жатсынбай, өз игіліктеріне пайдаланып отырғаны сөзсіз. Осындай  түбегейлі өзгерістерге байланысты еліміздің сот жүйесі ең жоғары деген халықаралық стандарттарға сәйкес келетініне сенімдімін.Жаңа технологиялармен жұмыс жасау заман талабы деп айтуға болады.

БҚО Соттар Әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы

Б.Н.Юсупов


Рухани жаңғыру аясында өткен тәрбие семинары

Күні: , 248 рет оқылды


«Балам,дейтін ел болмаса,елім дейтін бала қайдан болсын»деген ғұлама сөзі өзінің маңызын жоймайды. Болашақтың қоғамын құрушыларды тәрбиелеу-мемлекеттің,мектептің,отбасының жауапты ісі.Келешектің адамы өзінің ұлттық болмысын,дүниетанымын,ділін,салт-дәстүрін бойына сіңіре отырып,жаһан өзгерісіне,заман көшіне ілесе алуы керек.


Елбасы сөзімен өрнектесек, «мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,яғни одан бұрын жаңғырып отыруы керек.» Жас ұрпақ тәрбиесіндегі жаңашылдық пен заман дамуының үдерісінде мектеп ұстаздары Елбасының Рухани жаңғыру мақаласы негізіндегі ұлағатты істерін бастап та кетті. «Болашаққа бағдар; рухафни жаңғыру» мен «Мәңгілік ел» идеялары бағытындағы  тәрбие жұмыстарын жоспарлап,өзара тәжірибе алмасып,ой қозғау мақсатында Ақжайық аудандық білім бөлімінің әдіскері Сапарғалиева Ә.Қ. басшылығымен аудан мектептерінде «Ашық есік»күндерін белгіледі. «Ашық есік»күндерін алғашқы болып,Бударин мектеп-бөбекжай кешені бастады. «Жаңартылған білім беруге көшуде тәрбиенің озық үлгілері мен «Мәңгілік Елдің» жеті құндылығы арқылы жаһандық үрдіске сай ұлтжанды,патриот тұлға тәрбиелеу»тақырыбында өткен семинар аясында мектеп-бөбекжай кешенінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды қатысушылар назарына ұсынылды.Семинарға қатысушылар жүргізіліп жатқан жұмыстар негізінде болашаққа жоспар құру,әлі толықтырулар жасауға,түрлі тәсілдермен бөлісуге бастама болары сөзсіз.Семинар жұмысы мектеп-бөбекжай кешені директоры Тулегенов С.Д. сөзімен ашылып,ауыл әкімі Мусағалиев Ш.Р.  мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Сапарғалиева Ә.Қ. құттықтау сөзімен жалғасты. Семинарға қатысушы назарына мектеп тарихын, жетістіктерімен табыстарын таныстыру мақсатында Тлегенова Г.А. шолу презентация ұсынды. Семинардың алғашқы бөлімі «Жасұланның жарқын істерімен»мектепішілік Жас ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен мектеп тәлімгері НаурзалинаН.Ғ. таныстырды.Ұйымның істері ,облыстық,аудандық байқаулардағы жеңісті жолдарын паш етті.Ел ертеңін тәрбиелеуде отбасы- мектептің тірегі.Ұлтымыздың «Балаңды өз тәрбиеңмен емес,халқыңның тәрбиесімен тәрбиеле»деген нақыл бар,ендеше бүгінгі күнгі баланы әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып,ұлттық дәстүрлерімізді, әдет-ғұрпымызды,ділімізді,ата-бабамыздан қалған насихат  мұраларын балалардың санасына сіңіру ата-ананың басты міндеті деген қағиданы ұстанғанымыз жөн ғой.Отбасы құндылықтарын аңғарту мақсатында ата тағлымын ауыл ақсақалы,аудандық ақсақалдар сайысының жүлдегері Сапаров М.Қ. ұл мен қызға,көпшілікке ақ батасын арнады. Батагөй ақсақал Елбасы мақаласының мәнін ұқтырды,бабалардан қалған ынтымаққа шақырар ұлағатты сөзді одан әрі сабақтады.Үлкендердің сөзін ауыл –аймаққа белгілі ,тағлымды әжелер -«Жайдарман»ансамблінің солистері Ғайни әже мен Қарлығаш әже бесік жырын әуелетті.Аналық ақ жүректен шыққан нәзік ән тұла бойды шымырлатып,тыңдаушыларды елжіретті.Қайырмасына қосыла кетті.Елдің келешектегі тұтқасы- ұлдардың тәрбиесіне жетекшілік ететін Ерлан Рақымұлы ұлдарға арнап жоспарлаған сабағының бір сәтін ұсынды.Ол ұлттық асық ойынының ережелерімен, асық түрлерімен,қазіргі кездегі республика көлемінде өткізіліп жатқан турнирлер ,федерация жайын айтып өтті. Ұлдар жетекшісі  оларға қамшы жайын :мүлік ретіндегі орнын,қару ретіндегі жайын,салт-дәстүрдегі нышанын ұқтырды.Жас ұрпақтың Елбасы атап өткен бәсекеге қабілетін,прагматизмді,ұлттық бірегейлікті сақтауға негіз бола алатынына үлгі болатын жандар баршылық.Солардың бірін –Жансұлу Сатыбалдықызы,ол жұмыссыз, үй шаруасында. Әйтсе де,қарап отырмай,өзбетінше ісмерлікті үйреніп, табыс  таба бастады.Өзге    ауылдастарына  үлгі боларлықтай Жансұлудың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы тұмаршалар,көрпешелер,терезе перделері үлкен сұранысқа ие бола бастады. Екі қызын ысырапшылдыққа жол бермей,қолда барды ұқсата білуге баулуда.Семинар қатысушылары қыздар тәрбиесіндегі аналар үлгісін Ботагөз Ермекқызы ның,Салтанат Шариполлақызының қыздарымен тәлімдік әңгімелерінен тыңдады.Мектеп қабырғасында жүргізілетін сан түрлі бағыттағы тәрбие үрдісіне куә болған ұстаздар «Патриоттық және құқтық тәрбие мектептен басталады» бөлімінде:әскери жетекші Хасанов Р.С. мен «Жас тарихшы» үйірмесінің жетекшісі Сагинов Н.Ө. мектеп психологі  Тетенова А.Е. ұйымдастырған шараға тәнті болды. «Өнерліге өріс кең» бөлімінде қосымша білім беру педагогі Сексенбаев Е.Н. мен музыка пәні мұғалімі Камалова Б.Б.-ның шеберлік сабағынан оқушылар сусындап жүрген эстетикалық тәрбие сәтіне куә болса,мектеп мұражайындағы  тарихи жәдігерлермен,ауыл тарихымен  мұражай жетекшісі Асыл Уәлиқызы  таныстырды. «Кітап-сарқылмас қазына» десек,мектеп кітапханасының жұмысы туралы  кітапханашы Мурзашева Г.И. хабарлама жасады. «Бір сынып-бір кітап»акциясы аясында әдебиет пәні мұғалімі Кубашева Г.Ж. –ның  ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасын сахналады.Оқушылардың ойындарына риза болған ұстаздар сол оқиғаның ортасында жүргендей әсер алды.Салауатты өмір салтын сақтап,сергектікке,шымыр болуға баулитын спорттық тәрбие саласындағы шараны ГайсинаГ.А. мен Сарбаев Е.Қ. ұйымдастырды:жас спортшылардың көрсеткен жаттығулары ,гимнастикалық  қойылымдары сәтті шықты.Семинарға қатысушылар түстен теориялық бағытта жұмыстанды,олардың назарына ашық тәрбие сағаттары ұсынылды: «Киелі мекен-туған жер» 2-сынып /СариеваӘ.Д./ «Ұлы далабаласы» 6-сынып /Мұхамедрахимова А.И./ «Рухани жаңғыру өзіңнен басталады»9-сынып/Бегимбетова А.С./Семинарға қатысушы ұстаздар  өз жұмыстарының жемісті болғанын айта келе,өздеріне рухани жаңғырудың символына айналған түрлі түсті қанатты жас қырандар биіне тәнті болғанын айтты.Рухани жаңғыру жолындағы мектептегі тәрбие саласының жемісті боларына үлкен сеніммен қарауға болады.

Бударин мектеп-бөбекжай кешенінің мұғалімі Фарида Меңдіғалиқызы


Заңды тұлғалардың қызметі және тіркеу жөніндегі сұрақтар бойынша

Күні: , 126 рет оқылды


«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» туралы Заңына «Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту және азаматтық, банктік заңнамаларды жетілдіру сұрақтары бойынша  ҚР кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу» туралы ҚР Заңына түзетулер енгізілді.


Заңның 6-бабына енгізілген өзгерістер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, кіші және орта бизнес субъектілеріне автоматты түрде банктік шоттарды ашуға және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу рәсімінде «Электрондық Үкімет» порталында электронды түрде жұмыскерлерді сақтандыру туралы шарттар жасасуға мүмкіндік береді.

Қосымша анықтамаларды сұрату өтініштерін болдырмау үшін, Заңның 12 бабына енгізілген толықтыруларға сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы берілетін анықтама енді заңды тұлғаның басшысы мен құрылтайшылары (қатысушылары) туралы және Үлгі Жарғы (осындай қызмет түрі болған жағдайда) негізінде қызметтерді жүзеге асыру туралы мәліметтермен толықтырылды.

Өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Салық Кодексінің 569 бабына толықтырулар енгізілуіне байланысты, қосымша құн салығы бойынша есепке қою заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде мүмкін болды.

Салық Кодексінің 19 бабына сәйкес, мемлекеттік кіріс органдары заңды тұлғаларды тарату жөнінде 4 негіз бойынша сотқа талап қоюға құқықтары бар, оның ішінде: банкроттық мәселе бойынша, заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану, нақты мекенжайы немесе орналасқан жері бойынша заңды тұлғаның болмауы, қызметті жүзеге асырудағы өрескел заң  бұзушылықтар.

Сонымен қатар, Салық Кодексінің 93 бабында салық төлеушілерді мәжбүрлі түрде қызметтерін тоқтату тәртібі қарастырылған.

Сондай-ақ, мәжбүрлі таратуға бір мезгілде бірқатар шарттарға сәйкес келетін, әрекет етпейтін заңды тұлғалар тиісті болады. Атап айтқанда, мәжбүрлі таратуға Салық Кодексімен белгіленген талап қою мерзімі өтпеген, салық берешегін ұсынбаған, ақшамен операциялар жасаспаған, ҚҚС салық төлеуші ретінде есепте тұрмаған, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ және тағы да басқа заңды тұлғалар жатады.

Салық Кодексінің 93 бабының талаптарына сәйкес келетін субъектілерді мониторинг жасау, тиісті шараларды қабылдау арқылы тұрақты түрде мемлекеттік кіріс органдарымен өткізіліп тұрады.

  ӘД  БҚО Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын

 ұйымдастыру бөлімінің басшысының м.а.                        А.Бусурманова


Өрт қауіпсіздігі айлығы

Күні: , 134 рет оқылды


Өрттер санының өсуін төмендету, өрттен адамдардың жарақат алу мен  адам өлімін болдырмау, тұрғын үй секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жылу беру маусымында Батыс Қазақстан облысы аумағында 1 ақпан мен 1 наурыз аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды.


Өрт қауіпсіздігі айлығына  арналған іс-шаралар жоспарының кешенін орындау үшін Департаменттің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге тұрғын үйде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын түсіндіру және өрт кезінде іс-қимылдарды үйрету мақсатында қалалық, қалалық және ауылдық округтердің тұрғындарымен жиналыстар мен жиындар өткізеді, өрт сөндіру нұсқаулығын жүргізеді, парақшалар мен жаднамалар таратады.

Алдын алу жұмыстарының аясында әлеуметтік тәуекел тобына жататын адамдардың тұрғылықты жерлеріне рейдтер жүргізу кезінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметтерімен бірлесіп жұмыс атқарады. Сондай-ақ, аудандағы барлық білім беру мекемелерінде балаларға арналған балалардың отпен абайсыз болуы салдарынан туындайтын өртке қарсы бағытталған өрттің алдын-алу мақсатындағы іс- шаралар кешені өтеді.  Өрт қауіпсіздігі айлығы  өрт қаупі мен адамдардың өлімін болдырмау үшін өрттің алдын алу, тіршілік қауіпсіздігін және халықты қауіпсіздік негіздеріне оқыту мақсатында өткізіледі.

Кадыров Амиржан Жаскайратович

БҚО ТЖД ӨҚСБ және ПҚБ бас маманы азаматтық қорғау лейтенанты


Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің облыс тұрғындары алдындағы есепті баяндамасының тұжырымдары

Күні: , 72 рет оқылды


2017 жылы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оңды өсу қарқыны байқалды. Бұған Елбасы қабылдаған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар  ықпал  етті.


Барлық салаларда цифрландыру, автоматтандыру, роботтандыру, IT-технологияларын қолдану сияқты Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін белсенді пайдалану бірқатар кәсіпорындардың өндірісте жаңа жабдықтар мен инновациялық технологияларды пайдалануға көшуіне мүмкіндік берді. Атап айтқанда, жылына 7 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы, әйнек және есік шығару жөніндегі фин бизнесмендерімен бірлескен кәсіпорын және т.б. жаңа өндіріс орындары ашылды.

Жаңа көп пәтерлі тұрғын үйлер (соның ішінде ауылда) іске қосылды, өңірде 1500 отбасы жаңа тұрғын үйге қол жеткізді. Жаңа жұмыс орындары құрылып, «Қолжетімді әкімдік» офисі және «SmartUralsk» халыққа қызмет көрсету  орталығы  ашылды.

Іске асырылған барлық шаралар 2017 жылы өңірдің қарқынды дамуына және келелі істердің мақсаттарын айқындауға ықпал етті.

2017 жылдың тоғыз айы бойынша облыста өндірілген ЖӨӨ-нің көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға өсіп, 1575,7 млрд. теңгені құрады.

2017 жылы 1943,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 5,5%-ға өсті.

Табиғи газдың 6,6%-ға және газ конденсаты өндіріс көлемінің 6,7%-ға ұлғаюына байланысты тау-кен өнеркәсібі  5,4%-ға өсті (1726,1 млрд. теңге).

Өңдеу өнеркәсібінде өндіру көлемі  5,7%-ға ұлғайды (158,2 млрд. теңге). Мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің көлемі 1,8 есеге артса, дайын металл өнімдерінде 38,3%-ға, резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісінде 13,2%-ға, металлургия өнеркәсібінде 12,3%-ға өсім  байқалады.

Индустрияландыру картасы аясында облыс бойынша 84,4 млрд. теңгенің 29 жобасы іске асырылуда.

2017 жылы 536 жұмыс орнын құрумен 8,0 млрд. теңгеге 10 жоба  іске қосылды.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,6%-ға өсті (37,1 мың бірлік).

2017 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында 1,8 млрд. теңге бағытталды. Жалпы кредиттер сомасы 20,9 млрд. теңгені құрайтын 184 жоба мемлекеттік қолдауға  ие  болды.

Өткен жылы 2016 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінен түскен салықтық түсімдер 1,2%-ға өсіп, 52,3 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 143,1 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейіне 100,6%-ды құрады.

Ет өндірісі – 5,8%-ға, сүт  – 1,9%-ға, жұмыртқа 5,5%-ға өсті.

360 мың тонна көлемінде дәнді дақыл жиналды немесе 2016 жылдың деңгейінен 16,2%-ға көп. 56,1 мың тонна картоп, 56,1 мың тонна көкөніс, бақша дақылдары 22,9 мың тонна жиналды.

392,2 мың шаршы метр тұрғын үй  іске қосылды немесе 2016 жылдың деңгейіне 142,4%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 107,4 млрд. теңгені немесе 104,3%-ды құрады.

2017 жылы 14 көп пәтерлі тұрғын үй, АЕМ-де 188 тұрғын үй, 24 білім беру нысаны, төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Денсаулық сақтаудың 19 нысаны күрделі жөндеуден өткізіліп, екі нысан жаңадан салынды. 60 елді мекенге ауыз су жеткізіліп, 30-дан астам спорттық алаң пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары басталған 500 шақырым жолдың 420 шақырымы аяқталды. 35 ауылдық елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлшек тауар айналымы 4,8%-ға ұлғайып, 286,2 млрд. теңгені құрады.

Көлік саласында жүк айналымы 5,6%-ға, жолаушы айналымы 1,6%-ға өсті.

Мемлекеттік бюджетке 256,1 млрд. теңге жиналды (болжам 101,8%), соның ішінде республикалық бюджетке 176,2 млрд. теңге (100,4%), жергілікті бюджетке 79,9 млрд. теңге түсті (104,9%).

Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады (2017 жылдың үш тоқсанына).

2017 жылы 14 269 жұмыс орны құрылды, оның 12 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орны. 14 806 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 1550 адам «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында еңбекке жұмылдырылды.

Редакциядан:  2017  жылы  атқарылған  жұмыстар  мен  биыл  жүзеге   асырылатын  жобалар  туралы  облыс  әкімінің  тұрғындар алдындағы   есебінде  толығырақ  баяндалады.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика