Мұрағат: 01.02.2018


Жер құқығы туралы

Күні: , 535 рет оқылды


Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы қоғамдық қатынастар, оның ішінде жер қатынастары, Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының нормаларына сай дами бастады.


Жер құқығы — жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінде пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілейді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді.

Жер  – табиғи ресурс, өндіріс құралы, кеңістіктік базис ретінде  кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты. Осы қағиданың негізінде, мемлекеттің бүкіл жер қорын тиімді пайдалануды және оны қорғауды қамтамасыз етеді, жер ресурстарын басқарады мен жер қатынастарын реттейді.

Қазіргі таңда әлемнің дамыған көптеген мемлекеттерінде жер жеке меншікте. Бірақ, көп жағдайларда әлемдік құқық жүйесінде жердің жеке меншігіне елеулі шектеулер  қойылған. Басқа мүліктерге тән шексіз иелік жүргізу жерге байланысты құқықтарға тиесілі емес.

ХХ-ғасырдың орта кезеңінен бастап жеке меншікке байланысты бұрын қалыптасқан түсініктер біршама өзгерістерге ұшырады. Мұндағы басты мәселе, жердің ерекше қасиеттеріне, яғни жер – шектеулі табиғи ресурс болғандықтан және осыған байланысты жеке тұлғалардың жерге меншік құқықтары  қоғам мүдделерімен тікелей байланысты болуында. Осы себепті жеке тұлғалардың жерге меншік құқығы қоғам мүддесі үшін заң түрінде ұдайы шектелуде. Жерге, жылжымайтын мүлік ретінде, тек оның заттық құқығы шегінде ғана меншік иелерінің биліктері жүреді және де мемлекеттің қатаң бақылауында болды.

Осы тұста әлемнің бірқатар мемлекеттерінің жер қатынастарына қысқаша тоқталып, мысалдар келтіруге болады.

АЌШ-да жердің 50%-дан астамы жеке меншікте, ал 40%-ға жуығы қоғамдікі (оның ішінде, мемлекеттік меншіктің барлық деңгейінде: федералдық – 32%, штаттық және жергілікті – 16%-ды құрайды). АҚШ-тың кейбір штаттарында шетел азаматтары жерге меншік құқығына ие бола алмайды. АҚШ-та 2,9 млн. меншік иесінің 1,6 млн. (56%) ауыл шаруашылығы саласында. Жерді меншік құқығымен иеленуге консервациялау бағдарламасымен және ауыл шаруашылығы өндірісінің құрылымдарын реттеу арқылы жүргізіледі. Жер штаттардағы тиісті үкімет органдарының арнайы шешімі бойынша сатылады.

Францияда жерге жеке меншік бар. Ал, заң бойынша жеке меншік иесі кез-келген азаматқа оны сатуға құқығы жоқ, бірақ өзінің учаскесін сол жерді жалға алушы мен фермерлерге сатуға құқылы. Жердің 50%-дан астамын жалға алушылар өңдейді. Францияның Азаматтық кодексінің 540 — бабы бойынша, жер қатынастары саласында жалға алушының құқығы жоғары, меншік иесінің құқығы шектеулі және де шексіз билікке құқығы жоқ. Кодекс бойынша егер жер иесі жер учаскесін игере алмаса, басқа да жер пайдалану және жерді қорғау заңдарын бұзатын болса меншік құқығынан айырылуы мүмкін.

Германияда жеке меншік құқығындағы ауыл шаруашылық жерлері мұраға қалдырылмайды, олар сатылуы тиіс. Сонымен бірге сатып алушының ауыл   шаруашылық жұмысын  жүргізуге куәлігі  (сертификаты) болуы керек. Жерді сатып алу-сату сияқты кез-келген мәміле,  мемлекеттік  органдардың рұқсатымен, қоғамның пайдасына зиян келтірмейтіндей шарттарда жүргізілуі белгіленген. Жерді жалға алушы, оны соңынан меншік құқығымен алуға құқылы. Жалға алушы жерді сатып алған жалға алушының басқа біреуге оны қайта сатуына заңда белгіленген мерзім ішінде шектеулер қойылған.

Ұлыбританияда жерге мемлекеттік меншікте, жеке меншікте бар. Бұл елде заң бойынша меншік иелері өз жерлерін шетелдіктерге сатуға тыйым салады. Көпшілік ретте, фермерлерге жер мемлекет және басқа меншік иелері тарапынан жалға беріледі. Жалға беру келісімдерінде жерді игеру, пайдалану және топырақ құнарлылығын сақтау тәртіптері өте қатаң сақталған.

Голландияда жердің 35%-ы мемлекеттік меншікте, ал 65%-ы жеке меншікте. Мемлекеттік меншікте қоғамға арналған жолдар, аэропорттар, ұлттық парктер, муниципалдық меншіктер, сонымен бірге теңіз маңынан игерілуге алынған жерлер жатады.

Заң бойынша Италияда жер иелері жер учаскелерін алған кезде оны 30 жыл бойы сатуға құқығы жоқ. Елде негізінен ауылшаруашылықпен айналысатын өндірістік кооперативтердің меншігі орын алып отыр.

Жапонияда заңда белгіленген уақытқа дейін жерді сатуға болмайды. Жердің бағасы жергілікті органдардың бақылауында болады.

Қоғамдық меншіктегі жерлер Испанияның заңы бойынша жеке меншікке берілуі мүмкін, бірақ бұл процесс өте күрделі түрде өтеді. Алғашында жерге жеке меншік құқығы 10-12 жылға дейін сатуға тыйым салу-алу құқығымен беріліп, сонан соң, жерді ұтымды пайдалану шарттары сақталған кезде ғана оған толық меншік құқығы пайда болады.

Израильде жердің 5%-ға жуығы жеке меншікте (Еврейлердің Ұлттық Қоры). Қалғандары мемлекет меншігінде. Мемлекеттік меншіктегі жер, азаматтар мен заңды ұйымдарға 49-жылға дейін жалға беру құқығымен беріледі.

Шығыс Еуропа елдеріндегі ХХ–ғасырдың 80-ші жылдарындағы болған елеулі саяси өзгерістер, осы елдердің экономикасында жекешелендірудің де тезірек басталуына және өздерінің аграрлық реформасында да кейбір ерекшеліктермен өткізілуіне себепкер болды. Мемлекеттік жерлерді ұсақ өндіріс иелеріне беру өндірістің дамуына кедергі болды. Сол себепті,  ауыл шаруашылығы саласында үлкен жер массивтері негізінен коллективтік өндіріс иелеріне беріле бастады. Бұрынғы жер иелеріне жерлер қайтарылып беріліп, иесі табылмаған жерлер мемлекеттік меншікке өтті. Бұрынғы мемлекеттік шаруашылықтың жерлері  меншікке сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді пайдалануға берілді.

Румынияда жерді ұсақ бөлшектеуге және де үлкен көлемде иеленуге заңдармен шектеулер қойылған. Румынияның Жер қоры туралы (1991 ж.) заңы бойынша ауылдағы бір отбасы 10 гектарға дейін жерді тегін алуға құқылы (бір кісіге 0,5 га), бірақта оның көлемі 100 гектардан аспауы керек.

Қытай елінің экономикалық реформасы жан-ұялық мердігерлік пен жерді жалға беруден басталды. Көп провинцияларды еңбекке жарамды адамдардың санына немесе жан басына қарап шаруа жан—ұяларға жерді жалға беру қолға алынды.

1986 жылы Бүкіл Қытай халықтық үкіметінің Кеңесінде қабылданған «Жерді басқару» заңы бойынша Бүкіл мемлекеттік жүйемен жер коллективті — социалистік қоғамның меншігінде сақталды.  Алайда, жердің жалға беру құқығы мәміле мәні болып белгіленді.

Ресейде жер 2001 жылы қабылданған Жер кодексі бойынша жер жеке және мемлекеттік меншікте. Шетелдіктер жерді тек жалға алу құқығымен иелене алады. Ресейдің жер заңдары мен Қазақстанның жер заңдарының ұқсастығы өте көп.

2001 жылға дейін ауыл шаруашылығы жерлері тек пайдалану құқығымен беріліп келді, және осы жылы қабылданған «Ауыл шаруашылық жерлерінің айналымы туралы» заңы бойынша аталған жерлерді жеке меншікке берудің механизмдері анықталды.

Ресей Федерациясында мемлекеттік меншік федеральдық және  муниципалдық меншік ретінде белгіленген.

Украинада 1992 жылғы Жер кодексі бойынша жеке, коллективтік, мемлекеттік және коммунальдық меншік түрлері белгіленген. Азаматтығы жоқ адамдарға жер жеке меншікке берілмейді. 2001 жылы қабылданған Жер кодексі бойынша ауыл шаруашылық жерлері жеке меншікке беріледі.

Өзбекстан Конституциясы бойынша жер тек мемлекеттік меншікте. Бірақ, 1994 жылғы Президент Жарлығы бойынша сауда, қызмет көрсету объектілері орналасқан жер учаскелері меншік құқығымен беріледі. Сонымен бірге,  аукцион арқылы жердің сатылуы мүмкін. Алайда ел Конституциясы бойынша жер тек мемлекет меншігі болып танылады.

Қырғызстанда  жер жеке және мемлекеттік меншікте. 1998 жылы қабылданған жер заңдары бойынша меншікке өткен жерлерге мәмілелер жасауға шектеулер қойылып, ондай шектеулер 2002 жылы алынып тасталды.

Түркменстанда жер 1993 жылғы мемлекет Президентінің «Жерді жеке меншікке беру туралы» және «Ұжым шаралардың жерін жекешелендіру туралы» Жарлықтары бойынша жер жеке меншікке беріледі. Азаматтарға берілетін жерлердің шекті көлемі 50 гектар, ал ұжымшарларға жер алдыменен 2-жылға жалға, соңынан шарт міндеттері орындалған соң меншікке өтуі белгіленген.

Шетелдік жер қатынастарын талдау барысында,  құқық реттеу тәжірибесіне байланысты, жер қатынастарын реттеуді төрт модельдік түрге бөлуге болады. Олар мыналар:

1-модель – жерге мемлекеттік меншік монополиясы;

2-модель – жерге мемлекеттік меншіктің жеке меншіктен басымдылығы (ауыл шаруашылық жерлері мемлекет меншігінде);

3-модель – мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей дамуы.

4-модель – жерге жеке меншік құқығының мемлекеттік меншіктен басымдығы.

Шетелдік тәжірибеде көрсетілгендей, бір де бір ел жерді мақсатты жәнетиімді қолдануды, шектеуді (азаматтық жерлерді) мемлекеттің бақылауынсыз толық билеуге рұқсат етілмейді. Әрине, шетелдік тәжірибе көрсеткендей, шетелдік құқықтық тәжірибені отандық тәжірибеге алмастыру қажет емес, өйткені республиканың жер заңнамасы, ең әуелі, жер мәселесін шешудің әлеуметтік-экономикалық, этномәдени, табиғи және басқа заңдылықтарын көрсетеді. Бұған қоса, дамыған елдерде жалдауды құқықтық реттеудегі кейбір үрдістердің  объективті және жалпы сипаты қазақстандық жер заңнамасын ары қарай жетілдіруде оларды есепке алудың қажет екендігін көрсетеді.

Қазіргі таңда, елімізде жүргізілген жер реформасының негізгізі ретінде келесідей міндеттерді шешкен жөн, — деп ойлаймын:

  • жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін белгілеу;
  • жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
  • жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
  • шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
  • жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;
  • жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту;
  • жер қатынастары саласындазаңдылықтыдамыту;
  • экономикалық әдістер негізінде жер ресурстарын басқару механизмін жетілдіру;
  • республикада жер қатынастарын әрі қарай жетілдіру және жаңа жер құрылысын қалыптастыру;
  • жер ресурстарын пайдалану мен қорғаудың тиімділігін арттыру;
  • жерді жылжымайтын мүлік ретінде шаруашылық айналымына қатыстыру;
  • мемлекеттік жер кадастрын неғұрлым тиімді құру үшін ведомствоаралық өзара іс-әрекеттің заңдылығын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік жер кадастрын автоматтандырылған технологияға көшіру және жер-ақпараттық жүйелерді құру;
  • жер ресурстарын ара қашықтықтан зерттеуді, картаға түсіру мен мониторингті барынша дамыту;

Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы үшін жер ресурсы әлеуетін сақтау сияқты міндеттемелер.

Аталған жер заңдарының міндеттері мен міндеттемелерін  шешу, мемлекетпен бірге барлық жер қатынастары субъектілерінің азаматтық позициясы болуы тиіс, біз сонда ғана бағасы жоқ асыл қазынамызды келешек ұрпақ үшін сақтай аламыз.

Жер қатынастарын реформалау жөнінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларында кезек күттірмейтін мәселе ретінде де айтылып жүр. Себебі, Елбасымыздың жолдаулары ел дамуының бағыт-бағдарларын, басымдылықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қойып, болашаққа үлкен жол сілтейді.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері Ел басының  елімізді гүлдендірудегі мақсатына, осыған сәйкес Үкіметтің алдына қойған стратегиялық жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы қазіргі таңда заман талабына сай жалғасын табуы тиіс. Сонымен қатар, мемлекетімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығымызға айналдырудың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған жер заңнамасы даму үстінде десек болады. Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін қатаң есте ұстауымыз қажет.

Болашаққа серпін беретін аса маңызды мәселелердің бірі, ол жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды, әрі нысанды пайдалану, оны бақылау және құқықтық жағынан қорғау болып табылады.

Жәнібек аудандық сотының сот мәжілісінің хатшысы А.Салихова


Құқық бұзған адам жазасыз қалмайды

Күні: , 541 рет оқылды


Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы  алдын алу тек ішкі істер органдарының, соттың, прокуратураның немесе денсаулық сақтау органдарына қатысты болмау қажет, бұл дертпен қоғам болып күресуіміз қажет, әрине бұл құқықбұзушылықтар жеке бастың құқықтарына жататындықтан кез келген адам біреудің отбасына араласа алмайды бірақ,  үнемі отбасында  спирт ішімдігін ішу салдарынан  жан-жалдың арты қылмысқа әкелуі мөмкін. Тәжірибе көрсеткендей, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар көбіне жұмыс жасамайтын, жасағысы келмейтін, ішімдікке салынған отбасыларында орын алады.


Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 10 тарауындағы отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер, 73 бабында яғни,  осы баптың бірінші бөлігінде құқықбұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастарындағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысыныдағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйге, пәтерге немесе өзге де  тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, ескерту жасауға не үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға  әкеп соғады, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға  әкеп соғады, осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының 2 бөлігіне сәйкес әкімшілік  қамаққа алу қолданбайтын адамдар (жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге,он сегіз жасқа толмаған адамарға, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үштен асқан еркектерге әкімшілік әкімшілік қамаққа алуды қолдануға болмайды) жасаған  әрекеттер бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен  қатар 2017 жылы  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 10 тарауына  қосымша  73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру еңгізілді

  1. Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
  1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Жәнібек ауданының сотында 2017  жылы ӘҚБтК-нің 73 бабының 1,2,3 бөлімдерімен  және 73-1 бабының 1,2, бөлігімен  көзделген әкімшілік құқық бұзушылық  жасағаны үшін, жалпы,  97 құқық бұзушыға қатысты істі қарап, 34 адам тәулік мерзімге қамаққа алынды, 5 құқықбұзушыға ескерту берілді,  және осы кодекстің 64 бабымен  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жәбірленушімен татуласыуына байланысты 58 құқықбұзушы  әкімшілік жауаптылықтан, соның ішінде «Медиация туралы» Заңымен 30 құқықбұзушы босатылды. 6 құқықбұзушыға ерекше талаптар қойылды.

 Отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сот қарауына келіп түскен әкімшілік істердің барлығы Жәнібек ауданының аумағында орын алған. Бұл құқық бұзушылық оқиғалары Жәнібек аудандық ішкі істер бөліміне жеке адамдардың шағым арыздары бойынша тіркеліп, тексеру нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып сот қарауына жолданған.   Сот өндірісінде қаралған істер бойынша мысал келтіретін болсақ Осы жылдың қыркүйек айының 25-күні Ж. есімді азамат өзінің үйінің ішінде алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде айқай-шу көтеріп, заңды некеде тұрған жұбайына дөрекі сөздер айтып, балаларын балағаттап, оларға қорлап тиісіп, жанұя мүшелеріне сыйламаушылық көрсеткен. Жәбірленуші әкімшілік істі қарау барысында жолдасы үнемі арақ ішіп отбасын мазалайтынын, жұмыс жасамайтынын, оқиға болған күні отбасы мүшелеріне тіл тигізіп, балаларын балағаттап, отбасының әбден берекетін алғанын көрсетіп, құқық бұзушыға қатаң жаза қолдануды сұраған. Сот құқық бұзушының жеке басын, мінез құлқын зерделеу барысында оның бұрын мас күйінде жасаған құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауаптылықта болғанын, соған қарамастан бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бірнеше рет қайталап және аталған істерден қорытынды жасамағанын есепке алып оны ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық оқиғасы бойынша 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Өкініштісі сол ішкілікке бой алдырудың салдарынан азамматтардың отбасында зейнеткер ата-аналарына, туған апа-ағасына тіл тигізуі де көптеп орын алуда. Кейбір отбасында бас көтерген ұлдары отбасын қорғау түгілі оны қорлауға дейін баратындардың кездесіп жататыны өкінішті.

  Сот қарауына келіп түскен істерге қатысты 97 адамның отбасында немесе тұрмыстық қатынаста орын алған құқық бұзушылық оқиғаларын алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде жасағандарын анықтады. Орын алған құқық бұзушылық оқиғаларына ер адамның жол бергендері анықталып отыр. Аталған дәрежедегі әкімшілік істер сот мәжілісінде заң талабына сай қаралғандығын, ал қабылданған сот шешімдеріне жеке адамдардың немесе прокурор наразылығының болмағанын, яғни сот шешімінің күшінде қалғанын атап өткіміз келеді.

Жәнібек аудандық сотының

аға сот приставы            Б.Т.Тулеуов


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Күні: , 186 рет оқылды


Сыбайлас жемқорлық  — бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердің қатарына кіруге кесірін келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.


Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің,оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндетті санайды. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Сондықтан да жемқорлықпен бірге күресейік ағайын!

Жәнібек аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Басырбаев Берик Бисенбаевич


Өсімдіктер карантині саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

Күні: , 186 рет оқылды


Бүгінгі таңда өсімдіктер  карантині саласы аясында 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, олар: «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру», «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» және «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері.


  Карантинге жатқызылған өнімді ҚР-нан тыс жерлерге шығаруға фитосанитариялық сертификаттар, ал ҚР-ның аумағында облысаралық тасымалдау кезінде карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі. Карантинді немесе фитосанитарлық сертификаттар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өңірлердегі аумақтық инспекциялары карантинге жатқызылған өнімді тексеруден өткеннен кейін рәсімделеді.

Карантиндiк және фитосанитарлық сертификатты алу үшiн жеке және заңды тұлғалар ҚР АШМ АӨК МИК (уәкілетті орган) аумақтық бөлімшесіне өтiнiм бередi және карантиндiк жай-күйдi айқындау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторға карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.

 Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге:  осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім,  жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін), импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары туралы құжаттарды ұсыну қажет. Ал бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі  электронды порталы (ЕАСУ) арқылы  осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім, импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

«Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге байланысты фитосанитариялық сертификат көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

 «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі. Аталмыш мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім, жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін) ұсынады. Ал бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі  электронды порталы (ЕАСУ) арқылы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінім толтырылады. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Электрондық үкімет» порталы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Карантиндік сертификат көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында  «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығаруға фитосанитарлық сертификат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау, тіркеу және дайын сертификаттарды қызмет алушыларға беру ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясы ғимаратының мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орында «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін төменде көрсетілген мекен-жайға хабарласуға болады: Орал қаласы, Қ.Аманжолова көш, 75, байланыс телефондары: 50-62-96.

Әр аптаның сәрсенбі күні сағ.15:00-17:00 аралығында ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы азаматтарды  жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізеді.

Ақбаян ДЖУЛАМАНОВА

ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының

Өсімдіктер карантині  жөніндегі мемлекеттік инспекторы


Қала тұрғындарының назарына!

Күні: , 195 рет оқылды


Азаматтар мен қала тұрғындарынан келіп  түскен арыз-шағымдар, өтініш-тілектерге уақытылы жауап беру, қала тұрғындарымен бетпе-бет кездесіп, оларды қабылдау жағдайын жақсарту мақсатында Орал қалалық ішкі істер бақармасы басшылары арнайы кесте бойынша жұмыс жүргізеді.


 
Лауазымы Тегі, ата-жөні Уақыты
Бастық Айкенов Мерлан Ерболатұлы Дүйсенбі:09.00-18.00 Сейсенбі:09.00-18.00 Сәрсенбі:09.00-18.00 Бейсенбі:09.00-18.00 Жұма:09.00-18.00
Бастықтың бірінші орынбасары Бисенов Нұрлан Абылайұлы Дүйсенбі:15.00-17.00 Сейсенбі:15.00-17.00 Сәрсенбі:15.00-17.00 Бейсенбі:15.00-17.00 Жұма:10.00-12.00
Бастықтың орынбасары Сәрсенбаев Руслан Набиоллаұлы Дүйсенбі:15.00-17.00 Сейсенбі:15.00-17.00 Сәрсенбі:15.00-17.00 Бейсенбі:15.00-17.00 Жұма:10.00-12.00
Бастықтың орынбасары Ғұмаров Наурызбай Қайыршаұлы Дүйсенбі:15.00-17.00 Сейсенбі:15.00-17.00 Сәрсенбі:15.00-17.00 Бейсенбі:15.00-17.00 Жұма:10.00-12.00
Бастықтың орынбасары Тұманғалиев Ерсайын Нағаметоллаұлы Дүйсенбі:15.00-17.00 Сейсенбі:15.00-17.00 Сәрсенбі:15.00-17.00 Бейсенбі:15.00-17.00 Жұма:10.00-12.00
Жергілікті полиция қызметінің бастығы Жардемов Муслим Ғилманұлы Дүйсенбі:15.00-17.00 Сейсенбі:15.00-17.00 Сәрсенбі:15.00-17.00 Бейсенбі:15.00-17.00 Жұма:10.00-12.00
 

Осы кесте бойынша азаматтарды қабылдау барысында жұмыстың тиімділігі артуда. Сондай-ақ, бөлімшенің бірінші қабатында азаматтардың арыз-шағымдарын салатын арнайы жәшік те орнатылды. Жәшіктегі арыз-шағымдар күн сайын қаралып, кеңседегі  алфавиттік журналға тіркеледі. Әрқайсысына нақты жауаптар қайтарылады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін сенім телефондары бар.

Сенім телефондары:

Орал қ.ІІБ 21-17-19,

Абай полиция бөлімінде 98-40-92,

Шаған полиция бөлімінде 50-15-01,

Орал қ.ІІБ штабы есептеу-тіркеу тәртібінің телефоны

          92-18-38, 92-18-37, 92-18-02

Орал қ.ІІБ баспасөз қызметі

   
Орал қ. ІІБ Абай полиция бөлімі басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі
Лауазымы Тегі, аты-жөні Уақыты
Бастық Мустафин Марат Энварович Дүйсенбі: 17.00-21.00 Сейсенбі: 17.00-21.00 Сәрсенбі: 17.00-21.00 Бейсенбі: 17.00-21.00 Жұма: 17.00-21.00 Сенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00
Бастықтың орынбасары Жанбаев Мадияр Исатайұлы Дүйсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сейсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сәрсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Бейсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Жұма: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сенбі: 09.00-13.00
Бастықтың орынбасары Бос лауазым Дүйсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сейсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сәрсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Бейсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Жұма: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сенбі: 09.00-13.00
Бастықтың орынбасары Бос лауазым Дүйсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сейсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сәрсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Бейсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Жұма: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сенбі: 09.00-13.00
Жергілікті полиция қызметінің бастығы Сатенов Дархан Ерболатұлы Дүйсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сейсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сәрсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Бейсенбі: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Жұма: 09.00-13.00 ,17.00-21.00 Сенбі: 09.00-13.00
 

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті басшылығының 2018 жылдың 1-ші тоқсанына арналған азаматтарды қабылдау

КЕСТЕСІ

Азаматтарды қабылдайтын тұлғаның тегі, аты — жөні Азаматтарды қабылдайтын тұлғаның лауазымы Қабылдау күні және уақыты Мекен — жайы
1 Махсудхан Нұғманұлы Аблазимов Департамент бастығы Әр аптаның Жұма күні сағ: 10.00-12.00 Орал қаласы Пугачев көшесі, 45
2 Асылғали Шендіғалиұлы Меңдіғалин Департамент бастығының бірінші орынбасары Әр аптаның Сәрсенбі күні сағ: 10.00-12.30 Орал қаласы Пугачев көшесі, 45
3 Берік Сипешұлы Аймурзин   Департамент бастығының орынбасары Әр аптаның Бейсенбі күні сағ: 10.00-12.30 Орал қаласы Пугачев көшесі, 45
4 Талғат Өтеғалиұлы Ахаев Департамент бастығының орынбасары Әр аптаның  Сейсенбі күні сағ: 10.00-12.30 Орал қаласы Пугачев көшесі, 45
5 Бағдар Нұралыұлы Абуов Департамент бастығының орынбасары Әр аптаның  Сәрсенбі күні сағ: 10.00-12.30 Орал қаласы Пугачев көшесі, 45
6 Манарбек Серікқалиұлы Габдуллин  Жергілікті полиция қызметінің бастығы Әр аптаның Бейсенбі күні сағ: 10.00-12.30 Орал қаласы Гагарин көшесі, 2/5
  Ескерту:
  1. Ішкі істер департаментінің басқармалары мен бөлімдерінің басшылығы азаматтарды аптаның жұмыс күндері сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.
  2. Ішкі істер департаментінің басшыларына алдын ала қабылдауға жазылу
98-42-21  телефоны арқылы жүргізіледі.  

                                                                                                                  Б.Молдашев


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика