Мұрағат: 16.01.2018


«Қауіпсіз автокөлік» науқаны

Күні: , 42 рет оқылды


12 қаңтар 2018 жылы  Жанақала ауданында Төтенше  жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен және Жанақала ауданының жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып «Қауіпсіз автокөлік» атты  науқан өткізілді.


Науқанның  мақсаты көлік құралдарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау болып табылады. Науқан  барысында ЖПҚ қызметкерлерімен ауылішілік көшелердегі автокөліктер тоқтатылып, автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді,арнайы жадынамалар үйлестірілді және Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Е.Мамаев жүргізушілерге  «101» және «112» құтқару қызметінің нөмерін естеріне салып, автокөлік құралдарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Автокөліктердегі қайғылы оқиғалардың негізгі себептері — азаматтардың автокөлік құралдарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, жанармай аппараты және электрлі тұтану жүйелерінің дұрыс жұмыс істемеуі(қысқаша тұйықталуы, отын ағып кету, ұшқындау және т.б.) болып табылады.

Жүргізушілермен алдын-ала әңгімелесуді үнемі өткізу, қайғылы салдардың статистикасымен таныстыру, біздің ойымызша, автокөліктердегі өрттердің, жанулардың алдын-алуға  болады.

Е.Мамаев,

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің

Жаңақала ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика