Мұрағат: 12.12.2017


Қауіпсіз Жаңа жыл!

Күні: , 347 рет оқылды

Жаңа жыл мерекесі жақындай келе, пиротехникалық өнімдерге сұраныс күрт өседі. Сауда сөрелерінде осы күндері пиратехникалық бұйымдардың көп түрін кездестіруге болады. Олар: зымырандар, отшашулар, шамдар, бенгал.т.б. Бірақ көбінесе, осы зиянсыз көрінетін ойыншықтар шынайы оқиғаларға себеп бола алады. Қазіргі уақытта, заңсыз арзан өнімді тауар және азық-түлік нарықтарындағы да сатып алуға болады.Жалпы, Республика бойынша пиротехникалық өнімдердің шамамен 50%  қарақшылар сатуда. Сертификатталмаған өнімдердің бағасы өте төмен. Ашық көше дүңгіршектерінен пиротехниканы сатып алу әсіресе қауіпті,  өйткені өнім ылғалданып жанбай қалуы мүмкін немесе қолыңызда жарылуы мүмкін.  Сапасыз немесе жалған отшашу өте қауіпті, себебі олар қолыңызда,автокөліктің жүк салғышында, сөмкеңізде күтпеген жерден жарылып кетуі мүмкін. Нәтижесінде, адам миы,  көздің зақымдануы, күйік шалу, контузия т.б. жарақат алуыңыз әбден мүмкін, тіпті кейде қол бармақтарының жұлынуына әкеп соғады. Пиротехникалық өнімдерді сатып алу кезінде тиісті мемлекеттік стандарттарға сілтеме жасай отырып, құрылған стандартқа сәйкес келуге тиiс куәлігін сатушыдан талап етіңіз. Ол сатушының емес дайындаушының мөрімен бекітілуі тиіс. Пиротехникалық бұйымдардан оның қауіпті санаты көрсетілуі тиіс:

1-санат – аралығы 0,5 метр ең аз қашықтық;

2-санат — аралығы 5 м ең аз қашықтық;

3-санат — аралығы 20 м ең аз қашықтық;

4 және 5-санаты кәсіби пиротехникалар,  отшашулар үшін пайдаланылады ( бұл өнім бөлшектеп сатылмайды, осындай өнімдерді пайдалану үшін лицензиясы бар және қолданушы маман ретінде куәлігі бар мамандардан сатып алуға болады). Пиротехника, сондай-ақ сенімді және қауіпсіз ораумен оралуы тиіс.

Барлық сертификатталған өнімдердің қорабында өндірушінің — өндіру күні, жарамдылық мерзімі, пиротехникалық өнімдердің әрбір элементерінің салмағы,қолдану нұсқау қаптамасында мәлімдеме болады.

Егер сіз отшашу сатып алған болсаңыз, пайдалану қауіпсіздігі ережелері туралы ұмытпаңыз!

Пиротехникалық өнімдерді пайдаланған кезде:

— пайдалану және басқару бойынша талаптары көрсетілген техникалық регламенттерді бұза отырып пайдалануға;

— ғимараттарда қолдануға, адамдарды шоғырланған ашық жерлерде пайдалнуға;

—  қолдану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін биік ағаштардан, электр желілеріннен 50 метр аз арақашықтықта пайдалануға ;

— Отшашуларды бөлшектеуге және оларды өртеуге;

— Ересектер қарауыңсыз балаларға жақтыруға;

— Мерзімі өтіп кеткен зақымдалған өнімдер мен өнімдерді пайдалану;

— Киімдердің қалтасында отшашуларды сақтауға;

— фительді жаққан кезде бет тұсына ұстауға;

— қатты желде пайдалануға;

— зымырандар мен отшашуларды адамдарға бағыттауға;

— адамның аяқ астына тыстауға;

— Жағылған отшашуға 15 метр жақын тұруға тыйым салынады.

Фительді қол созым жерде жандыру керек. Ол 3-5 секундта жана бастайды. Отшашудан ұшқан ұшқынды сөндіру қиын, ол теріге тисе — күйдіріп жібереді. Ғимараттарда, шырша маңында ашық отты петардаларды, бенгал шамдарын пайдаланбаңыз!

Отшашудан қалған ұшқынды немесе от орынын сөндіру үшін әрқашан өрт сөндіргіш құралын немесе суы бар ыдыстың болуы тиіс.

Қазіргі заманғы пиротехникалар балалар мен жасөспірімдер үшін үлкен қызығушылық тудырады. Медициналық мәліметтерге сәйкес, зардап шегушілердің көбі балалар.

Құрметті ересектер, абай болыңыздар! Қауіпті «ойыншықтармен» балаларды  бақылаусыз қалдыру  үлкен қайғыға әкелуі мүмкін. Барлық сатушылар мен тұтынушыларға айтар өтінішіміз: егер жаңа жылдық мереке жарқын болуын тілесек, қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

 БҚО ТЖД Казталов ауданы ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты Н.И.Сисенов


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика