Мұрағат: 23.11.2017


«Адырна» — сіздің Адырнаңыз!

Күні: , 73 рет оқылды


Бір жыл бұрын Ақтөбеде жарық көрген «Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналы қазір республикаға  таныла бастады. Ай сайын жаңа саны шығып отырған журнал озық болмыс-бітімімен, терең мазмұндылығымен, ең бастысы — бүгінгі жастар мен күні кешегі қазақтың бірегей әдебиеті өкілдерінің озық үлгілерін оқырмандарына үздіксіз ұсынып отырумен ел көңілінен шығып отыр.


Кезінде әйгілі «Алтын Орда» апталығын басқарған белгілі ақын, нағыз интеллектуал,  көсемсөз шебері  Мейірхан Ақдәулетұлының  жобасымен, өнер мен әдебиеттің, ұлттың шынайы жанашыры, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен шығатын бұл әдеби басылымның ертеңгі болашағы да айқын сияқты.

— Біз Елбасымыз жариялаған рухани жаңғыруды алдымен әдебиеттен, әдеби басылымдарды халыққа көбірек таратудан бастауымыз керек, — дейді бас редактор, — Өкінішке орай, күні кеше ғана шопаны мен тракторшысына дейін әдеби журналдарды көп оқитын қазақ қазір көз алдымызда оқымайтын ұлтқа, демек, өз әдебиеті ғана емес, өзге рухани-мәдени дүниелерді танып-білуге селқос қарайтын ұлтқа айналып барады, қолына кітап ұстаудан қалды. Әдебиет — өмірдің, рухтың, жанның оқулығы. Соны ескеруден қалған ұлтта ұлттық тамыр, болмыс, нәт пен діл қалай сақталады. Қоғамдағы кісі шошырлық мінез-құлық пен өнегесіздік, жан ауыртарлық көріністер неге көбейеді, әкені тыңдамай ұл, ананы тыңдамай қыз бетімен кетуінің сыры неде? Басты себеп-надандық пен адамның өзіне, ұрпағына деген жауапкершілігінің азаюы. Әдебиет, әдеби басылымдар осы жайсыздықты жойып, халықты өз-өзіне қайтадан  табыстыруы керек. Оның басты құралы — әдебиет. «Адырна» осы мақсатқа қызмет еткісі келеді. Өкінішке орай, билік те, қара халық та осы ең маңызды мәселеге самарқаулық танытып отыр.  Әдебиеттен, кітаптан жеріп, дүниенің баясыз қызығына алаңдап кеткен ұлтта болашақ болмайды. Осыны әр қазақ, болашағынан  үмітті қазақ ескеруі керек…

Журналдың қазіргі таралымы мың-ақ дана. Бір қызығы, әркімге дабысы жете алмай отырған журналға Павлодардың Успенка ауылынан 19 адам, Қызылорданың Аралынан 17 адам жазылған да, облыстардан 1-2 адам ғана оқып отыр! Себебі, журналдың жарнамасы жоқ, әрі билікте ықылас жоқ.

Дегенмен, «Адырна» күн санап таралымын кеңейтері хақ-халық өз керегін — өзіне арналған журналды естісе-ақ жаздырып аларына шүбә жоқ.

«Адырнаға» жазылыңыз — өкінбейсіз. Индексі — 74939, бағасы (1 жылға) 7363 теңге.

Бетімен кетіп қалуы бек мүмкін қазақы ұлт өз рухани суатына қайта оралсын, жас ұрпақ бізден де мықты болсын десеңіз — «Адырнаға» жазылыңыз. Кез келген почта бөлімшесінен!


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика