Мұрағат: 09.11.2017


Қаруыңызды тапсыруды ұмытпаңыз

Күні: , 51 рет оқылды


2017 жылғы қарашаның 6-10-ы аралығында Орал қаласы аумағында «Қару» жедел алдын-алу шарасы басталды. Шараның мақсаты-азаматтардың  қолдарындағы қару-жарақтарын, жарылғыш заттарды тапсыруларын талап ету еді.  2017-жылдың 10-сәуірінен бүгінгі күнге дейін азаматтардан 55 арыз қабылданып, өз еріктерімен 67 бірлік қару тапсырылды. Оның 47-сі аңшы тегіс ұңғылы, 7-еуі ойық  ұзын ұңғылы қару, 3 қысқа ұңғылы  қару, 8 травматикалық қару, 1127 дана  ойық  қаруға арналған патрондар, 1 снаряд болды. Бұған дейін ұйымдастырылған «Қару» ЖАШ кезінде  Қазақстан Республикасы  әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 482 бабына сай     (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз   иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) -5 хаттама, осы кодекстің 484 баптың 1 бөліміне      сай (азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу) 242 хаттама толтырылды. 3147103 теңге айыппұл салынып, 2511783 теңгесі өндерілді. Кодекстің  486 баптың 1 бөліміне сай      (азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу)  110 хаттама толтырылды. 2132859 теңгеге айыппұл салынып, 1696076,5 теңгесі өндірілді.


Жалпы биылғы жыл ішінде  357 хаттама толтырылды. 2016 жылдың есепті мерзімінде 272 хаттама толтырылған еді. Учаскелік полиция инспекторлары бірлескен рейд жүргізу нәтижесінде қару иелері тексеріліп, өздері көрсеткен мекенжай бойынша қару иесінің нақты ресми тұрып жатқаны анықталады. Сондай-ақ, тексеріс кезінде  қару иесінен заң бұзушылықтар анықталса, үстерінен хаттама толтырылады.  Азаматтар қару-жарақтарды сақтайтын арнаулы сейфтерін қондырып, дабыл жүйесіне қосылуы тиіс.

Көп  жағдайда  азаматтар қала ішіндегі үйлерін-мекендерін ауыстырады да, басқармаға келіп мекен-жайларын ауыстырғанын ескертуді ұмытып кетеді. Соның себебінен, қару-жарақтарды мекендері бойынша тексергенде дәл келмейді. Немесе, қару-жарақтардың пайдалану мерзімі өтіп кететіндері де бар. Уақытылы   қаруды пайдаланудың мерзімін ұзартуға салдыр-салақ қарайды.

Орал қ.ІІБ қаруларға лицензияға рұқсат беру жүйесінің инспекторлары азаматтардан  қаруды сақтау мерзімін мұқият қарап, уақытылы ұзартуларын сұрайды. Сонымен қатар, заңсыз қаруларды тапсырғандары жөн.

Қала тұрғындарының түсінбеген сұрақтары болса, Орал қалалық ішкі істер басқармасының қаруларға лицензияға рұқсат беру жүйесіне 92-18-14, БҚО ІІД-дегі 98-40-40 телефондары арқылы  хабарласып, ақпараттар алуына болады.

Қаруды тапсыруға әкелерде өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын ала келулерін сұраймыз.

Орал қ. ІІБ баспасөз қызметі


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика