Мұрағат: 17.10.2017


Мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұрмысында өрт қауіпсіздік

Күні: , 134 рет оқылды

OLYMPUS DIGITAL CAMERA


Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздік айлық барысында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудан орталығындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға (жалғыз басты қария адамдар, мүгедектер) көмек көрсететін қызметкерлер арасында аудан аумағында қыс кезінде тұрғын үй секторында өрт оқиғаларын алдын алу мақсатында дәріс өткізді.


Аталған жиында қызметкерлерге өртті алдын-алу, өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт болған жағдайда не істеу керек, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік туралы мәселелер қаралып,  жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ, қызметкрелерге өз тұрғын үйлерінде, қай жерде болса да қауіпсіздік ережелердің талаптарын сақтау өте маңызды екені айтылып, қауіпсіздік ережелер бойынша үгіт-насихат жұмыстарды жүргізуге ұсыныс берілді.

Сонымен қатар бөлім қызметкерлері аудан аумағындағы ауылдық округтерге іс-сапарға шығып әлеуметтік қызметкерлермен бірлесіп ауылдық округтердегі жалғызбасты қария адамдар мен мүгедектердің үйлерін аралап қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

 

БҚО ТЖД-нің Жәнібек ауданының ТЖБ-нің бастығы

азаматтық қорғау майоры  С.Алтаев


Ақжайық жастары қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылады

Күні: , 69 рет оқылды


13 қазан күні Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жымпиты ауылында «Айбынды Алаш жастары» аймақтық жастар форумы өтті.


Форум жұмысына облыс аудандарынан және елімізге танымал зиялы қауым өкілдері, тарихшы-ғалымдар, блогерлер мен белсенді жастар қатысса, олардың қатарында, ақын, Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты Қалқаман Сарин, әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ибрагим Ескендір де бар.

Форум пленарлық отырыспен басталып, секцияларда өз жұмысын жалғастырды. Секциялардың бірінде қазақ әліпбиінің жаңа форматы талқыланды. Дәл осы жерде жастар өкілдері латын әліпбиінің жаңа нұсқасына қолдау білдірді.

Сондай-ақ, форум қатысушылары мен делегаттары «Алаш» музейі жұмысымен танысып, Ж.Досмухамедов атындағы жалпы білім беретін мектебімен танысып, еліміздің аумағында алғаш салынған Алаш паркінде Алаш Орда зиялыларына арналған ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар аудандық мәдениет үйі қызметкерлері атаулы шараға орай өңір тарихынан сыр шертетін «Жанша» қойылымын қойды.

Форумның арнайы қонағы, ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Қалқаман Сарин:«Еліміздің тарихына тағзым ету бағытында біз бабаларымызға әлі де қарыздармыз. Олардың тәуелсіздік жолында дінімізді, тілімізді, дәстүрімізді, жерімізді және еліміздің тұтастығы үшін күрескені жолында біздің алатын сабағымыз мол. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Ол жаңа технологияның тілі» деп өз пікірін білдірсе, өз кезегінде әнші, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ибрагим Ескендір: «Мағжан сенген жастар ешқашан осал болмауы қажет. Бізге беріліп отырған мүмкіндікті пайдаланып, рухымыз биік, арманымыз асқақ болуы қажет» – деп пікірін ортаға салды.

Форум «Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының және «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткізілді.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика