Мұрағат: 17.01.2017


Құқық қорғау органдарымен қатынас кезіндегі қысқаша кеңестер

Күні: , 155 рет оқылды


Биылғы жылы бес институционалдық реформаны іске асыру басталды, оның бағыттарының  бірі – құқықтық мемлекет құру.


Бұл салада прокуратура органдарының рөлі ерекше, себебі барлық басқа құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіре отырып, оларға құқықтық салада үлкен өкілеттіктер берілген. Соңғы жылдар ішінде қадағалау органы ел азаматтарының құқықтарын қорғау жəне құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Басты міндет – мемлекеттік жəне қоғамдық институттардың құқық қорғау əлеуетін арттыру, заңдарды тиімді қолдану жəне азаматтармен, шағын жəне орта бизнес өкілдерімен жүргізілетін күнделікті жұмыста оларды сақтау. Азаматтарға олардың құқықтарын, сондай-ақ елімізде қабылданатын заңдардың ережелерін қарапайым тілмен түсіндірген маңызды.

Қоғамда заңдылық пен құқықтық тəртіпті нығайтудың басты алғышарты азаматтардың құқықтық мəдениетін арттыру болып табылады.

Бұл орайда азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қадағалау қызметінің материалдары негізінде «Прокурордың 100 кеңесі» анықтамалығын əзірледі.

Бұл құралда заң тұрғысынан күнделікті өмірде жиі туындайтын сұрақтарға жауаптар беріледі.

     Егер сізге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылса:

  • Əкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы уəкілетті лауазымды тұлға жазбаша немесе электрондық нысанда жасайды (ҚР Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (бұдан əрі – ҚР ƏҚБтК) 803-бабы) жəне қатаң есептіліктегі құжат болып табылады. Оны ауыстыруға немесе қайта басып шығаруға болмайды.
  • Хаттаманы мұқият оқып шығыңыз. Бұл көптеген түсініспеушіліктер мен жайсыздықтардан құтылуға мүмкіндік береді. Хаттаманы жасаудың күні мен уақытын дəл көрсетуді, сондай-ақ істің барлық мəн-жайларын толық жазуды талап етіңіз.
  • СІЗ МЫНАЛАРҒА ҚҰҚЫЛЫСЫЗ:
  • хаттамамен жəне істің басқа материалдарымен танысуға;
  • түсініктер беруге, хаттаманың мазмұны мен оны ресімдеу бойынша ескертулер жасауға;
  • дəлелдемелер беруге,өтініш жəне қарсылық мəлімдеуге;
  • қорғаушының заңдық көмегін пайдалануға;
  • істі қарау кезінде ана тіліңізде сөз сөйлеуге немесе өзіңіз меңгерген тілде сөйлеуге жəне іс жүргізіліп жатқан тілді меңгермесеңіз, аудармашының қызметтерін өтеусіз пайдалануға.
  • іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына (жеткізу, ұстау, əкелу, қарап-тексеру жəне т.б.), хаттама жасау жөніндегі əрекеттерге, ісбойыншақаулығашағымберуге;
  • істегі құжаттардан үзінділер алуға жəне көшірмелер жасауға.
  • Егер сіз жасалған хаттамамен келіспесеңіз, қызметкердің іс- əрекеттеріне жоғары тұрған органға, аудандық немесе əкімшілік сотқа шағым беруге құқылысыз.
  • ШАҒЫМДАР ЖАЗБАША ЖƏНЕ АУЫЗША БОЛУЫ МҮМКІН.
  • Ауызша шағымдар лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында айтылады немесе хаттамаға енгізіледі, оған сіз жəне лауазымды тұлға қол қоясыздар.
  • Шағым сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіз бұзылған күннен бастап 2 ай ішінде сіздің ана тіліңізде немесе сіз меңгерген тілде беріледі.
  • Шағым келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады.
  • Егер сізге шағымды қанағаттандырудан бас тартса, сіз қаулының көшірмесін алған күннен бастап 10 тəулік ішінде шағым беруге құқылысыз:
  • Органның қаулысын – сотқа;
  • Соттың қаулысын – жоғары тұрған сотқа.

Бұл сот актісі түпкілікті болып табылады жəне шағым беруге жатпайды.

Қандай жағдайларда сізді құқық қорғау органына жеткіз еалады?

  • Біліңіз! Егер сіз əкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылық жасасаңыз немесе сізге оны жасады деген күдік келтірілсе ғана сізді құқық қорғау органына жеткізе алады.

Жеткізу төмендегі жағдайларда жүзеге асырылады:

  • Əкімшілік материал бойынша келесі мақсаттарда:
  • құқықбұзушылықтың жолын кесу үшін,
  • құқықбұзушының жеке басын анықтау үшін,
  • əкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасау үшін,
  • қорғау нұсқамасын сол жерде шығаруға мүмкін болмаған жағдайда, оны шығару үшін.

Жеткізу туралы хаттама жасалады немесе əкімшілік құқықбұзушылық немесе əкімшілік ұстап алу туралы хаттамаға тиісті жазба енгізіледі (ҚР ƏҚКо786-бабы).

  • Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі ісжүргізу барысында:
  • қылмыстық құқықбұзушылыққа қатыстылығыңызды анықтау үшін. Бұндай жағдайда жеткізу мерзімі 3 сағаттан аспауы тиіс (ҚПК-ның 129-б).
  • Егер қылмыс жасауға қатыстылық расталса, тергеуші (анықтаушы) сізді ұстауға құқылы (ҚПК-ның131-бабы).
  • Күдік расталмаған жағдайда, сізді босатуға жəне жеткізу туралы анықтама беруге міндетті. Бұл анықтама сізге қылмыстық қудалау органының əрекеттеріне, шешімдеріне шағым беретін болсаңыз, жеткізу фактісін растау үшін, сондай-ақ талап ету орнына көрсету үшін керек болады.
  • Есіңізде болсын, егер сіз құқықбұзушылық жасамасаңыз жəне қылмыстық қудалау органына заңсыз жеткізілдім деп санасаңыз, заңсыз іс-əрекеттерге шағым беруге толық құқығыңыз бар.

«Жеке тексеру мен жеке тінтуді» қай кезде жүргізе алады?

  • ƏКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАЛҒАН КЕЗДЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ 2 КУƏГЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СІЗДІҢ ЗАТТАРЫҢЫЗДЫ ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ТЕКСЕРУДІ ЖҮРГІЗЕ АЛАДЫ (ƏҚКО— НЫҢ 791-БАБЫ).
  • ЖЕКЕ ТЕКСЕРУ – бұл құқықбұзушылықтарды анықтау жəне алдын алу, құжаттарды, заттарды жəне əкімшілік құқықбұзушылық жасаудың құралы не заты болып табылатын басқа да заттарды анықтау жəне алу үшін адамның денесін жəне оның киімдерін мəжбүрлеп тексеру.
  • ЗАТТАРДЫ ТЕКСЕРУ–бұл олардың құрылымдық бүтіндігін бұзусыз жеке тұлғада бар заттарды тексеру.

Егер сізде қару немесе қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін өзге заттар бар деген күдік келтірілсе, жеке тексеру, заттарды тексеру прокурорды 24 сағат ішінде хабарлай отырып, куəларсыз жүргізілуі мүмкін.

Қылмыстық іс бойынша куəгерлердің қатысуы мен тінту, жеке тінту жүргізілуі мүмкін (ҚПК-ның 252,255-баптары).

  • Тінту іс үшін маңызы бар заттар немесе құжаттарды анықтау жəне алу, оның ішінде тыйым салуға жататын мүлікті анықтау мақсатында жүргізіледі. Сондай-ақ тінту іздестірілетін адамды жəне адамның мəйітін анықтау үшін жүргізілуі мүмкін.

Жеке тінту тінтілетін адамның денесіндегі немесе денесінің ішіндегі, оның киіміндегі жəне заттарындағы заттармен құжаттарды табу жəне алып қою мақсатында жүргізіледі. Жеке тінтуді тінтілетін адаммен бір жыныстағы адам ғана жасай алатындығын жəне сол жыныстағы куəгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргізілетіндігін білу қажет.

  • Тінту, жеке тінту тергеу судьясының санкция беруі арқылы жүргізіледі:

Тінту жүргізуді бастағанға дейін сізге қаулыны көрсетуге міндетті. Сондай-ақ, сізге іс үшін маңызы бар болуы мүмкін алуға жататын заттар мен құжаттарды өз еркімен беру ұсынылуы тиіс.

Тінту кезінде, егер иесі оларды өз еркімен ашудан бас тартса, жабық тұрған үй-жайлар мен қоймалар ашылуы мүмкін. Мыналар тергеу судьясының санкция беруінсіз жүргізілуі мүмкін:

-тінту, егер іздестірілетін жəне (немесе) алуға жататын объекті оны анықтағаннан кейін кешеуілдеуге байланысты жоғалуы, бұзылуы немесе қылмыстық мақсаттарда пайдаланылуы не  іздестірілетін адам жасырынуы мүмкін деген нақты қауіп-қатер бар болғанда;

-жеке тінту, егер қылмыстық іс үшін маңызы бар құжаттарды немесе заттарды үй-жайды тінту кезінде сіз өзіңіз ұстап жасырып отыр деген қауіп бар болса;

  • жеке тінту, сізді ұстап, уақытша ұстау изоляторына немесе тергеу изоляторына орналастырған кезде.

Қандай жағдайларда сізді 72 сағатқа ұстауы мүмкін?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабына сəйкес, əркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Соттың санкциясынсыз ұстау жетпіс екі сағаттан аспайды.

Қылмыстық-процестік кодексте (128-бап) ұстау тек мынадай 5 жағдайда ғана көзделген:

  • егер сіз қылмыс жасау кезінде немесе оны жасағаннан кейін тікелей ұсталсаңыз;
  • көрген адамдар (куəлар), оның ішінде жəбірленушілер қылмыс жасаған адам ретінде сізді тура көрсеткенде не қылмыс жасау кезінде немесе оны жасағаннан кейін тікелей ұстағанда;
  • егер сіздің киімдеріңізде немесе сіздің өзіңізде, сондай-ақ сіздің тұрғын үйіңізде қылмыстың айқын іздері табылса;
  • егер жедел-іздестіру қызметінің жəне (немесе)жасырын тергеу əрекеттерінің материалдарында сіз жасаған немесе жасайтын қылмыс туралы сізге қатысты анық деректер бар болса;
  • сізді қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп күдік келтіруге негіз болатын өзге де деректер бар болғанда, егер сіз жасырынуға əрекет жасағанда не тұрақты тұрғылықты жеріңіз болмаса немесе күдікті ретінде сіздің жеке басыңыз анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш хат жіберілген жағдайда, сіз ұсталуыңыз мүмкін.

Батыс Қазақстан облыстық

прокуратурасының

аға прокуроры Б. Молғалиев


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика