Мұрағат: 13.12.2016


Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Күні: , 31 рет оқылды


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында, сонымен қатар  «Қазақстан 2050» Стратегиясында жаңа саяси бағыттағы сұрақтармен қоса мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарылатуға аса көп көңіл бөлген.


Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету сұрағының өзекті болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барлық саланы және адамның бүкіл өмірлік іс әрекетін қамтитындығына байланысты.  Әрбіреуіміз туғаннан бастап бүкіл өмір бойына мемлекетпен мемлекеттік қызметтерді алу арқылы өзара әрекет жасаймыз. Біз туу туралы куәлік, жеке басын куәландыратын куәлік  әлеуметтік жәрдемақы, т.б. рұқсат құжаттарын аламыз.

Бүгінде БҚО денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 17 түрі бойынша қызмет көрсетіледі.

«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына  өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1046 бұйрығымен тағы 1 мемлекеттік қызмет («Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағазалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу») қосылды және 1 мемлекеттік қызмет («Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәрiхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық бiлiмi бар мамандарды аттестаттау») Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталды, сонда денсаулық сақтау саласында 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Дәрігерді үйге шақыру
  2. Дәрігердің қабылдауына жазылу
  3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу
  4. АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу
  5. Туберкулез диспансерінен анықтама беру
  6. Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру
  7. Наркологиялық диспансерден анықтама беру
  8. Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру
  9. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру
  10. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру
  11. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру
  12. «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағазалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу»
  13. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау
  14. Медициналық қызметке лицензия беру
  15. Фармацевтикалық қызметке лицензия беру
  16. Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру
  17. Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру

Олардың ішінде:

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (әрі қарай – мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау;
  2. Медициналық қызметке лицензия беру;
  3. Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру.

Бүгінде ақпаратқа қолжетімділіктің маңызды тәсілдерінің бірі «электронды үкімет» (www.egov.kz) веб-порталы болып табылады. Ол арқылы денсаулық сақтау саласында келесі мемлекеттік қызметтерді алуғ болады:

  1. Дәрігерді үйге шақыру;
  2. Дәрігердің қабылдауына жазылу;
  3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу;
  4. Медициналық қызметке лицензия беру;
  5. 5. Фармацевтикалық қызметке лицензия беру;
  6. Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 5-бабына сәйкес  денсаулық сақтау саласында мемлекеттік реттеу шараларының бірі медициналық және фармацевтикалық қызметтерін лицензиялау болып табылады. Лицензиялау рәсімі мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады, яғни медициналық, фармацевтикалық және есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерді лицензиялау Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді.

Рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңында медициналық, фармацевтикалық және есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты лицензиялауға жататын қызметтер және хабарламалардың тізбесі (Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама) келтірілген.

Біліктілік талаптары «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 27, «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 943 бұйрықтарымен бекітілген.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша стандарттары негізінде Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеп, БҚО әкімінің қаулылары бекітілді.

Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, уақытылы көрсетілуіне және дәйектілігі бойынша мониторинг жүргізіліп отырады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толығырақ ақпаратты басқарманың www.zdrav-bko.gov.kz ресми сайтынан білуге болады.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда электронды үкімет веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында  «электронды үкімет» (egov.kz) веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті онлайн-көрсету пунктін ұйымдастырылды. (1.Дәрігерді үйге шақыру; 2.Дәрігердің қабылдауына жазылу; 3.Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу). Ол үшін бар болғаны ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы шарт.

ЭЦҚ-ны 2 әдіспен алуға болады: ХҚКО-ға тікелей өтініш беру немесе интернетке шығу мүмкіндігі бар компьютерден онлайн өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Алайда, екінші жағдайдағыдай, онлайн өтініш бергенмен ЭЦҚ-ны белсендіру үшін ХҚКО-ға бару керек.

Егер де компьютермен жұмыс істеу сізге қиындық тудыратын болса, жылдам әрі тиімді шешім – жақын жердегі ХҚКО-ға бару. Ол жердегі қызметкерлер Сізге кеңес беріп, міндетті түрде ЭЦҚ алуға көмектеседі. ЭЦҚ-ны қай түрде алу өз еркіңізде: ақпарат тасушыда (флэш карта, компакт диск) немесе төлқұжаттың чипінде. Соңғысы өте тиімді әдіс, себебі әрдайым өзіңізбен бірге, алайда оның жұмыс істеуі үшін арнайы карт-ридер алу қажет (компьютер дүкендерінде сатылады).


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика