Мұрағат: 29.11.2016


Батысқазақстандағы облыстық сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп- интернат-кешенінің мектеп бітірген түлектеріне

Күні: , 72 рет оқылды


Сәлеметсіздерме, құрметті  менің  балаларым!  Балаларым дегенге таңғалмайтын боларсыз, себебі сіздер мені папа дейтін едіңіз ғой. Ұмытпай фейсбук арқылы мені тауып алғандарыңызға көп рахмет.


Ия, менің директорлықтан қалып, құрметті демалысқа шыққаныма да сегіз жыл болыпты. Сіздердің менің денсаулығым, қазіргі  жағдайым туралы сұрақтарыңда  ұмытылмас мектептегі өмірлеріңе деген сағыныш сезімі байқалады. Сол сезім мені де толғандырады. Біздің бишілердің  яғни сіздердің Республикалық конкурста  Гран-при жүлдесін жеңіп алғаныңыз әлі есімде. Сіздерді еститің балалар деп тексергендері де күлкілі жағдай болды. Бұл жеңіс  болашақтағы мүмкіндігтерімізге үлкен сенімділік әкелді.  Шотлан ақыны Роберт Бернстың 150 жылдық кешіне Англиядан келген кәсіби артистермен бірге біздің бишілер шақырылып қазақ биімен қоса орындалған екі шотлан биі  қонақтарға үлкен әсер қалдырды. Біз туралы ағылшындар достық сезімдерін интернетте жазып, көмектерін ұсынып, соңынан Ұлыбританияның төтенше елшісі Пол Браммелдің біздің мектепке арнайы келуіне себеп болды. Мектептің өмірін және балалардың өнерін көрсету  үшін Актөбе, Атырау, Самара, Тольятти, Орынбор  қалаларына барып, олар бізге келіп әртүрлі конкурстарға қатысып кездескендерің есіңізде болар. Ал біздің мектеп аталған қалалардан келген педагогтардың тәжрибе алмасу орталығына айналып кетті.   Біз, мұғалімдерге көп нәрсені оқып үйренуге тура келді, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін меңгердік.Ол үшін Алматы, Москвадан атақты ғалым-сурдопедагогтар мен оқулықтардың авторлары шақырылды. Кейіннен біздің мектептің жанында Москвадағы М.Шолохов атындағы  мемлекеттік университеттің дефектология факультеті 5 жыл бойы жұмыс істеп, біздің мұғалімдермен қоса Ақтөбе, Атырау мұғалімдері  оқып сурдопедагог мамандығы  бойынша жоғары білім алды. Сіздерді қоғамға бейімдеу мақсатында, қала  мектептерінің оұушыларымен көп араластырдық. Әлі есімде, сіздердің ол мектептерден достарыңыз көп болғанын, олармен футбол, волейбол, теннис, шахмат,  дойбы ойнап, брей-данс үйірмесіне қатысып  талай жеңістеріңізге, ең бастысы достық қарым-қатынастарыңызға бірге қуанғанымыз. Күнсайын ауа райына қарамай  таңғы сағат 7-00 де сыртта барлығыңызға зарядка жасатып  салауатты өмір сүру әдісін үйреткен сіздің кумиріңіз, сүйікті  мұғаліміңіз В.К.Жигалковичтің еңбегі зор. Мектеп жанындағы катокта, ал әр сембіде мұз айдынында бүкіл мектеп  болып коньки теуіп, әдетке айналдырып қызыққа батушы едік. Мен қазірге дейін немерелеріммен әр сембіде коньки теуіп сіздердің қуанышты бақытты кезеңдеріңізді  еске алып жүрмін. Қазақстан мен Ресейдің алты обылысынан интернатта  жиналған әртүрлі ұлттың өкілдерінен тұратын сіздердің араңыздағы татулық және  үлкендеріңіздің кішілеріңізге деген қамқорлығыңыз мақтанышты. Жақсы тәртіп пен белсенділерің үшін, яғни 80% оқушыларымыз Тәуелсіз еліміздің мақтанышы бас қаламыз Астанада болып келдіңіз. Білім беруден басқа, біз педагогтардың бас мақсатымыз өмірден өз орынын таба білетін Қазақ елінің толыққанды, тәрбиелі азаматы болуға сіздерді баулыдық. Есіңізде ме, мектебіміз денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мен, сіздердің мүмкіндігің шексіз деп қайта-қайта айтушы едім ғой. Сіздердің өмірде өз орындарыңызды тауып ,  Егеменді  Қазақстанның өсіп көркеюіне үлесіңізді қосатыныңызға сеніммен қарадық. Естеріңізде болар  еліміздің қиын шақты кезінде, біз қол қусырып отырған жоқпыз, өз кәсібімізді құрдық. Сіздердің ағаш және тігін шеберханаларда істелген бұйымдар нарықтың бәсекеде серіктестерді ұтып   мектебімізге біршама табыс әкелді. Сол 15 жыл бұрын сапалы жасалған бұйымдардың көбі  қазірде қолданыста  жүр. Ал, шаш тараз(сұлулық салоны), етік тігу, массаж жасау салондары қала тұрғындарының тұрақты сұраныстарына ие болды. Біз әр жұмыстың қиындығы мен күрделілігін сіздерге сезіндіріп, нарықтық экономика кезінде табысқа жетудің жолдарын көрсетуге тырыстық. Көбіңіз мектеп жанында ақ  сапалы істеген жұмыстарыңыздан қуаныш және қанағат сезімін сезініп үлгірдіңіз. Бірақ та сіздің игерген мамандықтарың  үлкен және ұзақ еңбек өміріне кіруге керекті  алғашқы қадамыңыз.Сіздерді  осы мамандықпен шектеліп қалмай өздеріңіздің көңілдеріңнен шығатын жаңа істі табуға да бағыттадық. Ал, мен басшы болғандықтан   мектептің  материалдық базасын жақсартып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге, сіздерге  интернатта   толыққанды өмір сүруге жвғдай жасаумен айналыстым. Үкіметтің, демеушілердің және өзіміздің ішкі табыстарымыздың арқасында мектебіміз жөндеуден өтіп сол кездегі қаладағы сәнді ғимараттардың бірі болды. Барлық кабинеттер интерактивті тақталармен, әр балаға арналған компьютер, ноутбук, «Спектр», «Солярис» желісіз дыбыс көбейткіштермен жабдықталды. Біздің  шығарған  «Услышать, понять, помочь»  деген кітабымыз ата-аналардың, Қазақстандағы және Ресейдегі көп әріптестеріміздің көңілінен шығып жоғары бағаға ие болды. Сол кезде біздің мектеп туралы орталық, обылыстық газеттерде жазылып телефильмдер түсіріліп, телехабарлар көрсетілді. Министрліктен келген комиссия мектебімізге Қазақстанда теңдесі жоқ деген баға берсе, біздің мектепте бір ай болған халықаралық эксперт дүниедегі осындай 30 мектептердің қатарына енетініңіз сенімді деп  баға берді. Біздің жетістіктерімізге жол көрсеткен елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы көп ұлтты Қазақстан халқына арналған  әрбір қазақстандыққа қойылған талаптар мен Мәңгілік Ел болудың жолын көрсеткен сенімді , жігерлі жолдаулары деп білемін. Биыл  Қазақстан Республикасының  25 жылдық торқалы тойының қарсаңында, Тәуелсіз еліміздің  дамуына өзімнің кішкентай да болса өз үлесімді белсенді   азаматтардың қатарында қосқаныма мақтан тұтамын.

Сіздер менің немен шұғылданатымды сұрайсыз? Құрметті демалыста бола тұра , «КазИИТУ»  ғылыми-білім кешенінде жұмыс істеп, жастармен жұмысым  жалғасуда. «Көмек»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып жасөспірімдердің,  соның  ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік құқұғын қорғау мәселесімен айналысамын. Мүмкіндік болып тұрғанша қоғамымызға  пайдамды тигізгім келеді. Енді сіздер туралы білгім келеді, қалай тұрасыз?  Әр қайсыңыздың өмірлеріңіз туралы мағұлұматты фейсбукке немесе электр. почтаға салып жіберуіңізді қалаймын. OOKomek@mail.ru

Хат күтемін. Ізгі тілекпен, сіздің  Ақышев Асқар  Әшуұлы, Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкер, Құрметті директор, «Во имя мира на Земле» медалінің иегері.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика