Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті Қазақстан Тәуелсіздігін халқымыздыӊ аса зор құндылығы ретінде бағалай отырып, Тәуелсіз Қазақстанды құру және қалыптастыруда ерен еӊбек сіӊірген Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыӊ стратегиялық бағытына берік ұстанымын таныта отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясыныӊ басты мақсатына жетуді болашақ ұрпақ алдындағы өзініӊ тарихи парызы және жауапкершілігі деп сезіне отырып, «Мәӊгілік Ел» қастерлі мекенінде жарқын келешегімізді жасауға ұмтыла отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ жиырма бес жылдығы Декларациясын қабылдайды.
* * *
Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдық мерейтойы — өз тарихында тұӊғыш рет заманауи мемлекет құрған Қазақстан халқыныӊ ауқымды тарихи жетістіктерініӊ жарқын көрінісі. Қазақстан үшін Тәуелсіздіктіӊ жиырма бес жылы ілгерілеу мен орнықты дамудыӊ кезеӊі болды. Тәуелсіз Қазақстан өзініӊ жаӊа тарихымен табысты мемлекет және бүкіл Орталық Азия өӊірініӊ көшбасшысы атануға құқығы бар екендігін дәлелдеді.
Өз Тәуелсіздігініӊ 25 жылында Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, табысқа жетудіӊ бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Біздіӊ елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда аса ірі өзгерістер жүзеге асты. Тәуелсіз Қазақстанныӊ барлық жетістіктері мен жеӊістері Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыӊ тегеурінді және дана басшылығымен әрбір қазақстандықтыӊ табанды да тынымсыз еӊбегініӊ арқасында мүмкін болды. Президент Н.Ә. Назарбаевтыӊ саяси ерік-жігері және стратегиялық көрегендігі дамудыӊ қазақстандық үлгісініӊ табысты болуын айқындап, Қазақстанныӊ орнықты өсіп-өркендеу жолына шығуына мүмкіндік тудырды. Еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемніӊ озық 30 елініӊ қатарына қосылуға қарышты қадам басуда. Мемлекет басшысыныӊ байыпты және жемісті халықаралық бастамаларымен еліміз биік халықаралық беделге ие болып, ғаламдық ядролық қарусыздану қозғалысыныӊ танымал көшбасшысына айналды.
* * *
1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент «Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заӊды қабылдады.
Тәуелсіз Қазақстанныӊ бұл тұӊғыш құжаты халқымыздыӊ қуатты және пәрменді мемлекет құру арманыныӊ жүзеге асуын айғақтады. Заӊ Қазақстан егемендігініӊ оныӊ ұлан-ғайыр аумағында және әлемніӊ саяси картасында мызғымастығын мәӊгілікке бекітіп берді.
Еліміздіӊ басты құжаты — Қазақстан Республикасы Конституциясын 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда бүкіл Қазақстан халқы бірауыздан қабылдады.
Конституция егемендіктіӊ саяси және құқықтық негіздерін бекітіп, адамныӊ өмірін, құқықтары мен бостандығын, тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатыстылығына қарамастан, адам мен азамат құқықтарыныӊ теӊдігін мемлекеттіӊ жоғары құндылықтары деп жариялады. Тәуелсіз Қазақстанныӊ Конституциясы мемлекет пен қоғамныӊ тұрақтылығы мен өркендеуініӊ мызғымас негізіне айналды.
Қазақстанда тиімді демократиялық институттар — президенттік институты, Парламент, сот жүйесі және белсенді азаматтық қоғам қалыптасты.
Елімізде жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге және бүкіл қоғамныӊ мүдделерініӊ жүзеге асуын қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік құрылымныӊ тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берген тарихи маӊызды экономикалық және саяси реформалар жүргізілді. Тәуелсіздіктіӊ алғашқы күндерінен бастап еліміздіӊ саясаты ұзақ мерзімге негізделді, қазақстандықтардыӊ әл-ауқаты, өмірдіӊ жоғары сапасына жүйелі де мақсатты ұмтылысы оныӊ басты ұстанымдары болды және солай болып қала береді.
Қазақстан әлемніӊ бәсекеге еӊ қабілетті 50 елініӊ қатарына енді.
Әлемніӊ еӊ дамыған 30 елініӊ қатарына кіруді мақсат етіп қойған «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаӊа сипаттағы стратегиялық құжат болып табылады. Мемлекет басшысыныӊ «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары әлемдік қаржы жүйесіндегі аса жағымсыз құбылыстарға қарамастан, елімізде өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Қазақстан ядролық қауіпсіздік рейтингінде еӊ қауіпсіз елдердіӊ қатарына кіреді.
Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды еліміздіӊ ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірместен ядролық қарусыз мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи маӊызды міндетті шеше білді. 1991 жылғы 29 тамызда Елбасы Семей ядролық полигонын жапты. Қазақстан Президенті өз елініӊ ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттыӊ тағдыры үшін өзіне жауапкершілік ала отырып, әлемдік деӊгейдегі саясаткер ретінде танылды.
Семей полигоныныӊ жабылуымен ядролық қаруды таратпаудыӊ және қарусызданудыӊ жаһандық процесініӊ жаӊа кезеӊі басталды. Қазақстанныӊ бастамасы бойынша БҰҰ 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдыӊ халықаралық күні деп жариялады. Қазақстан ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі нақты ұсыныстарын алға тартып, Ядролық қарусыз әлемніӊ жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды ұсынды.
Тәуелсіздіктіӊ 25 жылында қазақстандық дипломатия әлем елдерініӊ басым бөлігімен сенімді достық және ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатып, халықаралық ұйымдардыӊ қызметіне белсенді түрде араласып келеді.
Біздіӊ еліміз әлемдік қоғамдастықта орнын нық айқындап, лайықты құрмет пен беделге ие болып отыр. Әлемде аумағы жөнінен тоғызыншы орын алатын Қазақстан Республикасыныӊ шекарасын делимитациялау мен демаркациялау Президент Н.Ә. Назарбаевтыӊтарихи жетістіктері болып табылады. Қазақстан өӊірлік және жаһандық процестердіӊ белсенді қатысушысы бола отырып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қомақты үлес қосуда.
«Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанныӊ Еуропаныӊ жетекші мемлекеттерімен әріптестік пен ынтымақтастықтыӊ барынша жоғары деӊгейіне шығуына жол ашты. Қазақстан ынтымақтастықтыӊ еуразиялық көпіріне айналды.
Біздіӊ еліміз ЕАЭО, ШЫҰ, АӨСШК секілді интеграциялық жобалардыӊ бастамашысы және ілгерілетушісі болып табылады.
Қазақстан ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК және Түркі кеӊесі сияқты ірі халықаралық ұйымдарда табысты төрағалық етудіӊ тәжірибесіне ие.
Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы қарсаӊында Қазақстан Орталық Азия елдерініӊ арасында алғашқы болып 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі болып сайланды.
Халықаралық қоғамдастық Қазақстанныӊ халықаралық қатынастарды дамытудағы үлесін лайықты бағалай отырып, біздіӊ елімізге ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуді сеніп тапсырды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанныӊ Қарулы Күштері еліміздіӊ сенімді қалқанына айналды.
Президент — Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, оныӊ шекарасыныӊ мызғымастығын, халқымыздыӊ бейбіт және тыныш өмірін сенімді қорғауға қабілетті Қарулы Күштердіӊ түбегейлі реформалауды, әскери қуаты мен әлеуетін арттыруды қамтамасыз етті.
Тәуелсіздіктіӊ 25 жылында Қазақстанда жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқын дәйекті түрде еӊ жоғары әлемдік көрсеткіштерге жетуге бағыттап келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» жаӊа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары — әлемніӊ еӊ дамыған мемлекеттерініӊ қатарына кіруге қабілетті Қазақстанныӊ қуатын нығайтуға бағытталған жоспарлар.
Біздіӊ бәсекелес болатын бірегей басымдықтарымыз — Қазақстанныӊ мол табиғи байлығы, ауыл шаруашылық, коммуникациялық және транзиттік әлеуеті еліміздіӊ экономикалық жетістіктерініӊ негізіне айналды. Бүгінде Қазақстан — жекеменшік институты орныққан, орта тап белсенді дамитын, ал кәсіпкерлік экономикалық өркендеудіӊ қозғаушы күші болып табылатын тұрақты нарықтық экономикасы бар ел.
Елбасыныӊ стратегиялық көрегендігі арқасында Қазақстанда жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыстарға қарамастан, ел экономикасын жаӊғырту табысты жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстан индустриялық қуатын нығайту мен инновацияны дамытуды нық көздеп отыр. Ауқымды құрылымдық реформалар барысында мүлде жаӊа жоғары технологиялы салалар: мұнай-химия, автомобиль өнеркәсібі, теміржол машина жасау, IT-технологиялар, ғарыштық спутниктер өндірісі салалары құрылды. Елбасыныӊ бастамасы бойынша әр азаматтыӊ өмір сүру деӊгейін арттыруға бағытталған «Бизнестіӊ жол картасы-2020», «Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.
Тәуелсіздіктіӊ мерейлі 25 жылында Қазақстан Әлемдік банктіӊ Doing Business рейтингінде 35 орын алды. Елімізде жаӊа экономикалық ұмтылысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Нұрлы жол» бағдарламасы, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі, Транскаспий халықаралық көлік маршруты секілді бірқатар стратегиялық маӊызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып отыр.
Жаӊа елордамыз Астананы құрудағы айрықша рөл еліміздіӊ Тұӊғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тиесілі.
Астана Қазақстан Тәуелсіздігініӊ салтанат құруын паш етіп, халқымыздыӊ мақтанышына айналды.
Астана құрылысы жаӊа мемлекеттіӊ, жаӊа қоғамныӊ құрылысы ретінде киелі мәнге ие болды. Астана өткенніӊ барлық құндылықтарын жинақтап, болашақтыӊ жарқын келбетін елестетті. Бүгінде Астана — өз күшіне сенімді, жаӊа Қазақстанныӊ бүкіл әлемге әлеуетін танытқан ірі іскерлік орталық.
Астана саммиттер мен басқа да маӊызды халықаралық кездесулерді өткізетін ірі орталыққа айналды, еліміздіӊ басқа қалалары үшін дамудыӊ үлгісі болды. Астананыӊ өзінде 2017 жылы «Болашақтыӊ энергиясы» инновациялық күн тәртібімен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін болады. Қазақстан конфессияаралық және этносаралық татулық пен келісім үстемдік құрған мемлекет дамуыныӊ бүкіл әлемде танылған жаӊа бірегей моделін құрды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы бірлігін нығайтудыӊ конституциялық мәртебесі бар айрықша институты — Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды.
Әлемдік діндердіӊ, тілдердіӊ, мәдениеттер мен дәстүрлердіӊ тоғысындағы тарихи араласуы Қазақстанда бейбітшілік пен келісім әлеуметтіӊ адамгершілік және әдеп нормасына, ортақ мәдениетіміздіӊ ажырамас бөлігіне айналған қоғамныӊ айрықша үлгісін қалыптастырды. Ол көпэтностық пен көпконфессиялылықты Қазақстанныӊ стратегиялық ресурсына және артықшылығына айналдыра отырып, руханилық пен азаматтықтыӊ құрыштай құймасын мейлінше бекемдей түсті.
Н.Ә. Назарбаевтыӊ бейбітшілік пен қоғамдық келісім моделі қоғамныӊ үйлесімді дамуыныӊ әлемдік эталонына айналды.
«Мәӊгілік Ел» құндылықтары Тәуелсіздік жетістіктерін, Қазақстан халқыныӊ мүдделер ортақтастығы мен тарихи тағдырын көрнекі бейнелеп берді.
«Мәӊгілік Елдіӊ» жеті құндылығы қазақстандықтардыӊ Тәуелсіздікті нығайтуға, еркін де өркендеген елде өмір сүруге ұмтылысын — ортақ мақсатын, ортақ мүдделері мен ортақ болашағын біріктірді.
Қазақстан халқы қабылдаған «Мәӊгілік Ел» Патриоттық актісі қуатты жұмылдырушы бастауға, қоғамдық келісімді нығайтудыӊ өзегіне, бүкіл қоғамныӊ мүдделері мен ұмтылысын біртұтас тұрғыда бекемдеу құралына айналды.
Басты бағдары Жалпыға ортақ еӊбек қоғамы құндылықтары болып табылатын әлеуметтік тұрақтылық қоғамы құрылды.
Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап Президент Н.Ә. Назарбаев халық алдына әлеуметтік бағдарлы нарықтық экономикасы бар қуатты егемен мемлекет құру міндетін қойды.
Әлеуметтік жаӊғырту әлеуметтік прогрестіӊ экономикалық еркіндіктері мен идеалдарын үйлестікпен өрістетіп, қоғам мен әрбір адамныӊ әл-ауқатыныӊ артуы үшін жағдай жасады, қарқынды дамитын еӊбек нарығын құруға мүмкіндік берді. 25 жылда бала туу деӊгейі 60 пайызға өсті.
Қазақстан аналар үшін қолайлы елдер рейтингінде жыл сайын жоғары көтеріліп келеді. Біз қазақстандықтардыӊ өмір сүру жасын ұзартуға қол жеткіздік. Еӊбек адамыныӊ мүдделері — біздіӊ мемлекетіміздіӊ басты назарында.
Мемлекет қазақстандықтардыӊ оқуы мен кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруы үшін жағдай жасайды, еркін еӊбекке және лайықты еӊбекақы алуға мүдделі әрбір азаматтыӊ конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін өндірістер, инфрақұрылымдар және басқа да нысандар құрылысын жүргізеді.
Білім беру саласын кешенді реформалау Қазақстанныӊ әлемдік білім беру кеӊістігінде лайықты орын алуына жағдай жасады.
Отандық білім беру жүйесі мен ғылымды жетілдіру мемлекеттік саясаттыӊ стратегиялық басымдықтарыныӊ бірі және елді әлеуметтік-экономикалық жаӊғыртудыӊ шешуші тетігі болып табылады. Қазақстан ересек адамдардыӊ сауаттылығы деӊгейі бойынша Адам дамуы индексі әлемдік тізімніӊ алғашқы үштен біріне кіреді.
Қазақстан зияткер ұлтты қалыптастыру үшін дәйекті түрде жағдай жасай отырып, адам дамуыныӊ деӊгейі жоғары елдер тобынан нық орын алды.
Президент бастамасыныӊ арқасында елде ерекше сипатты «Болашақ» бағдарламасы ұдайы жүзеге асырылуда, «Назарбаев Университеті», зияткерлік мектептердіӊ кеӊ тараған желісі құрылды. Еліміздіӊ көптеген жоғары оқу орындарында университеттік білім беру деӊгейі көтеріліп келеді. Барлық өӊірлерде мыӊнан астам заманауи мектептер салынды. Ұлт денсаулығы, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру экономикалық және әлеуметтік дамудыӊ маӊызды факторларына айналды.
Отандық денсаулық сақтау саласы әлемдік стандарттар деӊгейіне көтерілді: заманауи медицина орталықтары, ауруханалар мен емханалар салынды, еліміздіӊ барлық өӊірлерінде зерттеулер мен жоғары технологиялы операциялардыӊ бүкіл спектрі жүзеге асырылуда. Қазақстан еуразиялық кеӊістікте медициналық туризмніӊ орталығына айналып келеді.
Халық денсаулығы көрсеткіштерінде БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған айтарлықтай оӊ өзгерістерге қол жеткізілді. Қаржы ресурстарымен және жоғары шығармашылық қайтарыммен нығайтыла түскен мәдениет саласы қуатты даму серпініне ие болды.
Президент Н.Ә. Назарбаевтыӊ бастамасы бойынша іске асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы отандық мәдениетті сақтау мен дамыту жөніндегі кеӊ ауқымды жұмыстардыӊ бастамасы болып табылды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, «Таӊбалы» археологиялық кешені сияқты бірегей отандық ескерткіштердіӊ, сондай-ақ «Сарыарқа — Солтүстік Қазақстанныӊ далалары мен көлдері» табиғи мұра нысандарыныӊ ЮНЕСКО-ныӊ Бүкіләлемдік мәдени мұралары тізіміне енуі әлемдік маӊызы бар оқиға болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында спорт пен саламатты өмір салты саласында тамаша нәтижелерге қол жеткізілді.
Спортшыларымыздыӊ аса ірі халықаралық жарыстардағы табыстары қуатты және бірлікшіл спортшы ұлт өмір сүретін Қазақстанныӊ жаӊа бейнесін жасады. Бүгінде Қазақстан спорты еӊ жақсы дамыған әлемдегі 30 елдіӊ қатарына кіреді.
* * *
Тәуелсіздіктіӊ Ұлы Жолы мәӊгі болуы тиіс! Елордада «Тәуелсіз Қазақстан» монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында Тұӊғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтыӊ біздіӊ мемлекетімізді құрудағы бірегей үлесін атап өтуді, Елбасыныӊ есімін елорданыӊ атауында және еліміздіӊ басқа да маӊызды нысандарында көрсетуді ұсынамыз. Біздіӊ тұтас мақсатымыз — Елбасы төӊірегіне топтасып, еӊ қымбат қазынамыз -тәуелсіз Қазақстанды көзіміздіӊ қарашығындай сақтап және ұрпақтарымызға аманаттап, «Мәӊгілік Ел» құндылықтарын қастерлеу. Тәуелсіздік біздіӊ еӊ басты ұйыстырушықұндылығымыз болған, қазір де солай және бола да бермек.
www.kt.kz