Мұрағат: 01.09.2016


Бүгін – Білім күні

Күні: , 184 рет оқылды

1 сентября

Бүгін еліміздің барлық өңірлеріндегідей, біздің облысымыздағы 385 мектепте де (324 ауылдық, 61 қалалық) алғашқы қоңырау сыңғырлап, шәкірттер мектеп партасына отырады. Облыстық білім басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, 2016-2017 оқу жылында өңіріміздегі мемлекеттік күндізгі мектептерде 93 мыңнан астам оқушы білім нәрімен сусындамақшы. Оның 11 мыңнан астамы 1-сынып табалдырығын тұңғыш аттағалы отыр.


Биыл «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша – 9, жергілікті бюджет есебінен – 1, шетел инвестициясы арқылы екі білім ұясы күрделі жөндеуден өтуде, бұл жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр.

Соңғы он жыл ішінде облысымыздың білім саласын қаржыландыру бес есеге өсіп, 53 млрд. теңгеден асты. Өңірімізде үш ауысыммен оқу жүйесі келмеске кетті. Жергілікті бюджет есебінен 1-4-сынып аралығындағы оқушылар тегін тамақпен қамтылған.

Қазір мектептегі балалардың қауіпсіздігіне баса мән берілуде. Соған орай биыл білім мекемелеріндегі бейнекамералар саны үш есеге артты. Нақтылап айтқанда, 319 білім ұясында 4,7 мың бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Облыс орталығындағы мектептердің барлығы дерлік бұл жүйемен қамтылған. Білім ошақтарына бейнебақылау қондырғыларын орнату енді аудандарда да одан әрі жалғаспақ.

Өз тілшіміз


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика