Мұрағат: 01.08.2016


Достық керуені – Ақсайда

Күні: , 173 рет оқылды

IMG_8788


Бейбітшілік пен ынтымақтастықтың іргесін нығайтып, ұлт пен ұлыс арасындағы достықты кеңейтетін «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында Тасқала ауданы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласына келіп, аталмыш жобаның эстафетасын табыстады.


Екі аудан басшылары мен этномәдени орталықтары өкілдерінің қатысуымен өткен «Бірлік пен келісім – тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі» атты дөңгелек үстел басында татулықтың үлгісі көрсетілді.

Бөрлі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жаңабай Қаналин қонақтарға «Қош келдіңіздер!» айтып, ауданымыздың тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Дөңгелек үстел барысында Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев екі ауданның жан-жақты дамуы үшін қол қойылған меморандумға тоқталып, ыстық ықыласпен қарсы алған Бөрлі халқына өз ризашылығын білдірді.

«Мемлекетіміз мәңгілік ел болуы үшін Отанымыздың тәуелсіздігін нығайту – біздің басты мақсатымыз. Бізде бір-ақ мүдде бар, ол – біздің ортақ құндылықтарымызды сақтап, еркін және өркениетті елде өмір сүру. Елбасы тапсырмасы бойынша «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының эстафетасы бүгін, міне, Бөрлі жеріне келіп жетті. Бүгінгі шараның аудандарымыз арасындағы ынтымақтастық, достастық, әріптестіктің нығаюына септігін тигізетініне сенемін. Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, мемлекетіміз іргелі бола берсін.

Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт, еңбектеріңізге жеміс және барлық баста-маларыңызға сәттілік пен табыстар тілеймін», — деді Санжар Жұматайұлы.

Шарада еңбек ардагері, өлкетанушы Ғалым Хисметдинов Тасқала ауданының кеңпейіл халқы мен дархан даласын суреттеген және бөрліліктердің қонақжайлығына тәнті болған тілегін өлең арқылы жеткізіп, екі ауданның құрметіне шығарған қос өлеңді Бөрлі аудандық өлкетану мұражайына тапсырды.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Ғайса Қапақов, Тасқала аудандық мәслихатының депутаты Владимир Фролов, «Бөрлі аудандық «Достық» әзірбайжан этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анвар Агаев, «Тарлан» ЖҚБ-ның төрағасы Ержан Кемелханов ел бірлігін нығайтып жатқан Қазақстан халқы ассамблеясының қос аудандағы жұмыстары турасында кеңінен баяндады.

Тасқалалық көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған тамаша концерт бөрлілік көрерменнің ыстық қошеметіне бөленді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика