Мұрағат: 25.07.2016


Жалған ақпарға сенбеңіздер!

Күні: , 85 рет оқылды


Соңғы кездері әлеуметтік желілер мен ватсап жүйесінде жақын арада бензиннің барлық маркалары  мен дизельдік отынның бағасы қымбаттайды деген ақпарлар кеңінен тарауда. Бұл деректің еш негізсіз тараған  қауесет екенін ескертеміз!


ҚР Энергетика министрлігінің тарапынан бағаны көтеруге қатысты  ешқандай қадамдар жасалған жоқ. Бензиннің АИ-92, 95 маркаларының бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныстарға қарай реттеліп отыратындықтан, бүгінде АИ-92 маркасының саудадағы құны 125 тг/л құрап отыр.

Алайда, дизельдік отынға қатысты энергетика министрлігі отынның бұл түрін мемлекеттік бақылаудан шығаруды ұсынуда, яғни отын нарықтағы бағасын өзі анықтауы тиіс. Басқаша айтқанда елімізде соляркаға қатты тапшылық пайда болуы мүмкін.  Қазіргі таңда дизельдің көп бөлігі солярка екі есе қымбат тұратын көршілес Қырғыстан мен Ресей еліне тасымалдануда. Бұл бағытта мәселе министрлікте талқылануда, жуық арада нақты шешімі шығатын болады. Шешім шыққаннан кейін оның бағасы өседі ме, жоқ па, мүмкін бүгінгі нарықтағы бағасынан арзандайды ма, ол жағы әзірге белгісіз.

Бірақ жанар-жағар майға еліміз бойынша тапшылық  болмауы тиіс. Зауыттар жүз пайыз жүктемелі болғанымен, аймақтарға тасымалдауда кедергілер жоқ. Ауылшаруашылығы үшін арзандатылған отындар кестеге сәйкес 79 тг/л сатылуда.

Облыстық ішкі саясат басқармасының

ақпараттық саясат бөлімі


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика