Мұрағат: 08.06.2016


АҢДАТПА Елбасының кітапханасы мен қоры журналистерге арнап «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсын жариялайды

Күні: , 116 рет оқылды

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын құрметпен атап өту мақсатында, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша, алдағы тарихи оқиғаға арналған таңдаулы материалдарға ашық конкурс жариялайды.


Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.

Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:

  • «Үздік теледидар материалы»;
  • «Үздік радиоматериал»;
  • «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;
  • «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым».

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.

Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке де және ұжымдық негізде де қатыса алады.

Конкурсқа 2016 жылғы 1 маусымнан бастап 31 қазан мерзімі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жарияланған (басылған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2016 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде әкеліп беру тәртібімен немесе поштамен жөнелту арқылы мына мекен-жайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10, 213-каб., «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгісімен қабылданады (байланыс тел.: (7172) 69-30-57, 69-30-52, 69-30-50).

Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz, www.presidentfoundation.kz/ сайттары арқылы танысуға болады.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика