Мұрағат: 02.03.2016


«Көктем-2016» оқу-жаттығуы өтеді

Күні: , 96 рет оқылды


Наурыздың 3-4-і күндері елімізде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божконың жалпы басшылығымен «Көктем – 2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. БҚО-дағы оқу-жаттығуға облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының орынбасары Алмаз Бадашев басшылық етпек.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, шара көктемгі су тасқыны кезінде төтенше  жағдайларды болдырмау және жою бағытындағы іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару құрылымдарын, күштері мен құралдарын дайындауды көздейді.  Оқу-жаттығу барысында  өңірде болуы мүмкін су тасқыны кезіндегі құтқару және басқа жедел жұмыстарды бірлесіп атқару мәселелері пысықталмақ.

Жаттығу жұмыстары барысында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтеді. Сонымен қатар Орал қаласының жедел жасағының, облыстық суда құтқару қызметінің және өзге де қызметтердің су тасқынына дайындығы тексеріледі.  Су тасқыны, су басу және су жайылу жағдайындағы іс-қимыл бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Гүлнәр ШӘҢГЕРЕЙ


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика