Мұрағат: 05.01.2016


Білім сапасы жоғары

Күні: , 103 рет оқылды

DSC_0272


Өңірдің орта білім жүйесі білімнің жоғары деңгейде. 2015 жылы ҰБТ-тан 3116 оқушы өтті, олар 2015 жылғы мектеп бітірушілердің 68,2 пайызын құрайды. ҰБТ-тың орта балы 83,6. Аталмыш көрсеткіш бойынша облыс республика өңірлерінің арасында бірінші орын ие.


Биыл шетелдік инвесторлар есебінен Жәнібек ауданының Жәнібек ауылында екі 290 орындық балабақша салынып, пайдалануға берілді. Жеке инвесторлардың қаржысы есебінен Зашаған ауылында 200 орындық балабақша пайдалануға берілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылында 290 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Бұдан басқа, шетелдік инвесторлар есебінен Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында 140 орындық балабақша-бөбекжайдың құрылысы жүргізілуде. Орал қаласындағы жасөспірімдердің бейімделу орталығының құрылысы аяқталды. Бес білім беру орыны күрделі жөндеуден өтті. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының 58 пайызы инклюзивті білім берумен қамтылған. (2014 жылы 54,6 пайызы). Физика, химия, биология мультимедиялық-лингафондық кабинеттердің жаңартылған түрімен қамтылуы облыс бойынша орташа есеппен 65,5 тен 75,1 пайызға көбейді.


Жұмыссыздық азаюда

Күні: , 89 рет оқылды

жумыспен камту жол картасы


Облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрайды. Осы көрсеткіш бойынша облыс республикада үшінші орын алады. 2015 жылы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 16940 адам қамтылған.


Мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылған жобалар бойынша 585 адам жұмысқа орналасты. Соның ішінде «2020 жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 171, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 102, «Жасыл ел» бойынша 67 адам жұмыспен қамтылды. Агрокәсіп бойынша 42, өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 94, «Бизнестің жол картасы» бойынша 64 жұмыспен қамтылған. Мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің нысандары арасындағы өзара ынтымақ жөніндегі 3755 ұйғарымға қол қойылды. Ұйғарымға қол қойған кәсіпорындарда 43 мыңнан астам адам еңбек етеді.


Жыл ішінде — 16 денсаулық нысаны

Күні: , 65 рет оқылды

55a6593e30a34


2015 жылы денсаулық сақтау саласына 22,2 млрд.теңге бөлінді.


Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық қамтылуына 0,7 млрд.теңге қаралған.

Орал қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы жалғасуда. Соңғы 3 жылда 16 медициналық нысан салынды. Оның 14-і ауылдық жерлерде.

Дәрігер маман жетіспеушілігі биыл 56 орын, былтыр 102 маман жетіспейтін. 2015 жылы 87 жас маман денсаулық саласына жұмысқа орналасты. 14 жас маман қызметтік үймен қамтылды.


Березовка ауылының тұрғындары түгел көшірілмек

Күні: , 97 рет оқылды

березов


2014 жылдың қараша айында Бөрлі ауданы, Березовка ауылының халқының денсаулығы нашарлағанын білесіздер. ҚР Үкіметі деңгейінде Қарашығанақ кен орнынынң саитарлық аймағын кеңейту жайлы шешім шықты.


Соған байланысты Березовка ауылының тұрғындары қолайлы аймаққа көшуге тиіс. Олардың қоныс аударуының 2 кезеңнен тұратын жоспары ойластырылды. Бірінші кезең бойынша 82 отбасы (416 адам) Ақсай қаласындағы көппәтерлі үйге көшірілді. Қалғандары екінші кезең бойынша 2016 жылдың соңына қарай көшірілмек.


Ел біріншілігінен 363 медаль!

Күні: , 83 рет оқылды

фото Рафхата Халелова (2)


Дене тәрбиесі және спортпен тұрақты шұғылданатын тұрғындардың саны жылдан жылға артып келеді. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 21,5 пайызды құраса, 2015 жылы 25,2 пайыз немесе 158,7 мың адамға жетті.


2015 жылы ресми халықаралық сайыстардан облыс спортшылары 94, ал ел біріншілігі бойынша 363 медальға ие болды.

Өткен жылда облыс бойынша үш дене шынықтыру – сауықтыру кешені салынды (Оның екеуі әрқайсысы 160 орындық Сырым және Қаратөбе ауданында, ал 320 көрермен орындығы Орал қаласында).

Жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің күрделі жөндеуі аяқталды.

Жалпы айтқанда облыстағы әлеуметтік-экономикалық саланы дамыту бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде атқарылып келеді.


Достық үйі ашылмақ

Күні: , 118 рет оқылды

дом дружбы уральск


Облыс тұрғындарына 768 мәдениет және өнер нысаны қызмет көрсетеді. Бұл саланың 2015 жылғы қаржыландырылуы 4,9 миллиард теңгені құрады.


2015 жылы Қадыр Мырза Әлі атындағы көпфункционалды мәдениет және өнер орталығы пайдалануға берілді. Орал қаласындағы облыстық Достық үйінің құрылысы аяқтала келді. Достық үйінде облыстағы барлық этномәдени бірлестіктер орналасатын болады. Төрт аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика