Мұрағат: 06.10.2015


Мемлекет халыққа есеп бермек

Күні: , 884 рет оқылды

Конысбаева-с


Бибігүл  ҚОНЫСБАЕВА,

Батыс Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Ұлт жоспарының 100 қадамы аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін транспарентті және халыққа есеп беретін мемлекет құру бойынша бірнеше шаралар іске асырылатын болады. Онда халықаралық стандарттар, әлемнің 30 анағұрлым дамыған елі кіретін Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің стандарттары ескеріледі.


Бірінші кезекте, мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу белгіленді. Ол үшін мыналар ұсынылады: тәртіптік бақылау жүйесі тек қана мақсатты индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделетін болады; ресімдік сипаттағы барлық тапсырмалар мен аралық бақылау таратылады; мемлекеттік органдарға олардың алдына қойылған мақсаттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі қызметінде дербестік беріледі; мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесі қалыптастырылатын болады (жекелеген салалық бағдарламалардың мемлекеттік бағдарламаларға интеграциялануымен мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту, салалық бағдарламаларды, сондай-ақ мемлекеттік орган-дардың стратегиялық жоспарларын жою және оларды негізгі мақсатты индикаторлар бөлігінде қайта пішендеу); аудит пенмемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі (мемлекеттік бағдарламаларды бағалауды үш жылда бір рет жүргізу, мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалауды стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асыру. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң қабылдау).

Реформаның екінші топтамасы «Ашық үкіметті» енгізуді көздейді. Бұл үшін: ақпаратқа қолжетімділік туралы Заң жобасы әзірленетін болады. Ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді; мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық жоспарлар және аумақтық дау бағдарламаларының маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу ұсынылады; орталық мемлекеттік органдардың статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн-қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады (барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп жарияланатын болады).

Шаралардың үшінші бағыты өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қа-былдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.

Бұл мақсатта біріншіден, мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру ұсы-нылады. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.

Екіншіден, селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады және облыс орталықтары мен республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жасақталады.

Үшіншіден, мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркін-діктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдері күшейтіледі. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру ұсынылады.

Реформаның соңғы топтамасы, Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша мемлекеттік қыз-меттердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құруды көздейді. Бұл мақсатта халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтар бір жүйеге интеграцияланып, Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметті сапа менеджменті ISO9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттау ұсынылады.

Ұлт жоспары «100  нақты қадам» бағдарламасы — бұл біздің еліміздің реформалау тетіктері. Онда қазақстандық қоғамды  дамыту және жетілдіру жөніндегі түбегейлі шаралар қарастырылған. Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы әр азаматтың және барлық мемлекетіміздің өміріне әсер етеді.


Миссисипи университетімен келісім жасады

Күні: , 777 рет оқылды

-фото Рафхата Халелова (42)


М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен АҚШ-тың Миссисипи университетінің проректоры, профессор Кэтти Голден жоғары оқу орындары арасында қосдипломды білім беру жөнінде мәселені талқылады. Жиынға БҚМУ студенттері, аталмыш білім ордасында оқуын жалғастырып жатқан Миссисипи университетінің студенттері Эшли Уотс пен Кевин Йонг те қатысып, екі тараптың жүргізген келіссөздеріне куә болды.


БҚМУ-да білім берудің үш деңгейлі жүйесі енгізіліп, модульдік білім беру бағдарламалары жүзеге асуда. Болон процесі орталығының жұмыс жасағанына жылдан асты. Бұл орталық алыс және жақын шетелдерден серіктес іздеп, студенттер мен магистранттардың Еуропаның оқу орындарында сан алуан бағытта білім алуына септігін тигізуде.

Қазірдің өзінде БҚМУ шетелдік білім ордаларымен 80 шақты келісімшарт жасасты. Әсіресе, Германиядағы Йоганнес Гутенберг атындағы университет, Польшадағы Халықаралық туризм және мәдениет институты, Түркиядағы Гази университеті, Әзірбайжандағы Славян университеті, Мәскеудегі Ресей халықтар достастығы университетімен тығыз байланыста. Ағымдағы оқу жылында АҚШ-тың  мемлекеттік Миссисипи университетіне екі студент семестірлік оқуға барды. Олардың екі студенті — Эшли Уотс пен Кевин Йонг БҚМУ-да білімін толықтыруда. Олар бір семестрді БҚМУ-дың жаратылыстану факультетінде аяқтайды.

Миссисипи университетінің проректоры, профессор Кэтти Голден БҚМУ-дағы өз студенттерінің хал-күйімен танысып, оқу орнындағы білім алуға жасалған жағдайды өз көзімен көрмекке және ары қарайғы әріптестік жөнін талқылауға келгенін айтты.

— Екі аптада қаланы толық аралап үлгермедік. Музейлерге бару жоспарымызда бар. Ұнағаны – мұнда азық-түлік құрамында гендік қоспалар жоқ, бәрі табиғи. Әсіресе, ауа өте таза. Бұл жағынан Америка мақтана алмайды. Мұнда студенттердің дәрістен соң одан не ұғынғанын оқытушыға айтатыны ұнады. АҚШ-та дәрістен алған білім тек тест арқылы бағаланады. Ал мұндағы жүйеде тақырып бойынша өз ойыңды жеткізіп, түсінбеген тұстарыңды тәжірибелік жұмыстар кезінде жетілдіруге мүмкіндік бар. Бұл бізге қатты ұнады. Сондай-ақ лабораториялық жұмыстар мүлдем басқаша. Бұл біз үшін жақсы тәжірибе. Болашақ биолог болғасын мұндағы экологияны зерттемекпін. Жайық өзеніндегі микроағзаларды, олардың адамға әсері жайлы ғылыми жұмыс жазбақпын, — дейді Оралдан алған әсерімен бөліскен студент Эшли Уотс.

Кеңес барысында екі тарап болашақта қосдипломды білім берілетіні жөнінде келісімге келді.

Нұрлыбек  РАХМАНОВ,

«Орал  өңірі»


Кәсіпкерліктің тынысын ашқан мембағдарлама

Күні: , 815 рет оқылды

170ide cnter


«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік көмек-қолдау көрсетілген кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырды. БАҚ өкілдеріне  Орал қаласындағы, Қаратөбе және Теректі аудандарындағы өндіріс, инженерлік қызмет, медициналық және білім беру салаларындағы бірқатар кәсіпорынның қызметі таныстырылды.


Қаратөбенің зәмзәм суы

— Өз ісімді ашуды көптен бері армандайтынмын. Балалық шағым өткен аудан орталығы Қаратөбедегі Тышқантай жер асты суының дәмі жөніндегі жақсы лебіздерге құлағым бұрыннан-ақ қанық болатын. Сондықтан құтыдағы ауыз су өндірісін жолға қоюға құштар болдым, — дейді оралдық кәсіпкер Сержан Ашығалиев. Өткен жылы Сержан 0,15 гектар жер телімін алып, өндірістік цех құрылысын бастады. Құны 11 млн. теңге тұратын жобаны іске асыруға кәсіпкер қажетті қаржыны «Ресей жинақ банкі» АҚ-ның Оралдағы филиалынан алды. Кепілзат жетіспейтін болғандықтан, «Даму» қоры 6,6 млн. теңге көлемінде кепілдік берді. Сонымен қатар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерге банктен алған несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Сержанның су өндіретін цехы биылғы мамыр айында іске қосылды. Онда 0,5, 1, 1,5, және 19 литрлік құтыларға су құятын 4 өндірістік желі орнатылған. Шағын цехтың өндірістік қуаты сағатына 300 құты су шығаруға жетеді. Бүгінде цех толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жаңа жұмыс орнында 5 адам нәпақасын табуда. Сержанның «ДЕМ» сауда белгісі бар өнімі Қаратөбе ауданында және облыс орталығындағы ірі сауда орындарында тұтынушыларға ұсынылады. «Алдағы уақытта “Лимонад”, “Тархун” сықылды сусын түрлері өндірісін жолға қойғым келеді. Жаңа нарықтарды да бағындыру жоспарымда бар», — деді жас кәсіпкер.

Оралдың өз бояуы қанық

«ИнкомЭнерго-КZ» ЖШС бұрын электржарықтандырғыш техникасын, кәсіпорын және құрылыс жабдықтарын, мұнайгаз саласына қажетті қосалқы бөлшектерді тасымалдаумен, жабдықтаумен айналысты. Биыл фирма ауаны салқындатқыш құрал-жабдығын шығаратын ірі «ALMACOM» компаниясының өңірдегі диллері қызметіне кірісті. Құрылыс салу жұмыстарына лицензия алды. Сонымен қатар облыста бірінші болып сулы-дисперсиялы акрилді бояулары өнідірісін іске қосты. — Бізде өнідірілетін «Халық» маркалы бояулардың барлығы да Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған. Өнім өндіруде жоғары сапалы еуропалық шикізат түрлері пайдаланылады. Олардың ішінде «РосХимПром», «ЕвроХим-1» «Афая» және өзге де танымал компаниялардан қажетті индегриенттер тасымалдануда. Өнімдеріміздің барлығы да мемлекеттік сертификаттармен бекітілген, — деді «ИнкомЭнерго-КZ» ЖШС-ның директоры Валера Гарифуллин. Оның айтуынша, компания алдымен ел нарығын өз өнімдерімен қамтып, содан кейін өнім түрлерін молайтуды жоспарлаған.

Бүгінде компания бояулардың 10 шақты түрін өндіреді. Өнім түрлерінің жоғары экологиялық, ауа өткізгіш әрі өртті тудырмайтын қасиеттеріне қарай құрылыс жұмыстарына, соның ішінде балалар мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру орындарының, ауруханалардың ішкі әрлеу жұмыстарына пайдалануға жарамдылығын айтады. Оралдық бояу түрлерін облыс орталығындағы құрылыс материалдары сауда орындарыннан табуға болады. «Даму» қоры бұл компанияға сервистік (мамандарын оқыту), ақпараттық қолдау бағытындағы көмектерін көрсетуде.

Инженерлер де қолдауға сүйенді

«Ақжайық-Гео» ЖШС инженерлік ізденістермен (инженерлік-геологиялық, инженерлік-геодезиялық, топырақ зерттеу), яғни құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті топырақтың қасиеттерін зерттеумен шұғылданады. Құрылғанына 10 жыл толған компания еліміздің көптеген өңірлерінде өз қызметтерін көрсетеді. Қарашығанақ, Шынар, Шоқат-Дулат кен орындарында азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстарды, жол, көпір, газ және су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізуге қажетті зерттеулермен айналысқан серіктестік мамандарының тәжірибесі мол. — Өткен жылы «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алдық. Сол несиелік қаржыға ресейлік жаңа бұрғылау қондырғысын сатып алғанбыз. Осындай мемлекеттік көмектің арқасында компания қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеріп, қызмет көлемін өсірді, — деді компанияның директоры Елена Фадеева. Жақында «Ақжайық-гео» ЖШС Чапаев ауылы маңынан Жайық өзені арқылы өтетін көпір құрылысы үшін инженерлік зерттеулерін жүргізді. Оның алдында дәл осындай жұмысты Атырау облысындағы Махамбет ауылы тұсындағы көпір құрылысы үшін өткізген болатын. Бүгінде компания Зашаған кентіндегі салынатын 17 қабатты үйдің құрылысын жүргізуге қажетті топырақ қабаттарына зерттеу жүргізуде.

Ардақтың жеке клиникасы

Еңбек өтілі 20 жылдан асқан дәрігер-стоматолог Ардақ Қыдырашеваға кәсіпкерлікпен айналысуға әріптесі кеңес беріпті. «Шешінген судан тайынбас» демекші, мемлекеттік және жеке клиникаларда еңбек етіп, өз ісін шеберлікпен меңгерген жан жеке стоматологиялық клиника ашу қамында. Бұдан бірнеше жыл бұрын осында жеке клиника ашып, «өзіне» қызмет етіп жүрген әріптесінен мемлекеттен көмек-қолдау көрсетілетінін естіп-білген Ардақ Ерсайынқызы «Даму» қорының өңірдегі филалы мамандарынан ақыл-кеңес алды. Сөйтіп, жеке кәсіпкерлік ашып, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасына қа-тысуға құжат тапсырды. — «Қазақстанның халық банкі» арқылы 12 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алдым. «Даму» қоры 8,4 млн. теңге көлеміндегі несие қаржысына кепілдік берді. Несиелік қаржы ғимарат сатып алуға, оған жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. Қажетті заманауи құрал-жабдықты өз жинағыма Ресейден алдым, — деді Ардақ Ерсайынқызы. Оның айтуынша, орталықта терапевтік, хирургтік және ортопедиялық стоматологиялық қызметтер көрсетілмек. Стоматологиялық орталық қазан айының ортасынан бастап іске қосылады.

Бала өссін деп…

«Болашақ» тілдік орталығы балаларды, жастарды ағылшын тіліне оқытады. Аталмыш қызмет лицензияланбайтындықтан, кәсіпкер, филология ғылымдары-ның кандидаты Зәуре Аманбаева жыл сайын Кембридждегі ағылшын тілі халықаралық мектебінде сертификаттаудан өтеді. — Бұрын жеке ғимаратым болмады. «БЖК — 2020» бағдарламасының арқасында 7 млн. 200 мың теңге жеңілдетілген несие алып, орталықтан жеке ғимарат салып алдық. 10 адам жұмыспен қамтылған. Тіл мамандары шетелдерде тілдік курстардан өтеді, — деді Зәуре Жиенәліқызы. Бүгінде орталықтың «жүктемесі» 60 пайызды құрайды. Осының өзі-ақ мұндағы көрсетілетін қызметтің сұранысқа сай екенін көрсетеді. Оралдан Ләззат Маштакова жеке «Idea Centre» шеберханасын ашты. Мамандығы педагог кәсіпкер «Даму» қорының көме-гімен «Назарбаев университетінде» «Топ-менеджментті оқыту» жобасы бойынша тегін оқыды. Басында балалар мен жастарға арнап ашқанымен, уақыт өте келе шеберхананы тек балалардың шығармашылығын дамытуға бағыттады. Орталықта 2-15 жастағы балалар қиялдарына қанат бітіріп, шеберліктерін шыңдайды. Шеберханада балақандар құмнан сурет салады, балшықтан мүсіндер жасайды, тәтті нанды сәндейді, логикалық дамыту жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ мектепке дайындау, туған күндерін өткізу бағдарламалары, ағылшын тілінің тақырыптық сабақтары өткізіледі. —  Орталыққа келушілер аз емес. Автоматтармен ойнағаннан гөрі, біздің орталықтағы сабақтар әлдеқайда қызықты әрі пайдалы екенін бағамдаған ата-аналар балапандарын өздері жетектеп әкеледі. Бізде бала күтушісінің қызметіне де жүгінуге болады. «Бизнесің жол картасы — 2020» бағдарламасына қатысуға тапсырыс бердім. Өз кәсібімді кеңейтуді жоспарлап отырмын, — деді Ләззат Маштакова.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»


Никитаға – «ЕРЛІГІ ҮШІН»!

Күні: , 777 рет оқылды

IMG_3868


Астанада «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел» тақырыбымен республикалық патриоттар форумы өтті. 2007 жылдан бері Қазақстанның әр түрлі қаласында өткізіліп келе жатқан бұл форум биыл Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына арналды. Шараға республиканың барлық өңірлерінен өз ісінің үздік өкілдері – дәрігерлер, ұстаздар, кәсіпкерлер, өнеркәсіп пен  аграрлық сала өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, спортшылар, актерлер, мәдениет қайраткерлері – барлығы 2000-нан астам делегат қатысты.


Форумда ҚР Президентi әкiмшiлiгi басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев Елбасының республикалық патриоттар форумына қатысушыларға арнаған құттықтау хатын оқып бердi. «Мәңгiлiк ел» Қазақстан патриоттар форумына қатысушыларға сәлем жолдаймын. Бүгiнгi форум ерекше. Ол Конституциямыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойлары жылында аталып өтуде. Бұл халқымыздың бiрлiгi мен келiсiмiнiң бiрегей дәстүрiн, туған жерiмiз «Ұлы Дала елiне» деген ерекше сүйiспеншiлiктi паш етеді. Форум қазақстандықтарды «Мәңгiлiк ел» идеясының айналасына ұйыстыруға және қоғамның тұрақтылығы мен бiрлiгiн нығайтуға қызмет ететiнiне сенемiн. Форумға қатысушыларға және барша қазақстан-дықтарға зор денсаулық, жаңа табыстар тiлеймiн» делiнген Елбасының құттықтау хатында.

Форум аясында «Жыл патриоты» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар жеті аталым бойынша марапатталды. «Менің елім» аталымында ғарышкер Айдын Айымбетов, «Ана жүрегі» аталымында белгілі боксшы Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина, «Руханият шыңы» аталымында қазақтың бұлбұлы, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова т.б. мара-патталды. Осындай елінің нағыз патриот тұлғаларымен бірге облысымыздың Зеленов ауданындағы Достық ауылының тұрғы-ны, 8-сынып оқушысы Никита Тюкинге де сый-құрмет көрсетілді. «Ерлігі үшін» номинациясымен марапатталған Никита биылғы мамыр айында суға батып бара жатқан екі қызды құтқарған болатын. Никитаның жүлдесін қолына ғарышкер Айдын Айымбе-тов табыстады.

Нұрлыбек НҰРЛАНҰЛЫ,

«Орал өңірі»,

Орал-Астана-Орал


Ресей елшісін қабылдады

Күні: , 85 рет оқылды

DMS_2928


Жылы шырайлы кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің, соның ішінде Батыс Қазақстан облысы мен Ресейдің бізбен шекаралас бес өңірінің арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-тұрмыстық қарым-қатынастарды жаңа сапалық деңгейге көтеру жайы сөз болды.


Өңір басшысымен кездесуден кейін елші мырза БАҚ өкілдеріне сапар мақсаты туралы қысқаша әңгімелеп берді. «Мен Батыс Қазақстан облысына жиі ке-ліп жүрмін. Орал қаласында біздің бас консулдығымыз бар. Келген сайын өңір басшысымен кездесіп, екі елдің өзара әріптестік байланысы туралы пікір алмасып отырамыз. Нұрлан Асқарұлымен бүгін де мазмұнды әңгімелестік, ой-пікірімізді ортаға салдық. Өздеріңізге белгілі, таяуда Сочиде қос мемлекеттің Елбасыларының қатысуымен аймақаралық форум өтті. Форумдағы басты тақырыптардың бірі азық-түлік қауіпсіздігі болады. Өңір басшысы бүгінгі кездесуде Ресейдің шекаралас облыстарымен осы мәселеде түсіністік жоғары деңгейде екендігін жеткізді. Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін баса айтты. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы тауар айналымы артып келеді. Біз дағдарысты өз өндірісімізді өркендетуге пайдалануымыз қажет», — деді М. Бочарников.

Тоқтар  КЕНЖЕҒАЛИЕВ,

«Орал өңірі»


«Ән домбыра – жан серігім жасымнан»

Күні: , 838 рет оқылды

оргврпсанп


Жуырда облыстық «Нұр Отан» партиясы ғимаратының залында Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлмира Саринаның «Ән домбыра – жан серігім жасымнан» атты концерті өтті.


Ана сүтімен бойына дарыған қасиет пен еңбекқорлығының арқасында шығармашылық қоржынын қазақтың 1000-ға жуық әнімен толтырған әнші кеш шы мылдығын «Аққұм» әнімен ашты. Сахна төріндегі экраннан Гүлмираның қаршадай күнінен сыр шертіп, өнер әлеміне қанат қа ғуындағы ата-анасының берген батасы жайлы көрініс шығармашылық кештің ажарын аша түс кендей болды.

— Қаймағы бұзылмаған мекеннің тұрғындарына атадан қалған дәстүр бойынша домбырамды арқалап келдім. Жайық жұртына сапар шегерде толқыдым, тебірен дім. Бүгінгі кеште  Мұхит Мерәліұлының әнін салмау күнә болар деп, «Айнамкөз» әнін дайындап алып келдім. Сондай-ақ Төлеген Айбергенов ағамыз  Ғарифолла Құрманғалиевке арнап «Әуен мен ырғақ» өлеңін жазған екен. Сол мәтінге ән шығарып, «Ғарифолла» деп атадым. Аталмыш әнді алғаш рет сіздердің алдарыңызда орындамақпын, — деді  Гүлмира Сарина. Кеш барысында өнерпаз халық әндерін нақышына келтіре отырып, әуелете шырқады.

Шығармашылық кешке  халықаралық Шабыт фестивалінің лау реаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Қалқаман Сарин қатысып, тыңдармандарына арнаған  өлең-жырларын оқыды.

Мәдени шара соңында көңілдері әуезді әуенмен әрлене түскен көрермен қауым ерекше ықыласын білдіріп тарқасты.

Гүлсезім БИЯШЕВА


Жаңа автобус жолға шықты

Күні: , 787 рет оқылды

RzJ_l44zHAM


Теректі ауданының орталығы Федоров ауылында  ауыл ішінде жолаушылар тасымалдайтын «ПАЗ» аутобусы маршруттық айналымға шығарылды.


Достық үйі алаңында халыққа қызмет көрсететін аутобустың таныстырылымы өтті. Федоров ауылдық округінің әкімі М. Энгелов жиынға қатысушыларды ау тобустың тасымалға шығарылуымен құттықтады. Аутобус иесі, жеке кәсіпкер М. Семғалиев ха лықтың қолдау білдіргеніне ризашылығын танытып, аутобустың таныстырылу рәсіміне орай бір рет тегін жұмыс атқаратындарын жеткізді.

Осылайша ауыл тұрғындары енді күздің шалшығы мен қыстың қытымыр мінезін елемейтін болады. Бұл көлік зейнет жасындағы қарттар мен мектептерден шалғай тұратын оқушыларға айтарлықтай көмек болмақ. Аутобустың жолақысы ересектерге — 50 теңге, балаларға — 40 теңге.

Салиха ӘЖМҰҚАНОВА, ауыл тұрғыны:

— Әрине, ауылымызға осындай игілікті іс жасап жатқан барша адамдарға алғысымыз шексіз. Күз уақытында ауылдың орталығына қатынау қиын соғатын еді. Мек тепке баратын балаларымызға да оңай соқпаған-тұғын. Енді тұрғын дар осы аутобустың ұдайы жүруі үшін қызметін ұйымшылдықпен пайдаланады деп ойлаймын. Болашақта аутобустың санының кө беюі де осы ауылдың тұрғындарына байланысты болмақ.


Ұсақ құқықбұзушылық ұдайы назарда

Күні: , 838 рет оқылды

DSC_0163


Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері «БҚО ауыл жастар одағы» ҚБ мүшелерімен бірлесе отырып, таяуда «Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» республикалық акциясы бойынша рейд ұйымдастырды. Акция мақсаты – қоғамдық орындарда болатын ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың құқықтық танымын тереңдету, азаматтар арасында құқықтық мәдениеттің қалыптасуына іс жүзінде ықпал ету.


Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Бердібек Төлеуғалиевтің айтуынша, акция аясында өтетін соңғы рейдке бұқаралық ақпарат өкілдері де тартылды.  Жеңіс алаңына сап түзеген рейдке қатысушылар негізгі міндет түсіндірілген соң «Мирлан» орталық базарына жол тартты. Әбубәкір Кердері көшесі бойында қауын-қарбыз сатып тұрған Х. есімді азаматтың  қалалық әкімдіктен алған рұқсат қағазы қолында болмай шықты. Жүк көлігінің айналасында қоқыс қалдықтары шашылып жатыр. Құжат бойынша жеке кәсіпкерлік әкесіне тиесілі екені анықталды. Өзі Ақжайық ауданынан келіп тұрғанын айтты.

Абай полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Азамат Жұмағұлов белгілен беген орында тауар сатумен ай налысқаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 204-бабы бойынша алдымен ескерту бері летінін немесе 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлға тартылатынын ескертті. Рейд ба рысында бұл аумақта 19 құқықбұ зушылық анықталған. Жауапқа тар тылған азамат та өз наразылығын жеткізді. Бірнеше мәрте арнайы сауда орнын бөлуді сұраған. Жергілікті билік құрылымы өті-нішіне құлақ аспапты. Жалпы, Ә. Кердері мен Ж. Досмұхамедов көшелері бойында балық, ет-сүт өнімдері, тағы басқа азық-түлік тауарларын сатып тұратындар заңсыз сауда орнын иемденіп отыр. Үлкен «КамАЗ» жүк көліктерін  ысыруға да тәртіп сақшылары шарасыз секілді. Полиция майоры Бердібек Төлеуғалиевтің түсіндіруінше, олар салықтан жалтаратын болған соң осында орналасады. Бір неше мәрте айыппұл салынса да, төлеп тастап, саудасын қайтадан қыздырады. Санитарлық гигиеналық талапты  сақтай бермейді. Мұндай сауда нүктелері қалада жетерлік.

Нарық бәсекесінде нәпақасын тапқысы келетіндердің жайын да түсінуге болады. Жергілікті әкімдік мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, бұл мәселенің шешімін табатын кез келді. Кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасап, арнайы сауда орындарын заңдастырып берсе, учаскелік инспекторлардың жұмысы жеңілдей түсер еді, дау тыйылып, ешкім әрі-сәрі күй кешпес  еді.

Рейд барысында қала тұрғы ны Ұлболсын Демеуова Ж. Досмұ хамедов атындағы көшедегі 77-үйдің ауласындағы тазалық жайы туралы шағымданды. Бұл мәселе туралы  «Орал өңірі» газетінде (“Оө” №104, 27.08.2015 ж.) сыни сипаттағы мақала жарияланған болатын. Десек те, мәселе әлі күнге өткір күйінде қалып отырғанға ұқсайды.

Нұртай  ТЕКЕБАЕВ

Дархан ЕРБОЛАТҰЛЫ, Абай полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция майоры:

– «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізудеміз. Облыстық аурухана жағындағы заңсыз сауда нүктелері тазартылды. Енді  қалалық базарға жақын заңсыз сауда орнын иелен гендерге тиісті шара қолданудамыз. Оларға 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл саламыз.

Темірлан  ӘДІЛХАНОВ, «БҚО ауыл жастары одағы» ҚБ төрағасының орынбасары:

– Мұндай акцияларға ылғи ерікті түрде белсене қатысамыз. Қала ішінде қоғамдық тәртіптің сақталуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Еуразия даңғылы, Ахмедияр Құсайынов атындағы және тағы басқа көшелер бойында орын алған құқықбұзушылықтарға куә бол дық. Біздің бірлестіктен қатысқан студент-жастар үшін рейдтің пайдасы зор болды  деген ойдамын.


Александр – «Жұбан оқуларының» жеңімпазы

Күні: , 827 рет оқылды

IMG_3781


Кеше Жұбан ескерткіші алаңында «Жұбан оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қазақстан халқы  Ассамблеясының  20 жылдығы аясында КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, ақиық ақын Ж. Молдағалиевтің 95 жасқа толуына орай өткізілген шараны Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапхананың ұжымы ұйымдастырды.


Жұбан ақынның шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыруды мақсат еткен шараға қаламыздың түрлі оқу орындарында оқитын өзге ұлт студенттері қатысты. Шараны аш қан ақын, Ақұштап Бақтыгереева естелік айтып, «Ерлікті көзбен көрген күн» өлеңінен үзінді оқыды.

— Айтуға болмайтын кезеңде «Мен – қазақпын!» деп дастан жазған, қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 95 жыл! Ол жүк арқалаған жүрегімен, елін сүйген махаббатымен менің бүгінгі жасыма жете алған жоқ. Оған себеп болған сол кез дегі ұлтқа қарсы саясат пен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол дәл сендердей балалардың итке таланғанын, сендердей қыздардың шашынан жұлып,  сүйрегенін көрді. Мен де көрдім.  Еркіндік сұрап, алаңға шыққан жастардың қорланғанын көру оның жүрегіне оқ болып қадалды. Ешкім шындықты айта алмаған кезде ол тайсалмастан шындықты бетке қарап тұрып айтты. Мен бұл сәтті өз кө зіммен көрдім. Оның аты – Ерлік. Жұбан – ұлттың  мақтанышы, ерліктің символы. Біз бүгін ұлтын сүйген, Жайығын сүйген, сол ар қылы қазақтың ұлы даласын сүйген өр ақынның рухына тағзым ете келіп тұрмыз. Сіздер де Жұбан аталарыңдай ұлы даланы сүйіп, халыққа адал қызмет етіңдер, айналайындар! – деді Ақұштап ақын.

Биыл 15-ші рет  өткізілген «Жұ бан оқулары» байқауының бас жүлдесін Орал, газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің бірінші курс студенті Алек сандр Губарь иеленді. Жеңімпаз-жүлдегерлердің барлығы дипломдармен,  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика