Мұрағат: 15.08.2015


Бөгет жөнделуде

Күні: , 797 рет оқылды

DSC_0209


Барбастау өзені бойындағы Ұзынкөл  су бөгеті  ескіргендіктен, жақын маңдағы ауылдарды су шайып кету қаупі туындаған еді.


Әсіресе, Жаңаөмір және Мәм­бетбай ауылдары осы зардаптың кесірін тартуы бек мүмкін-тұ­ғын. Су арнасынан көтерілгенде жарға соғып, ескі бөгеттің күл-талқанын шығарып, жа­рамсыз еткен. Облыс басшы­лығының жіті назарында болған бұл бөгет енді су жаңа кейіпке енбек.

Мердігер компания болып «Құрылысгаз» ЖШС танылған  бө­­­гетті жөндеу жұмыстарына қар­жы облыстық бюджеттен бө­лін­ген. Желтоқсан айының ая­ғына қарай ол толық жөндеуден өтеді. Жөн­деу жұмыстарына 79 млн. 516 мың  720 теңге көлемінде қаржы бөлінсе, дәл қазіргі уақыт­та 24 млн. 513 мың теңге игеріл­ген. Бөгетті биік­­­тету үшін топырақ төгіліп, ескі бө­геттің қалдықтары шыға­­рылуда.

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ,

Теректі ауданы


Ұлт жоспарына арналған жиын

Күні: , 826 рет оқылды

DMS_4313


Облыстық мәслихаттың мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына арналған жиын өтті.


Жиынға облыстық басқарма­­лар мен департамент-басқарма басшылары, Орал қалалық әкімдігі­нің қызметкерлері, БАҚ басшылары мен партия төрағалары қатысты.

Отырыста облыстық қаржы басқармасының басшысы Айгүл Салахатдинова «100 нақты қадам» ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмалар жөнінде баяндама жасады.

— Бұл реформа облысымыздың барлық ауданында талқыланып, ұсыныс-ескертпелер жиналуда. Кейін олар орталық органдарға жолданатын болады. Бесінші реформа арқылы бір-біріне ұқсас мемлекеттік бағдарламалар біріктірілмек. Реформаның іске асуына жергілікті жерлердегі бірінші басшылар жауапты болып, бұл жө­нінде атқарылған істерін ел ал­дын­дағы есеп берулерінде ба­ян­дайды, — деді облыс әкі­мі­нің орынбасары Нариман Төре­ға­лиев.

Сондай-ақ отырыста нақты қадамдар жөнінде қоғамдық ке­ңестер құру, оның құқықтық ба­засын жасақтау жөнінде пікір алмасылды.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,

«Орал өңірі»

Суретті түсірген Медет ДОСЫМОВ


Шәмші хақында ақиқат

Күні: , 850 рет оқылды

шәмші мен мұхтар


Мәңгілікке көз жұмғанына 23 жыл өтсе де, қазақтың ұлы сазгері хақында халық арасында әлі де алып-қашпа әңгіме көп. Оның бәрін жіпке тізіп, айтып берудің қажеті шамалы. «Жұлдызбен сырласу» журналының биылғы  бірінші нөмірінде Шәмші ағамыздың жан жары Жәмила Қалдаяқованың сұхбаты жарияланды. «Шәмші туралы шындықты көзімнің тірісінде өзім айтып қалайын» атты сұхбатында ол көпке беймәлім талай деректің көзін ашыпты.


Ж. Қалдаяқова көзі тірісінде жұбайы­ның қаңғыбас болғандығы туралы қауе­сетті үзілді-кесілді жоққа шығарған. Шәм­ші үнемі отбасында болып, қалыпты өмір сүрді. Әлсін-әлі тума-туысы, дос-жараны, өнер әлеміндегі әріптестері келіп, дастар­қанынан дәм татып, үйін шағын мерекеге бөлесе керек. «Шәмші сығандарда тұрып, солардың бір қызымен көңіл қосқан» де­ген әңгіме де шындыққа жанаспайды. «Ресми биліктің оған қырын қарағаны» да өтірік. Дұрысында, сонау 1970 жылы ұл­ты­мыздың біртуар ұлы, абзал азамат Д. Қо­наев оған Алматыдан төрт бөлмелі пәтер берген екен. Оның бергі жағында Елбасымыз, қазақ өнері десе, ішкен асын жерге қоятын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та сазгерді Мемлекеттік сыйлықпен марапаттады. Тіпті Шәмшінің әлімсақтан танымал әні «Менің Қазақстанымның» мемлекеттік Әнұран  болуына Елбасымыздың зор  септігі тигеніне ешкімнің де дауы жоқ.  Мынадай бір дәлел. «Ол (Н. Назарбаев) 1 қыркүйекте Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткен ұлы сазгер Шәм­ші Қалдаяқовты дәріптеуге арналған, би­ыл сегізінші рет жалауы көтерілген «Ме­нің Қазақстаным» атты халықаралық ән байқауының мәртебелі мейманы болды. Сах­наға көтеріліп, өнерсүйер қауымды ән ме­рекесімен құттықтап, Шәмші туралы өз ойын ортаға салды: «60-жылдары мен Те­міртауда болат балқытушы болып істеп жүрген кезімде Шәмші ағамыздың алғаш­қы әндерінің шыға бастағанын білемін. Әсем әндерін шырқап өстік. «Менің Қазақ­станым» әні Әнұранға айналып кетті. Қуан­сақ та, ренжісек те «Менің Қазақстаным­ды» айтамыз. Бұл ән қуансаң, қанаттан­дырады, қамықсаң, қуаттандырады, — деді Мемлекет басшысы» («Жас қазақ», 2005 жыл, 9 қыркүйек). Сонымен бірге Жәмила Қалдаяқова Шәмші мен оның отбасына көрнекті мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтің де жүйелі көмектескенін ризалық сезіммен айтыпты. Енді «сыған» мәселесіне келсек, ол Шәмші мен Қадыр ағалардың шығармашылық ынтымағының бір жарқын көрінісі ғана. Рас, қаңғыбас болмаса да, ұлы сазгер ішімдікке қатысты пенделік осалдық танытқан. Тек өмірінің соңғы кезеңінде бас тартса керек. Жан жа­ры Жәмиланың айтуынша, «ол арағын қой­ған кезде «Мен неге сонша арақ іштім?! – деп өкінді». Әйтеуір, бір жақсысы сол, жаратылысынан жайсаң аға аузына арақ тигенде,  үй ішіне әлек салмаған көрінеді. Осы бір әлеуметтік дерттің себебі туралы марқұм өзі былай дейді: «Менің ішкілікке жақын көп достарым ерте өліп кетті Бірақ оны арақтан емес, сол заһарды ішкізген себептерден көру керек!» («Аңыз адам» журналы, 3. 2012 жыл, №6). Сұхбатында Жәмила Қалдаяқова кезінде оған талай қастық жасаған әлдекімдердің бүгінде «Шәмшінің жан досымыз» деп күпсінетіні­не қынжылыс білдіреді. Ұлы тұлғаның аң­ғалдығын пайдаланып, жанында жүрген­дердің кейбір әндерін ұрлап алғанын да жасырмайды. Аз десеңіз, олардың аты-жөнін де мысалға келтіріпті.

Шәмші әндерінің басты тақырыбы екеу. Ол — Отанға, туған жерге және әйелге махаббат. Көзі тірісінде берген сұхбатында және түсірілген деректі фильмде ұлы сазгер ешқашан партия туралы ән жаз­бағанын мақтан етті.  Қашанда саясаттан тысқары жүрген атақты сазгердің бұл қа­дамы дұрыс та шығар.

Бірде «Ешкімге көз сүздірмейтін, еш­қашан күрсіндірмейтін, өз ошағына жіпсіз байлайтын махаббатқа зәрумін» деген екен Шәмші ағамыз. Аталмыш ұлы сезім жөнінде талай ән шығарған  оның талантының бір қисыны – жекелеген ән­де­рінде қазақ жерінің кез келген пұш­пағына ықылас пен сүйіспеншілік жігіт-қыз арасындағы махаббатпен қиюласа жүреді. Мәселен, «Сыр сұлуы» әнін ала­йық. «Жайраңдап жазда ағатын» өзен­нің сүйкімділігі соған су алуға келетін бейта­­ныс бойжеткен не бикештің сұлулығы­мен байланыстырылған. Ару Жайық пен Каспийге арналған танымал әнде соның бойын мекен еткен балықша қызға ын­тызарлық бой көрсетеді. Ал «Әнім сен едің», «Бақыт құшағында», «Ақмаңдай­лым», «Қайықта» және басқа әндері тек адал да кіршіксіз махаббат сезімінен сыр шертеді. Мұнда жылаңқы көңіл  де немесе «Жаулап алды махаббат» сынды мағынасыз теңеу де жоқ. Мәтіні қанша­лықты қарапайым болса да, ұлы сазгердің 300 әнінің қай-қайсысы сөзі мен әуенінің бір-бірін қайталамағаны былай тұрсын, тіпті өзара қабысып қалған. Оның да құпиясы жоқ. Өйткені Шәмші ағамыз ән шығарғанда, оның әрбіреуіне кемінде 5-6 өлең нұсқасын дайындатады екен. Міне, қандай хас шеберлік, ісіне жан-тәнімен берілу!

Сөз соңында аталмыш сұхбатқа кері оралсақ. Анасының айтуынша, Шәмші ағаның екі ұлы – Әбілқасым мен Мұхтар бүгінде жоғары білімді әрі кәсіби сазгерлер. Атасының дарыны немересіне де ауысыпты. Айсұлу сынды 26 жастағы не­мересі – кәсіби пианист, кезінде прези­денттік шәкіртақыға ие болған. «Ат тұя­ғын тай басар» деген осы. Кім білген, бү­гінде бар болғаны екі жастағы немересі Нұрсұлтан келешекте атасы шығарған, бүкіл қазақ сүйсініп тыңдайтын және шырқайтын «Ақ бантик» немесе «Арыс жағасында» сияқты әуезді әндерді өмір­ге әкелетін шығар?!

Серік  ИХСАНҒАЛИ,

«Орал өңірі»


Ауданға Мәжіліс төрағасы келді

Күні: , 115 рет оқылды

IMG_2453


Жуырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төр­ағасы Қабиболла Жақыпов Қазталов ауданында болды. Төрағаны облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастап жүрді.


Сапар барысында қонақтар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып ашылған «Достық» саябағымен танысты. Со­нымен қатар  саябақтың жа­нын­дағы балалардың ойын алаңын, аудан тарихынан мәлімет беретін тақтаны көрді. Қазақ халқының киелі шаңырағы бой көтерген бұл саябақ – еліміздегі татулық пен бірліктің айғағы.

Сондай-ақ төраға мен өңір басшысы аудандық мұражайды тамашалап, мәдениет үйінде ау­данның мекеме, қоғамдық ұйым жетекшілерімен және ауыл ақса­қалдарымен кездесіп, ашық-жар­қын әңгімелесті. Әңгіме барысын­да Қабиболла Жақыпов «100 нақ­ты қадам» Ұлт жос­пары аясында­ғы бағыт-бағдарлар туралы айтып бер­ді. Кездесуде сөз алған ардагерлер Есмұқан Меңешев, Ихсан Құтхожин Елбасымыздың жүр­гі­зіп жатқан сарабдал саясатына ха­лықтың риза екендігін айта келіп, қонақтардың ел үшін жасап жа­тырған жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы


Жастар күні аталып өтті

Күні: , 106 рет оқылды

DMS_4283


Сәрсенбі күні кешкісін қаламыздағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының алаңында Халықаралық жастар күніне арналған салтанатты мерекелік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.


Облыстық жастар саяса­ты мәселелері басқар­ма­сының қолдауымен, «Орал студенттер альянсы» кор­поративтік қорының ұйымдас­ты­руымен оздырылған шарада орал­дық жас әншілер өнер көрсетті. Шараға жиылған қала қонақтары мен тұрғындарының саны мыңнан асты. Облыс әкімінің орынбаса­ры Нариман Төреғалиев жастарды мерекемен құттықтады. Кеш­тің негізгі қонағы қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы, жас саксофоншы Серік Ибрагимов бол­­ды. Ол өз өнерімен жиылған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

– Бұған дейін Орал қаласында «Базар жоқ» әзіл-сықақ театры­ның концерттік бағдарламасымен болған едім. Орал шаһары ұнады, халқы қонақжай екен. Бұл жер­дің ерекшелігі – Еуропа мен Азияны бір ғана көпір бөліп жатыр. Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының ғимара­ты өте әсем салынған. Бұл рухани салаға айрықша көңіл бөлініп, қаланың күннен-күнге дамып ке­ле жатқанының айғағы болса ке­рек, – дейді жас әнші Серік Ибрагимов.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»


Үздік спортшылар марапатталды

Күні: , 189 рет оқылды

Колик спорт


Спорт күні мерекесіне орай облыстық балалар-жас­өс­пі­рімдер  спорт  мектебінде  стритболдан біріншілік өтті.


Шараның ашылу салтанатын­да мектеп директоры Тұрар­бек Алтынбекұлы, салалық мә­де­­ниет, спорт және ақпарат қыз­мет­кер­ле­рі кәсіподағының төр­аға­сы Ай­­­дар Батырханов, об­лыс­тық де­не шынықтыру және спорт бас­қармасының бас ма­ма­ны Нұр­лан Қазимов жинал­ған­дар­ды спорт мереке­сі­мен құттықтап, табыс­ тіледі. Жыл бойы жемісті ең­бек еткен Пре­зи­дент­тік көпсайыс бойынша жат­тық­ты­ру­шы Нұр­бек Иман­ғалиев, грек-рим күресі­нің бапкері Данияр Құратаев, шаң­ғы спортының тәлімгері Сергей Кудрявцев басқарма басшылы­ғы­­ның алғысхаттарын алды. Ал грек-рим күресінің жаттықтырушысы Мұрат Амандықов, баскетбол ойы­­нының бапкерлері Досым Қуа­наев, Елдос Берғалиев, доп­ты хок­­­кей­ден тәлімгер Виталий Немо­­лоч­нов, Александр Пиу­нов,  бад­­минтоннан бапкер Наталья Толкочева, Президент­тік көп­­са­йыс спорт­шы­сы Қайрат Шекей,  бад­мин­тон­шы Наргиза Рахме­­толлаева, грек-рим кү­ресі палуа­ны Азат Мұ­ха­­­ма­диев, баскетболшы Мей­рам­­­бек Шамұратов мектеп әкім­ші­­лі­­гінің марапаттарына ие болды.

А. Атоян атындағы стадионда өткен стритбол сайысын­да облыстық балалар-жас­өспі­рім­дер спорт мектебі допты хок­кей бөлімінің командасы бас жүл­деге ие болды. ІІ орын грек-рим күресі бөлімінің командасына бұйыр­ды. Қол добы және бас­кетбол  бө­­лімдерінің команда­лары қола медальді өзара бө­лісті. Аталымдар бойынша Сә­бит Ишанов «ең серпінді ойын­шы», Махат Бисемалиев «ең жауапты ойыншы» деп танылса, Елена Грицкевич «Жеңіске деген жігері үшін» аталымына ие болы.

Мәди ЫҚЫЛАС


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика