Мұрағат: 24.07.2015


Зейнетақы салымдары ұлғаюда

Күні: , 836 рет оқылды

IMG_2961


Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы БҚО филиалы «2015 жылдың І жартыжылдығында атқарылған істердің қорытындысы және ІІ жартыжылдық пен 2016 жылға басты тапсырмалар» тақырыбында республикалық алқа отырысын өткізді. Оған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, ЗТМО РМҚК бас директоры Біржан Жү­нісов, өңірдегі аталмыш салаға қатысты мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.


– Қазақстан жаңа зейнетақы жүйесін қалыптастыра алды. Ел­ба­сы­ның Қа­зақстанды әлеуметтік жетілді­ру бағытындағы «Жалпығаортақ еңбек қоғамына қарай 20қадам» бағдарламасының тұ­жы­рым­да­ма­сы аясында берілген нақ­ты тапсыр­малар жүзеге асуда. Ең­бек және әлеуметтік қатынастар­ды реттеу бойынша ашық та тиім­ді зейнетақы төлеу бағдарламасы қа­­был­данды. Елдің экономика­лық жағ­дайы жақсарған сайын зей­нет­ақы салымдары да ұлғаяды. Әр азамат Отанының тұрақты дамуына, келешегіне алаңдайды. Зейнет­ақы төлеу жөніндегі мемлекет­тік орталықтың БҚО филиалы күн са­йын 700-800 адамға қызмет көр­-сетуде. Халыққа көрсетілетін бар­лық қызмет мемлекеттік стандарт­­пен көрсетілген, толықтай ав­то­­мат­тандырылған, – деді облыс әкімі­нің орынбасары Б. Мәкен.

ЗТМО РМҚК бас директоры Бір­жан Жүнісов биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында қазақ­стан­дықтарға 3 млн.-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілгенін мә­лімдеді.

Алқа отырысында Қазақстан­ның саяси және экономикалық же­тілдіру жағдайындағы әлеу­мет­тік саясаты талқыланып, ЗТМО-ның әлеуметтік және зейнетақымен қам­­тамасыз ету саласындағы жұ­мыстары қорытындыланды.

Кеңес аясында ауылда тұра­тын жалдамалы жұмысшылар мен жұмыссыз және табысы аз азамат­тарды есепке алу мақсатында жасалған «Селолық округ әкімінің жұмыс орнын автоматтандыру» жо­басы таныстырылды. Бұл жобаеңбек ресурстарының тепе-тең­ді­гін сақтау, ішкі еңбек көші-қо­нын айқындау, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды рәсімдеу және отбасының қосымша шаруа­шылығы жайлы ақпаратты жүйе­леу мәселелерін шешпек.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мем­лекеттік орталық, «Қазпошта» АҚ және ХҚКО арасындағы мемо­рандумға сәйкес шұғыл топтар құ­рылған. Олардың көмегіне соңғы 3 айда 1407 шалғай елді мекен жүгінген. Соның ішінде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау  үшін 1475 адамнан өтініш түссе, 8339 адам осы бағытта кеңес алған. Сон­дай-ақ ЗТМО халықтан «Электрон­дық Үкімет» порталы арқылы өті­ніш қабылдауда. Бүгінде елімізде зейнетақы жүйесінде ай сайын 6 млн-нан  астам  төлемақы   беріледі.

ЗТМО-ның БҚО филиалында бү­гінде жәрдемақы және зейнет­ақының 43 түріне өтініш-құжаттар қабылданады. 239 мың төлем түрі көрсетілсе, оның 80 мыңы зейнеткерлерге қатысты. Орталық ма­мандарынан құрылған шұғыл топ­тар шалғай елді мекендерге шы­ғып жұмыстануда.

Алқа отырысында негізінен ха­лыққа қызмет көрсету сапасын арт­тыру әңгіме өзегі болды. Сон­дай-ақ бірқатар облыстардағы қыз­­меттік тексерістер қорытын­­ды­сы, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы заңнаманы бұзуға жол бермеу бойынша атқарылған жұмыс­тар есебі тыңдалды.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,

«Орал өңірі»

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика