Мұрағат: 18.07.2015


Алты миллион айыппұл!..

Күні: , 881 рет оқылды

DMS_5456


Биылғы алты айдың қоры­тын­дысы бойынша облыстағы түрлі мен­­шік нысанындағы мекеме-кә­сіп­орындарда ең­бек заң­намасы талаптарының сақталуы бойынша 214 тек­серу жүргізілген. Соның нә­тижесімен еңбек заңна­масын бұзудың 260 фактісі анықталып, жауапты тұлға­ларға 6 млн. тең­ге көле­мін­де айыппұл са­лын­ған. Бұл жөнінде облыс әкімінің орын­ба­­сары Бақ­тияр Мә­кеннің төраға­лығымен өткен әлеу­­меттік әріп­тестік жә­не әлеуметтік еңбек қаты­настарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия отырысында мәлім болды.


Басқосуда еңбек дау-дамайын ушықтырмай ше­шу, облыстағы ең­бек­ақыбойынша берешегі бар мекеме-кәсіпорындардың қазіргі жай-кү­йі және өзге де мә­селелер қара­лып, талқыланды. Об­лыстық еңбекинспекциясы бас­қар­­масының бас­шысы Жанат Асантаевтың  баян­да­-уынша, жүргі­зіл­ген монито­ринг­ке сәйкес облыс бо­йынша әлеу­меттік шиеленіс жағ­­­дайы елеусізболып табыла­ды. Солай бола тұр­ғанмен биыл­ғы ма­мыр айында Зеленов ауда­нын­дағы «КазСтрой­­Сервис» АҚ Орал филиалын­да туындаған еңбек да­уына байланысты мемлекеттік құры­лымдар­дың басшылары мен жа­уапты ма­мандары жұмысшы­лармен кез­де­сіп, еңбек заңнама­сы бойыншатүсінік берген. Жоба басшысыРад­жив Гупта филиал қызметкер­лермен кездесіп, тү­йін­ді мәселе­лерді талқылаған. Фи­лиалдағы орын алған еңбек дауы­на байла­нысты қызметкерлер мен жұ­мысберушінің арасында келіс­пеуші­лік осы үшжақты комиссия жа­нындағы еңбек шиеленістері­нің алдын алу және ұжымдық дау­­лар­ды шешу жөніндегі кеңесте қа­ралып, талқыланған. Сонымен қатар аталмыш филиалға жүргі­зілген жоспардан тыс тексеру ба­рысында заңбұзушылықтар анық­талмаған әрі филиалдағы жағдай тұрақты.

Биылғы жылдың 1 шілдесінде­гі мәлімет бойынша «СПМК-123»ЖШС-ның 58 қызметкеріне жала­қы берешегі 4,7 млн. теңгені құ­ра­ды. Қазіргі уақытта серіктестік­ке қатысты оңалту үдерістері жүр­гізілуде. Жалақы берешегі оңал­­ту жоспарына сәйкес өтелмек.Еңбек инспекциясы басқармасы­ның басшысы Ж. Асантаевтың ай­туынша, жалақы берешектерінеқа­тысты прокуратура құрылым­да­рының, әділет, мемлекеттік кі­рістер департаменттерінің, еңбек инспекциясы басқармасының деректері негізінде кәсіпорындар­ға мониторинг жүргізіліп, жала­қы берешектерін жою жөнінде же­дел шаралар қабылдануда.

2015 жылдың өткен мерзімі ішінде әр түрлі меншік нысанын­да­ғы мекеме-кәсіпорындар­да, ең­бек заңнамасы талаптарының сақ­талуы бойынша 214 тексеру жүр­гізіліп, еңбек заңнамасын бұ­зу­­дың 260 фактісі анықталып, жа­уапты тұлғаларға 6 млн. теңге айып­пұл салынған. Соның ішінде қызметкерлерге жалақыны толық және уақтылы төлеуге қатысты 109 заңбұзушылық анықталып, олар­­ды жою жөнінде жұмыс берушілерге 82 ұйғарым берілген. Анықталған заңбұзушылықтар бо­­­йынша 46 жұмыс беруші әкім­ші­лік жауапкершілікке тартылып, олар­ға 4,2 млн. теңге көлемінде айып­пұл салынған. Облыс бойынша биыл­ғы жылдың басынан бері барлығы 233 млн. теңге көлемін­де­гі жалақы берешегі өтелді, оның ішінде еңбек инспекциясы тарапынан жүргізілген тексерулер қо­рытындысымен 78 мекемеде 1 263қызметкерге 117,4 млн. теңге кө­лемінде, атқару өндірістері бо­йынша 49 кәсіпорын бойынша 531 қызметкердің пайдасына 96,7 млн. теңге көлемінде, банкрот болып танылған және оңалту рәсі­мі жүргізіліп отырған 2 мекеме­ден 18,9 млн. теңге өндірілді.

Комиссия отырысында Қа­ра­­төбе және Шыңғырлау ауданда­рының әлеуметтік әріптестік пенәлеу­меттік және еңбек қатынас­тарын реттеу жөніндегі үшжақтыкомиссияларының атқарған жұ­мыстарының есебі тыңдалды.

Қаратөбе ауданында меке­мекәсіп­орын­дарда ең­бек қатынас­тарына қатысты 63 ұжым­дық шарт жасалған. 46 же­ке кәсіпкер­-лік пен шаруа қожа­лық­тары қыз­меткерлердің еңбек құқығын жә­не кепілдігін қамтама­сыз ету жә­не өндірістік үрдістерді тұрақтан­дыру мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық жөнін­дегі мемо­рандумдарға қол қой­­ған. Аудан бойынша еңбекақыдан берешекмекемелер жоқ. Ал Шың­­ғырлау ауданы бойынша 58 ұжым­дық шарт жасалған. Өткен жы­лы жұ­мысшыларға еңбекақы береше­гі бойынша мұнай өңдеу­мен ай­на­лысатын «АлемТрансОйл» ЖШС-ғақатысты мәселе комиссия оты­ры­сында қаралған. Қазір  серіктес­тік­тің жұмысы тоқтаты­лып, тексе­руші құрылымдар тарапынан қыл­мыстық іс қозғалып, тергеу ісіжүргізілуде. Биыл қызметкерлер­дің еңбек құқығын және кепілдігін қамтамасыз ету жә­не өнді­рістік үдерістерді тұрақ­тандыру мәселелері бойынша өз­ара ын­ты­мақтастық жөніндегі ме­мо­рандум­дарға аудан бойынша 77 жеке кә­сіпкерлік нысаны­мен қол қо­йыл­ған.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағ­дар­­ламалар басқармасы басшы­сының міндетін атқарушы СаматХангереевтің баяндауынша, об­­лыс бойынша 42664 қызметкер жұ­мыс істейтін жеке кәсіпкерлік нысандарымен 3400 мемо­рандум­ға қол қойылған, соның 32 ірі кәсіпкерліктің (100%), 84 орта (100%),3284 шағын кәсіпкерліктің (64,9 %)үлесінде. Осы бағыттағы жұмыс­тар аудандарда аяқталды, Орал қа­ласында шағын кәсіпорындар­мен меморандумдарға қол қою жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар соңғы мәлімет бойынша об­лыста 1387 кәсіпорында  ұжым­дық шарттар жасалған. Ұжымдық шарттарға қол қою жұмыстары Бөрлі, Қазталов, Теректі ауданда­рында және Орал қаласы бойын­ша өте баяу жүруде. Орал қа­ла­лық әкімдігіне кәсіпкерлік субъектілерімен ұжымдық шарттарды қыркүйек айына дейін 58%-дан 100%-ға жеткізу тапсырылды.

Мәжілісті қорытындылаған об­лыс әкімінің орынбасары БақтиярМәкен халықты жұмыспен қам­тудың әлеуметтік маңызды­лы­ғы­на тоқталды.  «Кәсіпкерлік сала­сындағылар еңбек адамының құ­қығын сақтаудың маңызына мән беріп, ұжымдық шарттарға қол қоюға сергек қараулары тиіс. Мем­лекет кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасауда. «Жұмыспен қам­тудың жол картасы – 2020» бағ­дарламасы бойынша 4 жыл бойына қомақты қаржы бөлінді. Сон­дықтан жұмыс берушілер еңбек­керлер алдындағы әлеумет­тік жа­-уапкершілікті ұдайы сезінуі тиіс», –деген Бақтияр Мәкен тиіс­ті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

Суретті түсірген Медет ДОСУМОВ


«Биылғы ауа райы картопқа қолайлы»

Күні: , 836 рет оқылды

_MG_0459-с


Александр  Рудь:

Шыңғырлаулық «Гефест» шаруа қожа­лығының басшысы Александр Рудь  биыл картоптан мол өнім алу­ға ауа райының қолайлы еке­нін айтты.


«Суарудың өнім шығым­дылығына әсері болғанымен де, жа­уын-шашынның дақылдың өсіп кетуіне пайдасы көп. Жаз бастал­ға­лы жаңбыр екі-үш мәрте жауды. Мұның өзі картоптың көтерілуі­не, гүлдеуіне айтарлықтай ықпал етті. Картопты мамырдың басын­да, қарбыз-қауынды мамырдың ортасынан аса егіп аяқтағанбыз», — де­ді ол.  Шаруашылық соңғы жылдары картоп өсіруге ден қойған. Соған орай, биыл 300 тоннаға ар­налған картоп қоймасы да салынып, іске қосылды. Өткен жылы Александр 10 гектарға ғана картоп ексе, биыл 25 гектар бақшалық­тың 16,5 гектарына картоп сал­ды. Өткен жылы бұл дақылдан 300 тонна  өнім алып, ауданның екінші нанға деген сұранысының 30 пайызын жапты. Биылғы күзгі өнімнен картопқа деген аудан сұ­ранысының 50 пайызын қамтуды жоспарлаған.

– Соңғы төрт жылда тамшылата суару әдісіне көштік. Осының арқасында қаржылай табысқа жетуімізге мүмкіндік туды. Әрине,  там­шылата суару қомақты қаржы­ны талап етеді, бірақ нәтижесіз емес. Біріншіден, суды үнемдей­ді, сонымен қатар тыңайтқыштар­-ды, зиянкестерге қарсы улағыш зат­тарды уақтылы енгізуге кө­мек­­теседі, – дейді Александр Вик­торұлы. Жаңа технологиялық әдіс­ке көшу «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның көмек-қолдауымен іске асқан. Кә­сіпкердің айтуынша, жаңбырлата суаруға қарағанда тамшылата суа­ру экономикалық жағынан тиім­ді. Мысалға, жаңбырлата суар­ған­да бір маусымда 300 тонна су жұм­салатын болса, тамшылата суаруда 100 тонна су кетеді. Сонда тамшылата суаруда 200 тонна су үнемделеді деген сөз. Сондай-ақ су жүретін лентадағы тесіктер­ден ағатын су бақшадағы арықтар­ды аралап, рәсуа болмай-ақ, өс­кіннің тамыр тұсынан дәл тамшылайды. Яғни су босқа ысырап болмайды. Әрі мол су айдамай­тын болғандықтан дизель отыны да үнемді жұмсалады.

Бақшаға картоптың өнімді га­ваньдық, «Таскана», өзге де сұ­рып­тары егілген. Соңғысы Ресейден әкелінген, жаңадан шыққан сұ­рыптардың бірі көрінеді. Қауын-қарбызсыз бақшаның сәні кірмей­ді емес пе, осыны ескерген гефест­тіктер 9,5 гектарға қауын-қар­быз өсіруде. Мұнда қарбыздың ресейлік «Холодок», «Волжанин» жә­не гаваньдық, америкалық та сұ­рып­тарының сан түрі бар. Алек­сандрдың айтуынша, қауын-қар­быз негізінен аудан көлемінде өт­кізіледі, сондықтан олардың сұ­рыптарының пісу мерзімдерінің түрлі болуы ескеріледі.  Мұның өзіпісіп-жетілген дақылдың үйіліп жат­пай, кезегімен пісіп, тұтыну­шы­­ның қолына сапалы түрде же­туіне мүмкіндік береді. Өткен жы­лы жазғы маусым қоңыр сал­қын болғандықтан,  қарбыздың шы­ғы­мы төмендеу болды. Өйткені қар-­ быз желді, ыстықты сүйетін дақыл деседі. 2013 жылы қарбыздың 40 тоннасы Атырау облысына және Ақсай, Орал қалаларына өткізіл­ген. Биыл шыңғырлаулық балдай тәтті қауын-қарбызға Ақсайдан, Оралдан сұраныстар түсуде. Солай бола тұрғанмен, кәсіпкер ал­дымен өз өнімдерімен аудан тұр­ғындарын қамтымақ.

Шаруа қожалығы 8 адамды тұ­рақты жұмыспен қамтыған. Мау­сымдық жұмыстарға жергілікті тұр­­ғындардан 30-ға тарта адам тартылады. Тамшылата суару әдісі жағдайында бақшаға көп еңбек кү­ші қажет етілмейді. Сондықтан күзде бақшадан өнім жинауға ға­на жұмысшылар алынады. Шар­уашылықта трактор, картопты еге­­тін, қазатын және өзге де қажет­ті техникалар жинақталған. «Ге­фест» шаруашылығы биыл тұ­қым сатып алуға 1,5 млн. теңге шамасында және 2012 жылы жылыжай құрылысына мемлекеттік кө­мекқолдаудың есебінен несие алған. Бүгінде 280 шаршы метрлік жы­лыжай жұмыс істейді. Онда қыс­қ, көктем мезгілдерінде қияр өсіріледі.

– Бақшаға түрлі дақылдарды егуден бас тартудамыз. Қазіргі на­рық осыны талап етеді. Әрі кеткенде үш түрлі дақыл өсірген жөн. Бақша дақылдарының түрі көп, олардың барлығын өсіру түрлі түйт­кілдерді тудырады. Өйткені әр дақылдың өз ерекшелігі, пісу мерзімдері, агротехникалық шара­ла­ры бар. Алдымен ауданның кар­топқа, қауын-қарбызға деген сұ­ранысын өтесек деймін. Биыл бай­қап көру үшін 0,3 гектарға пияз ектік. Картоп өткізуге бар­ғаны­­мызда, тұтынушыларымыз пияз­ды  үнемі сұрап жатады, – дейді А. Рудь.

«Бақша байлық – бір айлық» де­мекші, бақша өсіру маусым­дық жұмыс болғандықтан, шаруашы­лықта дәнекерлеу  және пласти­калық есік-терезе өндірісі цехта­ры жұмыс істейді. Александр жер­гілікті Шыңғырлау училищесін 2003 жылы бітіріп, еңбек жолын дәнекерлеушіден бастаған. Кейін кәсіпкерлікке бет бұрған­да грек мифтеріндегі от пен ұс­та­лықтың құдайының есімін шар­уашылығының атауы етіп алған. Ондағысы кәсіпкерлікке бастау бол­ған дәнкерлеушілік ісін құр­мет­теп, өнер деп бағалағаны да. Жазда шаруашылық жұмысшы­лары шөп дайындап, тұрғындарға сатады. Александрдың мемлекет­тен 25 жылға жалға алған 1200 гектар жері бар. Осы жердің есебінен ол бақша егістігі алқабын ұл­ғайтуды жоспарлап қойған.

Жаңакүш ауылының маңында­ғы бөгет жағалауында Александр­дың бақшасы жайқала өсуде. Бө­гетке Жіңішке өзені көз тамшысындай жылай ағып құяды. «Жері құмды, қандай дақыл ексең де, өніп-өседі. Тек тыңайтқышын ен­гізіп отырсаң болғаны. Соры мол, топырағы сазды жерлер өсім­дік тамырының демалуына мүмкін­дік бермейді. Құм таза әрі күзде картопты жинауда қиындық туғыз­байды», – деп ағынан жарылды бақшашы жігіт.

Оның маңдай терімен суарыл­ған өнімдерін Шыңғырлау жұрты ерек мақтан тұтады. Ауыл-аймақ тұрғындары  «Рудьтің қарбыздары» деп оның қарбыздарының дәмі тәтті, тіл үйіреді деп әспеттеп, күзге салым базар жағалап іздейтіндерін жыр қып айтады. Құдай қаласа, біз де күзге салым ел мақтаған қарбыздың дәмін татып қалармыз.  Өйткені Александр күз­ге салым ала жаздай өсірген бақ­ша өнімдерінің дәмін татуға ша­қырды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»,

Шыңғырлау ауданы


Ассамблея туралы жаңа заң қабылданады

Күні: , 875 рет оқылды

DMS_5372


Шілденің 16-сы күні облыстық ішкі саясат басқар­масы­ның ұйытқы болуымен және облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қатысуымен «Этнос­аралық және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау арқылы қазақстандық біртектілік­ті нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел отыры­сы өткізілді.


Жиынға мемлекеттік органдар бас­шы­лары, үкіметтік емес ұйым­дар, этномәдени орталықтар, жас­тар қоғамдық бірлестіктері және БАҚ өкілдері қатысты.

– Бүгінгі жаһандық қауіп-қатер жағдайында елімізде этносаралық және дінаралық келісімді нығай­тудың қаншалықты маңызды екен­дігін Елбасымыз Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаев тұрақты түрде қадапайтып жүр. Осы орайда азаматтық институттардың ролі өте зор. Сон­дықтан сіздердің ой-пікірлеріңіз­ді тыңдау, әрі қарай жұмысымыз­ға жаңалықтар енгізу, атқарушы би­лік, біз үшін де аса қажетті дүние, –деді шараны ашқан Бақтияр Мә­кенұлы.

Одан әрі сөз алған Батыс Қазақ­стан облыстық Қазақ­стан халқы ас­самблеясы хатшылығының мең­ге­рушісі Ғайса Қапақов жақын күн­дері аталмыш ұйымды үлкен жаңғырту, өзгерістер күтіп тұрған­дығын жеткізді. Нақты айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жаңа заң қабылданады деп күтілуде. Соған сай этносаралық ке­лісімді нығайтуды көздеген ұйым­­ның мәртебесі де артпақ. «Қазақстанды Отаным деп есептейтін, осында тұрып, өсіп-өр­кен­деймін деген кез келген адамға бізде қолайлы жағдай туғызыл­ған», – деді Ғ. Қапақов.

Дөңгелек үстел отырысындахалықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Болат Жексенғалиев, БҚО Азаматтық альянсының директоры Га­мал Түзелбаев және тағы басқа­лар сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

Суретті түсірген Медет ДОСУМОВ

«Этносаралық  және  дінаралық  келісімнің  қазақстандық  үлгісін  насихаттау арқылы  қазақстандық  біртектілікті нығайту»  тақырыбындағы  дөңгелек  үстелге  қатысушылардың  үндеуі

Біз, дөңгелек  үстелге  қатысушылар, Елбасы Н. Назарбаев­тың 5 институционалдық реформа ая­сын­дағы алға қойылған  мақсаттарды  қолдаймыз  және  этносаралық  және дінаралық келісімнің қа­зақ­стандық  үлгісін насихаттау арқылы қазақстандық біртектілікті нығайту мәселесін Ұлт жоспары – 100 нақты қадам жобасын жүзеге асырудағы басты мін­деттердің бірі екендігін айта кеткен жөн.

Көпұлтты тұрғындар арасындағы этнос және дін аясындағы келісім Қазақстан Республикасының құн­ды игілігі болып табылады және әлемдік қауымдастық көлеміндегі қызығушылықты шақырады.

Өз елінің тарихын сыйлап және оның  жауапкершілігін мойындайтын тұрғындардың  Қазақстан Республикасы азаматтары ретінде сана-сезімін нығай­туға бағытталған алға қойылған міндеттерді шешу­де біздің  қоғам  күш  біріктіруі  керек.

Қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде ұлттық құндылықтарды, патрио­тизмді, өскелең ұрпақтың санасын нығайту тек әр­қайсымыздың қажырлы еңбегіміз арқылы қол жеткізіледі.

Біз, дөңгелек үстел қатысушылары, этносаралық  және дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін на­сихаттау арқылы қазақстандық біртектілікті нығай­туға арналған мәселелерді талқылап, ең жақсы нә­тижеге қол жеткізу үшін:

  1. Интернационализм, этносаралық және әлеуметтік келісім мен серіктестік, әдістемелік, ғылыми негіздер, біртектілікті қалыптастыру технология­сын, керекті кадрлар дайындау, «Мәңгілік ел» идея­сын іске асыруға бағытталған халықтың сана-сезі­мін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа үкіметтік емес секторды тарту қажет.
  2. Түрлі пікірлерге талдау жасап, қорытындылау­ға баса назар аудару және қазақстандық ұлт идея­сына теріс көзқарас болып табылатын негативті се­бептердің пайда болуын ескерту.
  3. Мемлекеттік тілдің идеологиясын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмысын жандандыру.
  4. ММ «БҚО шкі саясат басқармасына» үкіметтік емес ұйымдар үшін дінаралық келісім және діни экстремизмнің алдын алудағы жұмыстарды жүргізу үшін курстар ұйымдастыруды ұсыну.
  5. Мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау үшін қоғамдық комиссия құру жұмысын жеделдету және мемлекеттік мекемелердің тиімділігін талдау және бақылау бойынша жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибесін енгізу.
  6. Аймақтық БАҚ-қа үкіметтік емес ұйымдар ұйым­дастыратын қазақстандық біртектілікті нығайтуға байланысты қоғамдық маңызды іс-шаралардың жү­йелі ақпараттық түрде баяндауды ұсыну.
  7. Мемлекеттік білім беру, мәдениет, дін істері басқармасы мекемелеріне БҚО тұрғындары арасында ұлтаралық серіктестік пен халықаралық тәрбиені қалыптастыру жобасын іске асыру жұмысында белсенді қатысуға ұсыныстар білдіру.
  8. Отбасылық құндылықтарды және өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірлікке қол жеткізуде отбасылармен жұмыс жасау үшін білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдармен бір-бірімен ынтымақтастығын нығайту.

Дөңгелек үстел қатысушылары, құқықтарының теңдігі мызғымас қағидаты болып табылатын  Қазақстан Республикасының азаматы деп білетін әр тұрғынның әлеуметтік жағдайына, ұлтына, наным-сеніміне қарамай, өздерінің басқа ұлт өкілдеріне іс-әрекеттерімен, ойларымен, сыйлы қарым-қатынастарымен біздің аймағымыздың дамуына өз үлестерін қосатынына сенімді.


Ернар ерлеп жүр

Күні: , 107 рет оқылды

DSC_0016


Жуырда жерлесіміз, жеке кәсіпкер Ернар Иманғалиев  «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың  бірыңғай бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді гранттық қолдау бойынша жеңімпаз атанды.


Подстепный ауылдық округіне қарасты Тоқпай ауылынан жер алып, өзіне шағын жұмыс орнын тұрғызып  алған  Ернар ағаштан түрлі бұйымдар мен қазақы на­қыштағы ыдыс-аяқтар жасау­мен айналысады. Ернарды осы кәсіп­ке баулыған әкесі Айдынбек аға­мыз кейіпкерімізге уақытпен санаспай көмектесіп келеді. Әкелі-балалы Иманғалиевтер жасаған бұйымдарға қарап тұрып, адам қолымен жүзеге асқан кереметтерге таңғаласыз. Сандықтар мен тостақтар, астаулар мен ыдыстар, ер-тұрман мен сабалар қазақы оюмен әспеттеліп, көздің жауын алады. Осындай шаруаны ат­қа­­рып жүрген шеберлердің ең­бегі ескеріліп, жоғарыда аталған бағ­дарлама аясында 1 млн. 150  мың теңге көлемінде мемлекет грант берген еді. Яғни қайтарымсыз ақыны енді кәсіпкер Ернар кә­сі­бінің өркендеуіне жұмсайды.

— Ұлыма қолдау-көмегімді аяған кезім жоқ. Жанымда ағаларым бар, бәріміз осы істі жандандыру үшін білек сыбана кірісіп кеткен жайымыз бар. Тапсырыстар өте көп. Тіпті демалуға мұршамыз болмайды. Ешқандай станоксыз, қос қолдың күшімен осындай дүниелер жасаймыз. Сонымен қатар адамның өмірге келуі болғасын, өмірден өтуі бар. Бейіттерге құлпытас жасауды да қолға алып жатырмыз. Бау-бақша баптап, жылыжай салуды жоспарлап отырмыз. Елімізде кәсіпкерлерге барлық жағдай, көмек-қолдаулар жасалып жатыр ғой. Міне, осыны тиімді пайдала­ну — біздің басты мақсатымыз, — дейді Айдынбек Иманғалиев.

Жоламан СӘРСЕМБІ,

Теректі аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы


Туристерге — кәдесый

Күні: , 915 рет оқылды

DSC_0129


Бөкей ордасы  ауданы — тарих тұнған өңір. Сол  себепті бұл өңірге келген турист атаулы құр қол кетпеуі керек. Осы мақсатты көздеген жас кәсіпкер Назымгүл Оразгелдиева «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы грант ұтып, кәдесый жасауды қолға алды.


Назымгүлдің мамандығы – жур­налист,  біздің әріптесіміз. ҚазҰУ-ды бітіргесін туған ауылына ора­лып, Бөкей ордасы тарихи мұра­жай-кешеніне қызметке орна­лас­қан ол осы жерге келетін сая­хат­шылардың кәдесый алып қайт­қысы келетіндігін көріп, біліп жүр­ді. «Кәдесый дегеніміз – естелік. Бар­ған, жүрген жерің туралы одан артық жарнаманың керегі жоқ. Негізі бала кезден ісмерлікке, қолөнерге икемім бар. Соны неге іске асырмасқа деген ой келді. Мысалы, қазақы ою-өрнекпен әдіптелген киіз үй, түйе, бойтұ­мар секілді бұйым­дарды және Бөкей ордасының тарихынан сыр шертер біраз кәдесыйды қолдан жасауға әбден болады. Жасап, сатсам мен үшін пайда, саяхатшылар үшін ұмытылмас естелік, құнды жәдігер», — дейді Назымгүл.

Назымгүл бұдан бө­лек биші қыздарға көйлек, көрпе-көпшік, терезеге перде де тігеді. «Арнайы кәсібім болмаса да қазір ғаламтор (интернет) рақат болды. Тігін-тоқы­ма саласына қатысты тиімді әдіс-тәсілдер ғаламторға енсең болды, алдыңда тұрады. Соның көмегіне көп жүгінемін», — дейді жас кәсіпкер.

Әңгімесінің соңында Назым­гүл осы кәсіппен айналысуға ақылкеңесін берген, көмектес­кен Орда ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиевке жә­не  Бөкей ордасы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ерлан Нұркеновке газет арқылы алғыс айтуымызды өтінді.

Тоқтар  КЕНЖЕҒАЛИЕВ,

«Орал өңірі»,

Бөкей  ордасы  ауданы


Жұмадағы жаттығу

Күні: , 830 рет оқылды

Учения в Уральске


«Кеше, яғни 17 шілде күні Орал қаласында жоспарлы оқу-жаттығу шарасы өтті. Оған ішкі істер құ­рылымдары, Ұлттық ұлан, өрт сөн­діру және басқа да салалардың  қызметкерлері мен тех­никалық әлеуеті тартылды» деп хабарла­ды редакцияға БҚО  ІІД-нің  бас­пасөз  қызметі.


Оқу-жаттығу барысында тө­тен­­­ше жағдай қалыптаса қалса, аталмыш құрылымдардың өз­ара үйлесімді іс-әрекет арқылы оңды нәтиже көрсету деңгейі пы­сықталды. Сонымен қатар үш­бу шара кезінде ішкі істер құры­лымдары мен төтенше жағдай­дан құтқару қызметтерінің тап қазіргі техникалық әлеуеті де сын тезінен өтті.

Өз тілшіміз


Жайық жұрты айтта жүздесті

Күні: , 143 рет оқылды

DMS_570665-


Қасиетті Рамазан айы да аяқталып, барша мұсылман қауымының ізгі ние­тімен ұштасатын  Ораза айт мерекесі де келіп жетті.


Ораза ұстап, шіл­денің ші­ліңгір ыстығында ауызбекіткен­дердің ырысыеселеніп, жалпы адамзат  бала­сы­ның ынтымағы нығая түсуіне сеп болатын, қазақ хал­қы үшін ата-баба дәстүрі жаң­ғы­ра түсетін шуақты шақ бұл. Кеше таңғы са­ғат жетіге таман Оралда­ғы ор­талық мешітке ағылған қала тұр­ғындарының қарасы мол болды. Қазақстан мұсылмандары ді­­ни бас­қармасының облысымыз бо­йын­ша өкіл имамы Руслан Сұл­танов ізгілік жасау, Ислам дінін­де­гі құлшылықтың маңызы,  сүннет  амалдар  туралы  уағыз   айтты.

– Барша мұсылман үшін қа­сиет­ті Ораза айт құтты болсын! – де­ді ізгі тілегін бөлісе келген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. – Әлем­дік және дәстүрлі діндер басшы­ла­рының сиезінде Елбасымыз сүттей ұйыған татулық салтанат құрған, дүрдараздық, алауыздыққа жол бермейтін қоғам құрып жатқаны­мызды айтқан болатын. Лайым да рухани жарасым, саяси тұрақ­ты­лық, ынтымақ аясында уық бекіте отырып, шарапатқа, нығметке бөленейік. Алла разылығы үшін қылған дұға-тілектеріңіз қабыл болғай! – деді өңір басшысы.

Содан кейін мешіттегі жамағат айт намазын оқыды. Ақсақалдар бата берді. Айт намазынан жерлестеріміз жылы шырайлы жүзбен тарқасып, ізгі ілтипат, жан шуағын ағайындармен бөлісуге асыға басып бара жатты.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

«Орал өңірі»


Құлпытастар тас бұғаудан босатылуда

Күні: , 982 рет оқылды

11751337_851395904948422_1587955507_n (1)


Сонау 1930-35 жылдары Бөрлі ауданы Бөрлі кентінің аумағындағы МТС-тың құрылысына сол төңіректегі зираттардан жинап алынған құлпытастардың пайдаланылғаны туралы бұдан бұрын жазылған болатын.


Бүгін ғимараттың іргетасына және жертөленің қабырғасына қаланған сол құлпытастар тас бұғаудан босатылып, шығарылды.

Ақсай мұсылмандар мешіті­нің бас имамы Мейрамбек Әбдірах­манов аруақтарға арнап Құран бағыштаған соң, қолдарына кү­рек-қайласын алған сайдың тасындай жігіттер дереу іске кірісті.

Сауапты іске ұйытқы болып, бастама көтеріп жүрген «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин жиналғандарға атқарылар жұмыстың реті мен мән-маңызын түсіндірді.

Бұл мәселені басты назарда ұстап отырған облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен Бөрлі ауданының басшылығы қолға алды.

Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Азамат Сафималиевтің ай­туынша, ізгілікті шараға БЖСМ директоры А. Исанов, «Сарыарқа» спорт клубының директоры И. Қа­рабаев, ресурстық орталығының басшысы А. Иралиев бастаған жиырма шақты жергілікті спортшылар мен белсенді жастар тар­тылған. Алдағы уақытта ауданда­ғы мекеме-кәсіпорындардың қыз­меткерлері кезектесе келіп, құл­пытастарды шығару ісіне атсалысатын болады.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, аталған мәселені жергілікті ақсақалдармен, зиялы қауым өкілдерімен ақылдасып, маңызды шараны өткізу жайын талқыға салдық. Міне, бүгін де жас­тарға батасын беріп, бағыт сіл­теу үшін аудандық мәслихаттың депутаттары М. Жолтаев, Қ. Ермек­баев, аудандық ішкі саясат бөлімі­нің меңгерушісі А. Исмағұлова, Бөрлі ауылдық округінің әкімі В. Баштовенко, Бөрлі ауылдық қо­ғамдық келісім кеңесінің төраға­сы Ғ. Мұқанов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы Н. Нау­мова келіп тұр. Алла абырой беріп, осы шаруамызды сәтті аяқ­тап, аруақтарға арнап ас беретін күнге жеткізсін!» — деді Азамат Сафималиев.

«НазТур» ЖШС (басшысы Л. Елеу­сінов) бөлген арнайы тех­никаның көме­гімен бұл күні 70-ке тарта құлпы­тас шығарылды. Олардың кейбі­реулері тұтастай алынса, көпшілі­гі бөлініп қалған екен, қайсыбіреулерінің арабша жазулары анық көрінеді. Бұл құл­пытастарды тас бұғаудан босату­дың алғашқы күні. Осы қарқын­­мен үздіксіз жұмыстанса әлі 15-20 күн тер төгу қажет.

Құлпытастағы жазуларды оқып, тарихтың «ақтаңдағын» қалпына келтіру – болашақтың  еншісінде­гі  іс.

Айгүл Ахметова,

Бөрлі ауданы


“Арнайы комиссия мән-жайды тексеруде”

Күні: , 879 рет оқылды

DSC_0153


Бейсенбі күні облыстық клиникалық ауруханада өткен баспасөз мәслихатында Бөрлі ауданының тұрғыны Мөлдір Нұрымованың екі аяғына ампутация жасалу себебі түсіндірілді.


— Науқас Мөлдір Нұрымова 27 маусым күні таңғы сағат 5-те «Жедел жәрдем» бригадасы арқылы біз­дің ауруханаға жеткізілді. 1970 жылы ту­ған сырқаттанушының анам­­незі­нен анықталғандай, ол 26 маусымда өзі тұратын Бөр­лі ауы­лындағы отбасылық дә­рі­гер­­лік амбулато­рия­ға барып, фельд­шердің тексерісінен өтеді. Артынан медициналық қызмет­кердің көмегімен Бөрлі ау­дандық орта­лық ауруханасына жеткізілді. Онда кезекші реанимотолог қараған. Тек­серіс кезінде ол әлсіздік, бас айналу, бас ауруы мазалайтынын айтқан. Тиісті көмек көрсетілген соң, сырқаттанушының жағдайы жақсарып, қан айналымы (гемо­динамика) қалыпқа келді. Арте­риалдық қысымы 140/190 мм. сы­­нап ба­ғанасы деңгейінде болса, та­мыр­дың соғуы минутына 80 лүпілді құрады. Хирургтен ке­ңес алды. «Артериалды гиперто­ния. Аяқ венасының варикозды ке­ңеюі, созылмалы күретамыр тап­шылығы (хроническая венозная недостаточность)» диагнозы қойылып, жоспарлы түрде қан тамыры бойынша хирургпен ке­ңе­се отырып, тексерістен өту үшін Бөрлі ауылындағы дәрігерлік ам­булаторияға жолданды. Сол күні түнде М. Нұрымованы баласы Орал қаласындағы үйіне әкелген. «Жедел жәрдем» фельдшерінің айтуынша, емделуші үйде ұйықтап жатып, таңғы сағат 4-те аяғының ұйып қалуына және аяғының ауруына байланысты оянған. Таңғы сағат 5-те облыстық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, тексерістен өткеннен соң оған «Атеросклероз. Екі аяқтың магистралды тамырларының тромбозы» диагнозы қойылып, жедел түрде хирургия бөліміне салынды. Осы жерде екпін түсіріп айта кететін жайт, адам ағзасындағы ұзақ мерзімді патологиялық өзгеріске байланысты тамыр тромбозы пайда болады, яғни тамыр ішіндегі қан қоюланады. Консервативті емдеу шараларынан пайда болмаған соң, консилиум  шешімімен 27 маусым кү­ні ота жасалып, артериядан тромбтар алынды.

Отадан соң бір тәулік өткеннен кейін емделушінің аяғындағы бар­­­­лық магистралды артериялар жағ­­дайының төмендеуіне бай­ланыс­­­­­ты емделушінің жай-күйі бір­тін­­­­деп нашарлай бастады. Екі ая­­­­ғын­­да гангрена дамып, ише­мия­­­ның көрініс беруі жиіледі. Ол бүй­рек­ке әсерін тигізді. Консилиум шақырылып, қайтадан ота жа­сау қажеттілігі турасында, яғ­ни екі бірдей аяғын ампутациялау ар­қы­лы емделушінің өміріне төн­ген қауіпті сейілту мақсатында туыс­­қандармен әңгіме жүргізілді. Емделушінің өзінің және туыс­қан­дарының келісімі алынған соң 29 маусымда санның орта тұсын ампутациялау бағытында ота жасалды. Қазіргі уақытта емделушінің жағ­­дайы тұрақты. Стационарда ем қамбылдауда, — деді жиынды аш­­қан облыстық клиникалық ауру­­ха­наның директоры Ерлан Тоқ­са­нов.

Аурухана басшысының айтуын­ша, науқас М. Нұрымова көп жыл­­­дан бері қан тамыры пато­логия­­сы­­ның ауыр түрінен зардап ше­­гіп кел­ген. 2005 жылдан бастап ар­­те­риал­ды гипертензиямен ауы­­ра­ды. 2014 жылдан бері жатыр мио­ма­сы, гиперплазиялық эндо­­ме­­трия, оң жақ табаны тамыр­ла­ры­ның ар­­трозы сынды диагноздары бо­йын­ша диспансерлік есеп­те тұр. «Мұндай дертке ду­шар бол­ған­дар арнайы дәрі-дәр­мек­тер­ді тұрақты түрде қа­былдауы шарт, — деді Ерлан Виленұлы. — Ал М. Нұрымова дәрілерді жүйелі қабылдамаған. Сәуір айында қан тамыры бо­йын­ша хирург оған облыстық кли­ни­калық аурухананың қан тамыры бөлімінен стационарлық ем алуға кеңес берген. Ал ол болса, емделуден бас тартты. Бұл жерде күрделі қан тамыры ауруларынан емделу кезінде науқас адам дәрігерлермен тұрақты байланыста болу керектігін баса айта кеткен жөн. Денсаулық­қа жете мән беріп, дәрігерлер­дің айтқанын орындап, уақтылы ем қабылдау қажет. Күрделі қан та­мыры ауруының мұндай патоло­­­гия­сы белең алып кетсе, онда тек қа­на емделушінің өмірі үшін кү­ре­суге тура келеді».

Жиын барысында аурухана директорының орынбасары Жұ­ма­бек Шайхиев қазіргі уақытта об­лыстық денсаулық сақтау бас­қармасы жанынан арнайы комиссия құрылып, бұл бағытта тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мә­лімдеді.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,

«Орал өңірі»


Скринингтен өттіңіз бе?

Күні: , 890 рет оқылды

DSC_7198


ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №280 бұйрығына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық тексеруге жататын адамдарға скринингтен өту  үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидасы туралы арнайы ереже бекітілді.  Осы ереже шеңберінде әр жұмыс беруші қарамағындағы  қызметкерлерінің белгіленген жаста скринингтен өту үшін жағдай жасап, емханаға жіберуге  әрі қызметкерінен скринингтен өткені туралы анықтама қағаз талап етуге міндетті.


Скрининг – бұл ерте сатыда ауруларды және қауіп-қатер факторларын анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау адамдар­ды профилактикалық медициналық тек­серуден өткізу, дертті өршітпей ерте анық­тау, дер кезінде емдеу. Осы орайда ре­дак­циямызға арнайы келген облыстық денсаулық сақтау басқармасы­ның бас ма­маны Гүлнар Әуелбаева мен аталмыш мекеменің штаттан тыс қызмет­ке­рі Айгүл Самихова скринингтен қай жаста өту қа­жеттігі туралы мәліметті ұсынды.

Қан айналым жүйесі ауруларын (ар­териялық гипертония, жүректің ишемия­лық ауруы) және қант диабетін ерте анық­тау. Мақсаттық топ: 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60,62, 64 жастағы ерлер мен әйелдер.

  1. Глаукоманы ерте анықтау. Мақсаттық топ: 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер.
  2. Сүт безі обырын ерте анықтау. Мақ­саттық топ: 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер.
  3. Жатыр мойны обырын ерте анықтау. Мақсаттық топ: 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер.
  4. Колоректальді обырды ерте анықтау. Мақсаттық топ : 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68,70 жастағы әйелдер мен ерлер.
  5. Өңеш обыры және асқазан обырына скрининг. Мақсаттық топ: 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер мен ерлер.
  6. Гепатоцеллюларлі обырға скрининг. Мақсаттық топ: вирусқа қарсы терапия тиімділігі бағасын алмаған және вирусқа қарсы терапия алып жүрген адамдарды қоспағанда, вирусты және вирусты емес этиологиялы бауыр циррозымен диспансерлік есепте тұрған әйелдер мен ерлер.
  7. Қуықасты безі обырына скрининг. Мақсаттық топ: қуықасты безі обырымен диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 54, 58, 62, 66 жастағы ерлер.

— Соңғы кездері аты жаман ауру тым жа­сарып барады. Көпшілігі «жұмыстамын» де­ген желеумен денсаулығына салғырт қа­­рай­ды. Тегін скринингтен өтпей, уақыт оздырып жүріп алады. Тіпті емханаға ша­қырып, келтіре алмайтын сәттер болады, — дейді мамандар.

Денсаулықты күту – әр адамның өз қо­­лын­да. Сіз скринингтен өттіңіз бе? Жоға­ры­да көрсетілген жаста болсаңыз, денсау­лы­ғыңызды тексертуге асыққаныңыз жөн.

                                                         Қаралды      Анықталды       Диспансерлік есепке алынды

Қан айналым жүйесі аурулары       43749                         4184                        4149

Глаукома                                            48177                         142                         142

Сүт безі обыры                                 10632                        1250                        1246

Қуықасты безі обыры                          6113                       7                              7

Өңеш және асқазан обыры                16331                    289                         288

 Тоқ және тік ішек обыры                26996                   107                            107

Жатыр мойны обыры                       10653                      598                        597

Қант диабеті                                      44013                    237                       237

Өз тілшіміз


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика