Мұрағат: 27.06.2015


Ұлттық спорттан ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

Күні: , 827 рет оқылды

спорт


Бейсенбі күні Зеленов ауданы, Асан ауылындағы облыстық «Ат спорты БЖСМ» базасында ұлттық спорт түрлері бойынша жастар арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі басталды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.



«Маэстроның туған өлкесіне келдік»

Күні: , 884 рет оқылды

24063-с


Сәрсенбінің сәтінде дүниежүзілік және халықаралық байқаулардың лауреаты Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ұжымы облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды. ТМД елдері және шет елдерде Қытай, Румыния, Венгрия, Польша, Финляндия елдерінің сахнасында жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүрген ұжым мүшелерін музей ұжымы салтанатты түрде қарсылап, күтіп алды.  Музей аралап, өлкеміздің тарихымен танысып жүрген аталмыш  оркестр директоры Нұрғиса Дәуешовті әңгімеге тарттық:


40 команда БАҚ СЫНАУДА

Күні: , 792 рет оқылды

IMG_5199


Сәрсенбіде «Конденсат» АҚ-ның спорт залында 1998-1999, 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан ел чемпионаты басталды. Бұған Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ  Астана мен  Алматы  қалаларының  спортшылары қатысты.



Саябақтағы флешмоб

Күні: , 95 рет оқылды

DSC_0163


Орал қаласындағы орталық саябақта Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдауға арналған облыс жастарының флешмобы өткізілді.



Элиталық пәтерлер ИЕЛЕРІН ТАБУДА

Күні: , 794 рет оқылды

IMG_0198


Ақсай қаласында моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде бой көтерген 75 пәтерлік тұрғын үй өз иелерін табуда.



Жалпыға бірдей жаңаруға ЖҮЗ ҚАДАМ

Күні: , 881 рет оқылды

Погодин (1)


Еліміз тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктердің бәрі тек мемлекеттің сан қырлы іс-әрекетін алдын ала мұқият және жіті жоспарлаудың нәтижесінде мүмкін болды. Көпке мәлім, Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының бастапқы кезінен-ақ, Батыстың және Еуразияның алдыңгы қатарлы елдері қол жеткізген жаңа мүмкіндіктерге арқа сүйеп, соны еліміздің жағдайына қатысты шығармашылық түрде дамытуға күш салды.



«Тұтынушылар МҰНЫ ТҮСІНУІ ТИІС…»

Күні: , 784 рет оқылды

IMG-20150626-WA0006


Үйлерінде бір күн жарық немесе су болмаса,  сол саланы бастарына көтеретін кейбір тұрғындардың коммуналдық қызметке төлемақы төлеуге келгенде, белсенділігі онша емес. Тұтынушылар тек су мен жылуға,  жарыққа ғана емес, сонымен қатар өздерін көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған «ҚазТрансАймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалына да қарыздар екен.



Жұрт қызығардай Шыңғырлау

Күні: , 786 рет оқылды

IMG_0384


Шыңғырлау өңірі – шұрайлы, бағзы бір замандарда Асан қайғы бабамыз желмаясының шөлін қандырған құтты жер. Кеңестік заманда 250 мың гектарға дейін егін өсірілетін. Бірақ соңғы жылдары жиілеген қуаңшылық салдарынан егістік алқабы 20 мың гектарға да жетпей қалды. Диқаншылықтан қол үзген ағайын енді мал өсіруге бет бұра бастады.  Өзге аудандармен салыстырғанда бұл ауданда асыл тұқымды шаруашылықтар жоқтың қасы. Сондықтан асыл тұқымды мал өсірудің тиімділігін аудан басшылығы үлкенді-кішілі жиындарда осы мәселеге назар аудартумен келеді. Өткен жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қазақтың ақ бас тұқымды 150 сиыры әкелініп, Қарағаш ауылында өсірілуде. Өзге шаруашылықтар әр аналықтан оза шапқанда 40-48, 70 пайыз төл алғанда, асыл тұқымды 150 сиырдан 128  бұзау, яғни 80 пайыз төл алынды. Осының өзі асыл тұқымды малды текке асыл деп әспеттемейтінін көрсеткендей.



Еңбегінің төрешісі — халық

Күні: , 843 рет оқылды

нуржан дузбатыров


Сонау 1940 жылдың қарашасынан бері оқырманынан бір елі ажырамай келе жатқан Зеленов аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетін парақтай отырып, аудан тарихының сырына қанығасың, бүгінінің болашаққа беталысын бағамдайсың. Газеттің аудан өмірінде алатын орны ерек, өйткені ауыл-аймақтағы сан түрлі жаңалықты екшей отырып, жылдам жеткізетін ең сенімді ақпарат құралы екені даусыз. Ендеше, төл мереке қарсаңында аудан газетінің редакторы Нұржан Дүзбатыров туралы сөз еткенді жөн санадым.



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика