Мұрағат: 11.06.2015


«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалының директоры Ғалия САТЫБАЛДИНА: «Сақтандыру компанияларын ТАҢДАУ ҚҰҚЫ ТҰТЫНУШЫНЫҢ ЕРКІНДЕ»

Күні: , 792 рет оқылды

getImage галия сатыбалдина


Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру еліміздің азаматтары мен сақтандыру компаниялары арасында кең таралғаны мәлім. Бүгінде елімізде сақтандыру нарығында бірқалыпты өсу қарқыны байқалады. Міндетті автосақтандыру, сақтандыру төлемдері және азаматтық құқықтық жауапкершілігін (АҚЖ) сақтандыруға қатысты өзге де сұрақтарға «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Батыс Қазақстан филиалының директоры Ғалия Сатыбалдина төмендегідей әңгімеледі.



Отандық дәрі-дәрмекке ҚЫРЫН ҚАРАМАЙЫҚ

Күні: , 842 рет оқылды

2013-811


Қазір медицинаның қарыштап дамуы бұдан бұрынғы жылдармен салыстырғанда аса қарқынды. Мәселен, бұрын жүрек-қан тамыры, өкпе және басқа дерттер  емге көнбейтін не ұзақ емделуді қажет ететін. Бүгінде дәрігер адам ағзасындағы қан тамырына дейін  алмастыратын дәрежеге жетті. Алайда соған қарамастан медициналық қызмет пен дәрі-дәрмекті бақылау да назардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі қашанда күн тәртібінен түспейді.



Ұлттық тағамдарымызды ұлықтап жүрміз бе?

Күні: , 946 рет оқылды

2015.03.22-4


Ұлттық тағамдар дегенде, ойымызға бірден бауырсақ, қуырдақ, қымыз,  ас оралады. Кей кездері түс мезгілінде  бауырсақпен сүт қатқан қою күрең шай ішкің келеді. Алайда біздің қаламызда өзіміздің ұлттық тағамдарды ұсынатын кафе, мейрамханалар жоқтың қасы. Мәселен, бар болғаны 400-500 теңгеге  қаламыздағы тамақтанатын орындардан донер немесе гамбургермен, хотдогпен шай ішіп жүрек жалғауға болады.  Ал ұлттық тағамдарды кез келген жерден кездестіру өте қиын. Кездестірген күннің өзінде бағасы қымбат.  Қуырдақ  700-800 теңге, қымыздың бір кесесі 300 теңге, ет шамамен  800-1000 теңге көлемінде тұрады. Бізді «Ұлттық тағамдар неге аз, осы іспен айналысатын адамдар бар ма?» деген сұрақтар мазалады.



Қайыр ҚҰРАҚҰЛАН Ата-бабалардың бізге қалдырған аманаты, мирасы

Күні: , 162 рет оқылды

Кайыр Куракулан

Педагогика саласының ардагері, ұзақ жылдар жоғары оқу орындарында математикадан дәріс оқыған ұстаз, бірнеше прозалық жинақтың авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, бекзат болмысты дегдар азамат Қайыр Құрақұланның (Бектұрғанов) өмірден озғанына да 40 күннің жүзі болып қалыпты. Жер бетіндегі жақсылықты көбейтер көркем мінез, елдің мүддесіне, дін-ділге һәм туған тілге адалдық, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау, Отан-анаға қалтқысыз қызмет етер қайраткер қалыптастыру секілді көкейкесті тақырыптарды  өмір бойы қаузаған қаламгердің соңында кеудесінде шамы бар жанның кәдесіне жарар рухани мұра қалды. Ақ сөйлеп, адалдықтан ауытқымай өмір сүруді ғұмырының басты ұстанымына айналдырған, шығармашылығына асқақ гуманизмді өзек еткен Қайыр ағаның кете-кеткенше қолынан қаламы түскен жоқ. Бүгін назарларыңызға ұсынып отырған үшбу мақала – жазушы Құрақұланның соңғы дүниесі.

Соңғы  кездері денсаулығыңыздың сыр бергенін сезсек те, сіздей жақсы кісі, жайсаң ағаның көз алдымызда әлі біраз жыл жүре тұрғанын қалап едік. Бірақ енді «Жазмышқа не шара, Жаратқанға да жақсы кісі керек көрінеді» деп өзімізді өзіміз жұбатуға мәжбүрміз.

Жатқан жеріңіз жарық болсын, аға…

Сізге деген сарқылмайтын сағынышпен, қаламдас ініңіз Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН



Рамазан – КЕШІРІМ МЕН МЕЙІРІМ АЙЫ

Күні: , 856 рет оқылды

IMG_6664


Кеше «Нұр Отан» партиясы ғимаратының  мәжіліс залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, облыстың бас имамы Руслан Сұлтанов БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатының алдында ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айы алдындағы халықты бірлікке, мейірімділікке шақырған үндеуі оқылды.  Қасиетті Құранда: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын» («Бақара» сүресі, 185-аят)  делінген.



БПҰ-ның төрағаларына арналған семинар-тренинг

Күні: , 791 рет оқылды

IMG_3229


«Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі мен Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен  бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына арналған көшпелі семинар-тренинг өтті.



Зейнетақы хақында

Күні: , 794 рет оқылды

photo_15968


«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105 Заңына сай, жасына байланысты зейнетақы  тағайындау 2001 жылғы 1 шілдеден бастап ерге 63 жасқа, әйелге 58 жасқа толғанда жүргізіледі. Бұл ретте әйелдерге зейнет жасын көтеру осы заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес, кезең-кезеңмен, 2018 жылдан бастап,  10 жыл бойы 6 айдан зейнет жасын көтеру арқылы жүргізіледі.



Қамыстыкөлге ғашық шаруа

Күні: , 87 рет оқылды

IMG_6215 (2)


«Орал өңірі» газетінің 2013 жылғы 14 мамырындағы санында әріптесім Гүлфия Көшбаеваның «Ен даланы ат тұяғының дүбіріне толтырсам» деген мақаласы жарияланған еді. Екі жыл өткеннен кейін осы мақаланың кейіпкері, «Екпін» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Нұғмановтың жасап жатқан шаруасының жайымен танысудың сәті түсті. Бостандық ауылдық округінің әкімі Манарбек Сүндетовпен Қамыстыкөлге барып қайтқан болатынбыз.



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика