Мұрағат: 09.06.2015


Баспасөз релизі

Күні: , 793 рет оқылды

e1a872a4240a1d9c5b562b0ac3ef752a


Н. Жазылбеков және М. Қазбекова Орталық коммуникациялар қызметінде «Еуразиялық экономикалық одақ аясында тарифтік саясатты ықшамдау» тақырыбындағы брифингке қатысты



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Күні: , 792 рет оқылды

Безимени-1

«Болашақ» қауымдастығы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға жәрдемдесу аясында жастар кәсіпкерлігін дамытуда

Бұл жөнінде «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің Төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

«Бірлестіктің алдағы 3 жылға арналған негізгі даму бағыттарын белгілейтін құжат – Қауымдастық Стратегиясында маңызды бағыттардың бірі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жалпы жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Осы бағыт шеңберінде бірнеше ірі жобалар іске асырылатын болады, олардың бірі — «Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауы», — деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қ. Бишімбаев.

Байқау жас кәсіпкерлерге өз бизнестеріне нақты қаражат алуға,   сондай-ақ, бизнес-жоспарларды әзірлеу мен өз жобаларын таныстыру бойынша оқыту тренингтерінен өтіп, бизнес іскерлерінен кеңес алуға мүмкіндік береді. Бизнес-жобалардың өндірістік процеске енгізілуі оларды іріктеудің басты критерийі болады, оның нәтижесі бойынша «Қазақстанда жасалған» деген белгімен өнім шығарылады.

«Жас Сарапшы» және «Business Сompetition» байқаулары Қазақстанның жастары арасында кәсіпкерлік бастамаларды ынталандырудың маңызды тетіктеріне айналмақ. Онда қатысушылар нақты бизнес-кейстерді шешіп, Қазақстанның табысты кәсіпкерлерінен құралған сарапшылар алқасымен сұхбаттасу кезеңдерінен өтуі тиіс. Мәселен,  «Жас Сарапшы» байқауының жеңімпаздарына Еуропаның беделді бизнес-мектептерінің бірінің елордадағы филиалында  MBA дәрежесін алу үшін 3 грант берілетін болады.

«Бизнес тетіктерін тереңірек зерттеу үшін Қауымдастық бизнес-кейстердің 1-ші қазақстандық жинағын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығармақ. Онда отандық бизнес іскерлерінің, оның ішінде ірі компаниялар топ-менеджментінің тәжірибесінде кездескен нақты кейстер жинақталатын болады», — деп атап өтті Ұйым кеңесінің төрағасы.

Жас кәсіпкерлер мен мамандарға қолдау көрсетудің осы шаралардың барлығы Елбасының аса маңызды бағдарламалық құжаттарында көрініс тапты. Елбасы халықаралық тәжірибе мен білімдерге қол жеткізген «Болашақ» бағдарламасының түлектері бизнес жүргізуді жаңа сапалы деңгейіне шыға отырып, өз білімдерін Қазақстан жағдайына бейімдеп өзгертеді деген үмітін білдірген болатын.

«Болашақ» қауымдастығы «100 қадам» құжатында айқындалған Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын жүзеге асыруға белсенді атсалысып отыр. Қауымдастық негізінде құрылған Мансап орталығы жас мамандарды жұмысқа орналастыру және олардың мансабына қолдау көрсету бойынша жәрдемдеседі. Қазіргі таңда мамандар саны 4 мыңға жететін база қалыптасты, сондай-ақ, hr.bolashak.kz сайтында онлайн-платформа жұмыс жасауда. Орталық жанында «Internship Bolashak» жобасы іске қосылды, оған қатысушылар ең ірі кәсіпорындар, банктер мен еліміздің басқа да ұйымдарында еңбекақысы төленетін тағылымдамалардан өте алады. Арнайы осы мақсат үшін Қазақстанның ірі кәсіпорындары мен банктерінің басшыларымен 14 меморандумға қол қойылды. Бұл жоба арқылы 100-ден астам жас мамандар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.

Еліміздің жетекші колледждері мен жоғары оқу орындарында экономиканың басты салалары үшін білікті кадрларды даярлау туралы  «100 қадам» Ұлт жоспарының тармағын іске асыру аясында Қауымдастық «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің озық білімдері мен тәжірибесін Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттерімен бөлісу мақсатында «Болашақ сабақтары» атты дәрістерді, «Болашақ жастар үшін» оқыту бизнес-тренингтерді, шеберлік-сыныптар мен семинарларды өткізуді жалғастырады.

Қазіргі күні бірлестік құрамында 1 180 адам бар. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның деректері бойынша 8 мыңнан  аса қазақстандық «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылады.

«Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру арқылы біз қуатты әрі табысты Қазақстанды құру бойынша Елбасысының бастамаларын және маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға барынша үлес қосып келеміз», — деп атап өтті Қ. Бишімбаев.


Серіктестіктің дамуындағы жаңа белес

Күні: , 775 рет оқылды

фото Рафхата Халелова (7)


«Даму» қорының аймақтық бөлімшесі жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жаңа мекенжайға көшті. Соған орай өткізілген салтанатты шараға «Даму» кәсіпкерілікті дамыту қоры» АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова, облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов, мемлекеттік орган, қаржы институттарының өкілдері мен кәсіпкерлері қатысты.



Өздігінен СҮНДЕТТЕЛГЕН СӘБИ

Күні: , 869 рет оқылды

IMG_0540


Жымпиты ауылында таңғажайып оқиға орын алды. Екі жарым жастағы Аят Болат маусымның 2-сін ен 3-іне қараған түнде өздігінен сүндеттеліп қалған. Осы жайды естісімен біз кішкентай Аяттың үйіне арнайы іздеп барып, мән-жайға қанықтық.



Ерік ерледі !

Күні: , 815 рет оқылды

Ерик


Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қазақ күресінен 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында жауынгер-интернационалист, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Сәлімжан Әлиевті еске алуға арналған І республикалық турнирі өтті.



Бақтыханым – лауреат

Күні: , 779 рет оқылды

3N6a-y1QLsg


Таяуда Астанада «Әлемге күлкі сыйла» атты халықаралық өнер фестивалі өтті.



Жастары белсенді елдің ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН

Күні: , 786 рет оқылды

IMG_2266


Өткен апта соңында Медицина қызметкерлері күні қарсаңында қаламыздағы «Жастар» мәдениет үйінде «Бір шаңырақтың астындағы жастармыз» атты жас дәрігерлердің форумы өтті. Форумға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, сөз сөйледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов және облыста күрделі оталар жасап жүрген білікті хирургтар жастарға тілек айтты.



Хирург қызметтен шеттетілді, ІС ТЕРГЕЛУДЕ

Күні: , 872 рет оқылды

в


Кеше облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері БАҚ-пен брифинг өткізіп, онда төрт жасар Даниэл Капеллини өліміне кінәлі деп айыпталған лор-дәрігер Расул Камкиевке қатысты қызметтік тексеріс жөнінде түсінік берді.



Орташа балл – 83,6

Күні: , 838 рет оқылды

image88994


Кеше облыстық білім басқармасы өкілдері биылғы ҰБТ қорытындысы жөнінде брифинг өткізді.



Қоршаған ортаны қорғау күніне арналды

Күні: , 98 рет оқылды

парк-1


Өткен аптаның соңында облыс орталығындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған шаралар қорытындысы – жасыл  митинг және мерекелік концерт өтті.



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика