Мұрағат: 14.05.2015


БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Күні: , 776 рет оқылды

DSC_2280

2015 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Мұратбеков Ертас Байтасұлы  мен Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызының қатысуымен «Конфессияаралық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының  негізі» тақырыбында брифингі болып өтті.

Дін саласындағы уәкілетті органның төрағасы Дін істері комитетінің жұмысы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауында анықталған міндеттерді, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы ассамблеясы отырысында айтқан ойларын іске асыру шеңберінде мемлекет пен қоғамымыздың тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау мен нығайтуға, конфессияаралық ауызбіршілікті нығайта түсуге, зайырлы және дәстүрлі ұлттық, діни-рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттауға жұмылдырылып отыр деп атап көрсетті.

Елімізде дәйекті мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынас орнатылған. Осының көрінісі ретінде елімізде берік орныққан ұлтаралық және конфессияаралық келісім әлемде «Қазақстан жолы» ретінде танылған. Ғалым Шойкин «…бұл мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатының жемісі» және «қазақ халқының тегінде бар бауырмалдық пен төзімділіктің нәтижесі» деп атай отырып, бұл, өз кезегінде, еліміздің дамуының бүгіні мен болашағына берік іргетас құрайды деп тұжырымдады.

Одан кейін сөз алған Айнұр Әбдірәсілқызы дәстүрлі рухани-өнегелілік құндылықтарды жаңғырту және зайырлылық қағидаттарын ілгерілету бағытында іске асырып отырған жұмыстарын баяндаған болса, Ертас Мұратбеков Елбасы бастамасымен құрылып, бүгінгі күнде әлемдік деңгейдегі сұхбат алаңы ретінде танылған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің мәні мен маңызына жан-жақты тоқталып, биылғы жылғы 10-11 маусымда елордамыз Астанада өтетін V Съезге дайындық жұмыстары туралы айтып өтті.


Жасыл желек жайқала берсін десек…

Күні: , 100 рет оқылды

DSC_0592


Қазақтың өлең-жырлары, дастандары, шешендік сөздері, күмбірлеген күйлері қандай жағдайда да,  табиғатпен тілдесу, қоршаған дүниені қадірлеу, соған ұқсауға ұмтылу  арқылы туындаған.



Ауылына қамқор Айдос

Күні: , 96 рет оқылды

DSC_0250


Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Данияр Қайратов Ақтау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер, жерлесіміз Айдос Сәрсенғалиевті қабылдап алғысхат табыс етті.



«… рухың тұрар жаңғырып!»

Күні: , 784 рет оқылды

IMG_1089


Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің Шабдаржап ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай соғысқа қатысқан жерлестер мен майданнан оралмаған боздақтарға арналған ескерткіш тақта салтанатпен ашылды. Бұл шараға аудан әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.



«Жойылмаса игі еді, артта қалған ізіміз…»

Күні: , 291 рет оқылды

гумар караш


Кеше қаламыздағы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында Алаш қайраткері, ойшыл ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл толуына орай «Ғұмар Қараш – тарихи тұлға» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.



Исатай мен Махамбет рухына арналды

Күні: , 761 рет оқылды

IMG-20150506-WA0007


Таяуда Атырау қаласында ересектер арасында бокстан VII халықаралық турнир аяқталды. Арнасын кеңге жайып, деңгейі жоғарыдан көрінген халықаралық ауқымдағы бұл спорт сайысының басты ерекшелігі – оның Исатай мен Махамбет батырлардың өшпес рухына тағзым ретінде өткізілуінде.



Туған жеріне жанашыр ғалым

Күні: , 778 рет оқылды

химия56с


Ғылыммен айналысып, дүниені әр қырынан таныған ғалымдарымыздың дені Елордамыз бен оңтүстік астанада, қала берді облыс орталықтарында еңбектенуде. Кейде қаймағы бұзылмаған қазақ ауылындағы нақты ғылымдардың жағдайын ойлайсың. Кімге қарап бой түзейміз? Кімнен үйренеміз? Кімнен бағыт алып, қалайша жұмыстанамыз? Осы бірнеше сауалдың жауабын бір-екі жылдың турасында тапқандай болдым.



Украиналықтар ТАТУЛЫҒЫМЫЗҒА СҮЙСІНДІ

Күні: , 766 рет оқылды

DSCN2108


Жәнібек ауылының байырғы тұрғыны Николай Горбачевтің  үйіне барғанымызда, сыртқы есіктен жап-жас қазақ қызы қарсы алды. Ибалылық көрсетіп, бізді үйге бастады. Ортаңғы бөлмеде үй иелері шай ішіп отыр. Қонақжайлық  танытып, үстел басына шақырды. Ерлі-зайыпты Николай мен Ольга екеуімен жайғаса отырып әңгімелестік.



Өнерге құштар отбасы

Күні: , 828 рет оқылды

IMG-20150512-WA0011


Жетікөлдік ерлі-зайыпты Жасқайрат пен Баян Кенжебаевтар – түрлі  байқауларда өнер көрсетіп, жұртшылықтың ықылас-ілтипатына бөленіп жүрген жандар.



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика