Мұрағат: Май, 2015
«Қазақ халқына мың алғыс!»
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу, олардың рухына, ерлікті істері мен қажырлы еңбегіне тағзым ету — әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы. Осы орайда Мемлекет басшысының 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бұл тарихи санамызды жаңаша қалыптастыруға, өшкенімізді жандырып, өлгенімізді тірілтуге бағытталған аса маңызды қадам десек, қателеспейміз.
Сауатсыз, сақау жарнама – ЕЛДІГІМІЗГЕ СЫН
Бейсенбі күні Оралдағы салтанат сарайында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» және «Ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының мүшесі Жабал Ерғалиев, абайтанушы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, гуманитарлық ғылымдар институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Мекемтас Мырзахметұлы бастаған тіл жанашырлары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Батысқазақстандықтардың бірегейлігі жоғары»
Бейсенбі күні облыстық қазақ драма театрында облыстық ассамблеяның ХVIII сессиясы өтті. Оған облыс әкімі, облыстық ассамблеяның төрағасы Нұрлан Ноғаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚР Президенті жанындағы республикалық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Наталья Калашникова қатысты.
«Ақ көбелек»
Астанаға іссапарға кеткен Ақкербездің көкесі суық тиіп, сырқаттанып оралды. Аялдамада тұрғанда аяқасты суық нөсер жауып, көлікті ұзағырақ күтіп қалған екен.
Ұланның батырлары ұлықталды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығының сардарлары (офицерлері) Ринат Жұмалиев пен Салауат Қабдықұлов бейбіт күнде танытқан ерлік үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» мемлекеттік марапатына ие болды.
Сенат комитетінің КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІСІ
Кеше ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңды іске асыру мәселелері бойынша Орал қаласында көшпелі отырыс өткізді.
Бүгін – футбол!
Жанкүйер қауымның жадына, бүгін өзіміздің Оралдың «Ақжайығы» Қызылорданың «Байқоңырын» қабылдайды. Ойын «Ақжайық» стадионында сағат 18.30-да басталады. «Ақжайық» футбол клубының спорттық директоры Ерболат Темірғалиевтың мәліметіне қарағанда, футболдан бірінші топтағы командалар арасындағы ҚР чемпионатын күні бүгін 17 ұпаймен Өскеменнің «Востогы» бастап келеді. Ал біздің команда 13 ұпаймен әзірше үшінші орында. «Ақжайықтың» бүгінгі қарсыласы «Байқоңыр» 4 ұпаймен тап қазір 13 команданың арасында оныншы орынға табан тіреп тұр.