Мұрағат: 23.04.2015


Байқау мәреге жетті

Күні: , 889 рет оқылды

IMG_9143


Облыстық қазақ драма театрында «Мәңгілік ел» фестивалі аясында оздырылған «Біз – батыр елдің ұрпақтарымыз» атты  патриоттық әндер байқауы  мәресіне жетті.



Несібені құтайтқан Нәсекең

Күні: , 902 рет оқылды

IMG_2735


– Өткен жылы 104 жасқа келіп, анам Қайша өмірден өтті, — деп Нәсіпқали ағамыз әңгімесін бастады. — Жарықтық, көп сөзге жоқ еді. Өмірден озарынан он күндей бұрын қасына шақырып алып, «Балам, қаладан үй сал. Мың шүкір, жолдас-жораң көп, өзіңді қонаққа шақырып жатады, бәріне барып жүрсің. Сен шақырғанда олардың бірі келсе, бірі келе алмай қалады. Өйткені Тоғанды алыссынады. Ал қалада үйің болса, бәрінің басын құрар едің», — деп ой салды. Бұл оның маған, 75 жастағы «балаға» берген соңғы ақылы екен. Сөйтіп, сол үй салу шаруасымен жүріп, осы сенің алдыңда ғана Оралдан келген бойым. Апаң Қоңырша шаруаларымен қалада қалып қойды.



Талай сыннан СҮРІНБЕЙ ӨТКЕН

Күні: , 155 рет оқылды

1478


Айтуған Ғайнеденов — Атырау өңірінің тумасы. Теңіз ауданында өсіп-өніп, орта мектеп бітірді. Жастайынан алғырлығы және қағілездігімін көзге түсті. Мектепте жүргенде-ақ, спорттық гимнастикаға қатысып, жарыстарда жүлдегер атанды. Оқу озаты болғаны өз алдына. Кейін аңсаған арманы – жоғары білім алу жолында Оралға барып, алғашқы қадамы сәтсіз болып, елге оралды. Алайда оған ұнжырғасы түспестен, өндіріске араласып, аянбай еңбек етті. 1971 жылы Оралға қайта аттанып, жоғарыда аталған оқу орнының дайындық бөліміне оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтады. Әрі қарай сонда оқуын жалғастырды.



Жүрегімнің төріндегі Тобажан

Күні: , 235 рет оқылды

005


Балалық шағымыздан бір үйдің төліндей, бір ата-ананың бауыр етіндей болып кеткен Тобажанның бақилыққа аттанғанына бір жыл болып қалыпты-ау. Ішім қанжылайды… Көзімнің алдында, қаз-қалпында тұр. Кең маңдайына алтын күннің сәулесі қонғандай, жарқырап, міне, есіктен кіріп келердей.



Бір күндік еңбекақыларын аударуда

Күні: , 852 рет оқылды

c66480c3bc162aa2578882662808e1e1c555fc78


Батысқазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бір күндік еңбекақыларын аудар-мақшы. Бұл қаражаттың жалпы сомасы 160 млн. теңгеден асып жығылады.



Қабыл ахонның ұрпағы – Кәрім

Күні: , 909 рет оқылды

Карим Тухпатов


Бөкей хандығында ислам дінін таратуда еңбегі зор білімді адамдардың аз болмағаны белгілі. Атыраулық өлкетанушы Сайфолла Сүйінов өзінің «Бөкей ордасы» деген кітабында («Өлке», 2000 жыл) солардың бірі Қабыл Аткелтіров жөнінде жазады. Оның келтірген дерегіне қарағанда, Бөкей ордасындағы ислам дінінің бас лауазымы – ахон болып жиырма бес жылдың үстінде қызмет атқарған Джапар Қаматовтың орнына Уақытша кеңес Қабыл Аткелтіровті тағайындаған. «Ислам дінінің имандылық қағидалары бойына дарыған осы қасиетті адамның баласы Ахмет те, 1939 жылы репрессияға ұшыраған немересі Тұқпатолла да – Нарынның Бегайдар құмында мешіт ұстаған хазіреттер. Олардың тәрбиесін көрген Тұқпатолланың баласы Кәрім де кешегі кеңес үкіметі заманында сауатты молда атанып, 1980 жылдардың аяғында қайтыс болды» делінеді кітапта. Біздің бүгінгі әңгімеміз Қабыл ахонның ұрпағы Кәрім Тұқпатов жөнінде болмақ.



Жаз айлары ҚОҢЫР САЛҚЫН БОЛМАҚ

Күні: , 861 рет оқылды

692213-7


Өткен сейсенбіде «Қазақстан – Орал» телеарнасында «Қазгидромет» РМК БҚО филиалы басшысының орынбасары Баубек Самитов және  ауа райын болжау бөлімінің меңгерушісі Татьяна Шилинг БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.



Соғыс ардагерлері КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМНЕН ТОЛЫҚ БОСАТЫЛДЫ

Күні: , 816 рет оқылды

фото Рафхата Халелова (7)


Ұлы Жеңістің 70 жылдық торқалы тойын мерекелеу қарсаңында Батыс Қазақстан облысында тұратын соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ жеңісті жанқиярлықпен жақындатқан тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмек беру үшін республикалық бюджеттен  289,8 млн. теңге, облыстан  200,1 млн. теңге қаржы бөлінді.



Зинаға бастар жолдардан САҚТАНАЙЫҚ

Күні: , 1 012 рет оқылды

GmtgOv5aQak


Жаратушы Аллаһ құлдарына қасиетті Құранды өзінің бұйрығы бойынша өмір сүруі үшін түсірді. Аллаһтың бұйрығын орындап жүру адамды осы дүниеде және мәңгілік өмірде де бақытты етеді. Ал орындамау  бақытсыздыққа жетелейді. Ислам діні адамның бақытты болуы үшін қажетті міндеттемелер мен жақсы амалдардың орындалуын бұйырып, күнәға жетелейтін амалдардан тыйған. Күнә ислам діні бойынша үлкен және кіші болып екіге бөлінеді.



Зейнеп апай Оралға келді

Күні: , 822 рет оқылды

 IMG_5938


Кеше  Орал қаласына қазақтың біртуар батыр ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, танымал жазушы  Зейнеп Ахметова арнайы шақырумен келді.



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика