Мұрағат: 18.04.2015


Аутонесие үмітті ақтағай

Күні: , 1 015 рет оқылды

Аутоарғымақ мінуді армандап жүрген талай қазақтың сәуір басталғалы ұйқысы бұзылды десек, артық айтпаспыз. Шетелден келген ескі-құсқы көліктен әбден мезі болған жұрт БАҚ-тан «Сәуір айында Қазақстанда шығарылған аутокөліктер 4 пайыздық мөлшерлемемен несиеге беріледі» дегенді естіп, айдың соңын тағатсыздана күтуде.

Ресми деректер бойынша, өткен жылы Қазақстанда 37 мың жеңіл көлік шығарылған. Ал оның Ресейден арзан көлік ағылғалы ішкі нарықтағы сатылуы екі есеге кеміді. 2014 жыл бойы шыққан көліктен 2015 жылдың басынан бері көрші елдерден импортталған көлік екі еседей артық. Сондықтан да шығар, Үкімет отандық аутоөндіріске 20 миллиард теңге бағыттады. Оның 15 миллиарды жеке тұлғаларды несиелендіруге арналған.

Кеше Оралдағы отандық көлік сатылатын аутосалондарды шолып шықтық. Кей банктер 20 сәуірді күтпей, алақандарын ысқылап, қызу кірісіп кеткенге ұқсайды. Өйтпеске де болмайды, несиесін 2-3 еселеп қайтарып үйренген бұл халыққа 4-6 пайыз деген не тәйірі, су тегінге су жаңа көліктерді «пышақ үстінен» бөлісіп алуға дайын топ аутосалондарды торуылдап жүрген сияқты. 


Сайлауға сақадай сай

Күні: , 123 рет оқылды

IMG_3455


26 сәуір – Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауға Қазталов ауданы сақадай сай әзірленуде. Соның бір айғағы – аудан орталығынан шалғай жатқан Қарасу ауылдық округіндегі №262 сайлау учаскесінде қызу жұмыстар жүргізілуде.



Алимент әке болмайды, дегенмен…

Күні: , 884 рет оқылды

aliment05


Халқымыз  ата-ана мен баласының қарым-қатынасын «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша сыйына теңеген. Баланың ата-анасына, бұған керісінше ата-ананың балаға деген мейірім, махаббаты, Құдайға шүкір, қазір де бәсеңсіген жоқ.



№22 автобус қашан келеді?

Күні: , 900 рет оқылды

Без имени-1


Орал қаласының Зашаған кенті аумағындағы «Зашаған» бағбандар серіктестігі елді мекені былай қарағанда үлкен жолдың бойында. Алайда ауыл тұрғындарының бұл жаққа қатынайтын 36 бағыттағы автобусқа өкпелері қара қазандай. «Біраздан бері айтып, жазып, сұрап жүрміз, бірақ мәселе әлі шешілмей отыр» — дейді халық. Жақында редакциямызға осы ауылдың бірнеше тұрғыны қол қойған хат келді. Біз өз тарапымыздан хаттың мәтінін және оған уәкілетті орган өкілінің берген жауабын жариялауды жөн көрдік.



Өмірге ерекше ҰМТЫЛЫС

Күні: , 195 рет оқылды

Копия Изображение 142


Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Арба» қоғамдық бірлестігі өткізіп жатқан «Ашық есік» күніне арнайы келіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың тыныс-тіршілігімен танысты.



Каратэ-додан өткен сайыс

Күні: , 156 рет оқылды

DSC_0105


Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Ұлттық каратэ-до федерациясының вице-президенті Жасталап Санауов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.



Мүгедектердің құқығы қорғалмақ

Күні: , 138 рет оқылды

IMG_8012


Бейсенбі күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма-сының мәжіліс залында БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы конвенциясын жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара іс-қимылдарды жетіл-діру» атты дөңгелек үстел өтті.



Балық аулап БӘЛЕГЕ ҚАЛМАҢЫЗ!..

Күні: , 869 рет оқылды

1366689049_gorbusa


«Бекіре – 2015» жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыстық ішкі істер департаментінің  ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен және ӘПБ-ның жол-патрульдік полиция батальонымен заңды құжаттары жоқ балық өнімдерін тиеген 7 аутокөліктен  6 500 келі шамасында қара балық тәркіленген. Бұл жөнінде және «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижелері жөнінде аталмыш департаментте өткен брифингте мәлім болды.



БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика