Мұрағат: 17.03.2015


Бір тәулікте 10 ұрлық, 5 АЛАЯҚТЫҚ ТІРКЕЛДІ

Күні: , 839 рет оқылды

media146256


Көктем шыға, шамасы, алаяқтар мен ұрылардың да белсенділігі артатынға ұқсайды. Бұл сөзімізге Орал қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен түскен мына мәлімет дәлел: биылғы 9 наурыздан 10 наурызға қараған бір тәулік ішінде Орал қаласы бойынша 10 ұрлық, 1 тонау, 5 алаяқтық  фактісі  тіркелген.


Ағымдағы айдың тоғызы күні түнгі сағат 23.00-де ұрлық фактісі тіркелген. Яғни  белгісіз біреу Әбілқайыр хан даңғылындағы  «Погребок» кафесінде болып, 1969 жылғы С. есімді азаматшаның қымбат тонын ашықтан-ашық қолды қылған. Бағалы сырт киімінен айырылған әйел адам  шыңғыра айқайлап, көмек сұрайды. Полицияға телефон шалады. Оқиға орнына жедел жеткен Орал қалалық ІІБ-ға қарасты жол-патрульдік полиция батальонының тәртіп сақшылары көп ұзамай 1993 жылғы С. есімді  суыққолды  қолға  түсірді.


Алғыс арқалаған ана

Күні: , 965 рет оқылды

dameli_kusayynkyzy


Жуырда Бөрлі ауданының тұрғыны, зейнеткер ұстаз, батыр ана, қазақтың қолөнерін насихаттаушы Дәмелі Құсайынқызына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан Алғысхат келді.


Бұған дейін Дәмелі Құсайынқызы ел арасында киіз үй жасау өнерімен, ақындығымен танылған еді. Өзінің айтуынша, зейнеткер ана ел Президентіне әр жылдары жарық көрген «Әке», «Мұра», «Өнер өрге өрлетеді», «Із» секілді кітаптарын, өзі туралы телеарналарда көрсетілген хабарлар дискісін, газет-журналдардағы сұхбаттарын жолдапты.


Тараздан – төрт алтын

Күні: , 832 рет оқылды

img-20150312-wa0003


Тараз қаласында спорттық және әскери самбодан өткен ел чемпионатында батысқазақстандық балуандар табысты өнер көрсетті.


БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ерлер арасында Айбек Ғабдешев 74 келі салмақта жеңімпаз атанса, Болатбек Райымқұлов (52 кг) күміс, Сырым Мирманов (57 кг) пен Саят Шамшиев (82 кг) қола жүлдені еншіледі. Әйелдер арасында 56 келі салмақта Алмагүл Орынғалиева алтыннан алқа тақты. Әскери самбодан Аслан Рахымжанов (52 кг) пен Темірлан Ихсанғалиев (74 кг) чемпиондық биікке көтерілсе, Бақтияр Ерешов (68 кг) екінші, Миржан Бақтыбаев (82 кг) үшінші орынды иеленді.

Айта кетейік, осы спортшылардың бірқатары БҚО ішкі істер департаментінде қызмет етеді. Олар – полиция лейтенанттары Т. Ихсанғалиев пен А. Ғабдешев және полиция капитаны М. Бақтыбаев.


Бірлескен бұйрыққа қол қойды

Күні: , 815 рет оқылды

img_9791


ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мен облыстық тексеру комиссиясы өзара әрекет ету қағидасы мен бірлескен бұйрыққа қол қойды.


Бұл келісім тұлғалардың іс-қимылында жемқорлық қылмыстар және қаржылық құқықбұзушылықтардың белгілері бар материалдардың берілу тәртібін, ақпараттардың алмасуын реттейді. Сонымен қатар құқықбұзушылыққа жол берген адамдарға әкімшілік, тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануға және жергілікті бюджеттің орынды жұмсалуын, қаржылық тәртіпті күшейту жөніндегі Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға мүмкіндік туғызады.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика