Мұрағат: 14.03.2015


Халықаралық конференция өтті

Күні: , 2 724 рет оқылды

img_9712

Кеше Оралдағы Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның залында «Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық: Ғылым. Білім. Практика» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісі өтті. Халықаралық форумды ҚР Білім және ғылым министрлігі, Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, Ресейдің жаратылыстану ғылымдар академиясы, Қазақтың экология және өмір сүру қауіпсіздігі академиясы, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені, П. Кузнецов атындағы Тұрақты даму халықаралық ғылыми мектебінің Қазақстан бөлімшесі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер институты ұйымдастырды.


Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының БҚ филиалының төрағасы, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің президенті Ақсерік Әйтімов, еліміздің және көршілес Ресейдің белгілі ғалымдары қатысты. Ресейден келген қонақтардың ішінде техника ғылымдарының докторы, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жағырапия факультетінің профессоры Сергей Кибальников, «Дубна» халықаралық табиғат, қоғам және адам университетіндегі Халықаралық бірқалыпты даму ғылыми мектебінің жетекшісі Борис Большаков, Самара мемлекеттік және муниципалдық басқару академиясының ректоры В. Семенычев, Самара мемлекеттік университетінің ректоры И. Андрончев, Владимир бизнес институтынан экономика ғылымдарының докторы Ольга Звягинцева, Сан-Мари-но Республикасындағы елші Юрий Алексеев және өзгелері қатысты.


Облыстың логотипі ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Күні: , 817 рет оқылды

img_9857


Бейсенбі күні қазақ драма театрында ішкі саясат басқармасының тапсырысы шеңберінде «Өнер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы логотипінің тұсаукесер рәсімі өтті.


Шараға облыс әкімінің орынбасары Б. Мәкен мен логотип байқауының сараптама өкілдері қатысты.

– Облыстың ортақ логотипі өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде зор маңызға ие. Осыдан бір жыл бұрын логотип эскизін дайындауға байқау жарияладық. Бүгін, міне,  байқауға түскен 35 дарынды өнер иелерінің арасынан ұсынылған талаптар бойынша үздік деп танылған логотипті назарларыңызға ұсынып отырмыз, — деді алғысөзінде  облыс басшысының орынбасары Бақтияр Мәкен.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика