Мұрағат: 12.03.2015


Бағдарламаға бөлінген қаржы ТОЛЫҚ ИГЕРІЛУДЕ

Күні: , 840 рет оқылды

bzhk-2020


Биыл облысқа «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1 млрд. 471 млн. теңге, шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 76 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан бергі уақытта аймақтық үйлестіру кеңесі 471,7 млн. теңгеге пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 16 жобаны мақұлдады.


Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша өңірдегі жеке кәсіпкерлікті қолдау мақсатында республикалық бюджеттен 1 054,8 млн. теңге бөлініп, игерілді. Мемлекеттік бағдарлама іске қосылғалы бергі  2010-2014 жылдар ішінде облыс бойынша 49 млрд. теңгеге пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға және инфрақұрылым тартуға 396 жоба мақұлданды. Осы жобалар негізінде 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Ауылдық жерлердегі 130 жобаға 15,9 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.


Жерлестеріміздің жеңісі

Күні: , 822 рет оқылды

s_lyzhnyh_1


Жақында облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Батыс-West-3» шаңғы командасы Қарағанды облысындағы Қарқаралы  ұлттық табиғи қорығында туристік көпсайыс бойынша өткізілген ашық чемпионаттан жеңіспен оралды.


Спорттық туризм бағыты бойынша сайыста біздің жас спортшылар жеке және командалық сында 1-орынды, техникалық  қашықтығында 3-орынды жеңіп алды. Қыздар арасындағы жеке сында Орал гуманитарлық-технологиялық колледжінің оқушысы Ботагөз Таржманова бірінші орын алса, ұлдар арасында Ильяс Түсіп екінші, Ернұр Мұрат үшінші орынды иеленді. Олардың екеуі де Ақжайық ауданындағы С. Ошанов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары.


Пайдалы конференция

Күні: , 2 421 рет оқылды

20150224_103353


Алматы қаласында ақпан айының 24-25-ші жұлдызында «Алматы – ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» атты халықаралық конференция өтті. Бұл жиынды ұйымдастырған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі болатын.


Конференцияға ҚМДБ тарапынан наиб мүфти Серікбай Ораз мырза қатысып, «Ислам ынтымақтастығын ұйымдастыру – мәдениетаралық және конфессияаралық диалогтың негізі» атты секцияға басқарушы-модератор болды. Ғылыми зерттеу институтының шақыртуымен осы конференцияға мен де барып, Бөкей ордасы мен Жаңақала аудандарындағы көне құлпытастардың тарихымызға қосатын үлесі, ондағы аят, хадис, дұғалардың жазылуынан қазақ халқының діни сауатты болғандығын, халық тұрмысы қай уақытта жоғары, қай уақытта төмен болғандығын көруге болатындығын айтып, 15 минуттық баяндама жасадым. Конференцияға Иран, Малайзия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, тағы да басқа көптеген елден делегаттар қатысты. Конференция 4 секциядан тұрды.


Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Келісім беретінімді мәлімдеймін»

Күні: , 214 рет оқылды

nurotan-page-1403847908


Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVI сиезі өтті.


Партияның кезекті сиезінің жұмысына 2000-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында өңірлік конференцияларда сайланған 1200-ден астам делегат, Парламент депутаттары, мемлекеттік басқару құрылымдарының, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Сиез делегаттары «Нұр Отан» партиясынан Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы қаулы қабылдады.

Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің және Орталық тексеру-бақылау комиссиясының есепті кезеңдегі жұмыстарының қорытындылары қаралды, сондай-ақ олардың мүшелері сайланды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қалыптасқан жағдайларға байланысты ел алдында тұрған жаңа міндеттерді атап көрсетті.

– Біріншіден, мемлекеттік құрылысқа сыртқы ықпалдардың теріс әсер етуіне жол бермеу керек. Екіншіден, даму қарқынын сақтау қажет. Үшіншіден, әрі қарай өсуге қажетті жағдай жасау керек. Төртіншіден, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қарай ілгерілеуді жалғастыру қажет, – деді Қазақстан Президенті.


Ирандықтармен ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЮДА

Күні: , 129 рет оқылды

iran_teniz

Таяуда Астанаға Иран Стратегиялық Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Хабиболла Сайяри бастаған Иран Ислам Республикасының делегациясы ресми сапармен келді.


Иран делегациясы ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен және Әскери-теңіз күштерінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында Хабиболла Сайяри көрсетілген қонақжайлылық үшін алғысын білдірді. «Біздің елдеріміз – өз аймақтарының беделді және күшті мемлекеттері, — деді ол. — Қазақстан мен Иран – Каспий теңізі бойынша көршілес жатқан елдер. Еліміздің ынтымақтастығы ерекше маңызға ие. Біз өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, теңіз істерінің түрлі салаларындағы ынтымақтастыққа мүдделіміз».


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика