Мұрағат: 07.03.2015


Атамекендегі «ЖЕРҰЙЫҚ»

Күні: , 866 рет оқылды

2807


Ақжайық ауданына қарасты Атамекен ауылында «Жерұйық» атты шағын мұражайдың ашылғанына көп уақыт өткен жоқ. Бірақ осынау аз уақыттың өзінде мектеп оқушылары, ауыл қонақтары қызыға бас сұғатын мекенге айналды.


 Мұражай осы ауылдағы Махамбет Өтемісұлы атындағы негізгі мектеп жанынан ұйымдастырылған. Мұнда 7 экспозициялық бөлім бар. Соның бірінде Тайпақ топырағында XIX-XX ғасырда өмір сүрген атышулы тұлғалардың – Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Жұбан Молдағалиев, Сағат Әбдуғалиев, сондай-ақ көпшілік біле бермейтін Арыстан әулие Жұмалыұлы, Бисекеш ақын Есжанұлы, Сүгір жырау Мырзалыұлы, Шомбыр батыр Болатұлы т.б. жөнінде тың деректер, жәдігерлер қойылған. Музей көне жәдігерлеріне қоса, заманауи талаптарға сай безендірілген.


Жұртқа жаққан “Жанар”

Күні: , 956 рет оқылды

2804


Бүгінгі таңда жаңақалалықтарды ас атасы – нанмен қамтамасыз ететін үш наубайхана бар. Солардың ішіндегі ең ірісі – «Жанар» наубайханасы.


Халық арасында сапалы әрі тиімді бағамен ұсынылатын аталмыш наубайхананың нан өнімдеріне деген сұраныс жоғары. 24 сағат бойы тоқтаусыз өнім шығарады. Қожайындары Ғабит пен Гүлбарша Қабдоловтар Қырқопа ауылынан аудан орталығына алты жыл бұрын қоныс аударды. Ауданда тұрақты жұмыс жасап жатқан наубайхананың жоқтығын көріп, өз қаржыларына шағын наубайхана ашты. «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды» демекші, ашылғанына жылға жуықтаған наубайхананың жұмысы алға басуда. Күніне 900 дана нан, 100-ге жуық түрлі пирогтар, тәтті торттар пісіріп, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отыр. Өнімі аудандық орталықтандырылған ауруханаға, мектеп салып жатқан құрылысшыларға және аудан-дағы 30 дүкенге, одан бөлек бірнеше ауылдық округтің дүкендеріне таратылады. Тоғыз адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.


Отандық өнім сенімді

Күні: , 146 рет оқылды

2815


«Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясы Ақжайық ауданында да екпін алуда. Аудан әкімі аппаратының, кәсіпкерлік бөлімінің, басқа да тиісті салалардың өкілдері сауда орындарында арнайы кездесулер өткізіп, сатушылармен, тұтынушылармен бұл акцияның маңызы жайында пікір алысты.


Аудан орталығындағы ең ірі «Ақжайықта» сауда үйінде «KZ» белгісімен қазақстандық тауарларға арнайы бөлімдер жасақталған. Онда шұжық, сүт, нан өнімдері, салма секілді азық-түлік түрлері қойылған. «Мен тек қазақстандық азық-түлікті сатып аламын, — дейді чапаевтық Оксана Ефремова. – Себебі отандық өнім сенімді, сапасы да, бағасы да көңілге қонымды».

Мұны «Бұлақ» дүкенінің иесі Светлана Сағитова да құптайды. Оның дүкеніндегі заттардың 70 пайызы елімізден шығарылған. Дүкенге келушілер де, негізінен, «Қазақстанда жасалған» деген сөреде тұрған өнімдерді алатын көрінеді.


Талапты жас маман

Күні: , 830 рет оқылды

2814


Сол жылы Орал қаласындағы Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мамандығына оқуға түсіп, үздік дипломмен аяқтады. Еңбек жолын туған ауылы Қайыңдыдағы «Балдырған» бала бақшасында әдіскер қызметінен бастады.


Кіндік қаны тамған туған жеріне табан тіреп, бүлдіршін іні-сіңлілеріне тәлім-тәрбие беріп, жаңадан тәжірибе жинап келе жатқан Арайлым 2013 жылдың қазан-қараша айлары Қазталов ауданы орталығындағы 280 орындық «Нұрбалапан» бөбекжай балабақшасындағы тәрбиеші қызметіне ауысты. Ал 2013 жылы қараша айынан бастап Қазталов аудандық білім беру бөлімінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша әдіскері қызметін абыройлы атқаруда. Арайлымның жас та болса, алдына қойған мақсаты да, армандары да асқақ. Ақиық ақын Мағжанның мақамды мадағындағы “арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай еркін қанатты” жастар мамандығына деген креативтілікті үмітпен күтеді де іс жүзінде шарықтайтынына сенеді. Сол себепті Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен «Балапан» бағдарламасының орындалуын жүзеге асыруға белсене атсалысуда. Аудан бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 74,1%-ды құраса, 3 тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%-ды құрайды. Мұның бәрі – тынымсыз еңбектің нәтижесі. Оның еңбекқорлығы әрі талапшылдығы мақтауға тұрарлықтай.


Наргиза — ЕЛ ЧЕМПИОНЫ!

Күні: , 150 рет оқылды

2802

Жуырда Алматы қаласында шаңғымен спорттық бағдарлаудан ересектер мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі мәреге жетті.


Байрақты бәсекеде облыс намысын қорғаған Зеленов ауданы орталығындағы Қасым Аманжолов мектебінің оқушысы Наргиза Иргусаева І орын иеленіп, ел мерейін асырды. Енді Наргиза Қытайда өтетін Азия чемпионатында бақ сынамақшы. Сондай-ақ Норвегияда өтетін әлем біріншілігіне де барып қалуы әбден мүмкін. Бұған дейін облыстың абсолютті чемпионы, ел кубогінің иегері атанып үлгерген талантты қыздың алар асуы әлі алда деп білеміз.


Аналарға ән-шашу

Күні: , 132 рет оқылды

2805


Кеше облыстық қазақ драма театрында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай концерт болды. Мерекелік шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.


Облыс басшысы театр фойесінде жасақталған «Сұлу сөзбен сурет, өлеңмен өрнек салған арулар» атты кітап көрмесін тамашалады. Онда еліміздегі, соның ішінде Ақ Жайық өңіріндегі нәзікжанды ақынжазушылардың шығармашылығы қойылды.

Концерттік бағдарлама «Әлемді әлдиімен тербеткен…», «Балалардың бал тілегі», «Жыр жазамын әйелге…» атты бөлімдерден құралды. Ондағы Б. Бәбіжанның «Ару ғұмыр» атты әніне (орындаған Гүлмира Өтегенова) орай дайындалған сазды-хореографиялық көрінісі, облыстық қазақ драма театры актерларының көп балалы аналарға арнап сахналаған қойылымы, «Ақ ниет» балабақшасы тәрбиеленушілерінің ана тақырыбындағы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі өлеңдері көпшіліктің көңілінен шықты.


Шын жүректен құттықтады

Күні: , 165 рет оқылды

2803


«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өңіріміздің бір топ қыз-келіншектерін облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен қабылдап, шын жүректен мерекемен құттықтады.


Салтанатты шараға келген ұстаздар мен дәрігерлер, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері мен партия белсенділеріне гүл шоқтары, ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

– Әйелдер — бүгінгі қоғамдағы зор күш. Қазір біздің партиямызда 26 мыңдай адам болса, соның алпыс пайызын әйелдер құрап отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің де басым бөлігі – әйелдер. Бәріңізді мерекемен шын жүректен құттықтап, отбасылық бақыт, жемісті еңбек, кәсіптік құлшыныс тілеймін! – деді Серік Кенжебекұлы.


Мақпалдың мақпал кеші

Күні: , 877 рет оқылды

45345


Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының ғимаратындағы концерт залында танымал әнші, ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісованың концерті өтті. Әншіні сағынған халық кешке көп жиналды. Көрерменнің көпшілігі әншіні табиғи дауыспен ән шырқап, шынайы өнер көрсететіні үшін жақсы көретіндерін айтып жатты. Әнші өзін сағынған көрерменге қол беріп амандасып, залды аралап жүріп ән шырқады. Кеш бойына эстраданың сүйемелдеуімен, домбырамен және халықтың сұрауымен ән салған өнер иесі аналар мен аруларды көктем мерекесімен құттықтады.


– Қымбатты ақ жаулықты аналар, арулар! Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймын! Ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілеймін. Аман болыңыздар! — деп ақжарма тілегін жеткізіп, ана туралы әнін шырқады. Ән арасында: «Маңдайымнан тер бұрқ ете түсті. Бұл – сіздердің энергетикаларыңыздың мықтылығы. Біз де халықтан бата алып, қуат алып, қанаттанып қайтамыз. Сіздердің жарқын бейнелеріңізді көру – мен үшін бақыт» – деп ағынан жарылған Мақпал Жүнісова әдемі әзілдерімен көрермен езуіне күлкі үйіруді де ұмытқан жоқ.

Кеште Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері де өнер көрсетті.


Аналарға арналады

Күні: , 127 рет оқылды

2809_1

Шара барысында студенттер аналарға арналған өлеңдерін оқып, әндер шырқады. Студент жастардың көзқарасымен салынған әр түрлі түстердің әуені көрменің шырайын келтіріп тұрды. Шарада студенттер арасынан болашақ қылқалам шеберлері суырылып шығып, портрет салудан шеберлік класын өткізді.

Жаңа туындыларды тамашалаймын деген көрерменге 12 наурызға дейін көрме есігі ашық.


Келді көктем нұрын төккен…

Күні: , 286 рет оқылды

2810_0


Қабылдауға Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері, медицина, білім беру, мәдениет, құқық қорғау және тағы да басқа салалардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен студент жастар шақырылды.


— Осы залда отырған ақ жаулықты аналар, ардақты апалар, аяулы қыз-келіншектер, баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын және біздің шақыруымызды қабыл алып, ұйымшылдықпен жиналғандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Тәуелсіз елімізді көркейтіп, экономикасын нығайтуға осы отырған барлығыңыздың қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бар екені ақиқат. Біздің қоғамда әйелдердің орны ерекше. Әйел – ана, әйел – жар, әйел – ақын, әйел – қоғам қайраткері.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика