Мұрағат: 05.03.2015


Тасқалалықтар Қазталовта

Күні: , 832 рет оқылды

img_0066


Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы бойынша Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев бастаған делегация 28 ақпан күні Қазталов ауданында болды.


Көрші ауданның өкілдері аудан орталығындағы «Нұрбалапан» балабақшасының және спорт кешенінің жұмыстарымен танысып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар соғыс ардагері Аманғали Сариевке  құрмет көрсетті.

Меймандар қоғамдық ұйым өкілдерімен және түрлі байқаулардың жеңімпаздарымен дөңгелек үстел басында кездесті. Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов қатысты.

Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің жетекшілері көптеген мәселелерді қозғады. Солардың ішінде этномәдени бірлестіктердің жұмысы, міндеті мен олардың материалдық қамтылуы жайында сөз болды.


«Кублейдің» жаңа көкжиектері

Күні: , 855 рет оқылды

img_8246


Өңірдегі ет және балық өңдеуші кәсіпорындардың бірі «Кублей» ЖШС-ның өнімдері жақын және алыс шетелдерге танымал. Әлемді шарпыған экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпорын сапалы өнімдерімен  жаңа көкжиектерді бағындыруға ұмтылуда.


Қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында да кәсіпорынның тынысы тарыла қойған жоқ, дамуы тұрақты. Биыл кәсіпорында өнім өндіру көрсеткіштері өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 10-15 пайызға өсті. Олай болатын жөні бар, өйткені компания өндірісті дамытудың ауқымды бағдарламасын жасақтап, өндірістік орынды техникалық қайта жарақтандырудан өткізді. Еліміздегі «Бизнестің жол картасы –  2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпорын бизнесті дамытуға алған несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға мемлекеттік көмек алды. Жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде өнім өндірісіне жаңа технологиялар енгізіліп, өнімнің жаңа түрлерін өндіру жолға қойылды. Бүгінде «Кублей» ЖШС бір ауысымда 100 мың дана қалбыр шығарады. Кәсіпорынның өз жұмысын алғаш бастаған кезде тек қана сиыр етін қалбырлап шығаратын болса, қазіргі уақытта етке қоса балық пен көкөніс те өңделіп, қалбырланады. Өнім түрлері 100-ден асып жығылады.


Иманына кәміл ИМАМ ЕДІ

Күні: , 844 рет оқылды

54354


Бөкей ордасы ауданының жұртшылығы Әшенов Сәрсенбайды аудан орталығында тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғаш мешіт ашқан діндар ретінде, алғашқы имам ретінде біледі. Ақсақалдың діннің тізгінін тұқыртып ұстаған сонау кеңестік кезеңнің өзінде мұсылманның бес парызының төртеуін тең ұстағанын ауыл халқы әлі күнге айтады. Қария тек қажылыққа бара алмай өткен.


1990 жылы ауданда мұсылмандар қоғамының құрылуына да Сәрсенбай ақсақал мұрындық болғанды. Сайқында мешіт ашуды 1992 жылы өзі бастап қолға алған. Екі жылдан кейін ғибадатхананы әділет басқармасына тіркетіп, заңдастырады.

Негізі мешітке деп бөлінгені темір жолдың батыс бетіндегі бос тұрған аурухана ғимараты екен. Ол төбесі тым аласа, мешітке келіңкіремейтін болғасын ақсақал оны бұрынғы электр стансасы ғимаратын иеленіп отырған екі мекеменің басшыларымен келісіп, ауыстырып алыпты. Алқам-салқам болып сыйқы кеткен ғимараттың тіпті жылу жүйесіне дейін тоналған екен. Онсыз да қиын кезеңде материал деген қат нәрсе. Терезелердің бітейтіні бітелді, үлкені кішірейтілді, бір есік жабылып, екі есік жаңадан шығарылды. Едені тақтайланды. Әйтеуір, екі ай дегенде зор еңбекпен мешітке ұқсады. Сөйтіп, аудан жерінде тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы мешіт ашылып, жұмысын бастайды. Мешіт жанында он бір адамнан алқа құрылады. «Олар: Әшенов Сәрсенбай, Такиров Хамидолла, Мергенбаев Ерсайын, Сертеков Жұмағали, Бисенғалиев Қасым, Айғалиев Жұмағұл, Қадымов Ноқаш, Құспанғалиев Есмағзом, Темешев Қабдіреш, Сұлтанов Мэлс, Бирахметов Абай еді» деп жазады «Орда жұлдызы» газетіне басылған мақаласында Амантай Хамзин аға.


Өңірлердің әлеуеті ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ДАМЫМАҚ

Күні: , 842 рет оқылды

sam_1314


Қаңтардың 1-інен бастап Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы күшіне енді. Оның құрамына «Қолжетімді баспана – 2020»,  «ТҮКШ-ны жаңғырту», «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту», «Ақбұлақ» пен «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары кірді.


Мамандар бес бағдарламаны негізге алған бұл құжаттың енді күшейетінін, атқаратын қызметтер саны ауқымдала түсетінін айтады.

-Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерге сәйкес, Үкіметтің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Бес бірдей бағдарлама не үшін біріктірілді? Алдымен, соған тоқталайық. Талдау көрсеткендей, бұл бағдарламаларда шығыстар бағыттарының жиі қайталануы және нысаналы индикаторлардың ұқсастығы байқалды, сондай-ақ оларды үйлестіруде және әкімшіліктендіруде қиыншылықтар болды. Сондықтан бағдарламалардың бағыттары жүйеге келтірілді.


Энергия аудиті өтпек

Күні: , 852 рет оқылды

kolik11


Әлеуметтік нысандардың энергия тиімділігін арттыру үшін мемлекетіміз Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, арнайы гранттық жобаны іске асыруда. Соған орай алдағы жылдарда 70-тен астам мектеп, балабақша, аурухана және қалалардағы көшелер осы бағытта жаңғыртылатын болады.


Энергия үнемдеу саясаты және қолға алынған іс-шаралар нәтижесінде республикамызда жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы 18,6 пайызға төмендеп, Елбасының Үкіметтің алдына қойған міндеттері нәтижелі орындалмақшы. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ер-жанов мәлім етті.


Тайпақтағы «Зарница»

Күні: , 859 рет оқылды

img-20150303-wa00001

Тайпақтағы Ақжайық аудандық ауруханасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған  «Зарница» әскери ойыны өтті.


Шараға қатысушылар ҰОС туралы өздерінің ойларын айтты. Сонан соң ойын бағдарламасына сәйкес шанамен жарысып, арқан тартысып, кросқа қатысып, алау жақты.

Ойын қорытындысында фельдшер Бақытжан Қабиев, мейірбике Сәния Хайрушева, санитар-күтуші Нұржан Қалжанова жеңіс тұғырынан көрінді. Олар естелік сыйлықтармен марапатталды.


Бизнес түйткілдері талқыланды

Күні: , 807 рет оқылды

bzhk-2020


Жақында облыстық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен бизнес өкілдерінің түйінді мәселелерін талқылаған кеңес өтті.


Бұған құқық қорғау саласы мен банк қызметкерлері  және жергілікті кәсіпкерлер қатысты.  Аталмыш жиында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерді несиелеу жағдайы, қаражаттың қолжетімділігі  және бизнес нысандарын инфрақұрылымға қосудың техникалық жағдайын реттейтін заңның сақталуы мәселелері  қаралды.

Жиын барысында өңір палатасының мамандары әлеуетті  және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына нақты қатысушылардың  бастарынан кешіп жүрген қиындықтары жөнінде әңгімеледі. Сондай қиындықтардың бірі – екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлерге  мемлекеттік бағдарламалар аясында несие беруден бас тартуы. Бұған көбінесе қарыз алушының айналысатын  кәсібінің сәйкес келмеуі немесе кепілзатының болмауы себеп болып отыр. Қазақстан Халық банкі филиалының қызметкерлері,  екінші деңгейлі банктердің  менеджерлері, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жөніндегі  өтініштерді қарау кезінде тек акционерлердің ғана емес, сонымен қатар мемлекет қаражатының да орнымен жұмсалуына жауапты болады.  Мысалы, банк қызметкерлері  жоспарға сәйкес алғашқы жартыжылдықта кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие бере отырып, 6 миллиард теңге көлеміндегі қаражатты игеруі тиіс болды.  Бірақ осыншама қаражатты қалай да игеру керек екен деп, жұрттың бәріне бірдей  ақша тарату да дұрыс емес.  Несиені тек уақытында қайыра алатын адамға ғана беру керек.


Ел құрамасына қабылданды

Күні: , 152 рет оқылды

moldashev


Батысқазақстандық боксшы Сағындық Молдашев Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 1994-1996 жылғы жастар арасында өткен республикалық турнирдің жеңімпазы атанды.


БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарыста еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан ең мықты боксшылар қатысып, бақ сынады. С. Молдашев 52 келі салмақта төрт кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. Ол финалда астаналық Жанұзақ Мадиярды ұтты.

Саттар Сұлтанғалиев жаттықтыратын С. Молдашев осы турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстан эксперименттік құрамасына мүше болып қабылданды.


Апатты үйдегілерге жаңа баспана

Күні: , 868 рет оқылды

depovskaya_18

Орал қаласының Деповская көшесіндегі апатты 18-үйдің тұрғындары 5-шағынаудандағы уақытша баспанаға көшірілді. Осы айда бұл көшедегі  өзге де апатты үйлердің тұрғындары уақытша қоныс аударады.


Өйткені биыл Деповская 18 және 2-километр көшесі 20, 21, 22 мекенжайындағы апатты деп танылған  4 үй сүріліп, оның орнына көп қабатты үйлердің құрылысы басталады. Бірінші мекенжайдағы үйдің орнына 90 пәтерлік 9 қабатты, қалған үш үйдің орнына 144 пәтерлік 9 қабатты жаңа үй салынады.

Мұндай игі шаруа шаһардағы апатты үйлердің тұрғындарын баспанамен қамтуға бағытталған қанатқақты жобаның аясында жүзеге асырылмақ. Түйткілді мәселенің түйіні мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде тарқатылған. «БолашақТ» және «СВ плюс» құрылыс компаниялары бұл іске білек сыбана кірісуге тілек білдірді.  Жоба бойынша Орал қалалық әкімдігі, құрылыс компаниялары және тұрғындар арасында үш жақты келісімшарт жасалып, қол қойылды. Қалалық әкімдік құрылыс жұмыстары кезінде тұрғындарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінген уақытша баспанамен қамтамасыз етеді.


68 жыл хабарсыз болған

Күні: , 896 рет оқылды

Отағасын фәни дүниеден бақилыққа аттандырған Ағайша әжеміз кәмелетке толмаған Оңғар, Әжібай, Ислямғали ұлдарымен қалып, жесір атанды. Тумысынан жігерлі, қайсарлығымен ел-жұртына танылған әжеміз қол қусырып, орны толмас қайғы-қасіретке беріліп қалған жоқ. Қайта жігерін қайрап, қайткен күнде де перзенттерін аяулы алақанымен мәпелеп, оқытып, еңбекке баулып, кәмелетке жеткізіп өсірудің қолдан келген қам-қарекетін жасап бақты.

 

БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика