Мұрағат: 03.03.2015


Жаңажолдағы ЖАРАСТЫ ШАРА

Күні: , 154 рет оқылды

41828382


Елбасының ұйытқы болуымен осыдан 20 жыл бұрын шаңырақ көтерген Қазақстан халқының Ассамблеясы (ҚХА) бүгіндері отандастарымыздың достығын нығайтар, жастардың санасына қазақстандық патриотизмді сіңірер құрылымға айналды.


Сол себепті ҚХА-ның 20 жылдығына орай біз де ел ішінде тартымды-тағылымды шаралар ұйымдастырудамыз. Мысалы, жа-қында біздің мектепте «Бірлігіміз жарасқан берік елміз» атты жарасымды шара өтті.

Бұл шараны Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет, ынтымақ пен парасат, ең алдымен, өзімізге керек» деген сөзін тілге тиек етіп, мектеп директоры Гүлмейрам Кенжеғарина ашып, ауылдастарымызға елдің шырайын кіргізіп, ырыздығын молайтар береке-бірлік пен жасампаз еңбек тіледі. Сонан соң «Ұят болмасын» телехабарының негізінде қазақ елін мекендеген ұлт-ұлыстардың озық салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, «түрі басқа болғанмен, тілегі бір, жүзі басқа болғанмен, жүрегі бір» отандастарымыздың әндері шырқалды. Осы шараның мазмұнды өтуіне мұғалімдер мен мектеп оқушыларына қоса, ауыл тұрғындары да белсенді атсалысты. Әсіресе, Есен-келді Ғабдушев пен Жомарт Жанаевтың өнерлері көпшілікті тәнті етті.


Қазақстан халқы форумына қатысушылардың Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевқа және халыққа ҮНДЕУІ

Күні: , 2 119 рет оқылды

ank-vyiboryi


Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» Қазақстан халқы форумына қатысушылар, Ассамблея мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері, Қазақстанның барлық өңірлерінің делегаттары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Ассамблеяның құрдастары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері осы үндеуді қабылдаймыз.


Құрметті  Нұрсұлтан  Әбішұлы!

Қазақстан халқы Сіздің Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығыңызды ерекше ықыласпен қабылдады.

Біз Халықтық Ассамблеяның кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастамасын қолдағаныңыз үшін Сізге зор алғысымызды білдіреміз.

Біз бұл тағдырлы шешімнің қабылдануы уақыттың талабы деп білеміз.


Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтауы

Күні: , 128 рет оқылды

tuganelimkazakhjeri


Құрметті  қазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.


Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің, қасиетті Отанымызда өмір сүріп жатқан барлық этностар достығының ең басты және берік іргетасы. Ол елдігіміздің қалыптасу, Тәуелсіздігіміздің нығаю тарихында, Қазақстан Республикасының Конституциясын жалпы халық болып қабылдауда, терең экономикалық реформалар жүргізуде және қоғамымыздың әлеуметтік және саяси негізін ауқымды жаңғыртуда айрықша рөл атқарды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің көпұлтты халқымыздың бірлігін сақтайтын мәңгілік қорғанына айналды. Ол бірлік, тұрақтылық, толеранттық, жалпыға ортақ еңбек, патриотизм сияқты ортақ құндылықтарымызды қазақстандықтардың санасына сіңіруде.


Көп бейінді ЗЕРТХАНАЛАР АШЫЛМАҚ

Күні: , 823 рет оқылды

balykbaev


«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін алдағы төрт жыл ішінде ел экономикасының басым секторларына жыл сайын төрт мыңға жуық білікті маман керек.


Сол себепті ҚР Білім және ғылым министрлігі биылдан бастап осы бағытта магистрларды дайындауды бастамақшы. Ағымдағы бейіндік магистратура бойынша 1900 адам қабылданады. Ал келесі жылдары 2500-ден 3000-ға дейін адамды қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті. 2017  жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті кадрлар толығымен дайындықтан өтіп, жұмысқа  кірісетін   болады.


Айыппұл өндірудің ҚАРҚЫНЫ ТӨМЕН

Күні: , 821 рет оқылды

20150225_164440


Сәрсенбіде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы мемлекеттік мекемесінде уәкілетті органдар салған әкімшілік айыппұлдардың өндірілу қарқынының төмендігіне байланысты жедел кеңес өтті.


Шара тізгінін ұстаған басқарма басшысы Жанат Нұрмағамбетова жеке және заңды тұлғаларға салған әкімшілік айыппұлдарды пайыздық көрсеткішімен көрсетіп, борышкерлерден айыппұлды өндіру жолдарын ұсынды.

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Күні: , 895 рет оқылды

_news_6115__1


2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілуіне орай және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары мен олардың орналасқан жері туралы хабарлайды.


Батыс Қазақстан облыстық (аумақтық) сайлау комиссиясының құрамы

Орналасқан жері:

Орал қ. Достық-Дружба даңғылы, 201, 117-бөлме


Саңлақ самбошылар АНЫҚТАЛДЫ

Күні: , 917 рет оқылды

img_9654


Оралда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және «Динамо» спорт қоғамының 90 жылдығына орай самбодан ішкі істер органдары қызметкерлері арасында БҚО чемпионаты мәреге жетті.


БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жарысқа 17 команда құрамында 112 спортшы қатысып,  сегіз  салмақ  дәрежесі  бойынша  сынға  түсті.

Командалық есепте БҚО ішкі істер департаментінің  аппараты үздік шықса, Орал қалалық ішкі істер басқармасы – екінші, теректіліктер үшінші орынды иеленді.

Жекелей сында Ж. Әбуов (57 кг), А. Танкишев (62 кг), М. Кенжеғарин (68 кг), М. Бисенғалиев (74 кг), А. Ақнәжімов (82 кг), К. Ғұмар (90 кг), А. Кәрімғалиев (100 кг), С. Ерлан (100 кг-дан жоғары) жеңімпаз атанды.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика